Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидасын қалыптастыру: стратегия мен қоғамдық жауапкершілік


Slide 1

1. 3 Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік идеясы

Майлибаева Зарина

Қр-106

Slide 2 Slide 3

Мүлдем төзбеушілік қағидасы - жаңалық немесе Қазақстан Республикасының әрбір азаматының борышы

Slide 4

Күн сайын, әрбір адам белгіленбеген жерге тасталған қоқыс немесе темекі тұқымы, подъезде темекі тарту, сағат 23:00-ден кейін тыныштықты бұзу, мас күйде көлік құралын басқару, ұсақ ұрлық және басқа да құқық бұзушылықтар сияқты ұсақ құқық бұзушылықтардың әртүрлерімен қақтығысады.

Slide 5

Мұндай әрекеттердің заңсыз екені барлығына мәлім, алайда, адамдар оларды назарсыз қалдырады. Ұқсас немқұрайлылықтың негізгі себептері құқық бұзушымен қарым-қатынасты бұзуды қаламау, кінәліні жауапқа тарту кезінде ұзақ рәсімге тартылудан қорқу, сондай-ақ билік органдарының қажетті шараларды қабылдайтындарына сенбеу.

Slide 6

Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында қоғамда тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру қажеттігін атап өтті, бұл «Дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подъезден, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады». Қазақстан Республикасының азаматтары ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек, өйткені, осының өзі қоғам тыныштығын бұзады, өмірдің сапасына селкеу түсіреді. Тәртіпсіздік пен бетімен кетушілікті сезіну одан да елеулі қылмыстарға жол ашады. Ұсақ құқық бұзушылыққа төзбеу ахуалы - қоғамдық тәртіпті нығайтуға, қылмыспен күреске бастайтын маңызды қадам, ол үшін құқықтық нигилизмді жеңіп, қоғамды қоғамдық тәртіпті қорғау ісіне тарту керек. Мұның бәрі қоғамдық өмірдің нормасы болуға тиіс. Бұл идеяның негізгі қағидасы барлық қоғамның бірігуі және онда бұзушылықтың кез келген түріне төздеушілікті қалыптастыру болуға тиіс. Әрбір адамның отбасында, көшеде, ұжымда өзін дұрыс ұстауы, күмәнсіз, жалпы заңдылық жағдайына да оң ықпал етеді. «Мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыруда маңызды рөл, әсіресе бастапқы кезеңде қоғамның белсенді тұғыры болып табылады. Яғни әрбір азамат кез келген құқық бұзушылықты көрсе, ол туралы құқық қорғау органдарына хабарлауы тиіс, ал құқық қорғау органдары халықпен кездесулер өткізіп, құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидасын енгізу қажеттігі жайлы халықтың назарына жеткізулері қажет, азаматтарға заңды сақтау және басқа адамдардың тарапынан құқық бұзушылықтардың жолын кесу қажеттігін түсіндіру қажет.

Slide 7

Бүгінгі күні қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүзеге асырылып жатқан іс-қимыл мәселелерінің өзектілігіне байланысты, бұл іс-шара студенттер мен оқутышылар арасында жағымды резонансқа ие болды.

Slide 8 Slide 9

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА «МҮЛДЕМ ТӨЗБЕУШІЛІК» АХУАЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ КЕРЕК «Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Стратегияның мақсаты - мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады. Бұл ретте, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы оң үрдістер, шешім ететін проблемалар, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін негізгі факторлар, мақсат пен міндеттер, түйінді бағыттар, негізгі тәсілдер және басым шаралар, стратегияны іске асыруды мониторингтеу және бағалау туралы мәселелер қаралды. Мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың жалпы құқықтық негіздерінің реттелуі және бақылау мен қадағалау қызметін жүзеге асырудың бірыңғай белгіленген қағидаттарын, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың, өздеріне қатысты мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған мәселелер де назардан тыс қалмауы қажет.

Slide 10 Slide 11

Назарларыңызға рахмет


Ұқсас жұмыстар
Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру ерекшеліктері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: Қазақстандағы заңнамалық негіздер, стратегия және бақылау шаралары
Шет елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты мен мәдениетін қалыптастыру тәжірибесі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: заңнамалық негіздер, стратегия және мониторинг
Шет елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тәжірибесі
Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру: мәселелер мен шаралар
Жастарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті қалыптастыру: білім беру мен тәрбие шаралары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениет: ұғымы, мәні және қоғамдық рөлі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың эволюциясы, конституциялық негіздері және құқықтық жауапкершілік
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және алдын алу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz