ЭМПИРИКАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУ




Презентация қосу
ЭМПИРИКАЛЫҚ
ӘЛЕУМЕТТАНУ
ОРЫНДАҒАНДАР: ӘБІЛҚАСЫМ МӘНШҮК,КЕҢЕСБЕК АҚЖАН,
ТҰРСЫНБЕК ЖАНБОТА,БЕСПАЛИНОВ НУРАЛЫ
• XIX ғасырдағы әлеуметтану - әлеуметтанудың жаңа дәуірі, біріншіден, эмпирикалық (тәжірибелік)
әлеуметтанудың дамуы мен қалыптасуымен байланысты болды. Екіншіден, жаңа тұжырымдамалар мен
бағыттардың шығуымен, үшіншіден, теориялық және эмпирикалық әлеуметтануды белгілі бір дәрежеде
біріктіруге бағыт алуымен сипатталады.

Бұл дәуір XX ғасырдың 20-шы жылдарынан басталып, біздің қазіргі өмірімізге дейінгі уақытты қамтиды. Бұл
дәуір негізінен үш кезеңнен тұрады. Бұл кезеңде эмпирикалық әлеуметтанудың басымдылығы байқалады;
Екінші кезең – 40-шы екінші жартысынан 60-шы жылдың аяғына дейін созылды. Бұл уақытта, керісінше,
теориялық-әдістемелік әлеуметтанудың құрылымы күшейіп, эмпирикалық әлеуметтанудан жоғары көтерілді.
Үшінші кезең – 70-жылдардан бастап қазіргі уақытқа дейін жалғастары. Үшінші кезеңде теориялық
әлеуметтанудың зерттеулерін микро және макро әлеуметтанумен біріктіруге әрекет жасалады. Екінші жағынан,
әлеуметтануды жеке ғылым ретінде жаңа деңгейге шығарып әлеуметтік процестерді зерттеу, оларды жаңа сапада
түсіну, ұғыну мақсаттары қойылды. Жаңа қағидалы интегративті бағыттар пайда болды.

• Әлеуметтанудың ХХ ғасырдағы негізгі тенденциялары – эмпирикалық әлеуметтанудың дамуынан басталады.
• Қазіргі заманда эмпирикалық әлеуметтану ғылыми білім саласында сандық өзгерістермен байланысты болды. ХХ
ғасырдың 20-30 жылдарында алғаш рет АҚШ-та құрылып, бірте-бірте басқа елдерге кең тарады. Әлеуметтанушылар
эмпириктер кәсіпті әрекеттің жаңа түрін қалыптастырды. Бұл эмпирикалық әлеуметтану саласынан социологиялық
қағидаларды ығыстырудың басталуына әкелді. Осы уақытта социологиялық қағидалық ойдың карқында даму кезеңі өтті.
Дәл осы кезеңде әлеуметтануда теориялық және эмпирикалық зерттеудің деңгейлері –макро және микроәлеуметтану
арасында қарама-қайшылық туындады.

• ХХ ғасыр басында Батыс Еуропа мен АҚШ-та социологияның дамуы эмпирикалық социологияның күрт өсуімен ерекшеленді.
Бұл дегеніміз – арнаулы әдістерді қолданумен өмірдің нақты факторларын жинау мен анализіне бағытталған әлеуметтік
зерттеулер жиынтығы. Бұл үрдіс, ең алдымен, қоғамның тез және қарама-қайшы әлеуметтік-экономикалық дамуының
шарттарымен белгіленеді, әсіресе, американдық. Эмпирикалық социологияның тарихи көздері ХІХ ғасырдың ерте эмпирикалық
зерттеулерінде жатыр, әлеуметтік статистика мен әлеуметтік гигиенаның мағлұматтары мен әдістерінде белгіленеді.
Статистиканың А.Кетле, Ч.Бут, А.Левенштайн сияқты ғалымдары бұл зертеулерді эмпирикалық әлеуметтанудың арсеналына
кейін кірген әдістерді пайдалану арқылы өткізді. Бұл әдістерге: құжаттар анализі, анкеталық сұрау, енгізілген бақылау.
ЭМПИРИКАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУ - НАҚТЫ
ЗЕРТТЕУЛЕР ЖҮРГІЗУДІ, ОСЫЛАРДЫҢ НЕГІЗІНДЕ
АРНАУЛЫ ӘДІСТЕР ҚОЛДАНУ (СҰРАУ, БАҚЫЛАУ,
ТӘЖІРИБЕ) АРҚЫЛЫ ЖАҢА ФАКТІЛЕРДІ ЖИНАП,
ТАЛДАУДЫ , ҚОРЫТЫНДЫЛАУДЫ АЙТАДЫ

ӘЛЕУМЕТТАНУШЫЛАРДЫҢ ІШІНЕН БІРІНШІ БОЛЫП Р.
МЕРТОН ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰБЫЛЫСТАРДЫҢ ҚОҒАМДЫ
ӘЛЕУМЕТТІК ТӘРТІПТІ САҚТАУ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОЛДАУ
ФУНКЦИЯСЫН ЕМЕС, КЕРІСІНШЕ, ОЛАРДЫҢ
ДИСФУНКЦИЯСЫНА, ЯҒНИ ӘЛЕУМЕТТІК
ҚҰБЫЛЫСТАРДЫҢ ҚОҒАМ ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ
ӘЛЕУМЕТТІК ЗОЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ, ШИЕЛЕНІСТІ,
ОЛАРДАН ТУАТЫН ҚАРАМА-ҚАРСЫ ҚАЙШЛЫҚТЫ
КӨРСЕТУГЕ БАСА НАЗАД АУДАРДЫ. «ОРТАҢҒЫ ДЕҢГЕЙ»
ТЕОРИЯСЫ БІР ЖАҒЫНАН ӘЛЕУМЕТТІК ФАКТІЛЕРДІҢ
ҮЛКЕН ТОПТАРЫН ҚОРЫТЫНДАУДЫҢ ҮЛКЕН НӘТИЖЕСІ
БОЛДЫ. ЕКІНШІ ЖАҒЫНАН, ЖАЛПЫ ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ
КЕЙБІР ЖАҚТАРЫН ОДАН ӘРІ НАҚТЫЛАП ТҮСІНДІРУДІҢ
ҚҰРАЛЫ БОЛДЫ.
БЕЛГІЛІ ӘЛЕУМЕТТАНУШЫ ПИТИРИМ СОРОКИН (1889-1968ЖЖ.) 1922-ШІ ЖЫЛҒА ДЕЙІН РЕСЕЙДЕ ТҰРЫП, КЕЙІН БАТЫС
ЕУРОПА ЕЛДЕРІНЕ ЭМИГРАЦМЯҒА КЕТУГЕ МӘЖБҮР БОЛДЫ. АҚШ-ТА ҚЫЗМЕТ ЕТЕ ЖҮРІП, ЭМПИРИКАЛЫҚ
ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ ЗЕРТТЕУ ТАҚЫРЫПТАРЫ ҮЛКЕН ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРДІ ҚАМТИ АЛМАҒАНЫН БАЙҚАП, ОНЫ
ӨТКІР СЫНҒА АЛДЫ. ОЛ ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯ, ЯҒНИ ҚОҒАМДА ТОПҚА, ЖІККЕ БӨЛІНУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК
МОБИЛЬДІК (ҚОЗҒАЛУ, АУЫСУ) МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗЕ ОТЫРЫП, БҰЛАРДЫ ӘЛЕУТЕТТІК ІРІ
МӘСЕЛЕЛЕРМЕН, МЫСАЛЫ, ҚОҒМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫМЕН ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСТЫРДЫ.

Эмпирикалық әдістер тек қана тікелей ақпаратты (жинау) қабылдауды
ғана емес, сондай-ақ қордалануды, жіктеуді және зерттеу мәселесі
бойынша педагогикалық теория құру үшін бастапқы материалды
жинақтауды да қамтамасыз етеді. Олардың жалпы сипаты- нақтылықпен
тікелей байланысты болғандығында.Эмпирикалық әдістерге мыналар
жатады:- мағлұматтарды жинақтау (бақылау, әңгімелесу, сауалнама,
тестілеу, сұхбаттасу, құжаттар мен іс-әрекет нәтижелерін талдау,
оқытушы жұмысы тәжірибесін талдау және т.б.) жатады;- бақылау мен
өлшеу әдістері (шкалалау, тестілеу және т.б.);- педагогикалық үрдісті
өзгертілген және нақты ескерілген жағдайда зерттеу (педагогикалық
эксперимент, зерттеу нәтижелерін мектеп жағдайында тексеру).

Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану ғылым ретінде
Бақылау әдісі
Әлеуметтанудың дамуының негізгі кезеңдері
ЖОСПАР ӘЛЕУМЕТТАНУ ТҮСІНІГІ
Әлеуметтану ғылым ретінде. Әлеуметтік білімнің құрылымы
Әлеуметтану міндеттері
Әлеуметтану ғылымының қызметтері
Экологиялық әдіс
Әлеуметтану ғылымының түсінігі
КЕЗЕҢДЕРІН ТАЛДАУ
Пәндер