Батыстың гүл трипсі



Орындаған: Жолдасов Ғ
ЗР-310
Алматы-2017
Субтропикалық және декоративтік өсімдіктердің карантинді зиянкестерінің таралуы, биологиясы және қорғау шаралары.
Қабылдаған: Қалдыбаева Б

Жоспары
І. Кіріспе
Субтропикалық және декоративтік өсімдіктердің сипаттамасы.
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Субтропикалық және декоративтік өсімдіктердің карантинді зиянкестері, олардың таралуы, биологиясы
2. 2 Субтропикалық және декоративтік өсімдіктердің зиянкестерінен қорғау шаралары
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Субтропикалық өсімдіктерге тропикалық және субтропикалық аймақтарда өсірілетін өсімдіктер жатады. Мысалы: анар, банан, бұрыш, алмұрт, өрік.
Сәндік гүлді өсімдіктер пайдалы көптеген және әр түрлі тобы бар өсімдіктер. Қазіргі кезде декоративті гүлдердің 3000-ға жуық түрі бар. Оларға нәркес, раушангүл тұқымдасына жататын өсімдіктер, гиацинт және басқа да өсімдіктер жатады.

Субтропикалық және декоративтік өсімдіктердің карантинді зиянкестері, олардың таралуы, биологиясы

Америкалық ақ көбелек - Hypantria cunea Drury
Зақымдайтын өсімдіктері: Американдық ақ көбелек ағаш және бұта тұқымдарының 250-ден астам түрін, соның ішінде алманы, алмұрт, шие, қара өрік, беке, қызыл шие, жөке ағашын, және емен ағашын зақымдайды. Қазақстанның Алматы облысы жағдайында 28 өсімдік түрінде кездеседі. Әдеби деректерде жемшөптік өсімдіктер ауқымы мынадай: Америкада 88 түрі, Еуропада 230 және Жапонияда 317 түрі келтірілген.
Географиялық таралуы: Америкалық ақ көбелектің отаны - Солтүстік Америка. Азияда: Қытай, Жапония, Корея, Түркия, Қырғызстан, Қазақстан; Еуропада: Австрия, Босния, Болгария, Хорватия, Италия, Литва, Молдова Словения, Украина, Грузия; Солтүстік Америкада: Канада, Колумбия, Жаңа Шотландия және АҚШ-та кездеседі.

Зақымдау сипаты, зияндылығы, фитосанитарлық қауіптілігі. Американдық ақ көбелек жапырақтарды зақымдайды. Жас жұлдызқұрттары жапырақтың төменгі бетіндегі эпидермисін қырып жейді. 4-5 жастарында жапырақ жиектерін кеміреді, ал содан кейін өрмекші торын өре отырып, жүйкелерімен қосып жейді. Американдық ақ көбелек зақымы өсімдіктің әлсіреп, өлуіне әкеліп соғады. Жеміс ағаштарының 20% жапырақсыздануы өнімді 10%, 50% кемітеді, ал 75% жапырақсызданса онда өнімсіз қалады.

Морфологиясы
Жұмыртқасы түбі жазық, диаметрі 0, 5-0, 55 мм шар тәрізді. Жаңа ғана салынған жұмыртқасы ашық-жасыл, кейінірек қоңыр түске енеді. Жұмыртқаларын көбіне жапырақ тақтасының астыңғы жағына тегіс те сопақ етіп, бір-біріне жақындатып, бір қабатқа салады. Әдетте жұмыртқа салынған орында 300-600 жұмыртқа болады, кейде ол 2000-ға дейін жетеді.
Жұлдызқұрттар. Қазақстанның оңтүстік - шығысы жағдайындағы өз дамуында 7 жастан, ал АҚШ- та 11 жастан өтеді. Қуыршақтары қоңыр немесе қою қоңыр түсті, ұшында 10-15 тұқыл тікенегі бар ұршық пішінді, ұзындығы 8-15 мм, ені 3-5 мм, қуыршақ құрсағының соңында жұлдызқұрт терісі жиі болады

Имаго. Көбелектері жібектей ақ, сирек болса да қара немесе қоңыр нүктелері бар. Аталықтары қанаттарын жазғанда 20-32 мм, денелерінің ұзындығы 9-13 мм, аналықтары ірі, қанаттарын жазғанда 24-35 мм, денелерінің ұзындығы 11-15 мм. Басы, кеудесі, құрсағы, жамбасы, саны және ортаңғы, артқы аяқтарының ішкі және сыртқы жақтары ақ түсті, ішкі жағын сары, сан жағын анағұрлым қысқа және ерекше ашық түсті қабыршақтар басқан. Көздері қара, мұртшаларының ұзындығы 5-6 мм, аталықтарында ирек, аналықтарында жіп тәрізді

Америкалық ақ көбелекпен күресу шаралары.
Тиімді әдіс жұлдызқұрттары бар өрмекші ұяларын кесіп тастау болып есептеледі. Күзгі - қысқы кезеңде ағаштардағы қуыршақтарды жою үшін олардың босаған қабықтарын алып тастап, тазартады және өсімдік қалдықтары жағылып жіберіледі. Тиімді шара жемшөптік өсімдіктердің бөрікбасы кескінімен топырақты жыртып тастау, сондай-ақ жарықтық және феромондық ұстағыштармен көбелек аулау болып табылады. Америкалық ақ көбелекпен күресте пайдаланылатын препараттар: битоксибациллин, дендрабациллин, лепидоцид. Ағаштарға 48% димилин (0, 04л/га) немесе номолт (0, 1л/га) шашылады. Өңдеу жұлдызқұрттар туар алдында жүргізіледі.

Шығыстың жеміс жемірі - Grapholitha molesta Busck
Жүйелік жағдайы: Insecta, Lepidoptera, Tortricidae
Зақымдайтын өсімдіктері: шабдалы, қара өрік, алмұрт, долана, беке, шие, лаврлы ағаш, бадам.
Географиялық таралуы. Еуропа: Армения, Азербайжан, Австрия, Болгария, Беларусь, Германия, Грузия, Украина, Франция, Швейцария. Азия: Қытай, Корея, Сирия, Жапония, Қазақстан, Өзбекстан. Африка: Морокко, Маврикий, ОАР. Оңтүстік, Солтүстік және Орталық Америка: Аргентина, Бразилия, Уругвай, Чили, Канада, Мексика, АҚШ.
Қазақстанда шығыстың жеміс жемірінің қоныстанған бақ алаңы 1986 га. Бұл жеміс ағаштары егілген барлық алаңның шамамен 7%-ы.

Зақымдау сипаты, зияндылығы және фитосанитарлық қауіп-қатер.

Имаго. Көбелегі қар-сұр түсті, алдыңғы қанаттарын сұр-ақ түсті қабыршақ басқан. Олар қанаттарының алдыңғы жиектері бойынша көзге бірден көріне қоймайтын, қысқа толқынды көлденең жолақ құрайды. Қанаттарында ақшылтым дақ бар, олардың пішіні қатты ауытқиды. Артқы қанаттары сұр-қоңырлау, шашақтары сұрлау ақ. Жайбарақат жағдайда қанаттары шатыр тәрізді бүктетіледі, қанаттары жайғанда 12-14 мм.
Жұмыртқасы дөңгелек пішінді, диаметрі 0, 4 мм, үстіңгі жағы ұсақ қыржымды. Пісіп-жетілу шамасына қарай жұмыртқа қызғылт түске айналады. Жұлдызқұрты жаңа туғанда ақ, ақ-сары немесе күңгірттеу-қызғылт түсті болады. Жұлдызқұрттарының бүкіл денесі сір қабықты тікенектермен жабылған. Жұлдызқұрттардың ұзындығы 12-13 мм.
Қуыршағы қоңыр түсті. Арқа жағынан қарағанда қарын буынтығында тікенектердің екі қатары бар. Құрсағының ұшында түрлі көлемдегі 10-18 сүйір тікенегі болады. Қуыршақтың ұзындығы 6-8 мм, пілләсі сопақ, мөлдір, түсі ашық сұрдан қою сұрға дейін ауытқиды. Жазғы піллә қысқы пілләға қарағанда тығыз келеді. Пілләнің ұзындығы 10-12, 5 мм.

Шығыстың жеміс жемірімен күресу тәсілдері:
Шығыс жеміс жемірі табылған жағдайда бромды метилмен, шығыстың жеміс жемірінің барлық даму кезеңінде 100% қырылуын қамтамасыз ететін режим бойынша фумигациялау жолымен зарарсыздандырылады. Зиянкес табылған шаруашылықтарда жыл сайын карантиндік мониторинг өткізіледі: тіршілік кезеңінің ішінде 2 реттік бағыттық тексеріс жүргізіледі. Егілген ағаштарды жоғары агрофонда күту, зиянкестер зақымдаған сабақтар мен бұтақтарды кесіп тастау, көтерілген қабықтардан, қаңқа бұтақтардан тазарту, тосқауыл белдіктер пайдалану зиянкестердің таралуын шектейді. Өнімділікті сақтау, шығыс жеміс жемірінің сан мөлшерін азайту және дер кезінде өңдеу үшін 50 дана/га есебімен феромонды ұстағыштар қолданылады.

Батыстың гүл трипсі - Frankliniella occidentalis
Жүйілік жағдайы: Insecta, Thysanoptera, Thripidae
Зақымдайтын өсімдіктері: батыстың гүл трипсі полифаг. Ол 65 тұқымдасқа жататын өсімдіктердің 250 түрін зақымдайды. Олардың ішінде пияз, паломник амаранты, жер жаңғағы, бегония, бұршаққынды бұрыш, хризонтема, цикламен, нарғызгүл, қалампыр, сүттіген, гладиолус буданы, орхидея, өрік, шабдалы, азалия және басқа да өсімдіктер.
Географиялық таралуы. Азия: Корея, Израиль, Кувейт, Малайзия, Түркия, Жапония. Еуропа: Австрия, Эстония, Болгария, Чехия, Грекия, Италия, Латвия, Литва, Норвегия, Португалия, Испания, Швеция, Швейцария. Оңтүстік Америка: Аргентина, Венесуэлла, Колумбия, Перу. Орталық Америка: Гватемала, Доминикан Республикасы, Коста-Рика, Пуэрт-Рико.

Зақымдау сипаты, зияндылығы, фитосанитарлық қауіп-қатерлігі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz