Салт - дәстүрлер


Slide 1

Салт-дәстүрлер

Slide 2

Дәстүр дегеніміз не?

Дәстүр - (лат. traditio - сабақтастық) - әлеуметтік-мәдени мұраның ұзақ уақыт бойына адамдар атадан балаға қалдыратын, әдетке айналған, сол қоғамның немесе әлеуметтік топтың құндылықтар жүйесі мен ережелеріне ұласқан бөлігі. Дәстүр тек мұраның нысандарын ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік мұрагерлік процесі мен оның әдіс-тәсілдерін де қосып алады. Олар қоғамның барлық салаларынан көрініс табуы мүмкін, олардың діндегі, ғылымдағы, өнердегі, әдебиеттегі және басқа да салалардағы алар орны ерекше. Қоғамдағы даму салдарынан Дәстүр рөлі біршама төмендейді. Олардың қоғамдық қызметтері индустриалды қоғамға қарағанда, индустрияландыруға дейінгі қоғамда едәуір кең болды. Дәстүр - әдет-ғұрыпқа қарағанда ауқымды құбылыс. Дәстүр рөлін әлеуметтік тұрғыда бағалау нақты түрде жүргізілуі керек. Дәстүрді елемеуге болмайды, ойткені ол қоғамның тарихи дамуының сабақтастығының бұзылуына әкеп соқтырады. Сондай-ақ дәстүрді мүлде шексіздендіруге де болмайды, өйткені ол қоғамның ескірген тұстарын сол қалпында сақтап, оны тұралатып, тоқырауға ұшыратады. Саясаттың ғылымы мен өнері дәстүр мен жаңалықты үйлестіріп, оңтайлы жолын табуда жатыр. [

Slide 3

Дастархан басындағы дәстүрлер

Халық қуанышты да, қайғыны да дастархан басында бөліскен. Өсиет айту, бата беру, достасу бәрі де дастархан басында шешілген. Сондықтан халық дастарханды «Құттыхананың берекесі» деп қасиет тұтады.

Сонымен бірге дастархан күнделікті отбасының тамақтануына, үйге келген адамға дәм таттыруға, той - тамаша, ас - су беруге жайылады.

Ас ішу кезінде сылпылдатпай, тәртіппен тамақтану, қасықты оң қолда ұстау, түзу отыру, тазалық сақтау рәсімдері орындалады.

Қолға су құю оң жақтан солға қарай орындалады.

Дастарханнан дәм татқандар татуласу, келісу сияқты рәсімдерді орындайды.

Күнделікті отбасының тамақтануынада ас қою, ас ұсыну, ас алу, ас қайыру, асқа бата беру рәсімдері орындалады.

Дастархан жанындағы адамдар жасына қарай отырады.

Тамақтанып болғаннан кейін дастархан басындағы еі үлкен әрі құрметті адам асқа бата береді.

«Таспен атқанды аспен ат» деп халық бекер айтпаған. Себебі, дастархан дәмі киелі. Оны татып, келісімін бұзса, астың киесі ұрады дейді.

Күнделікті отбасының тамақтануына жайылған дастархан басындағы асты ең алдымен ата - анаға, үлкенге ұсынады.

Тамақ ішер алдында, тамақтанып болған соң қолға су құйылады. Құйылатын су жылы болуы керек.

Slide 4 Slide 5

Сыбаға - құрметті қонаққа немесе жақын-жуыққа арнап сақталған кәделі ет мүшелері, тағам.

Мәселен ақсақалдарға, құдаларға, т. б. жолы үлкен адамдарға бас, жамбас, жая, ірі малдың омыртқалары сияқты мүшелері тартылады. Сондай-ақ құдағилардың жамбас, қыздар мен күйеулердің төс, балалардың құлақ, бүйрек, жүрек сияқты сыбағалары болады. Өзі келе алмайтын қарт адамдардың сыбағасын беріп жібереді. Үлкен адамдарға ірі мал жамбасының шұқыршағын, жауырынын, кәрі жілігін аспайды. Қыздарға кәрі жілік, өкпе бермейді. Қолдың жіліктері құрметті адамдарға тартылмайды.

Slide 6

Базарлық - алыс сапарға, сауда жолына шыққан адамдардың үйіне, көрші-қолаң, сыйлас адамдарына, жас балаларға, жерлестеріне әкелетін ірілі-ұсақты сыйлықтары, тарту-таралғысы.

Базарлық әдетте өз елінде сирек кездесетін таңсық зат, бұйым түрінде болады. Дәстүрлі ортада базардан келе жатқан кісіден базарлық сұрау салты болған. Ескеріп базарлық әкелу - жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі, қауым мүшелерінің арасында дәнекер, әлеуметтік, моральдық қатынастарды жүзеге асырудың бір тетігі ретінде де бағамдауға болады.

Байғазы - қазақ дәстүрінде үлкеннің кішіге, негізінен балаға беретін сыйлығы. Байғазыны, көбінесе, жасөспірім балалар, бойжеткен қыздар, бозбалалар жаңа

киім кигенде, жаңа зат алғанда ағалары мен жеңгелерінен, әпке, әке-шеше, жанашыр жақын туыстарынан сұрайды. Үлкендер Байғазы (ақша, малдың төлі, т. б. ) берумен бірге құтты болсын айтып, ізгі тілек білдіреді.

Жұмалық - дәстүрлі қазақ қоғамында жұма күні діндарларға көрсетілетін құрмет жоралғысы. Медреседе, ауыл мектебінде, т. б. оқып жүрген балалар жұма күні торсыққа қымыз құйып, орамалға ас түйіп әкеліп, ұстаздарына Жұмалық берген. [

Slide 7

Құда түсу - қазақтардың ертеден және қазір де жалғасып келе жатқан жақсы әрі жарасты дәстүрлердің бірі.

Жігіттің әкесі немесе оның жақын туыстары қызы бар үйге құда түседі, яғни бойжеткен қызын сұрайды. Құдалар құрметке лайық сыйлы адам деп жасайды саналады. Қыз әкесі келісім берген соң құдалықтың жөн-жоралғыларын жасайды. Оның түрі өте көп, мысалы: құда аттанар, құда тарту, ат байлар, құйрық-бауыр, тағы басқа ырымдары мен кәде алымдары болады (“кәдеге” қараңыз) . Құдалықты басқарып барған адам “бас құда” деп аталады. Тұрмыс құратын жігіт пен қалыңдықтың әкелері бір-біріне “бауыздау құда” деп аталады.

Құда түсу- қазақтың мәртебелі әрі жарасты салт-дәстүрлерінің бірі. Онда түрлі ойын-сауық, әзіл-қалжыңдар айтылады. Екі жақ та бір-бірін сынап отырады.

Slide 8

Жеті ата - қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т. б., жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады. Ал екінші жағынан баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді. Ағайындықтары Жеті атаға толмай жақын-жуықтар бір-бірінен қыз алыспайды. Жеті атаға толғаннан кейінгі күннің өзінде, бір рудың жастары некелесетін жағдай туса, ру ақсақалдары бір пәтуаға келіп, боз биені сойып, баталасып барып рұқсат ететін болған. Ататек атаулары: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Бұдан әрі туыстық атаулар: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді. Соңғы түйіндеуші буын, әдетте, ру есіміне тіреледі. Немесе, керісінше, руынан бастап сатылап өз әкесіне яки өзіне дейін таратылады. Өз ата-бабасын, жеті атасына дейін білу әрбір азамат үшін міндет болған және сол білігі арқылы ол өз халқының дәстүрін жалғастырып отырған. Мұның өзі қазақтардың этникалық ерекшеліктерін танытады, әрі оның қиын-қыстау кезеңдерде тегінен көз жазып қалмауына және басқа халықтармен ассимиляцияға түсіп кетпеуіне себепші болған. Жеті ата мен ру шежіресін білу көшпелі қоғамда өмір сүрген қазақтар үшін өмірлік қажеттілік болды. Жеті атадан Үш жүзге дейінгі біртұтас туысқандық бітім бірнеше ғасырлар бойы “қазақ халқы - бір атаның баласы, бір тамырдан тараған” деген ұстанымды орнықтырған.

Slide 9

Құрбан айт ) -мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол «ораза айттан» кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Бұл күндер Ұлы Меккеге қажылықпен аяқталады. Айт күндері Аллаһқа арнап құрбандық шалады, мал сояды (жылқыдан басқа) . Бұл мұсылмандардың негізгі міндеттерінің бірі.

Slide 10

Наурыз мейрамы - ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Көне парсы тілінде нава «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді.

Slide 11

Кәде - қазақ халқының рәсімдік және ғұрыптық жоралғыларының жиынтық атауы. Кәде жасамау - дәстүрді сыйламау, яғни әдет заңын бұзу деген сөз. Түрлері өте көп және оның ережесі, әрқайсысының өз жасау тәртібі бар. **Кәденің той кәделері (тойбастар, айттық, мүше сұрау, көрімдік, тәбәрік, жыртыс, сарқыт, тағы басқа)

құдалық кәделері (қарғыбау, шеге шапан, қалың мал, өлі-тірі, бата аяқ, той малы, ат байлар, тойбастар, құйрық-бауыр, сандық ашар, шәй құяр, құда тартар, табаққа салар, құда аттандырар, тағы басқа)

күйеу кәделері (есік көру, ентікпе, босаға аттар, шымылдық байлар, балдыз көрімдік, күйеу аттандырар, тағы басқа)

балаға арналған кәделер (ат қою, бесікке салу, тұсаукесер, қырқынан шығару, тағы басқа)

қаза кәделері (садақа, жыртыс, қабыршы кәдесі, киім беру, тағы басқа)

Slide 12

Шашу - қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да салтанатты дәстүр.

Шашу бала туылғанда, тұсау кескенде, сүндетке отырғызылғанда, келін түскенде, күйеу келгенде, отау көтергенде, бүркіт ұстап әкелгенде, жүйрік ат бәйгеден озғанда, алыс сапардан жолаушы оралғанда, жақсылық күндерде, құда келгенде, тағы басқа зор қуанышты күндерде әйелдер құрт, ірімшік, өрік-мейіз, кәмпиттен, күміс теңгеден шашылады. Шашылған шашудан тойға қатысушылар теріп алып, ырым қылып балаларына апарып береді.

Шашуды, әдетте жасы үлкен әйелдер, әжелер шашады да, оны жастар, балалар теріп алады. Кейде тойдан тәбәрік ретінде үлкендер де алып, үйдегі жас балаларына апарып береді.

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Салалас құрмалас сөйлем
Этникалық тәрбиенің ерекшеліктері және оларды анықтаушы факторлар
Ұлттық құндылықтар - тұтас бір жүйе
Салт - дәстүр, оның түрлерін қарастыру
Тұйық етістікті қайталау
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР
Жастарды жұбайлық өмірге дайындаудағы отбасылық тәрбие
Қозы Көрпеш-Баян сұлу жырындағы кейіпкерлер
Ұлттық мұра және құндылықтар
Әулет дәстүрі, отбасы құндылықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz