НЕСЕПНӘР ЖӘНЕ ЗӘР ШЫҒАРУ ПРОЦЕСІ, ЗӘР ШЫҒАРУДЫ РЕТТЕУГЕ ҚАТЫСАТЫН ГОРМОНДАР


Slide 1

Несепнәр және зәр шығару процесі, зәр шығаруды реттеуге қатысатын гормондар

Қазақстан-Ресей Медициналық университеті

Орындаған: Маратова Н.

Тобы: 206Б ЖМ

Тексерген: Кенеханова А.

Slide 2

Жоспары:

Несепнәр

Зәр шығару процесі

Зәр шығаруды реттеуге қатысатын гормондар

Қолданылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Адам зәрінің шамамен 96%-ы су, 1, 5%-ы бейағзалық заттар. Зәрде хлорлы натрий мөлшері көбірек, сульфаттар, фосфаттар, калий, кальций, магний карбонаттары аз мөлшерін құрайды. Зәрдің құрамында 2, 5% ағзалық заттар болады. Әсіресе несепнәр (мочевина), зәр қышқылы көбірек кездеседі. Несепнәр бауырда аммиактан түзіледі. Ересек адам тәулігіне шамамен 1, 2 -1, 6 л зәр бөледі. Көптеген ауруларды анықтау үшін зәрді талдауға алып зерттейді. Зәрдің сарғыш түсті болуы оның құрамындағы урохром пигментіне байланысты. Урохром гемоглобиннің ыдырауынан, ішек пен бүйректе ет пигментінен түзіледі. Зәрдің құрамындағы азотты өнімдер несепнәрмен бірге шығарылады.

Slide 4

Несепнәр

Мочевина, карбамид Со(NH2) 2 - концентрленген азотты тыңайтқыш. Түйіршіктелген, түссіз, құрылысы кристалды, суда, спиртте, сұйық аммиакта жақсы ериді, ал эфирде, хлороформда ерімейді. Құрамында 46% азот болады. Аммиак пен көмір қышқылының өзара әрекеттесуінен алынады. Әр түрлі ауыл шаруашылық дақылдары егілетін барлық топырақ түрлеріне тұқым себер алдында тыңайтқыш ретінде және үстеп қоректендіру үшін қолданылады. Мочевинаның қоюланған ерітіндісін өсімдік жеңіл сіңіреді. Мал азығында протеин орнына жүреді. Осы топқа жататын мочевина - формальдегид азот тыңайтқышы, ауаның ылғалдылығына төзімді, жақсы шашылады және нығыздалмайды. Мочевина мен формальдегидтің судағы ерітіндісін қышқыл ортада қоюлау жолымен алады, ол суда аз ериді, біраз уақыт өткеннен кейін өсімдікке 60 - 70%-ға дейін сіңетін азот тыңайтқышының аммиактық және нитраттық қосылыстарына айналады. Бұл тыңайтқышты суармалы егіншілікте, соның ішінде күрішті суға бастырып егу әдісіне қолданған өте пайдалы. Мочевина гигиеналық дәрілердің, косметикалық синтездік заттардың құрамына кіреді және мұнай өндірісінде мұнайдан парафинді бөлу үшін қолданылады.

Slide 5

Зәрдің түзілуі

Бүйректен тәулігіне 1700-1800 л астам қан ағып өтеді. Бүйректе зәрдің түзілуі, оның қанмен ерекше қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты болады. Бүйректе зәрдің түзілуі 2 кезеңнен тұрады: сүзілу (фильтрация), және қайта сіңірілу (реабсорбция) . Латынша «абсорбция» - сүзілу, «ре» - косымша кері қайту деген ұғымдарды білдіреді.

Slide 6

Зәр түзілудің сүзілу кезеңінде бүйректің қыртысты затында орналаскан бүйрек денешігіндегі қылтамыр шумағындағы қаннан зәр бөлінеді. Мұны бірінші реттік зәр түзілу деп атайды. Бірінші рет түзілген зәрдің мөлшері өте көп болады. Бүйректен ағып өтетін әрбір 10 л қаннан 1 л бірінші реттік зәр түзіледі. Бірінші реттік зәрдің құрамы қан сарысуына ұқсас, бірақ онда нәруыздар болмайды. Бірінші рет түзілген зәрдің құрамындағы судың көп мөлшері қайтадан канға өтеді. Сонымен бірге ағзаға қажетті қант, аминқышкылдары, натрий, калий иондары, су және басқа заттар да қайтадан қанға сіңіріледі. Судың және басқа заттардың қайтадан қанға сіңірілуі нәтижесінде тәулігіне шамамен 1, 5 л екінші реттік зәр түзіледі.

Slide 7

Бүйректе зәрдің сыртқа шығарылуы өсімді жүйке жүйесі арқылы (жұлынның сегізкөз бөліміндегі орталық) реттеледі. Сонымен бірге бүйректің кызметін реттеуге аралық мидан (гипоталамустан) түзіліп, гипофиздың артқы бөлімінен бөлінетін вазопрессин гормоны да қатысады. Зәрдің бөліну мөлшері әсер ететін заттарға (тағамға) және орта жағдайына да байланысты. Суық күндері суды көп ішіп, құрамында нәруызы көп тағамдарды пайдаланғанда зәр көп бөлінеді. Ауаның, температураның жоғарылауы, құрғақ тамақ зәр бөлінуін азайтады. Зәр несепағармен қуыққа толып, одан зәршығару өзегі (үрпі жолы) арқылы сыртқа шығарылады.

Slide 8

Бүйрек жұмысына ішімдіктің әсері

Бүйректің дұрыс жұмыс істеуіне ішімдікті пайдалану өте зиян. Ішімдікті көп ішу бүйрек жұмысын бұзады. Бүйректің жасушалары зиянды заттарды шығара алмайтын болады. Жасушалар қабынып, зәрмен бірге ағзадан қажетті нәруыз бөлініп, сыртқа шыға бастайды. Ішімдікпен уланған бүйрек бүрісіп, зәрдің бөлінуі тоқталады.

Slide 9

Бүйрек аурулары

Бүйрек кызметінің бұзылуынан, қанда несепнәрдің мөлшерінің шектен тыс (20-30 есе) көбеюінен уремия (зәрліқан) ауруына шалдығу мүмкін. Бүйректің ең кауіпті ауруы - нефрит (гр. nерһrоs - бүйрек) - бүйректің кабынуы. Нефрит ауруын бактериялар тудырады. Қанның нәруызы азайып, кан сарысуының ұлпа сұйықтығынан суды сору әрекеті төмендейді әрі зәрдің түзілуі де баяулайды.

Жаракаттанған бүйрек қанта ренин затын көп бөледі. Ренин қан тамырларын тарылтып, қан кысымын көтереді.

Slide 10

Бүйрек тасы (уролитиаз)

Зәрдің құрамындағы қатты заттар (зәрқышқылы, кальций фосфаты) өте нашар ериді. Егер қатты заттардың мөлшері зәрде көбейіп кетсе, зәр жолында қатайып, тасқа айналады. Тас өте ірі болса, зәрдің шығуына кедергі келтіреді. Хирургиялық жолмен алуға тура келеді.

Зәршығару жүйесінде жиі кездесетін аурудың бірі - қуықтың қабынуы (гр. kystis - қуық) . Бұл ауру көбіне қуыққа суық тиюден болады да, зәр тоқтамайды. Сондықтан мұндай ауруға шалдыққан адам міндетті түрде дәрігерге қаралуы керек.

Балаларда көбірек кездесетін бүйрек ауруы - түнде зәр тоқтамау (энурез) . Бұл ауруды шыжың деп те атайды. Ол бадамша бездердің, жұлын қызметінің бұзылуынан болады. Ауру көбіне 2 жастан асқан балаларда жиі кездеседі. Ондай ауруды дәрігерге көрсету қажет. Бүйрек ауруларын емдейтін дәрігерді уролог (гр. uron - зәр) деп атайды.

Қазіргі кезде өте кауіпті бүйрек ауруларын емдеу кезінде жасанды бүйрек аспабы - гемодиализатор қолданылады. Сонымен бірге бүйрек өз қызметін мүлде атқара алмаса, басқа бүйректі алмастырып салуға да болады.

Slide 11

Зәр шығаруды реттеуге қатысатын гормондар

Бүйректің жүйке-гуморалдық реттелуінің маңызын, олардың өзара байланысын 1937 жылы А. Шпуга жүргізген өте қызықты дәлелді тәжірибеден көруге болады. Ол бүйректі өзінің табиғи орнынан ауыстырып, тері астына, мойын аймағына тігіп, оның тамырларын сол жердегі қан тамырларымен жалғайды. Тәжірибеден бүйрек жүйкелері бұзылғанмен, жалғасқан қан тамырлары арқылы қан бүйрекке келе бастағаннан бастап несеп жасалу үдерісі жүре бастаған. Бірнеше күннен кейін осы бүйрек пен қалыпты жағдайдағы бүйректің несеп жасау қызметінде аса көп өзгеріс байқалмаған. Егер организмге су немесе ас тұзын көбірек енгізсе, орнын ауыстырмаған бүйрек сияқты, ауыстырып тіккен бүйректе де жасалатын несеп құрамында су, тұз көбейеді. Жүйкесі кесілген бүйрек қызметі жүйке жүйесінің арқасында әр түрлі тітіркендіргіштерге өзгереді. Ауырсыну тітіркендіргіштері әсер еткенде, жүйкесі кесілген бүйрек кесілмеген сияқты, несеп шығаруды тоқтатады. Жүйкесі кесілген бүйректе тітіркендіргіштердің ауырсыну әсері гипоталамус арқылы, ал одан - гипофизге әсер етіп, антидиуретикалық гормон (АДГ) бөледі.

Slide 12

Бұл гормон рефлекстік механизмнің қатысуымен бүйректе несептің жасалуын және оның құрамын реттейді.

Қанға шамадан тыс көп мөлшерде тұз түссе, оның осмос қысымы жоғарылайды. Соның салдарынан толып жатқан қан тамырларының қабырғасында гипоталамуста орналасқан осморецепторлар тітіркенеді. Осморецепторларда пайда болған сигналдар гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулярлық ядросына беріледі де, АДГ жасалуын көбейтеді. Гипофиздің артқы бөлімінен қанға АДГ көп мөлшерде түседі де, несеп жинайтын түтік нефрондарында кері сіңуді күшейтіп, суды ұстап қалады. Соның нәтижесінде көлем аз, бірақ құрамында тұзы көп несеп жасалады да, организм артық тұзды несеппен шығарып, қажетті суды сақтап қалады. Егер организмге мөлшерден тыс артық су енгізілсе, қанның осмос қысымы төмендейді. Мұндай жағдайда осморецепторлардың тітіркенуі нашарлап, АДГ бөлінуі рефлекстік жолмен төмендейді, ал ол диурезді жоғарылатып, организм артық судан құтылады, қанның осмос қысымы қалыпты жағдайына келеді.

Slide 13

А. Г. Гинецинскийдің көрсеткіштері бойынша, АДГ гиалуронидаза ферментінің белсенділігін арттырады, ал ол жинағыш түтіктердің жасушааралық заты гиалурон қышқылын ыдыратып, деполимеризациялайды. Соның нәтижесінде жинағыш түтіктердің қабырғасы суды жақсы өткізеді. Патология жағдайында, әсіресе гипоталамус-гипофиз жүйесінің дисфункциясында АДГ бөлінуі едәуір төмендейді. Мұндай жағдайда жинайтын түтіктерде судың қайта сіңуі күрт төмендеп, тәуліктік диурез 20-25 л жетуі мүмкін. Бұл қантсыз диабет ауруында байқалады. Бүйректің несеп жасалу қызметіне басқа да гормондар әсер етеді.

Адреналин қанды алып кететін артериолаларды тарылтып, шумақ нефрондарында сүзілу қызметін жоғарылатып, кәдімгі диурезді көбейтеді. Адреналин дозасы көп болса, несеп жасалуды едәуір төмендетеді, тұздардың шығарылуын жоғарылатады, эмоция уақытында АДГ бөлінуін төмендетеді. Бүйрек қызметіне, бүйрекүсті бездің гормондары да әсер етеді. Қабық қабаты бөлетін альдостерон, дезоксикортикостерон т. б. гормондар натрийдің, судың кері сіңуіне, ал калийдің шығуына жәрдемдеседі. Көпшілік кортикостерон гормондары айқын диурияға (несептің көп жасалып, шығарылуы) әкеліп соқтырады.

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Несеп шығару жүйесі аурулары
БАУЫРДЫҢ ЗАТ АЛМАСУ ПРОЦЕСТЕРГЕ ҚАТЫСУ ФУНКЦИЯСЫ
Зәр түзуші мүше Зәр шығарушы мүше
Эндокринді бездер
Зәр тастар
Қанның функциялары
Зәр шығару жүйесі туралы ақпарат
Ірі қара малдың зәр шығару бөлімдері
Бүйректердің өзектері мен шумақтарының эпителий тіндерінде дегенеративті өзгерістер пайда болып, организмде жалпы зат алмасуының бұзылуымен сипатталатын ауру
Иттегі простатит
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz