Химиялық өндірістің жалпы ғылыми принциптері және Қазақстандағы химия өнеркәсібінің шикізаттық негіздері


Slide 1

Тақырыбы:

Химиялық өндірістің жалпы ғылыми принциптері. Химииялық өндіріс

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының

«Құлан агротехникалық жоғары колледжі»

Пән оқытушысы: Сарқұлова Г. Т.

www. kashk. kz

kashk2010@mail. ru

1/8

Slide 2

ХХІ ғасырды химия ғасыры деп айта аламыз . Өйткені химия ғылымының теориалық жаңалықтарымен қоса, химия өндірісіде күшті қарқын мен күннен- күнге өсіп дамуда. Химиялық өнеркәсіп өнеркәсіптің басқа салаларының арасында ең маңызды орындардың біріне ие. Химиялық өнеркәсіптің маңыздылығы ол қазіргі заманда қоғамның өміріне өте қажетті көптеген өнімдерді дайындайды.

Slide 3

Химиялық өндірістің жалпы ғылыми принциптері.

1. Өнеркәсіптік химия

2. Жалпы технологиялық принциптер

3. Процестің үздіксіз принципі

4. Қарсы ағыс принципі

5. Жалған қайнайтын қабат принципі

6. Реакция жылуын іске жарату принципі

7. Өндірістік қалдықтарды қолдану принципі

Slide 4

Химия өнеркәсібі

Химия өнеркәсібі - ауыр өнеркәсіптің жетекші салаларының бірі, еңбек заттарын (шикізаттар мен материалдарды) өңдеуге, негізінен химиялық әдістерді баса қолданатын өндіріс салаларының кешені.

Химия өнеркәсібіне жататын салалар:

кен-химия (фосфорит, апатит, калий тұзын өндіру және байыту, күкірт, т. б. )

негізгі химия (анорганикалық қышқылдар, минералдық тұздар, сілтілер, жасанды тыңайтқыштар, хлор, аммиак өндірісі)

жасанды және синтетикалық талшықтар, синтетикалық шайырлар және пластмассалар, сыр-бояу өнеркәсібі (әк, литопон, сыр, эмаль, нитроэмаль, т. б. өндіру)

химиялық тездеткіштер (реактивтер) және ерекше таза заттар, синтетикалық бояғыштар, фотохимия, тұрмыстық химия, химия-фармацевтика

Slide 5

Процестің үздіксіз принципі

Үздіксіз процестерде бастапқы шикізат реакциалық апаратқа үздіксіз беріледі, ал химиялық реакция өнімдері апараттан үздіксіз шығарылады. Қазіргі химиялық өнеркәсіп қай жерде болса да периодты әдістен өндірістің үздіксіз әдісіне өтуге ұмтылады Әрекеттеспеген бастапқы қоспалар реагенттермен байытылғаннан кейін қайтадан аппаратқа бағытталады

Slide 6

Химиялық реакциаларды жүргізу Газдардың сіңірілуі Қатты дененің балқуы Реакция өнімдерінің салқындауы Бастапқы заттарды қыздыру

Қарсы ағыс принциптері

Қарсы ағыс деп- әрекеттесуші заттардың қарама-қарсы бағытта қозғалуын айтады

Slide 7

Жалған қайнайтын қабат принципі

Қайнайтын қабаты түзілуі үшін аппараттың төменгі саңылауы арқылы газ тектес реагенттерді үрлейді, ал бұл кезде ондағы қатты заттар барлық уақытта жүзгін күйде болатындақтан қайнап жатқан сияқты болады. Бұл принцип химиялық өнер кәсіпте гетерогендік процестерді желдету үшін көп қолданылады, өйткені бұл кезде әр түрлі агрегаттық күйлерде болатын заттар химиялық немесе физикалық әсерлесе алады.

Slide 8

Реакцияның жылуын іске асыру принципі

реакция жылуын іске жарату, яғни химиялық реакциялардың жүруі нәтижесінде бөлінген жылуды бастапқы шикізаттарды қыздыруға немесе түзіген өнімдерді кейін жылумен өңдеуге қалдану болып табылады.

Шойын өндірісінде домна пешінде жүретін реакциалардың жылуы есебінен қыздырылған ауа беріледі

Slide 9

Өндіріс қалдықтарын қолдану

Қалдықтарды өңдеу қалдықсыз ресурс үнемдеуші технологиялар қоршаған ортаны сауықтыруға мүмкіндік жасайды.

Қалдықтардың негізгі көздеріне мыналар жатады:

шикізат қоспалары, яғни дайын өнім алу үшін осы өндірісте қолданылмайтын компоненттері;

үрдістің толық жүрмеуі;

қолданбайтын заттарды қалыптастыратын химиялық реакциялардың пайда болуы.

Slide 10

Қарашығанақ кен орны

Химиялық өндірістің шикізат базасы : мұнай, табиғи газ, минералды тұздар, фосфориттер, күкірт, гипс, ауа, су, ағаш, өндіріс қалдықтары, көмір, металлургия, мұнай өңдеу өнеркәсіптерімен құрамдастырылады.

Slide 11

Химия өнеркәсібі ел шаруашылығында маңызды рөл атқарады. Ғылыми-техникалық прогресті іске асыра отырып, машина жасау және электрэнергетикамен қатар, химия өнеркәсібі соңғы технологиялық циклдің саласы болып табылады. Шикізат пен қалдықтарды кешенді түрде өңдеуге үлкен мүмкіндіктер тудырады. Химиялық технологиялар мен материалдарды шаруашылықтың барлық салаларында кең қолдануды химияландыру деп атайды. Халықты тауармен қамтиды. Жер бетіндегі бар тіршілікті қорғайды.

Slide 12

Химия өнеркәсібі

Ауылшаруашылығы

Энергетика

Машина жасау

Құрылыс

Көлік

Жеңіл өнеркәсіп

Металлургия

Slide 13 Slide 14 Slide 15 Slide 16

Қазақстандық өндірістік эканомикалық картасы

Қазақстанда пайдалы қазбалар: фосфорит, күкірт, тұз, әктас және басқа да шикізат өндірісімен айналысатын тау-кен химиясы дамыған. Фосфорит кені Жамбыл (Қаратау) және Ақтөбе (Шилісай) облыстарында өңделеді. Күкірт түсті металдар кені құрамында, Көкшетауға жақын Алексеев кен орнында кездеседі. Ас тұзы Арал, Балқаш жағалауында, Шу өзені бойында, Қалқаманда, Тобылжанда, Павлодар облысында бар. Калий тұзы Атырау облысындағы Индер көлінде өндіріледі. Химия өнеркәсібінің ерекшелігі табиғатта кездеспейтін жасанды заттар шығаратындағы мысалы, пластмасса, сондай-ақ тау химиясы шикізатының негізінде жұмыс істейтіндігі. Ақтөбе алабының фосфориттері қышқыл топыраққа бірден ендіруге болатындығымен ерекшеленеді.

Slide 17 Slide 18
Ұқсас жұмыстар
Химиялық өндірістің жалпы ғылыми және технологиялық принциптері
Дүниежүзілік химия өнеркәсібінің шикізаттық базасы, өндірісі мен таралуының талдауы
Қазақстандағы химия өнеркәсібінің салалық құрылымы мен химиялық шикізат өндірісі
Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар: түсінігі, жіктелуі, экономикалық бағалау және Қазақстан өнеркәсібінің шикізаттық базасы
Химиялық технологияның негізгі ұғымдары және химия өнеркәсібін ұйымдастыру негіздері
Аналитикалық химия: негіздері, әдістері және Қазақстандағы дамуы
Аналитикалық химия және химиялық талдау әдістері: теориялық негіздері мен қолданбалары
Мектеп химия курсының ғылыми негіздері арқылы оқушылардың білімін жетілдіру: Менделеевтің периодтық заңы, атом құрылысы және металдар
Химия өнеркәсібінің ғаламдық аймақтық құрылымы және мұнай-газ шикізатының рөлі
Қазақстандағы химия оқулықтары мен кешендерінің мазмұны және жоғары оқу орнындағы химия пәнінің дидактикалық талаптарға сәйкестігін талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz