Бүйрек физиологиясы


Slide 1

Бүйрек физиологиясы. Несеп түзілуінің механизмі

Орындаған: Маратова Н.

Тобы: 206Б ЖМ

Қабылдаған: Парпиева Қ.

Slide 2

Нефронның құрылысы мен қанмен қамтамасыз етілуі

Slide 3

Несеп түзілу теориясы

Фильтрациялық-реабсорбциялық-секрециялық теория

Несеп түзілуінің негізінде 3 үрдіс жатады:

шумақтағы сүзілу

түтікшелердегі қайта сорылу

түтікшелердегі секреция

Slide 4

Несеп түзілу механизмі

Несептің түзілуі бір-бірімен тығыз байланысты бір іздік үрдістерден тұрады:

1) шумақтық сүзілу (ультрафильтрация) - қан плазмасынан су мен төменгі молекулалық компоненттердің бүйрек шумағының капсуласына біріншілік несептің түзілуімен жүретін үрдіс;

2) түтікшелік қайта сорылу - сүзгіден өткен заттар мен судың біріншілік несептен қанға кері сорылуы;

3) түтікшелік секреция - иондар мен органикалық заттардың қаннан түтікше саңылауына тасымалдануы.

Slide 5

Сүзілу үрдісі

Сүзілу (фильтрация) Шумлянский-Боумен капсуласында өтеді, сонда шумақтық капиллярлар арқылы ағатын қан плазмасынан су және плазмада еріген заттар (ірі мол. ақуыздан басқа) сүзіледі.

Slide 6

Сүзілу үрдісі

Сүзілу бүйрек шумақтарында жүзеге асады. Фильтрат шумақты түзетін капиллярлар эндотелийінен, базальды мембранадан және шумақ капсуласының эпителийі арқылы барьерден өтеді.

Базальды мембраналардың саңылауының диаметрі 2-4 нм; саңылаулардың жалпы ауданы жалпы сүзілу беткейінің 4-10 % құрайды.

Осы сүзгі арқылы қан плазмасынан алғашқы зәр түзіледі. Ол арқылы су, тұздар, глюкоза, төмен мол. ақуыздар өтеді.

Slide 7

Сүзілу үрдісі

Бүйректер жоғары мол. заттарды ұстап, салмағы кішігірім және орташа молекулаларды ғана өткізетін күшті ультрафильтрат ретінде жұмыс атқарады.

Фильтраттың құрамында қан плазмасының базальды мембрана саңылауынан өтетін көлемі кіші барлық бөліктер бар. Молекулалық салмағы 15000 астам молекулалар үшін сүзгіден өту қиынға соғады. Қан плазмасының протеиндері (және олармен байланысқан төменгі молекулалық заттар) сүзгіден өтпейді. Бүйректің шумақтық аппаратынан өту үшін заттардың суда және майда ерігіштігі анықтаушы факторға жатпайды.

Slide 8

Шумақтағы сүзілу келесі факторларға тәуелді

Шумақтық капиллярлардағы гидростатикалық қысым = 70 мм с. б. (орташа артериялық қысымы = 100 мм с. б. )

Қан плазмасының онкотикалық қысымы = 30 мм с. б.

Шумақ капсуласындағы ультрафильтраттың гидростатикалық қысымы (бүйрек ішіндегі қысымы) = 20 мм с. б.

Фильтрациялық қысым:

70 - (30 + 20) = 20 мм с. б.

Slide 9

Шумақтағы сүзілу

Slide 10

Шумақтағы сүзілудің жылдамдығы

Сүзілу үрдісінің негізгі сандық көрсеткіші - шумақтық сүзілудің жылдамдығы (ШСЖ) .

ШСЖ - бұл уақыт бірлігінде (минутте) бүйректе пайда болатын ультрафильтраттың (алғашқы несептің) мөлшері.

Slide 11

Шумақтық сүзілудің жылдамдығы

Қалыпты ШСЖ еркектерде шамамен 125 мл/мин, әйелдерде - 110 мл/мин.

Бір тәулікте шамамен 180 л біріншілік несеп түзіледі, 25 мин ішінде 3 л қан плазмасы сүзгіден өтеді.

Бір тәуліктің ішінде қан плазмасы шамамен 60 рет сүзіледі, яғни тазартылады.

Соңғы несептің мөлшері тәулігіне шамамен 1, 5 л тең болады, демек алғашқы несептің көлемінен осы уақытта шамамен 178, 5 л сұйық түтікшелерде қайтадан қанға сорылады.

Slide 12

Түтікшелердегі қайта сіңу (реабсорбция) - заттардың түтікше саңылауынан қанға қайта сіңуі.

Қайта сіңу механизмі

Активті тасымалдану а) біріншілік-активті (Na иондары) б) екіншілік-активті (глюкоза, амин қышқылдары)

Пассивті тасымалдану (H2O, Cl иондары, мочевина)

Түтікшелердің проксималдық бөлімде міндетті түрде қайта сіңетін заттар:

Глюкоза - Амин қышқылдары - Су

Витаминдер - 4/5 NaCl, тұздар

Slide 13

Түтікшелердегі қайта сорылу

Шумақтық фильтрат құрамында еріген заттармен бірге нефрон капсуласынан (Боумен капсуласы) шығып, иірімделген түтікшелер арқылы, Генле ілмегі арқылы, дистальды түтікшелер арқылы жинақтаушы түтікшелерге тасымалданады.

2 млн түтікшелердің әрқайсысының ұзындығы 3-5 см.

Түтікшелердің жалпы ауданы 7-8 м² тең.

Slide 14

Түтікшелердегі қайта сорылу

Slide 15

Қайта сорылу

Глюкоза мен амин қышқылдары белсенді тасымал жолымен (концентрациялық градиентке қарсы) сіңіріледі.

Натрий иондары электр-химиялық градиентке қарсы жолмен қайта сорылады. Na+, K+, АТФ-аза ферменттерінің қатысуымен және АТФ энергиясының шығындалуымен жүзеге асады.

Хлор иондары натрийдің белсенді тасымалынан түзілетін электрохимиялық градиент бойынша қайта сорылады, яғни (+) зарядталған Na иондары электростатикалық өзара әрекеттесуымен өзімен бірге (-) зарядталған CІ иондарын тартады.

Slide 16

Қайта сорылу

Су қайта сорылу пассивті транспорт, диффузия және осмос заңдары бойынша қайта сіңіріледі.

Глюкоза, натрий, калий, кальций проксимальды түтікшелерде біріншілік зәрден ұлпа сұйықтығы мен қанға сіңіп, ұлпа сұйықтығының осмостық қысымын жоғарылатып, түтікшелердегі несептің осмостық қысымын төмендетеді. Сөйтіп су осмостық қысымның айырмашылығынан біріншілік зәрден ұлпа сұйықтығына және қанға өтеді.

Аталған үрдіс органикалық және бейорганикалық қосылыстардың белсенді тасымалымен қатар жүреді.

Slide 17

Заттарды шығару табалдырығы

Түрлі заттардың шығару табалдырығы әр түрлі және ол ағзаның қызметтік жағдайы өзгергенде өзгеріске ұшырайды.

Табалдырықты заттарға амин қышқылдары, ұсақ молекулалық ақуыздар, дәрумендер, натрий, калий, кальций, хлор иондары жатады.

Табалдырықты емес заттардың (креатинин, инулин, сульфаттар) қан плазмасындағы концентрациясы өте төмен болғанымен, бүйрек түтікшелерінде қайта сорылмайды.

Кері сіңірілу механизмі түрлі заттарда бірдей болмайды. Түтікше жасушалары арқылы тасымалдың 2 түрін ажыратады: пассивті және активті.

Slide 18

Заттардың пассивті тасымалы түтікшелер саңылауы мен бүйректің интерстициялық ортасы арасындағы жоғары электр химиялық градиентке негізделеді.

Активті тасымал жасушалық метаболизм бақылайтын арнайы эндотермиялық үрдіс және заттардың электр химиялық (біріншілік белсенді тасымал) және концентрациялық (екіншілік белсенді тасымал) градиентке қарсы жүретін үрдіс.

Slide 19

Бүйректің айналдыра-кері ағызу жүйесі

Судың тасымалы проксимальды түтікшелердегі зәрдің осмостық қысымын ұлпа сұйықтығы мен қанның осмостық қысымымен теңестіреді. Сөйтіп, біршама мөлшерде тұз сіңірілгенімен, проксимальды түтікшелердегі зәр қандікіндей изотониялық болады.

Генле ілмегінде қайта сорылуының ерекше механизмі - бұрылысты-ағысқа қарсы жүйе болады (соның нәтижесінде зәрдің изотониялығы өзгереді) .

Бұл жүйенің мәні - Генле ілмегінің проксимальды және дистальды түтікшелер бір-біріне жанаса орналасып, өзара байланысты тұтас бір механизм ретінде қызмет атқарады.

Slide 20

Айналдыра-кері ағызу жүйенің қызметі

Генле ілмегінің проксимальды бөлімінің эпителийі суды өткізеді, ал Na+ иондарын өткізбейді. Сондықтан осы бөлім арқылы өткенде несеп қоюланады және ілмегінің соңында концентрациясы жоғары болады.

Ал дистальды бөлімінің эпителийі Na+ иондарын белсенді түрде кайта сорады, яғни натрийді түтікшедегі несептен бүйректің ұлпааралық сұйықтығына өткізеді, бірақ суды кері қарай жібермейді.

Сондықтан ілмектің бұрылатын жерінде гипертониялық несеп Генле ілмегінің дистальды бөлімінің соңында изотониялық немесе гипотониялық болады (қан плазмасымен салыстырғанда) .

Slide 21

Айналдыра-кері ағызу жүйесі

Slide 22

Сонымен, Генле ілмегі концентрациялатын механизм ретінде, суды және Na+ иондарын көп мөлшерде қайта сорылуға әкеліп, қызмет атқарады.


Ұқсас жұмыстар
Ас қорыту жүйесі мен зәр шығару жүйесінің патологиясы
Қоздырғыш тіндердің физиологиялық қасиеттері
Аталық жыныс безі
Асқорыту бездерінің гормондары
Қалқанша маңы безі
Бүйрекүсті безі гормондары
Эндокринді және эндокринді емес функциялары бар ағзалардың физиологиясы және олардың организм жұмысына әсері
ГОРМОНДАРЫ КІРІСПЕ
Несеп шығару жүйесі мүшелерінің ауруы кезіндегі мейіргерлік күтім
Зат пен қуат алмасу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz