Университеттегі кураторлар жұмысы



Орындаған: Қарынбаев Олжас
Логистика магистрант 1-курс
«Университеттегі кураторлар жұмысы» АНЫҚТАМАСЫ

ЖОСПАР:
Кіріспе
1) Куратор-эдвайзердің жұмыс жоспары
2) Студенттердің үлгермеушілігінің себептерін анықтайтын тірек-сызбасы
3) Жас оқытушының дәріске даярлығының алгоритімі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мəдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпыадамзаттық жəне жеке ұлттық игіліктер негізінде тəрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде.
XXI ғасырдың басында жаһандану мен ұлттық тенденциялардың бірлігі, үйлесімі мен текетіресі елдің, ұлттың, жеке адамның адамгершілік қасиет сапаларын, ар-намысын жаңа қырынан саралауды талап етіп отыр.
Осы орайда, біріншіде барлық саланың ғаламдануы, ал екіншіден рухани азғындаудың бас көтеріп, даму үдерісімен түсіндіріледі. Бүгінгі танда республикамызда нашақорлық, маскүнемдік, жұмыссыздық пен тастанды балалар санының көбеюі, Қазақстан сəбилерінің жер жүзіне таралып қолды болу сияқты қоғамымыздағы келеңсіз көріністер жалпы тəрбие үдерісінің күрделене түскендігін байқатады.
Бүгінгі тəрбиенің басты міндеті - адамзат мəдениетінің сан ғасырлық өркениеттік жетістіктері мен ұлттық рухани, мəдени байлықты кіріктіре отырып меңгерту, студент-жастарды нарықтық экономикаға бейімделген, өмірге икемделген, жан-жақты жетілген, қабілетті, кез келген тұтқиыл жағдайлардан жол тауып шыға алатын ынталы да іскер, табанды да талантты, Отанын сүйетін азамат етіп тəрбиелеу болып табылады. Адам баласының өз өмір жолында тəрбиелі ғұмыр сүруі оның қоршаған ортасына, достарына, тəрбие беретін мекемелерге жəне отбасына байланысты. Осы орайда студенттермен жүргізілетін əртүрлі бағыттағы тəрбие жұмыстары олардың шығармашылық, рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың маңызы ерекше. Тəрбие қызметінің табыстылығы көптеген жағдайда студенттік топпен бірге жүргізілетін куратор-эдвайзерлерінің кəсіби педагогикалық шеберлігіне байланысты болады

Куратор-эдвайзерлердің басты мақсаты жастардың тұлғалық дамуының үйлесімділігін қалыптастыру, студенттерді азаматтық белсенділікке тәрбиелеу, білім алушылардың мамандықтың жұмыс оқу жоспары аясында білім алу траекториясының таңдамалығы негізінде өзін-өзі қалыптастыру және өзін-өзі көрсету қабілеттерін дамыту.
Куратор-эдвайзерлердің негізгі міндетіоқу тобында тәрбие жұмысын ұйымдастыру, өзін-өзі басқаруды қалыптастыру және студенттерді университеттің қоғамдық және шығармашылық өміріне біртіндеп тарту, оқу траекториясын таңдауға (жеке оқу жоспарын құрастыру) ықпал ету және білім алу кезеңі барысында білім алу бағдарламаларын меңгерту болып табылады.
Куратор-эдвайзер тәрбие жұмысын жүзеге асыру барысында төмендегідей қызметтерді атқарады: Топ белсенділерін (активін) қалыптастыруғажәне студенттік топ пен топ белсенділері арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастың орнауына; топтық ұйымшылдыққа, ынтымақтастыққа; қоғамдық ұйымдар және факультет әкімшілігі, топ арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуге ықпал етеді. Топ белсенділерімен бірлесе отырып, студенттік топтың оқу жылындағы мақсаттары мен міндеттерінанықтайды. Топ белсенділерімен бірлесе отырып, университеттің оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес тәрбие жұмысының үзіліссіздігін және сабақтастығын, мақсатын сақтай отырып оқу жылының .

Топ жұмысы жоспарының орындалуын қадағалайды, топ белсенділерінің қызметін үйлестіреді және университет, факультет әкімшілігі және студенттік топ арасында байланыс орнатушы негізгі тұлға болып табылады. Ол студенттердің университет пен қоғам өміріне қатысуын жандандыру үшін қоғамдық ұйымдармен ұдайы байланыстаболады. Топ студенттерінеоқу-тәрбие үдерісіне қатысты ректордың, деканның бұйрықтары мен өкімдері туралы ақпарат береді. Студенттерді ішкі тәртіп ережелерімен, университет Жарғысымен және ұйымдастырушылық құрылымдармен таныстырады. Университетте және факультетте өткізілетін байқаулар, конференциялар, жарыстар, олимпиадалар туралы хабар береді. Азаматтық, адамгершілік, эстетикалық, кәсіби және мәдени, спорттық және көпшілік жұмыстары бөлімдері бойынша өткізілетін нақты іс-шаралардыанықтайды. Жастардың салауатты өмір салтын қадағалауына ықпал етеді, ішімдік, темекі шегу, нашақорлықтың алдын-алу бағытындағы іс-шараларды ұйымдастырады. Құқық бұзушылықтыңжәне студенттік ортадағы деструктивтік саяси құбылыстардың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізеді.

Куратор (curator) - латын тілінен аударғанда қамқоршы деген мағынаны білдіреді. Куратор - ол студенттің өміріндегі тəлім-тəрбие, бос уақытты ұйымдастыру, еңбектену, əлеуметтік сұрақтарын шешу үшін деканат тағайындаған оқытушы.
Эдвайзер (advizor) - оқу кезеңінде білім бағдарламасын меңгеруге бағыт беретін арнаулы кафедра оқытушысы.

КУРАТОР-ЭДВАЙЗЕРДІҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
Куратор-эдвайзер оқу жылы барысындағы өзінің қызметін нақты жоспарлауы тиіс. Жұмыс жоспары бүкіл оқу жылы барысына құрылады. Жоспардың негізгі құрылымдық элементтері төмендегідей аспектілерден құралуы тиіс:
жеке жұмыс;
кураторлық сағаттар;
ата-аналармен өзара қарым-қатынас;
университеттің, факультеттің іс-шараларына топтың қатысуын қамтамасыз ету.

Куратордың әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі негізі бағыттар

Жоғары мектептегі эдвайзер-ЖОО барлық педагогикалық қызметкерлер тәрбие функцияларын орындайды. Эдвайзер - ЖОО оқу-тәрбие жұмысының тікелей және негізгі ұйымдастырушысы, топтағы тәрбие жұмысын жүзеге асыру үшін кафедра меңгерушісі тағайындайтын ресми тұлға. Эдвайзердың мынадай функциялары бар: тәрбиелеу - әрбір студенттің және тұтастай ұжымның дамуы мен қалыптасуына педагогикалық басшылық жасау; ұйымдастыру-әкімшілік - ЖОО құрамындағы ұйымдық бірлік ретіндегі топқа басшылық жасау, студенттердің жеке іс қағаздары мен басқа да құжаттарын толтыру; үйлестіру - тәрбие процесіне қатысушылардың арасындағы өзара әрекеттестікті орнату. Эдвайзердың функционалды міндеттеріне мыналар жатады: студенттерді жан-жақты зерттеу мен тәрбиелеу, оларға оқу мен дамуға, өзін-өзі анықтау проблемаларын шешуге көмектесу, студенттердің топ ішіндегі тұлға аралық қарым-қатынастарын дамыту, ата-аналармен өзара әрекеттесу және оларға бозбалалар мен қыздарды тәрбиелеуде көмек көрсету, педагогикалық мәселелерді шешуде оқытушылармен өзара әрекеттесу, студенттердің үлгерімін, сабаққа қатысуын және тәртібін бақылау. Эдвайзер тек күнделікті болып жатқан жағдайларда ғана әрекет ететін ЖОО тәрбиешінің жұмысы тек ситуативті, жүйесіз болмауы маңызды, сонда ол өзінің жұмыс жүйесін қалай ұйымдастыруы, қайтып құруы тиіс. Сондықтан әдіскерлер Эдвайзердың тәрбие жұмысының циклын ұсынады, ол мынадай әрекеттердің жұмыс кезеңдерінің кешені, жиынтығы ретінде көрінеді. Қызметті міндеттер мен жоспарларға сәйкес ұйымдастыру, өткізу және түзету: Эдвайзерлық сағаттарды, экскурсияларды, жорықтарды, кештерді және т. б. өткізу. Куратор-эдвайзердің жұмыс тәртібі: Куратор-эдвайзердің кәсіби бағдар беру аптасында және алғашқы оқу күндерінде 1 курс студенттерімен жүргізетін жұмысы. Университетпен, факультетпен танысу. Студенттік топ активін сайлау. Куратор-эдвайзер сағаты. Студенттерді университеттегі студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарымен таныстыру. Куратор-эдвайзер оқу жылы барысындағы өзінің қызметін нақты жоспарлауы тиіс. Жұмыс жоспары бүкіл оқу жылы барысына құрылады.

Айы
Іс-шаралар
Тамыз - Қыркүйек
1-курстың студенттік топтарының куратор- эдвайзерлеріне:
Кәсіби бағдар беру аптасы аясында бірінші курс студенттерімен танысу
Студенттер туралы әлеуметтік мәліметтер жинау
Студенттерді ХҚТУ студенттерінің Ар кодексімен, университеттің академиялык саясатымен, кызығушылығы бойынша үйірмелерге қатысу мүмкіндіктерімен таныстыру
Көшбасшылық қабілеттерге мониторинг жүргізу
Барлық студенттік топтың куратор-эдвайзерлеріне:
Конституция Күніне, Қазақстан Халықтарының тілдері мерекесі күніне арналған тақырыптық-кураторлық сағаттарды өткізу
Топ активін сайлауды ұйымдастыру
Оқу үдерісі кестесінің орындалуын және сабаққа қатысуды тексеру
Университет, факультет іс-шараларына қатысу
Қазан
Оқу үдерісі мен сабаққа қатысуды тексеру
Ата-аналармен байланысу (қажет болған жағдайда)
ХҚТУ мұражайларын аралау
Бірінші аралық бақылауға дайындық
Студенттердің тұрмыстық мәселелерін шешуге көмек көрсету, жатақханада тұратын студенттерге бару
Қалалық және университеттік сенбіліктерге қатысу
Салауатты өмір салтына арналған тематикалық кураторлық сағаттарды өткізу
Университет, факультет іс-шараларына қатысу
Топ ішінде іс-шаралар ұйымдастыру
Қараша
Оқу үдерісі мен сабаққа қатысуды тексеру
Бірінші аралық бақылаудың нәтижесі бойынша ата-аналарымен бірге жұмыс жасау
Студенттердің тұрмыстық мәселелерін шешуге көмек көрсету, жатақханада тұратын студенттерге бару
Театрға, киноға бару мәдени шараларын ұйымдастыру
Екінші аралық бақылауға дайындалу
Халықаралық студенттер күніне арналған тематикалық кураторлық сағатты өткізу
Факультет, университет іс-шараларына катысу

Желтоқсан
Оку үдерісі мен сабаққа қатысуды тексеру
Емтиханға дайындалу барысын қадағалау және дайындау
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған тақырыптық кураторлық сағат өткізу
Емтихан нәтижелері бойынша ата-аналармен бірігіп жұмыс жасау
Қаңтар
Куратор-эдвайзерлерге арналған семинар-тренингтерге қатысу
Бірінші жарты жылдыққа студенттермен жүргізілген тәрбие жұмысы туралы есепті дайындау
Қысқы емтихан сессиясының қорытындысын топпен талқылау
«Үздік студенттік топ» байқауының ережесімен танысу
Факультет, университет іс-шараларына қатысу
Ақпан
Оқу үдерісі мен сабаққа қатысуды тексеру
Төмендегі тақырыптарға арналған тақырыптық кураторлық сағаттарды өткізу:
- деструктивтік діни ағымдардың иммунитетін қалыптастыру
- Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауын талқылау
«Үздік студенттік топ» байқауына қатысуға арналған құжаттарды дайындау
Факультет, университет іс-шараларына қатысу
Наурыз
Аралық бақылауға дайындалу
Оқу үдерісі мен сабаққа қатысуды тексеру
Студенттің бос уақытын тиімді өткізуге көмектесу, жатақханаға бару
Халықаралық әйелдер күні мен «Наурыз» мейрамына арналған тақырыптық кураторлық сағаттар өткізу
Қалалық және университеттік сенбіліктерге қатысу
Факультет, университет іс-шараларына қатысу
Сәуір
Оқу үдерісі мен сабаққа қатысуды тексеру
Соғыс жэне еңбек ардагерлерімен кездесуді ұйымдастыру
Бірлік және Жеңіс күндеріне арналған тақырыптық кураторлық сағаттарды өткізу
Қалалық және университеттік сенбіліктерге қатысу
Факультет, университет іс-шараларына қатысу
Мамыр
Емтихан барысын бақылау
Емтихан қорытындысы бойынша ата-аналарымен байланыс жасау
Жүргізілген тәрбие жұмысы туралы жылдық есеп дайындау
Маусым
Куратор-эдвайзерлерге арналған біліктілікті арттыру курстарына және семинар-тренингтерге қатысу

Білім беру - ұлттың шығармашылық және интеллектуалдық деңгейі қалыптасатын сала. Сондықтан да мемлекетімізде кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіруге, реформалауға, осы саланың инновациялық қызметінің белсенділігін арттыруға үлкен назар аударылып отыр. Білім беру саласында жұмыс істеу - өте үлкен жауапкершілікті және қажырлы еңбекті талап ететіндігін бәріміз білеміз. Әрбір оқытушы білім беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде жеке адамның білімділігін арттыру, жеке тұлғаның құзырлығын қалыптастыру, білім берудің дамытушы сипатын жетілдіру секілді маңызды мәселелерді айқындап, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Осы тұрғыдан алып қарағанда соңғы кездерде мектепте болсын, колледж, университетте болсын дарынды балалармен жұмыс істеуге көп көңіл бөліне бастады. Бірақ үлгермеуші балалармен жұмыс істеу артта қалып қойды десек болады. Сондықтан бүгінгі баяндамамның тақырыбын оқу-танымдық әрекетке қабілеті төмен студенттермен жұмыс ұйымдастыруға арнадым. Өйткені кез келген топта дарында студенттермен қатар, әр түрлі себептерге байланысты қабілеті төмен студенттер кездеседі және олар, көбінесе, назардан тыс қалып отырады.

Осыған байланысты оқытушы студенттің жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтай отырып, студенттің сабақты үлгермеу себебін білуі қажет. Мысалы, студенттің сабақты үлгермеуінің келесідей себептері бар:
1. отбасының тұрмыс жағдайы;
2. сабаққа қызығушылық танытпауы;
3. топтағы балаларға көңілі толмайды, я болмаса топ өміріне атсалыспайды;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz