Тараптар борышқор несие беруші



Міндеттемелік
құқық

Міндеттемелік құқық -мүліктік қатынастарды, жұмыс орындау, қызмет көрсетуге қатысты туындайтын қатынастарды реттейтін азаматтық құқықтық нормалардың жиынтығы.
Мiндеттемеге сәйкес бiр адам (борышкер) басқа адамның (кредитордың) пайдасына мүлiк беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және тағы да сол сияқты белгiлi бiр әрекеттер жасауға не белгiлi бiр әрекет жасаудан тартынуға мiндеттi, ал кредитордың борышкерден өз мiндеттерiн орындауын талап етуге құқығы бар. Кредитор борышкерден атқарылғанды қабылдауға мiндеттi.

Міндеттемелік құқық -мүліктік қатынастарды, жұмыс орындау, қызмет көрсетуге қатысты туындайтын қатынастарды реттейтін азаматтық құқықтық нормалардың жиынтығы.
Міндеттеме ұғымы:
Құқық қатынас.
Борыш, міндет.
Міндет көрсетілген құжат

Міндеттемелік құқық 2 бөлімнен тұрады:
Шарттан туындайтын
Шарттан тыс туындайтын
Жалпы
Ерекше
Тауарға қатысты
Қызмет көрсетуге қатысты
Жұмыс орындауға қатысты
Зиян келтіру салдрынан туындайтын
Конкурстық міндеттеме

Жалпы бөлім
Міндеттеменің ұғымы мен түрлері
Міндеттеменің туындау негізі
Міндеттеменің орындалуы
Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету
Міндеттемені бұзғаны үшін жауапкершілік
Міндеттемедегі тұлғаның ауысуы
Міндетеменің өзгеруі мен тоқтауы
Шарт-міндеттеменің туындау негізі

Шарттан туындайтын міндеттемелер
1. Мүлікке меншік құқығын беретін міндеттемелер: сатып алу сату, рента, айырбас, сыйға беру.
2. Мүлікке меншік құқығын бермейтін міндеттемелер: мүлікті жалдау, лизинг, концессия, ақысыз пайдалану, тұрғын үйді жалдау.
3. Жұмыс орындау міндеттемесі: мердігерлік
4. Қызмет көрсету міндеттемелері: тасмалдау, сақтау, сақтандыру, факторинг, фрайчайзинг. Т. б.

Мiндеттемеге қатысушылар
Тараптар
үшiншi жақ
борышқор
несие беруші
Тараптар (борышқор мен несие берушi) және үшiншi жақ мiндеттемеге қатысушылар болып табылады.
Үшiншi жақ ретiнде мiндеттеме тараптарының бiреуiне мiндеттемелер немесе өзге де құқық қатынастары арқылы байланысты жақтар қатысады.
Тараптар
Мiндеттемеде оның әр тарабы - несие берушi немесе борышқор ретiнде бiр мезгiлде бiрнеше адам қатыса алады. Мұндай реттерде осы Кодексте белгiленген ережелерге сәйкес үлестi, ынтымақты немесе жәрдем берушiлiк мiндеттеме пайда болады.

1. Үшінші тұлғаның пайдасы үшін жасалған шарт 2. Регрестік МІндеттеме 3. Міндеттемені үшінші тұлғаның орындауы
Міндеттемеге үшінші жақтың қатысуы

Несие беруші
Борышқор
Борышқор
Несие беруші
несие беруші
борышқор
Міндеттемеге көп жақты қатысушылық болуы мүмін. Міттетемеде тараптар ауысуы мүмкін. Міндеттемеге несие беруші ауысса, борышқордың келісімі қажет емес. Борышқор ауысса, несие берушінің келісімі қажет.

Тараптардың ауысуының негізі заң немесе шарт болуы мүмкін:
1) Заң негізінде:
- әмбебап құқық мирасқорлық негізінде (несие берушінің қайтыс болуы) ;
- сот шешімі бойынша несие берушінің басқа тұлғаға ауысуы;
- Кепіл болушының не кепіл ұстаушының міндеттемені орындауы кезінде;
2) Мәміленің негізінде:
- Талапты беру құқығы (цессия) ;
- Қарызды аудару.

Міндеттеменің пайда болу негіздері
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн мәмiлелерден;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасының күшімен азаматтық-құқықтық салдарларға алып келетін әкiмшiлiк актілерден;
3) азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеген сот шешiмiнен;
4) Қазақстан Республикасының мүлiктi жасау, жою, сатып алу немесе оны иеліктен шығару, сондай-ақ мүлікке құқықтан бас тарту нәтижесiнде;
5) өнертабыстарды, өнеркәсiптiк үлгiлерді, ғылым, әдебиет және өнер туындыларын және зияткерлік қызметтiң өзге де нәтижелерiн жасау салдарынан;
6) басқа тұлғаға зиян келтiру салдарынан, сол сияқты басқа тұлға есебiнен мүлiктi негiзсiз сатып алу немесе жинау салдарынан;
7) азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттерi салдарынан.

Міндеттеме түрлері:
Шарттан туындайтын міндеттеме
Шарттан тыс туындайтын міндеттеме
Біржақты міндеттеме
Екіжақты міндеттеме
Нақты мазмұнға ие болатын міндеттеме
Альтернативті міндеттеме
Факультативтік міндеттеме
Негізгі міндеттеме
Қосымша міндеттеме
Бөлінетін міндеттеме
Бөлінбейтін міндеттеме

Міндеттемедегі субъектілердің көптігіне байланысты бөлінеді:
Үлесті міндеттеме-борышқордың әрқайсысы тек өзі үшін жауап беретін, ал несие берушілердің әрқайсысы борышқордан тек өзіне тиесілі үлесті талап етуге құқылы міндеттеме
Ортақтасқан міндеттеме-несие берушілердің әрқайсысы борышқордан міндеттемені толық атқаруды талап етуге құқылы, ал борышқорлардың әрқайсысы оны толық атқаруға міндетті болатын міндеттеме
Субсидиярлық міндеттеме-борышқор өзінің алған негізгі міндеттемесіне орай атқаруға тиісті әрекетін мезгілінде орындай алмаса, міндеттемені басқа борышқорға жүктейтін міндеттеме

Міндеттемені орындау дегеніміз - несие берушінің
борышқордан талап ететін әрекеттерді орындауы.
Мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда - iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиiс.
Заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде мiндеттеменi орындаудан бiржақты бас тартуға және оның шарттарын бiржақты өзгертуге жол берiлмейдi.
Егер мiндеттеме шарттарында, заңдарда өзгеше белгiленбесе немесе iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан немесе мiндеттеме мәнiнен өзгеше туындамаса, несие берушi мiндеттеменi бөлшектеп орындауды қабылдамауға құқылы.

Мiндеттеменiң орындалуын қамтамасыз ету әдiстерi
айып төлету
кепiл
борышқордың мүлкiн алып қалу
аманат
Бағалы қағаздар бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету тәсiлдерi Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi реттейтiн заң актiлерiнде белгiленедi.
кепiлдiк
кепiлпұл
кепілдік жарна
басқа да әдiстер

Айып төлеу
Борышқор мiндеттемесiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте, атап айтқанда, орындау мерзiмiн өткiзiп алған ретте несие берушiге төлеуге мiндеттi, заңдармен немесе шартпен белгiленген ақша сомасы
Айып төлеу туралы келiсiм, негiзгi мiндеттеменiң нысанына қарамастан, жазбаша түрде жасалуға тиiс.
Жазбаша нысанды сақтамау тұрақсыздық айыбы туралы келiсiмнiң маңызсыздығына алып келеді.
Несие берушi тараптардың келiсiмiнде айып төлеу мiндетi көзделген-көзделмегенiне қарамастан, заңдарда белгiленген айып төлеудi (заңды айып төлеудi) талап етуге құқылы. Егер заңдарда тыйым салынбаса, тараптардың келiсiмiмен заңды айып төлеу мөлшерi көбейтiлуi мүмкiн.
Айып төлеу мөлшерi нақты ақша сомасында немесе орындалмаған не тиiсiнше орындалмаған мiндеттеме сомасына шаққандағы процентпен белгiленедi.

КЕПІЛ
Мiндеттемеге сәйкес несие берушiнiң (кепiл ұстаушының) борышқор кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған ретте кепiлге салынған мүлiк құнынан осы Кодексте белгiленген алып тасталатындарды қоспай, осы мүлiк тиесiлi адамның (кепiл берушiнiң) басқа несие берушiлердiң алдында артықшылықпен қанағаттандырылуға құқығы бар мiндеттеменi атқаруының осындай әдiсi
Кепiл ұстаушының кепiлге салынған мүлiк, кiмнiң пайдасына сақтандырылғанына қарамастан, оның жоғалғаны немесе бүлiнгенi үшiн, егер жоғалу немесе бүлiну кепiл ұстаушы жауап беретiн себептер бойынша болмаса, сақтандыру өтемiнен сол бұрынғы негiзде қанағаттандырылуға құқығы бар.
Кәсiпорындар, үйлер, ғимараттар, пәтерлер, жер учаскелерiне және басқа қозғалмайтын мүлiкке құқықтар (ипотека) кепiлi қозғалмайтын мүлiк ипотекасы туралы Қазақстан Республикасы Заңымен реттеледi.
Борышқордың өзi де, үшiншi жақ та кепiл берушi болуы мүмкiн. Егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, заттың меншiк иесi не меншiк иесiнiң келiсiмiмен оған шаруашылық жүргiзу құқығы бар адам заттың кепiл берушiсi бола алады. Кепiлге салынатын құқыққа ие адам құқықты кепiлге берушi бола алады. Жалға беру құқығын немесе бөтен адамның затына өзге құқықты оны меншiктенушiнiң немесе оған шаруашылық жүргiзу құқығы бар жақтың келiсiмiнсiз, егер заң құжаттарында немесе шартта аталған жақтардың келiсiмiнсiз бұл құқықты иелiктен айыруға тыйым салынған болса, кепiлге салуға жол берiлмейдi.

1. Ипотека - кепiлге салынған мүлiк кепiл салушының немесе үшiншi бiр жақтың иелiгiнде және пайдалануында қалатын кепiл түрi.
Кәсiпорындар, құрылыстар, үйлер, ғимараттар, көп пәтерлi үйдегi пәтерлер, көлiк құралдары, ғарыш объектiлерi, айналымдағы тауарлар және азаматтық айналымнан алынбаған басқа да мүлiк ипотека мәнi бола алады.
2. Кепiлзат - кепiлге салынған мүлiктi кепiл берушi кепiл ұстаушының иелiгiне беретiн кепiл түрi.
Кепiл ұстаушының келiсiмiмен кепiлге салынған зат кепiл ұстаушының құлпы салынып, мөрi басылып, кепiл салушыда қалдырылуы мүмкiн. Кепiл мәнi кепiл туралы куәландырылатын белгiлер салынып (анық кепiл), кепiл берушiнiң иелiгiнде қалдырылуы мүмкiн.
Кепіл түрлері

Уағдаласушы тараптардың бiреуiнiң шарт бойынша өзiнен алынатын төлемнiң есебiнен екiншi тарапқа және шарт жасау мен орындауды не өзге мiндеттеменi орындауды қамтамасыз етуге берiлетiн ақшалай сома
Кепілпұл
Кепiлпұл туралы келiсiм кепiлпұлдың сомасына қарамастан жазбаша нысанда жасалуға тиiс. Бұл қағида негiзгi мiндеттемені нотариат куәландыруға тиiс болатын жағдайда да қолданылады. Жазбаша нысанды сақтамау кепiлпұл туралы келiсiмнің маңызсыздығына алып келеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz