Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекеттің белгілері мен институттары


Slide 1

Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет.

Орындаған:Тойшибекова Қ.

Топ:Қаржы-232

Тексерген:Ермаганбетов Қ. Қ.

АЛМАТЫ2020

Slide 2

Мемлекет - қоғамның ұйымдық құрылымды обьективті қажет ететін ұйым ретінде жұмыс жүргізеді.

Мемлекет - басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны.

Құқықтық мемлекет- мемлекет билік органдары жүйесінің болуымен сипатталатын бұқаралық биліктің ұйымы.

Құқықтық мемлекет(обьективтік тұрғыдан қарағанда) - жалпыға бірдей міндетті, құқықтық мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, заңда және басқа да ресми құжаттарда анықталған құқықтық норма, ережелердің жиынтығы.

Slide 3

Мемлекеттің белгілері

мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;

мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т. с. с. ) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады) ;

мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;

мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды

мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамда тәртіп орнатады

Slide 4

Мемлекеттік қызмет бірнеше категорияға бөлінеді:

1) . Мемлекеттік билік органдарының қызметкерлері:(заң шығару, заңды орындау, заңды қорғау органдары)

2) . Жұмыстың сипатына қарай үшке бөлінеді:(басшылар, мамндар, техникалық персонал)

3) . Мамандығының сипатына қарай қызметкерлер екіге бөлінеді: мемлекеттік - билік өкілеттілігі бар қызметкерлер және өкілеттігі жоқ қызметкерлер

Мемлекеттік өкілеттігі бар лауазымды тұлғалар 3 топқа бөлінеді:

1) . Президент, Премьр-Министр, Палаталардың басшылары, Министрлер, Жоғарғы мемлекеттік аппараттың басшылары;

2) . Бірінші топтағы лауазымды тұлғалардың кеңесшілері, көмекшілері, орынбасарлары;

3) . Екінші топтағы лауазымды тұлғалардың орынбасарлары, көмекшілері;

Slide 5

Құқықтық мемлекеттік әдеттер - қоғам өмірінен шыққан, адамдардың қарым-қатынасын реттейтін, мемлекет күшімен қаматамасыз етілетін ресми түрде бекітілген әдет-ғұрыптар.

Кезінде қазақ даласында құқықтық мемлекеттік әдет-ғұрыптар қоғамдық қатынастардың негізгі реттеушісі болған.

Оған дәлел:

<< Қасым ханның қасқа жолы>>(XV ғ. )

<<Есім ханның ескі жолы >>(XVI ғ. )

Тәуке ханның <<Жеті жарғысы >>(XVIII ғ. )

Нормативтік - құқықтық мемлекеттік актілер - құқықтық мемлекеттің ең басты қайнар көзі, ретінде танылады.

Нормативтік-құқықтық мемлекеттік акті мемлекеттік органдар ресми түрде қабылдаған, жалпы ережелерден тұратын, қоғамдық қатынастарды реттейтін, жалпыға бірдей міндетті құжат, яғни акті.

Slide 6

Қоғам - саналы адамдардың бір мүддені, бір мақсатты орындау үшін саналы түрде өзара бірігуі. Мұнда міндетті түрде екі шартты элемент бар: мүдде - мақсаттың қалыптасуы және саналы адамдардың саналы түрде бірігуі.

Қоғамның түрлері

Өндірістік қоғам

Шаруашылық қоғам

Әлеуметтік қоғам

Азаматтық қоғам

Slide 7

Азаматтық қоғам - мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік - экономикалық және мәдени - рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Оған қатысушылардың табиғи және азаматтық құқықтарын, бостандығы мен міндетін автономиялық даму жолын қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғамда үзіліс болмайды, уақыты шектелмейді, өлкеге - аймаққа бөлінбейді, мемлекеттің барлық жерін, барлық халқын біріктіреді.

Slide 8

Саналы адамдардың ерікті түрде бірлесіп одақ құруы;

Қоғамдық түпкілікті, нақты, обьективтік мүдде мақсаттың бір болуы;

Адамдардың өзара ынтымақтастығының, бірлігінің қалыптасуы;

Қоғамдық мүдде - мақсат, тілек арқылы қарым - қатынастарды реттеп - басқару;

Қоғамды басқаратын, қоғамдық тәртіпті қорғайтын аппараттың, мемлекеттік биліктің өмірге келуі;

Азаматтық қоғамның тарихи обьективтік қалыптасқан негізгі белгілері

Slide 9

Қазіргі Қазақстанның азаматтық қоғамын бес жүйеге бөлуге болады

Әлеуметтік

Ақпараттық

Экономикалық

Саяси

Рухани-мәдени

Slide 10

Азаматтық қоғамның белгі - нысандары:

адамдардың экономикалық, әлеуметтік, саяси бостандығы мен құқықтарының қамтамасыз етілуі;

қоғамда бостандықтың, жариялылықтың болуы, ақпараттың жұмысына азаматтардың қатысуы, ішкі-сыртқы байланыстарға қатысуға, жүріп тұруға толық құқықтарының болуы;

азаматтардың қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер құрып, өз мүдде-мақсаттарын орындауға, іске асыруға және шет елдердің сондай ұйымдармен байланыс жасауға құқықтарының болуы;

жергілікті өзін-өзі басқаруға толық бостандық болуы, оның жұмысына мемлекеттің араласпауы, қажет болса тиімді көмегін көрсетуі, жергілікті өзін-өзі басқаратын мекеме жергілікті мемлекеттік органмен тығыз байланыста жұмыс жасауы;

азаматтық қоғам- толық бостандық, демократия қалыптасқан қоғам болуы қажет, ол болашақ құқықтық мемлекеттің талаптарын іске асырып, сол мемлекеттің обьективтік тұрғыдан негізі болуға тиісті;

1

2

3

4

5

Slide 11

Азаматтық қоғамның қалыптасуы және дамуы бірнеше ғасырларды қамтиды. Бұл процес әлі күнге дейін аяқталған жоқ.

Азаматтық қоғам институттарын дамытудың құқықтық негіздерін айқындау бүгінгі заман талабы болып есептеледі. Себебі, азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін ең алдымен жоғары денгейде қабылданған заңдар жүйесі толыққанда болуы тиіс, сонымен қатар мемлекеттің азаматтары өздерін құқықтық саналы мәдениетті тұлға ретінде қалыптастыру керек, тек сонда ғана алдымызға қойған мақсатқа жетуге болады.

Slide 12

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам: принциптері, институттары және даму мәселелері
Әлеуметтік бірлестік, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекеттің қалыптасуы: Қазақстан тәжірибесі
Мемлекет: пайда болу теориялары, белгілері және қызметтері; Қазақстандағы азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру
Құқықтық мемлекеттің теориясы, қалыптасуы және негізгі белгілері
Қоғам және саяси-құқықтық жүйе: әлеуметтік философия, тарихи материализм және азаматтық қоғам
9-сынып: Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам - қағидалар және азаматтық құқықтың негіздері
Қазақстандағы құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам: конституциялық негіздер және қалыптасу үдерісі
Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам: түсінігі, қалыптасуының алғышарттары мен негізгі принциптері
Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам: теориялық негіздері мен Қазақстандағы қалыптасу мәселелері
Қазақстандағы құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам: теориялық негіздер мен қалыптасу проблемалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz