Трансплантациялық антигендер


Slide 1

Трансплантацияның жаңа жетістіктері

Орындаған: Маратова Н.

Тобы: 206Б ЖМ

Қабылдаған: Ашуева Н.

Slide 2

Жоспары:

Кіріспе

Трансплантацияның тарихы

Трансплантологиядағы бірнеше бағыттар

Трансплантациялық антигендер

Тіндік іріктеу

Серологиялық іріктеу

АЛД іріктеу

Қауіп қатер факторлары

Мүшелер трансплантациясыныі негізгі жетістіктері

Қорытынды

2

Slide 3

Иммунологияда қолданатын трансплантация термині бір организмнен екінші организмге жасушаларды, тіндерді және мүшелерді алмастыруды білдіреді. Ғалымдар мүшелер мен тіндерді бір индивидуумнан екінші индивидуумға алмастыру сұрақтарына хирургиялық технологиялар көмегімен жауаптарды тапқан.

К

І

Р

І

С

П

Е

3

Slide 4

1902 жылы австриялық хирург Е. Ульманн алғаш рет бүйректі Трансплантациялау операциясын жасады.

Бұрынғы КСРО-да мұндай операцияны бірінші болып белгілі орыс хирургі Б. Петровский жасады (1965) . Ол донор бүйректі шешесінен алып қызына салды, операция сәтті аяқталды.

Адамнан адамға жүрек алмастырудың алғашқы операциясын 1967 жылы оңтүстік африкалық хирург К. Барнард жасады. Пациент 18 күн өмір сүрді.

Клиникада өкпені ауыстырудың алғашқы операциясын 1963 жылы америкалық кардио-хирург Дж. Харди (бір топ дәрігерлермен бірге) іске асырды.

Қазақстанда органды Трансплантация операциясын тұңғыш рет М. Әлиев жасады

Трансплантацияның тарихы

4

Slide 5

реципиент трансплантаты өз ағзасының доноры болып табылады.

бір индивидуумда өз денесінің бір жерінен басқа жеріне салынған тіндерін айтады.

ол бір биологиялық түрге жататын генетикалық түрлі организмдердің арасындағы алмастырған тіндер мен мүшелері.

әр түрге жататын организмдердің арасындағы салынған тіндер немесе мүшелерін атайды.

Трансплантологияның бірнеше бағыттары

аутотрансплантация

ксенотрансплантация

аллотрансплантация

ағзаларды бағаналы клеткалардан клондау

жасанды ағзалар

5

Slide 6

Генетикалық бөгде тіндердің тұрақтамауына жауапты негізгі антигендерге - гистосәйкестік антигендері жатады, оларды кодтаушы гендерін - гистосәйкестік гендері деп атайды. Гистосәйкестіктің негізгі гендері деген түсінікті алғашқы рет 1956 жылы Д. Снелл енгізген. Маңызды антигендік айырмашылықтары бар тіндер - гистосәйкессіз болып келеді, олар тұрақтамау серпілісін шақыратын иммундық жауапқа алып келеді. HLA- жүйесінің гендері трансплантациялық антигендердің жасалуын бақылайды. Транплантациялық антигендер ең көп мөлшерде лимфоциттерде, теріде; аздау - өкпе, бауыр, ішек, жүректе; ең азы - мида экспрецияланған. HLA-A және В локустарының антигендері күшті трансплантациялық антигендер қатарына жатады

Трансплантациялық антигендер

6

Slide 7

Тіндік іріктеу.

Тұрақтамау серпілісінің өнімделуіне жауапты МНС-комплекстің және қан тобы антигендерінің айырмашылықтары болғандықтан, донор мен реципиенттің тіндік гистосәйкестігін анықтау үшін әр түрлі тіндерді іріктеу әдістері зерттелген. Біріншіден, донор мен реципиентте АВО-антигендері бойынша топтық сәйкестігін анықтайды. Трансплантаттағы осы антигендердің қайсысына болса да қарсы синтезделген антиденелер, сәйкессіздік жасушаларда комплементтәуелді лизисті шақырады.

Қазіргі кезде гистосәйкестік антигендерді молекулалық ДНҚ-зондылау арқылы полимеразды тізбекті серпіліс (PCR) көмегімен анықтауға болады, оны молекулярлы-генетикалық іріктеу деп атайды.

7

Slide 8

Серологиялық HLA-іріктеу Донор мен реципиентті HLA-антигендерін серологиялық іріктеу үшін тест (МЛЦТ) қолданады. Бұл тест бойынша SD (serological defined-серологиялық анықталатын) - антигендерді анықтайды. Оларға А, В, С, DR локустарының антигендері жатады. МЛЦТ өткізу үшін, донор мен реципиенттің лимфоциттерін бөліп алу керек, содан кейін микротитрлеу планшеттардың ячейкаларына МНС І және ІІ класс антигендер аллельдеріне ерекшелікті моноклонды антиденелер құйылады, содан соң лимфоциттерді қосу керек. Осы планшеттерді инкубациялағаннан кейін комплемент қосады, содан кейін серпілісті жасушалар жойылуынан немесе осы тек ғана өлген жасушаларға әр түрлі бояғыштар (көк трипан немесе эозин) қосылуы арқылы бағалайды. Егер лимфоциттер бір моноклонды антиденелерге ерекшелі МНС аллелін экспрессияласа, комплемент қосқаннан кейін, ол жасушалар жойылады да, өлген жасушалар көк трипанмен боялады. HLA-іріктеу комплементтәуелді жасушалық цитотоксикалық әсері арқылы өтеді және ол әр түрлі МНС аллельдерінің болуын немесе жоқтығын көрсетеді.

8

Slide 9

АЛД іріктеу D локусының антигендерін LD - (ағылшыннан limphocyte defined - лимфоциттермен анықталатын) антигендері деп атайды. LD-антигендерін АЛД серпіліс арқылы стандарттық лимфоциттер көмегімен анықтауға болады. АЛД серпілісті бласттық трансформациялану серпіліс арқылы екі адамның (гистосәйкестік D локус антигендерімен ажыратылатын) лимфоциттерін өсіріп анықтауға да болады. Донор мен реципиенттің аралас лимфоциттер дақылды серпіліс әлсіз болған кезде, трансплантат тұрақтауы өте жақсы болады. Егер донорлық мүшесі өліктен болса, онда 4-6 күн ішінде АЛД серпілісін қоятын мүмкіншілік болмайды, сондықтан донор мен реципиентті HLA-антигендері бойынша іріктеу үшін МЛЦТ әдісі тиісті болады.

9

Slide 10

Кез-келген басқа уақытта донор мен реципиенттің арасында иммунологиялық конфликт, яғни тұрақтамау серпілісі дамиды. Оның интенсивтігін, ұзақтығын және нәтижесін келесі жағдайлар белгілейді:

Донор мен реципиент арасындағы антигендік айырмшылықтар дәрежесі;

Реципиенттің иммунды реактивтілік дәрежесі;

Трансплантаттың түрі;

Трансплантатта лимфоидтық тіннің болуы;

Гистосәйкестік антигендердің мөлшері.

10

Slide 11

Ең басты қарсы көрсеткіш болып донор мен реципиенттің генетикалық әртүрлілігі болып саналады. Қатерлі ісік ауруымен ауыратын науқастар.

Қауіп-қатер факторлары

11

Slide 12

Мүшелер трансплантациясының

негізгі жетістіктері

1979 жылы сәуірде Қазақстанда тұңғыш рет өліктен алынған донорлық бүйрек салынған, нәтижесі жақсы аяқтады. Содан кейін өліктен бүйрек салу трансплантациясы 2003 жылға дейін орындалды, содан кейін тірі туыстан донордың бүйрегін салуда жақсы жетістігін берді(анасынан баласына) және 7 бүйрек аллотрансплантациясы жасалды. Донорлық бүйрек салынған науқаста максималды өмір сүру уақыты 13 жылдан асты.

1996 жылы қазан айында ҚР хирургия орталығында СНГ-да Орта азиаттық аймақта алғаш рет бауыр трансплантациясы жасалды. 1994 жылы ұйқы безі сегментін аутотрансплантациясы тәжірибеге енгізілді, ол үшін жаңа туған торай мен қоян көжегенің безінен алынған арас жасуша ксенотрансплантациясы өткізілді.

12

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
HLA антигендерінің класстары
HLA комплексінің құрылысы
Ісіктердің иммунды диагностикасы
Ісікке қарсы иммунитеттің жасушалық механизмдері
МОНОНУКЛЕАРЛЫ ФАГОЦИТТЕР
Иммунитет теориясы
Бактериялар мен вирустардың антигендері
Антигендер мен антиденелер
Пластикалық хирургияның және трасплантологияның негізі
Антигендердің қасиеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz