Дәнді ақтау


Slide 1

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрлігі

Жәңгір-хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

5В072700 - «Азық - түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығының 3 курс білім алушыларына арналған

«Тамақ өндірістерінің жалпы технологиясы » пәнінен

«Агротехнология» институты

«Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» жоғары мектебі

Орал - 2020ж.

Презентация

Жармалық концентраттар өндірісіндегі негізігі технологиялық сұлбалар

Slide 2

Жарма - дақыл тұқымдастарға жататын бидай, арпа, сұлы, тары, күріш, жүгері және қарақұмық дәнінен алынатын дәндердің жалпы атауы.

Жарма ретінде бұршақ тұқымдастарлық (бұршақ, фасоль, жасымық, ірі бұршақ) дәндерін де пайдаланады.

Дәнді өңдеу өнімдерінің біріне жармалар жатады. Халықтың тамақтануында қарақұмық, арпа, сұлы, тары, ұнтақ жармалары пайдаланылады. Ұнтақ жарма бидай дәнінің орталық бөлігінен жасалады.

Slide 3

Тары, күріш, арпа, бидайдың тағамдық қасиеті жоғары және жұғымды калориялы болады. Олар балалар мен ауруға шалдыққан адамдарды тамақтандыру үшін ерекше қажет. Бұлар көмірсу мен өсімдік ақуыздарының негізі болып табылады.

Ұлттық тағамдардың жұғымдыларының бірі саналып, біраз ас түрлерінің дәмін келтіретіні - тары. Тары өте құнарлы дақыл. Оның құрамына назар аударсақ, ақуыздың 10-15, көмірсудың 59, майдың 38, күлдің 3, 6 пайызы барын анықтауға болады.

Slide 4

Дәнді дақылдарды өндірудің негізгі операциялары:

Шикізатты өндіріске дайындау:

- Астық партиясын сақтау, қалыптастыру;

- астықты қоспалардан тазарту.

2) гидротермиялық өңдеу II кезең-пиллинг-Келесі технологиялық операцияларды біріктіреді:

3) Астықты мөлшері бойынша сұрыптау;

4) қабыршақтану (опырылу) ;

5) аршу өнімдерін тазалау және сұрыптау;

6) жарманы ажарлаужәне жылтырату. Тегістеу және жылтырату өнімдерін сұрыптау;

7) ұсақтау өнімдерін ұсақтау және сұрыптау;

8) орау алдында жарманы, жанама өнімдер мен қалдықтарды бақылау;

9) өнім сапасын бақылау;

10) өлшеп-ораужәне сақтау.

Slide 5

Астықты гидротермиялық өңдеу, астықты фракцияларға бөлу

Slide 6 Slide 7 Slide 8

Дәнді қоспалардан тазалау. Қоспаларды тазалау үшін астықты екі рет желді-електі сепаратордан өткізеді. Сепаратордың бірінші жүйесінде тек ірі және жеңіл қоспаларды бөліп алады. Майда қоспаларды, майда дәннің фракциясымен бірге 2, 2х20 мм лік електің тесігінен өткізіп бөледі.

Ірі фракцияны екінші сепараторлық жүйеге жіберіп одан ірі және жеңіл қоспаларды және қосымша майда фракцияны бөліп алады. Дәннің ірі фракциясынан қара сұлыны бөлу үшін қара сұлы бөлгіш триерді қолданады.

Сепаратордың бірінші және екінші жүйелерінен алынған дәннің майда фракциясын жарма бөлгішке немесе елеуішке жібереді, олардан 1, 8x20 мм-лік електі пайдаланып, майда қоспалар мен майда дәндерді бөледі, ал сырғылмаларды қарамықша бөледі де (куколеотборник) машинаға бағыттайды.

Дәнді дайындауда ірілігі бойынша екі фракцияға бөледі. Оларды ылғалдауға, булауға бірге немесе жеке жіберуге болады.

Майда қоспаларды буратты қолданып тексереді, онда (1, 3-1, 5) 20мм-лік електе елеп, майда қоспаларды бөледі.

Дәнді ылғалдау(булау) . Сұлы дәнін ылғалдау (булау) оның технологиялық қасиеттерін жақсартып ащы дәмін кетіреді.

Ылғалдаудың немесе булаудың көп тараған тәсілі - булау, кептіру және дәнді суыту. Сұлы дәнін булауға үздіксіз немесе үздікті булағыштарды қолданып, дәнді алғашқы ылғалдылығына қарай, 2 - 6%-ке дейін ылғалдайды.

Дәнді вертикалды кептіргіште кептірсе, онда оның соңғы ылғалдылығы, оны ақтаудың тәсіліне байланысты таңдайды. Егер, дәнді ақтауға қауыздағыш поставты қолданса, онда оның соңғы ылғалы 10%-тен аспау керек, ал обойкалы машинада 13, 5-14, 0 %-ке жеткізеді.

Дәнді суытқыш колонкада суытады.

Slide 9

Сұлы жармасын алу технологиясы

Сұлы дәнінен сұлы жапалағын, және сұлы ұнын (толокно) ажарланған жарма алады. Басқа жарма өнімдеріне қарағанда, сұлыдан алынған даяр өнімдердің калориясы жоғары, құрамында нәруыз бен майдың мөлшері көп болады. Олардың құрамында көптеген витаминдердің, минералдық заттардың, микроэлементтердің болуына байланысты диеталық қасиеттері де ерекше.

Дәнді жарма алуға дайындау. Дайындауда қолданылатын негізгі операциялар: қоспаларды бөліп алу және дәнді булап ылғалдау.

Дәнді қоспалардан тазалау. Қоспаларды тазалау үшін астықты екі рет желді-електі сепаратордан өткізеді. Сепаратордың бірінші жүйесінде тек ірі және жеңіл қоспаларды бөліп алады. Майда қоспаларды, майда дәннің фракциясымен бірге 2, 2х20 мм лік електің тесігінен өткізіп бөледі.

Slide 10

Дәнді ылғалдау(булау) . Сұлы дәнін ылғалдау (булау) оның технологиялық қасиеттерін жақсартып ащы дәмін кетіреді.

Ылғалдаудың немесе булаудың көп тараған тәсілі - булау, кептіру және дәнді суыту. Сұлы дәнін булауға үздіксіз немесе үздікті булағыштарды қолданып, дәнді алғашқы ылғалдылығына қарай, 2 - 6%-ке дейін ылғалдайды.

Дәнді вертикалды кептіргіште кептірсе, онда оның соңғы ылғалдылығы, оны ақтаудың тәсіліне байланысты таңдайды. Егер, дәнді ақтауға қауыздағыш поставты қолданса, онда оның соңғы ылғалы 10%-тен аспау керек, ал обойкалы машинада 13, 5-14, 0 %-ке жеткізеді.

Дәнді суытқыш колонкада суытады.


Ұқсас жұмыстар
Қарақұмық жармасын өндіру технологиясы
Желдету қондырғыларына қойылатын талаптар
Батыс Қазақстан экономикалық ауданы
Қазақстан Республикасының шөлді аймақтары
Ақтау қаласы
Ақтау Теңіз Порты АЭА туралы
Каспий бассейнінің порттары арасындағы контейнерлік тасымалдар көлемін арттыру және жүктердің жаңа түрлерін тарту
Компьютер тілінде адам
Мәтін туралы түсінік
Криминалистік идентификация және диагностика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz