Шартты белгілер


Slide 1

Топографиялық картаның шартты белгілері

Студенттің өзіндік жұмысы

Орындаған: Бектай Ғабит

Қабылдаған: Алимсеитова Жанар

Slide 2

Шартты белгілер

Топографиялық картаның географиялық мазмұны шартты белгілердің көмегімен көрсетіледі. Шартты белгілер картада бейнеленетін объекттер туралы сипаттама береді, оның сапалы және мөлшерлі көрсеткіштерін көрсетеді, көлемі мен жоспарлы пішінін сәулелендіреді. Бейнелеудің графиктік тәсілдерінің жиынтығы, яғни шартты белгілердің пішіні мен көлемі, олардың түсі және ішкі суреті осы белгілердің өзара орналасу суретімен, өзара байланыстарымен, бір-біріне қатысты бағытталуымен бірге нақтылықтың кеңістікті бейнесін немесе картографиялық бейне жасауға көмектеседі.

2

Slide 3

3

Жергілікті жердегі объектілер картада масштабты немесе контурлы, масштабтан тыс және сызықтық белгілермен бейнеленеді. Масштабты шартты белгілерімен картаның масштабына сәйкес горизонтальдық көлемін көрсетуге болатын объектілер бейнеленеді. Масштабты шарты белгілері объекттің таралу шекарасын және оның сипаттын әр түрлі тәсілдерімен көрсетеді (бояу, әріпті-сандық, учаскенің шегінде түрлі белгілерді тепе-тең орналастыру т. с. с. ) . Картадағы контурдың фигурасы жерглікті жердегі фигурасына сәйкес келеді, кейбір жағдайда маңызды емес детальдары болмайды.

Slide 4

Масштабтан тыс шартты белгілерімен жергілікті жерде көп орын алмайтын, сондықтан картада көрінбейтін объектілер бейнеленеді, мысалы, құдық, жеке тұрған ағаш, жол бағыттаушы (указатель дорог) т. с. с. Белгінің суреті дүрыс геометриялық формадағы фигура, ұшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер т. с. с немесе объекттің сыртқы көрінісін схема түрінде көрсететін пішін болады. Объекттің нағыз орны геометриялық фигураның ортасында (центр), дүрыс емес пішіннің табанының ортасында (в середине основания) болады.

Сызықтық шартты белгілері ені картаның масштабында байқалмайтын, ұзына бойы созылған бейнеленеді, мысалы, өзен, шекара, байланыс желісі т. с. с. Сызықтық шартты белгісі объекттің енін масштабтан тыс, бірақ оның ұзындығы дүрыс көрсетіледі. Мысалы, 1:50 000 масштабтағы топографиялық картада жолдың ені 0, 9 мм тең, ол жергілікті жерде 45 метрге сәйкес болады, ал жолдың ені не бары 10 - 14 м болады.

4

Slide 5

Картографиялық генерализация туралы түсінік

Ірі бейнеден ұсақ бейнеге өтуде бейнеленетін территорияның көлемі қысқартылады, мысалы, жергілікті жердегі 1 км2 жердің көлемі 1:10 000 масштабта 1 дм2 құрайды, ал 1:1 млн масштабта - 1 мм2 болады, яғни масштаб мұнда басты фактор болып келеді. Демек, ұсақ масштабта объекттерді дәл көрсету мүмкін емес, сондықтан бейнеленетін объекттерді таңдап жалпыластыру қажет. Ірі масштабты карта үшін маңызды объектілер ұсақ масштабты карталарда өзінің маңыздылығын жойтады, демек, оларды алып тастауға болады. Мысалы, ірі масштабты картада өзендердің жеке ерекшеліктерін зерттеуге болатын болса, ұсақ масштабты картада өзен жүйелерінің ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік болады. Картада бейнеленген объекттердің мөлшерлі және сапалы көрсеткіштерін жалпыластыру дәрежесі карта масштабына тәуелді.

Топографиялық карталардың мақсаты жалпыластыруға ықпалы маңызды емес, себебі топографиялық карталар көп мақсатты болып келеді, сонымен қатар топографиялық карталар әр түрлі масштаб үшін жалпыластыру дәрежесі мен таңдау нормасы көрсетілген бірыңғай нұсқаулар (инструкциялар) негізінде жасалынады. Бірақ, түсіріс белгілі бір арнайы мақсатта жасалынған жағдайда өзгерістер енгізіледі. Мысалы, құрғақтату мелиорация үшін топографиялық пландарда барлық биіктік белгілері көрсетіледі, оқу карталарында объектілер саны салыстырмалы аз болады.

5

Slide 6

6

Slide 7

Топографиялық картада су объектілерін бейнелеу

Топографиялық карталарда барлық су объектілері бейнеленеді, мұхиттардың, теңіздердің, көлдердің тағы басқа суаттардың жаға бойы, өзендер, жылғалар, каналдар, табиғи және жасанды су көздері (бұлақ, құдық), гидротехникалық құрылыстар. Теңіздердің жаға сызықтары су жоғары деңгейде болған жағдайға сәйкес көрсетеді. Көлдердің, тоғандардың, өзендердің жаға сызықтары керісінше су төмен болған жағдайға бейнелейді. Картаның масштабына және аңғардың еніне тәуелді өзендерді екі немесе бір сызықпен көрсетеді

7

Картада өзендерді бейнелеуъ

Картаның масштабы және өзеннің ені, м

1:10 000

1:25000

1:50 000

1:100 000

Бір сызықпен

3 м дейін

< 5 м

< 5 м

< 10 м

Арасы 0, 3 мм екі сызықпен (масштабта ені сақталмайды)

3 - 6 м

5 - 15 м

5 - 30

10 - 60

Масштабтағы енін сақтай отырып екі сызықпен

> 6 м

> 15 м

> 30 м

> 60 м

Slide 8

Сонымен қатар өзендерде шарлауықтарды, сарқырамаларды, навигациялық және гидротехникалық құрылыстарды (плотина-бөгет, шлюз т. с. с) т. с. с. көрсетеді. Өзен атының шрифті ондағы кеме жүретіндігін анықтайды. Ені 3 м дейін каналдарды бір жұқа сызықпен, ені 3 м көп бір қалың немесе екі сызықпен көрсетіледі.

Көлдер мен жасанды суаттардың карта бетінде 1 мм2 жоғары болғанда бейнелейді. Одан кіші суаттарды тек шөлді жерде орналасқан болса, емдік (шипалы) мәні бар болғанда немесе өзеннің басталатын жері болған жағдайда бейнелейді. Елді мекеннен тыс орналасқан басты құдықтар, картада оның орналасқан жерінің абсолюттік биіктігімен, құдықтың тереңдігімен және оның толу уақытымен көрсетіледі. Картада өзеннің жанында жазумен оның тұздылығы көрсетіледі.

07. 12. 2020

Slide 9

Орман және өсімдік жамылғысы

Өсімдік пен грунттың картадағы бейнесі жергілікті жердің жағдайы туралы ақпарат береді. Өсімдік жамылғысының және грунттардың айқын байқалатын шекаралары қара нүктелік пунктирмен көрсетеді. Мәдени дақылдарды картада ерекше бейнелейді: егістік, бау-бақша, саябақтар, орман питомниктері, егілген орман.

Табиғи өсімдік жамылғысы өсімдіктердің өмір сүру формасы бойынша көрсетіледі: ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктері. Ағаш өсімдіктері біртұтас алып жатқан ауданды жасыл бояумен көрсетеді. Бұл бояудың үстінен жазумен, суретпен және санмен ағаштардың түрлерін, ағаштардың биіктігін, ағаштардың орташа диаметрін және ормандағы ағаштар арасындағы орташа ара қашықтықты көрсетеді.

9

Slide 10

Ормандағы жолдарды (просеки) ені 1, 5 м көп болған жағдайда үзік (прерывистый) сызықпен бейнелейді: бір сызыпен егер жолдың ені 20 м дейін болса, одан көп болғанда екі сызықпен. Сирек, кесілген және өртенген ормандарды ерекше шартты белгілерімен көрсетеді.


Ұқсас жұмыстар
ТОПОГРАФИЯЛЫҚ КАРТА ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР
Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығының объектілерді белгілеу үшін шартты белгілер
Топографиялық карта шартты белгілер түсінігі және түрлері Жер бедері және бедер түрлері Шартты белгілер
Геодезия және топография ғылымдарының даму тарихы
Мәдениеттің белгілер жүйесінің типологиясы
Тақырыпты ашу
ИНЖЕНЕРЛІК ГЕОДЕЗИЯ пәні
Функционалдық талаптар
Гаус крюгер проекциясы
Топоматик Robur бағдарламасында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz