БАЯУ ВИРУСТЫ ИНФЕКЦИЯ



Баяу вирусты инфекция қоздырғыштары
Орындаған: Маратова Н.
Тобы: 206Б ЖМ
Қабылдаған: Мақсұм Ж.

Жоспары:
І. Кіріспе:
ІІ. Негізгі бөлім:
ІІ. 1 Ротавирустар
ІІ. 2 Құрылымы
ІІ. 3 Антигендік құрылымы
ІІ. 4 Эпидемиологиясы
ІІ. 5 Патогенезі
ІІ. 6 Микробиологиялық диагноз қою және алдын алу
ІІІ. Қорытынды

Кіріспе: Баяу вирусты инфекция қоздырғыштары
Баяу вирусты инфекция сипаттамасы:
Инкубациялық кезеннің ұзақ болуы
Процесстің үдемелі баяу ағымы
Тіндер мен ағзалардың өзіндік зақымдалуы
Жағдай жасаушы фактор: иммунологиялық реактивтіліктің төмендеуі, антиденелердің әлсіз түзілуі мен вирусты бейтараптауға қабілетінің болмауы.
Баяу вирусты инфекциялар жөнінде алғашқы зерттеулер 1954 жылы Сигурдссонмен жасалған болатын. 3 жылдан кейін Гайдушек және Зигаспен Жана Гвинеядағы ұзақ инкубациялық кезеңі бар және үдемелі баяу мишық атаксиясымен көрінетін және соңы өліммен аяқталатын “Куру” ауруын сипаттаған болатын. Аталған ашулардың арқасында бір топ баяу вирусты жұқпалар болуы жөнінде көз-қарас жасалды.
Осыған байланысты баяу вирусты жұқпалардың этиологиялық агенттерін екі топқа бөлді: бірі вириондармен шақырылатын, екіншісі - приондармен.

Баяу вирусты инфекциялар
Адамдардың және жануарлардың кейбір вирусты аурулары созылмалы прогрессивті өтеді және кейде өліммен аяқталады. Мысалы: куру қоздырғышы, Крейтцфельда- Якоба ауруы, вилюйстық энцефаломиелит және т. б.

Ротавирустар (лат. “rota”-дөңгелек) негізінде гастроэнтерин тәрізді аураулар қоздыратын РНҚ-вирустар.
Р. Бишоп т. б. 1973 жылы электронды микроскопиялық әдіспен зерттеу кезінде гастроэнтеритпен науқастанған балалардың 12 елі ішегінің эритроциттерінен және олардың нәжісінен адамдардың ратовирусын тапқан.

Таксономиясы. Тұқымдастығы: Reoviridae
Туыстастығы: Rotavirus

Құрылымы. Ротавирустардың вириондары сфера пішінді, диаметрі - 65 - 75 ни. Вирионының айнала шеті шеңберлі жиекпен қоршалған, одан ішкі жағына қарай сым шабақ тәрізді өсінділер бағытталған. Суперкапсиді болмайды. Геномы 11 - 12 сегменттерге бөлінген екі жіпшелі сызықша РНҚ молекуласынан тұрады. Геномдық РНҚ және РНҚ - полимераза вирионның жүрекшесін құрайды. Капсидтің екі қабаты (сыртқы және ішкі) бар. Ішкі қабаты икосоэдр типтес, жүрекшені қоршап тұрады және сыртқы қабатымен сабақшалар арқылы байланысады, сондықтан доңғалақ сияқты

Ротавирустар әдеттегі дезинфекциялық заттарға, сондай-ақ қоршаған ортаның қолайсыз факторларына төзімді: өзен суларында 10 күнге дейін сақталады, көкөністерде - 25-30 күн, мақта мен жүнде 15-45 күнге дейін сақталады.
Сонымен қатар тағам дайындап, оны ішер алдында қолды сабынмен мұқият жуу керек. Сүт өнімдерін тоңазытқыш қондырғылармен жабдықталған дүкендерден алу қажет. Жеміс-жидек, көкөністерді және тағам сыртындағы орауышты ашар алдында сабынмен жуу керек. Жуылуы күрделі жидектерді үш жастан аспаған балаларға бермеу қажет.

Эпидемиологиясы. Инфекция көзі - нәжісімен ротавирустарды бөліп шығаратын науқас және вирусты тасымалдаушылар. Берілу механизмі - фекальды - оральды. Берілу жолдары - су арқылы, тағамдық өнімдер және тұрмыстық жанасу арқылы жұғу. Аурудың алғашқы 3 - 5 күндерінде науқас вирус таратуда өте қауіпті (вирус көп молшерде сыртқа шығады) .
Жыл сайын әлемде бұл аурумен 111 млн. бала ауырады, сондай-ақ 25 млн. адам дәрігер көмегіне жүгінсе, 2 млн. адам ауруханаға жатып емделеді және 440 мың өлім жағдайлары тіркеледі.

Ротавирустық инфекцияның негізгі тарату механизмі -бұл инфекция басқа да түрлі жолдармен жұғуы мүмкін. Жұқпалы вирус төменгі температурада жақсы сақталады. Мұндай ауру бір жастағы және одан ересек балаларға балабақшалар мен мектептерде жұғатындығы белгілі. Көбінесе бұл «кір қолдар» арқылы жұғады. Сондықтан бала тазалығына аса мән берілгені жөн. Әлемдік тәжірибеде бес жастағы балалар жұқпалы инфекция ауруын бастан жиі кешіреді. Әрбір жұқтыру сәтінде балада вирустың осы түріне қарсы иммунитет қоза түседі де, ол келесі жұқтыру кезеңінде бәсеңдей береді. Бұл жұқпалы ауру көп жағдайда кездейсоқ, немесе эпидемиялық өршу кезінде жиі кездеседі. Ауру көбінесе маусымдық кезеңде үдеу сипатына ие болады. Мысалы, Ресейде 93 пайыздық бұл аурудың түрі қысқы кезеңде (қараша, сәуір айларын қосқанда) жиі белең алады.

Патогенезі, клиникалық көріністері. Ротавирустар кең таралған, негізінде балаларда (6 айдан 2 жасқа дейін) гастроэнтериттер қоздырады. Вирус 12 елі ішектің эпителиоциттерінде өсіп - өніп, оларды бұзады. Жасырын кезеңі - 1 - 3 күн. Нағыз ротавирустық инфекция кезінде ертерек байқалатын ауру белгісіне құсу жатады, ол іш өтуден бұрын басталады. Диарея 1 - 2 күн бойы тәулігіне 10 - рет жиілікпен келеді.

Қыс келді. Ал қыс кезінде балалардағы диареяның негізгі себебі вирустар болатыны мәлім.
Бұл вирусты диареяның негізгі қоздырғыштары - ротавирустар. Осындай қыс айларында балалар үлесіне ротавирусты инфекцияның 40-50 пайызы тиесілі болады екен. Бұл аурудың жұқпалылығы жоғары. Үш айға дейін нәрестені аурудан анасынан трансплацентарлы түрде алынған ротавирусты инфекцияға қарсы антиденелер қорғайды. Ауру 9-12 айлық балаларда жиі кездеседі.
Вирустар қайнатқан кезде өледі. Аурудың инкубациялық кезеңі - 1-4 күннің аралығы. Ауру жедел басталады. Бастапқы кезде тамақ ауырсынып, мұрыннан су тамшылары бөлінеді де кейін дене қызуы 39-40 градусқа дейін жоғарылап, науқас қайталап құса береді, тіпті бірнеше сағаттан кейін 15-20 ретке дейін сулы сұйық нәжіс қосылуы мүмкін. Бұл ауру 5-6 күнге созылады.
Бұл ауру түріне себеп болатын жайлар: баланың мерзімінен бұрын тууы, жасанды тамақтандыру, салмақ жетіспеушілік, біріккен респираторлы немесе бактериялық инфекция. Роатвирусты инфекцияның тек сусыздану арқылы болатын ауыр түрлеріне ұшырағандар ғана ауруханаға жатқызылады. Ал сусыздану болмас үшін ата-аналар бір қорап редигронды бір литр суға езіп, бір шай қасықпен 1-2 минут сайын диарея тоқтағанша ішкізуі қажет. Сондай-ақ баланың тамақтануына көп көңіл бөліп, қою ботқалар беріп отыру қажет.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz