Орта кемел жастағы адамның психологиялық сипаттамасы
Презентация қосу
Орта кемел жастағы
адамның
психологиялық
сипаттамасы.
Кемелдену – көптеген адамдар үшін
өмірлерінің ең ұзақ кезеңі болып табылады.
Кемел шақ кезеңін адамның жасы және
рухының жай-күйі бойынша ежелгі гректер
«акмэ» уақыты деп атаған, бұл қандай да
бір нәрсенің шырқау шыңын, ең жоғарғы
дәрежесін, адам тұлғасының ең жоғарғы
гүлдену, «өзіне теңдестірілу» сәтін
білдірген.
1–13 жас –балалық
1 жас –нәрестелік
23–49 жас –кемелдік
61–73 жас –кекселік
12–25 жас –жастық
49–61 жас –егделік
73–85 жас –қариялық
85 жастан асу – қаусау
Кемел шақ кезеңі – тұлға өмір жолының шырқау
шыңы, әсіресе, адамның дені сау, күш-қуаты, сергектігі,
білімі, тәжірибесі жетілген кезінде. Адам бұл уақытта
кәсіби шеберліктің шыңына және қоғамда белгілі бір
орынға қол жеткізеді. Оның пікірімен әріптестері де,
басшылары да санасады. Қағида бойынша, бұдан бұрынғы
жас кезеңдеріне қарағанда, оның күш-қуаты азая түседі,
бірақ кәсіби міндеттерін ол мол тәжірибесінің, өз
жұмысын ұйымдастыра және айналасына көмекшілер
жинай білуінің есебінен табысты шешеді. Бұл жас
кезеңінде кәсіби тәжірибе және адамдармен
қарымқатынас тәжірибесі жинақталады. Тәжірибесін ары
қарай
беру қажеттілігі «шәкірт жасау», ізбасар арқылы іске
асырылады.
Өмір қызықтырақ бола түседі, күнделікті проблемалар
кейін ығыстырылады. Енді ауқымды іс-әрекеттерді
жоспарлау мен ұйымдастырудың жалпы мәселелері
көбірек қызықтыратын болады. Жастардың өз
өмірлерінің өктем сатысындағы дамуын бақылай
отырып, бейтаныс және терең қуаныш сезімін бастан
кешіреді. Бұндай жағдайда жастарға кеңесімен не
ісімен
көмек көрсетіп, олардың ризалықтарын алуға болады.
Бұл әсіресе кәсіби тұрғыдан жастарға білім берумен
және олардың тәрбиесімен айналысатын адамдар үшін
маңызды.
Бұл жаста жаңа шығармашылық қабілеттер пайда
болады; мысалы, 40 жаста жақсы прокурор немесе
белсенді басшы болуға болады, бірақ қазір
көрнекті заңгер
және ақылды, жақсы бастық болады. Жүйелі түрде
дамитын адам өмірінің елуінші жылдарының
ортасында екінші шығармашылық шарықтау шегіне
жетеді. Ол өзінің өмірлік тәжірибесін жинақтап
қорытып, оны ретке келтіре алады және оны өз
жұмысына ендіру үшін оның өмірлік күштері әлі де
жеткілікті болады. Бұл жас – барынша көп және
ауқымды жетістіктер кезеңі.
Кемел жастағы адам тұлғасына неғұрлым тән
белгілер:
ұмтылыстарының шынайылығы,
өндірістік,
отбасылық және жеке өмірінде өзін-өзі жүзеге
асыру барысына баса көңіл бөлу,
өз даму кеңістігі үшін күрес,
өз денсаулық жағдайына баса көңіл аудару,
эмоционалдық икемділік,
тұрмыстағы тұрақтылыққа деген құштарлық
Кемел шақ кезеңінің басталуы – өте қызу
уақыт. Биологиялық тұрғыдан өмірлік
күштердің сарқылу уақыты басталады.
Әйелдерде,бұдан басқа, репродуктивті
кезеңнің анық көрінген аяқталуы осы
жылдарға дөп келеді. Өмірлік күштердің
сарқылуы дене ұлпаларының
инволюциясына негізделеді. Адам
денесінің әрбір мүшесінің өз өмір қисығы
болады..
Кемел жастағы әрбір адам сондайақ өз
тәжірибесінен өкпе ұлпасының икемділігі азая
түсетіндігін біледі; бұл кетіп бара жатқан
трамвайдың немесе автобустың соңынан қатты
жүгіргеннен кейін адамның, бұрынғымен
салыстырғанда, ұзағырақ дем алысын қалпына
келтіре алмауынан анық көрінеді. Бүкіл бұлшық
еттер де икемділігін жоғалтады; бұл кемел
жастағы адамның сол бір жұмыстың өзіне жас
кезіндегіге қарағанда көбірек күш-қуат
жұмсауына алып келеді. Бұл өзгеріс біртіндеп
келеді.
Көбінесе бұны ол анық көрінетін белгілі бір
жағдайда, кенеттен байқайды. Ең маңызды
және ең белгілі өзгеріс –эндокринді
бездердің өзгеруі. Еркек пен әйелдің
жыныс бездері қызметінде инволюция
үдерісі басталады.
Қортынды.
Кемелдену – көптеген адамдар үшін
өмірлерінің ең ұзақ кезеңі болып табылады.
Оның шектерін әр автор әр түрлі
белгілейді: 50-55-тен 65-70-ке дейін.
Әдетте ол зейнетке шығу уақытымен
байланысты.
Қазіргі кезде адам баласының жасына
қарай қартаю кезеңдерін биология,
әлеуметтену , психология секілді
ғылымдар комплексті түрде зерттейтін
болды. Әр жастың өзіне тән қартаюын
қарастырады. Қартаю процесі мен тарихын
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz