Мемлекеттік мұрағатынан 482 құжат




Презентация қосу
«Мәдени мұра»
«Рухани жаңғыру»
«Ұлы даланың жеті қыры»
Мәдени мұра өркениетті қоғамның ең маңызды себебі болып табылады, ол
өзіндік рухани – өнегелілік пен материалдық құндылықтардан тұрып, ол бір
ұрпақтан келесі ұрпаққа жай өтіп ғана қоймай, оларды жоғалтып алмас үшін,
ұлттық, мемлекеттік масштабтағы үлкен күш пен құралдарды салуды талап
етеді.
Жақында өткен жылдары біз дара биліктер айырылу тұңғиығында тұрдық.
Біздің бәріміз қол жеткізген тәуелсіздігіміз бізді осыдан құтқарып және біздің
қайнар көзімізге іздеуге қайтарды. Қазіргі компьютерлік технологиялар,
жаһандық үдерістер ғасырындағы жағдайда мәдени мұраны сақтау әрбір халық
үшін маңызды мағынаға ие болып, әлем халықтары ұқсастығының жоғалуына
әкеліп соғады. Сондықтан бүгінгі күні мәдени мұраны сақтау барлығы үшін
өзекті мәселе болып отыр.
2004 жылдан бастап Елбасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы
бойынша «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы іске кірісті.
Бағдарлама жайлы
«Мәдени мұра» еліміздің тарихи-мәдени мұрасын зерттеуге, сақтауға,
жаңғыртуға және тиімді пайдалануға бағытталған кешенді іс-шараларды іске
асыруды қамтамасыз ету қажеттігінен туындаған. Алғашқы кезеңін аяқтап,
екінші кезеңіне аяқ басқан бағдарламада біраз маңызды іс-шаралар
көзделіп отыр. Бағдарлама бойынша іс-шаралар жоспарының 92-
тармағында «... қазақ халқының мәдени мұрасында тарихи маңызы бар
қолжазбаларды, жәдігер басылымдарды, кітаптар мен мұрағаттық
құжаттарды табу және сатып алу үшін алыс және таяу шетел қалаларының
мұрағаттары мен кітапханаларына ғылыми-зерттеу экспедицияларын
ұйымдастыру» көзделген.
Ақпараттық қоғамда әр пайдаланушының
сұранысын қанағаттандыру мақсатында түрлі
басылымдар әзірлеу мұрағаттардың басты
міндеттерінің бірі. Шетел мұрағаттары мен
кітапханаларынан, ғылыми мекемелерінен қазақ
тарихына қатысты деректер іздестіру жұмыстарына
Алматы, Жамбыл, Қостанай, Маңқыстау, Павлодар,
Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік
Қазақстан, Қызылорда облыстарының
мұрағатшылары да атсалысты. Ресей
Федерациясының орталық мұрағаттарынан, Омбы,
Орынбор мұрағаттарынан 28787 құжат; Өзбекстан
Республикасының Орталық
Мемлекеттік мұрағатынан 482 құжат; АҚШ-тың
Бейбітшілік және төңкеріс, соғыс Гувер институты
мұрағатынан 20 құжат; Башқұртстанның Орталық
мемлекеттік тарихи мұрағатынан 1145 құжат;
Федеративтік Германия Республикасының
Федералды мұрағаты, Сыртқы істер министрлігінің
саяси мұрағаты, Бұрынғы Германия Демократиялық
Республикасының қауіпсіздік министрлігінің
мұрағатынан барлығы 93 құжат;
Ұлыбританияның Ұлттық мұрағаты, Британ кітапханасы және
Азия істері бойынша корольдік қоғамы мұрағатынан барлығы
82 құжат; Түркия Республикасы Премьер-министрдің
жанындағы Мемлекеттік мұрағаты, Осман мұрағаты Түрік
тарихы мекемесінің мұрағатынан 168 құжат; Египет Араб
Республикасының Дарул Кутуб мұрағаты, Дарул Кутуб
кітапханасы, Дарул Кутуб ұлттық кітап үйі, Араб қолжазбалар
институты, Насролла ат-Таразидің жеке мұрағаттарынан 282
құжат; Қытай Халық Республикасының Бірінші тарихи
мұрағатынан, Қытай шекарасының тарихи географиялық
зерттеу орталығынан, Шыңжаң қоғамдық ғылымдар
академиясы кітапханасынан, Синьцзянь университетінің
кітапханасынан 111 құжаттар мен кітаптар; Арменияның Ұлттық
мұрағатынан 27 іс; Татарстанның Ұлттық мұрағатынан 521 іс
алынды.
Қазақстанның бірінші жаңғыруы 25 жыл бұрын КСРО-
ның қирандысынан шығып, өз жолымызды дербес
мемлекет ретінде бастағанымыздан басталған болатын.
Екінші жаңғыру «Қазақстан-2030» стратегиясының
қабылдануымен және жаңа елорда - Астананың
салынуымен басталды. Үшінші жаңғыру
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» мақаласымен жалғасын табуда. Ұлт
санасының жаңғыруын мақсат еткен бұл еңбек-
бағдарламалық құжат.
«ЖАҢА ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ.
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ 100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ» ЖОБАСЫ

• Жоғары оқу орындарының ұсыныстары негізінде 800 атаумен алғашқы
оқулықтар тізімі құрастырылды.
• Сараланған критерийлерге сәйкес іріктеу жұмыстары 17 жұмыс
тобы арқылы іске асырылды, оған 90-нан астам маман тартылған.
• Басылымдарды қазақ тіліне аударып оқулықтарды таратуды жүзеге
асыру үшін «Ұлттық аударма бюросы» коммерциялық емес қоры
құрылды.
• Аударма жұмыстары қысқартулар мен толықтырусыз және түпнұсқа
мәтініндегі ойды өзгертпей беруге құрылған. Сонымен қатар, суреттер
мен кестелердегі барлық мәтіндер мемлекеттік тілге аударылған.
• 2017 жылы әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық білім
саласындағы 18 ең үздік әлемдік оқулықтар мемлекеттік тілге
аударылып, CD дискілер арқылы ұсынылды.
• 100kitap.kz жобасының ресми сайты іске қосылды. Сайтта жоба туралы
толық ақпараттар мен аударылған кітаптардың тізімі, сондай-ақ жұмыс
топтарының құрамы көрсетілген.
«ТУҒАН ЖЕР» ЖОБАСЫ
• «Туған жер» жобасы «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани Қазына»,
«Ақпарат толқыны» атты төрт қосымша бағдарламадан тұрады.

1. «Тәрбие және білім» – қазақстандық патриотизм рухымен үйлесе дамыған
тұлғаны тәрбиелеу.
2. «Атамекен» – қазақстандықтардың азаматтық белсенділігін күшейту және
атамекенге деген жауапкершілікті күшейту.
3. «Рухани Қазына» – туған жердің дәстүрін, тарихын және мәдениетін
құрметтеу.
4. «Ақпарат толқыны» – іске асырылатын жобалардың қоғамдық
мониторингіне азаматтардың қатысуы үшін ақпараттық инфрақұрылымдар
құру.
• Жоба аясында бүкіл ел бойынша 700-ден астам жоба жүзеге асырылды.
• Меценаттар есебінен 51 млрд теңгеден астам демеушілік көмек алынды.
• 2017 жылы өлкетану жұмыстары аясында 735 нысанға абаттандыру және
қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
• «Туған жер» жобасы аясында барлығы 1438 нысан пайдалануға берілді.
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ЛАТЫНҒА КӨШІРУ
ЖӨНІНДЕГІ ЖОБА

• Жаңа әліпби жобасын дайындау және алдын ала талқылау жұмыстары аясында 2,5
мыңнан астам ғалым және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен 20-дан астам ғылыми-
практикалық және ғылыми-әдістемелік форум өтті.
• Атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабар таратуға және оған қоғамды тарту
мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында 2 мыңға жуық мақала, әлеуметтік
желілерде 1800-ден астам мазмұнды материалдар жарық көрді.
• Әліпбидің әзірленген нұсқасы 2017 жылдың 11 қыркүйегінде «Мемлекеттік тілдің
әліпбиі үшін бірыңғай латын графикасы стандартын енгізу туралы» Парламент
тыңдауда таныстырылды.
• Латын графикасындағы қазақ әліпбиінің бірыңғай стандарты Мемлекет
басшысының 2017 жылғы 9 қазандағы жұмыс тобының мүшелерімен кездесуінде
ұсынылды.
• 2018 жылғы 19 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақ тілі әліпбиін
кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы
Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы»
Жарлығы шықты. Жарлық әліпбидің жаңа нұсқасын бекітті.
• Жоба бойынша жұмысты одан әрі ұйымдастыру - әртүрлі салаларға жаңа әліпбиді енгізу
үшін Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия
құрылды.
• 2018 жылдың наурыз айында Премьер-Министрдің Өкімімен 2025 жылға дейін қазақ
әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңмен ауыстыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
бекітілді.
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІ» ЖОБАСЫ

• ҚР Ұлттық музейі кешенінде «Қасиетті Қазақстан» Орталығы құрылды.
• Жоба аясында жалпыұлттық және жергілікті киелі орындарды жүйелеу
және іріктеу жұмыстары бойынша 40 ғылым және қоғам қайраткерлерінен
тұратын Ғылыми-сараптамалық кеңес құрылды.
• Жалыпұлттық және өңірлік маңызы бар нысандар тізімі құрылып,
аннотациялық маңызы бар 185 жалпыұлттық нысан анықталды.
• Жалпыұлттық маңызы бар қасиетті нысандардың 3d турларға құрылған
виртуалдық картасы жасалды. Картада тарихи нысандар туралы қысқаша
және толық ақпараттар берілген.
• БҰҰ-ның 5 тіліне аударылған Қазақстанның қасиетті жерлері туралы 4
фильм өндірісте тұр.
• National Geographic, Viasat History, Discovery арналарымен бірлескен
жоба ретінде «Күлтегін» ғылыми-танымдық деректі фильмі түсірілуде.
«ЖАҺАНДАҒЫ ЗАМАНАУИ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ
МӘДЕНИЕТ» ЖОБАСЫ

• Жоба Қазақстан мәдениетін шетелге таныстырудың жүйелі жұмысын құруға,
мәдени тәжірибе алмасудың тұрақты арналарын қалыптастыруға бағытталған.
• Жоба шеңберінде Қазақстанның тәуелсіздігі кезеңінде қалыптасқан жаңашыл,
түпнұсқалығымен ерекшеленетін, сондай-ақ заманауи қоғамның эстетикалық
және көркемдік талғамдарына сай келетін қазақ мәдениетінің туындыларын
жинау және жүйелеу жұмыстары жүргізілді.

1. Әдебиет саласында 193 туынды іріктеліп алынды.
2. «Театр, кино и хореография» - 56 туынды.
3. «Классикалық және дәстүрлі музыка» - 66 орындаушы.
4. «Бейнелеу өнері» - әйгілі шеберлер мен заманауи суретшілердің 177
туындысы.
• 2017 жылы Париждегі UNESCO штаб-пәтерінде «Рухани жаңғыру»
бағдарламасының тұсаукесері өтті. Тұсаукесер аясында шетелдік аудиторияға
қазақстандық мәдениеттің әртүрлі бағыттарын көрсететін түрлі іс-шаралар
өткізілді.
Классикалық және халық музыкасының жетістіктерін насихаттау
мақсатында Еуропа мен Азияның 10 елінде 7 жетекші
шығармашылық топтың гастрольдік турлары ұйымдастырылды.
Dalatunes жобасы іске асырылды. Ол – ең үздік қазақстандық музыкаларға
сандық қолжетімділікті қамтамасыз ететін интернет-ресурс. Осы арқылы 2017
жылдың ішінде 13 мың музыкалық шығарма, 1,2 мың нота және 1,7 мың
аккорд жүктелді.
Отандық және шетел аудиториясын әр түрлі жанрдағы қазақ музыкасымен
таныстыратын Dala sazy онлайн-радио жобасы дайындалды, іске қосылудың
алдында тұр.
Қазіргі уақытта әдебиеттегі «проза» және «поэзия» жанрындағы
антологияларды ағылшын тіліне аудару жұмыстары қолға алынуда
Жаңа дарынды авторлар мен туындыларды табуға бағытталған «Рух» тұңғыш
Халықаралық әдебиет конкурсы ұйымдастырылды.
Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейіндегі жалпы қорға тиесілі 24
813 бірліктің 13 700 бірлігі цифрландырылды. ҚР Орталық мемлекеттік
мұражайында 39 602 бірлік (266 500 бірлік жалпы қор) цифрланды.

Ұқсас жұмыстар
Президентінің мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу
Бәйдібек аудандық ветеринария бөлімі мемлекеттік мекемесі
Базалық станция Базалық станция
Өнеркәсіптегі прогрессия
Міндеттері - Жерді қашықтықтан зондтау
Қазақстанның сақтандыру компанияларының инвестициялық қоржынын басқару мәселері
Ленин съезді дайындауға тек Искра мен Зарядағы мақалаларымен ғана емес, 1901 жылдың жазынан бастап
Өзін-өзі реттеу ұйымдары
Мұсылман елдеріндегі мәдениет пен дін
Пәндер