Дизартрия тіл кемістігі




Презентация қосу
Тақырыбы:
Дизартрия
тіл кемістігі
Дизартрия жайлы жалпы түсінік
• Дизартрия дегеніміз - сөйлеу мүшелерінің интервациясының жеткіліксіздігі-нен
байланысты сөйлеу тіл дыбыстардың айтылу кемістіктері. Дизартрия гректің артрон
– мүшелену және дис – бұзылу сөздерінен шыққан. Анықтап айтқанда сөй-леудің
бұзылуы деген мағынаны білдіреді.
• Дизартрия (грекше dіs - бұзылыс, arthron – бөліну) - сөйлеу аппаратының
иннервациясының органикалық жетіспеушілігінен сөздің айтылуындағы бұзылуы.
Дизартрияда дыбысталу механизмінің барлық бөліктерінің дұрыс қалыптаспағаны
байқалады.
• Дизартрияның ауыр түрінде тілдің дыбысталу жағы түгелімен жоқ болады. Жеңіл
түрінде артикуляторлық-фонетикалық дислалиядан ажырата білу керек. Мұндай
жұмыс, әрине, логопед мамандардың ғана қолынан келеді.
• Дизартрия церебральды паралич баланың орталық жүйке жүйесінің
зақымдалуынан болады. Дизартрияның басты көріністеріне сөйлеу тіл дыбыстарының
бұзылыстары , дауыстың пайда болуындағы кемістіктер, сонымен бірге сөйлеу тілінің
шапшаңдығы, сарынындағы өзгерістер жатады. Аталған кемістіктер орталық немесе
шеткі нерв жүйелерінің зақымдануының түрліше қисынданып жинақталуына
кемістіктердің ауырлығына , ақаулықтардың пайда болған уақытына болған уақытына
байланысты әр түрлі дәрежеде көрінеді. Клиникалық, психиалық логопедиялық
тексерудің нәтижесі дизартриясы бар балалар сөйлеу тілінің, психикасының
қимылдарының бұзылулары жағынан әр алуан екенін көрсетті.

Дизартрияның пайда болу себептері

• Дизартрияның шығу себебі баланың құрсақтағы және жас кезіндегі жетіліп келе
жатқан миына әр түрлі келеңсіз жайттардың тигізетін зиянының нәтижесінде орталық
нерв жүйесінің органикалық зақымдануынан болады. Бұл көбінесе толғақ қызуының
келеңсіз жағдайларына мүмкіндік жасайтын ұзаққа созылған қатты инфекцияның,
оттектің жетіспеушілігінің, интоксикацияның екіқабат кезіндегі токсикоздың және
басқада бірқатар жәйттердің нәтижесіндегі құрсақтағы зақымданудан болады. Бұндай
жағдайда көбінде бала туылған кезде асфексия пайда болады және шала туады.
• Дизартрия резус фактордың қосылмаушылығынан пайда болуы мүмкін. Өмірінің
алғашқы кездеріндегі нерв жүйесінің инфексиялық ауруға шалдығуының әсерінен
дизартрия біршама сирегірек пайда болады . Дизартрия сал ауруына шалдыққан
балаларды жиі пайда болады. Е.М Мастюкованың айтуынша сал ауруына шалдыққан
балалардың 65-85-індейі дизартрия болады екен. Дизартрияның клиникалық түрінің
классификациясы зақцымданудың мидың әртүрлі бөлшегінде орналасуына негізделген.
Дизартрия балалар бір-бірімен дыбыстарды айтуындағы ақаулықтарының,
денсаулықтарының, сөйлеу тілінің қозғаушы мүшелерінің ерекшеліктерімен
ажыратылады. Дизартрия дыбыстау мүшелері қимылының ауытқуынан пайда болады.
Ол сөйлеумен қатар, жазуға да әсерін тигізіп, сөздің дыбыстық құрылымынан қателер
жіберуге себепші болады. Дизартрия кемістігі асқынған адамның сөзін түсіну
қиындайды. Ол кемістік логопедиялық жаттығу, неврапотологиялық емдеу арқылы
бірте-бірте жойылуы мүмкін.

Дизартрияның пайда болу белгілері

• Дизартрияның негізгі белгілеріне дыбыс айтумен дауысының, артикуляциялық
моторикасының, сөйлеу кезіндегі тыныс алуының бузылуы жатады. Дизартрияда
дауысты, дауыссыз дыбыстардың айтылуы бұзылады. Дыбыс айтудың антрофониялық
(бұрмалап айту) және фонологиялық (алмастыру, шатастыру) түрінде айтылуы
• Дизартрия нәтижесінде сөйлеудің қозғалыстық жағы бұзылатын жүйке жүйесінің
органикалық зақымдануымен байланысты. Бұл бұзылыс балаларда да, үлкендерде де
пайда болуы мүмкін. Дизартрияның балалық шақтағы пайда болу себебі – құрсақішілік
немесе туылу кезіндегі церебралдық сал (паралич) түрінде жүйке жүйесінің бұзылуы
болып табылады. Балалық церебралдық сал ( БЦС несмесе ДЦП) ми қозғалыс
жүйелерінің органикалық зақымдалуы кезінде дамитын қозғалыс бұзылуының үлкен
тобын құрайды. Мұндай балаларда моторлық дамудағы артта қалу, ерікті қозғалыстың
бұзылысы, қозғалыс дағдыларын қалыптастырудағы дизонтогенез байқалады. Мұндай
балалар өздерінің дені сау құрбы-құрдастарымен салыстырғанда отыру, тұру,
жүру,сөйлеуді жай меңгереді.
• Дизартрияда дыбыстық айту, дауысқұрылымы, сөйлеу мен интонацияның қарқынды-
ырғақты бұзылыстары байқалады. Дизартрияның көріну деңгейлері әр-түрлі болады:
сөйлеу дыбыстарынң мүлдем айтпауынан (анартрия), тыңдаушыға әзер-әзер байқалатын
анықсыз айтылуға (өшірілген дизартрия) дейін.
Дизартрияны классификациялау

• Дизартрияны жүйке жүйесінің органикалық зақымдану орнына
байланысты бірнеше түрлерін ажыратады. Балалық шақта дизартрияның
жеңіл немесе орташа деңгейлерінде көрінуіне байланысты аралас түрлері жиі
кездеседі. Дизартрия кезінде баланың сөйлеуі баяулап дамиды. Бұл балаларда
артикуляциялық қиын дыбыстардың айтылуы жағынан зардап шегеді.
• Сөйлеу тілінің айналасындағыларға түсініктілік деңгейіне байланысты
топтастыруды француз неврапотологы Г.Тардер (1968) қарастырған.
Балалардың церебальді сал ауруына қатысты автор сөйлеу тілінің бұзылуын
4 деңгейге бөледі:
• І деңгей – ең жеңіл түрі, сөйлеу тілінің бұзылысы тек арнайы тексеру
барысында ғана анықталады
• ІІ деңгей – айналасындағылар дыбыс айту бұзылыстарын байқайды,
бірақ сөздері түсінікті болады
• ІІІ дейгей- баланың сөзі тек жақын адамдарға ғана түсінікті болады,
басқалар түсіндейді.
• ІҮ дейңей – сөйлеу тілі мүлдем жоқ немесе жақындары да түсінбейді
(анартрия)
Дизартриясы бар балалар жалпы психофизикалық

дамуына байланысты бірнеше топқа бөлінеді:

• психофизикалық дамуы қалыпты балалардағы дизартрия
• БЦСА балалардағы дизартрия
• зияты бұзылған балалардағы дизартрия
• гидроцефалиямен зақымдалған балалардағы дизартрия
• ПДТ балалардағы дизартрия
• минимальді дисфункциясы бар балалардағы дизартрия

Дизартрияның ақырғы түрі мектепке дейінгі, мектеп жасындағы
балаларда жиі кездеседі.
Сөйлеу дыбыстарын айту.

• Сөйлеу дыбыстарын айту (артикуляция) артикуляциялық бөлім жұмысының көмегімен
жүзеге асады. Сөйлеу аппараты бұлшықеттерінің тарылуымен байланысты преифериялық сөйлеу
аппаратының барлық жұмысы орталық жүйке жүйесімен (ОЖЖ) реттеліп отырады. Сөйлеудің
сапалық мінездемесі қыртыстың оң және сол жартышарларының көптеген аймақтарының бірегей
жұмысына байланысты болады. Сөйлеу әрекетіндегі ерекше маңызды ролді мидың доминантты
жартышарларында (солақайларға оң жартышар және керісінше) орналасқан сөйлеу-есту және
сөйлеу-қозғалыс аймақтары алады.
• Сөйлеу баланың жалпы психофизикалық даму үрдісінде қалыптасады. Дені сау балада 1 жастан
5 жасқа дейінгі кезеңде біртіндеп фонематикалық қабылдау, сөйлеудің лексико-грамматикалық жағы
қалыптасады, нормативті дыбыс айту дамиды. Бала сөйлеу дамуының ең алғашқы сатыларында
вокализация, күмбірлеу түоіндегі дыбыстық реакцияларды меңгереді. Дыбыстар баланың
күмбірлеуінің дамуы үрдісінде өзінің туған тілінің дыбыстарына жақындайды. бала бір жасына
қарай көптеген сөздердің мағынасын түсінеді және бірінші сөздерді айта бастайды. Бір жарым
жасқа дейін балада біртіндеп крделене түсетін қарапайым фраза (2-3 сөзден тұратын) пайда бола
бастайды. Баланың өз сөйлеуі фонологиялық, морфологиялық және синтаксистік жағынан әдетте
үш жасқа қарай дұрыстала бастайды. Күнделікті сөйлеудің негізгі лексико-грамматикалық
құрылымдары қалыптасқан болады. бұл кезде бала көмкерілген фразалық сөйлеуді меңгеруге
көшеді. Бес жасқа қарай сөйлеудің жеткілікті бірқалыпты айтуын қамтамасыз ететін фонация,
демалу және артикуляция арасындағы координациялық механизмдер дамиды. Алты –жеті жасқа
қарай балада дыбыстық анализ бен синтез қабілеттері қалыптаса бастайды. Сөйлеудің қалыпты
дамуы жаңа сатыға – жазу мен жазбаша сөйлеуге өтуге мүмкіндік береді. Қалыпты сөйлеудің
қалыптасу шарттарына ОЖЖнің сау болуы, көру мен естудің қалыпты болуы және үлкендердің
баламен белсенді сөйлесуі жеткілікті деңгейде болуы жатады.

Сөйлеу дыбыстарын айту.
• Балалар сал ауруы (параличі) іштегі нәрестенің жатырда
даму кезеңінде, туылғанда, балаланың алғашқы жасындағы
даму деңгейінде бас миына патологиялық әсер ететін түрлі
зиянды факторлар әсерінен пайда болады. Зақымдану ең
алдымен бас миының қозғалыс ядроларына тиіп, бас
миының даму бұзылысы-даму кешігуіне әкеп соғады.
• Церебральді параличі бар балалардың сөйлеу тілінің
фонетикалық жағының бұзылыстары дизартрияның
бұзылыстары ретінде квалификацияланады.
Ең таралған түрі- бульбарлы дизартрия. Мұнда бұлшық
еттер тонусының бұзылыстары байқалады.
Дизартрияны түзету жұмысы төменгі

қағидаларға негізделіп жүргізіледі:
• Этиопатогенетикалық принцип мидың әр түрлі
құрылымдарының зақымдалуын ескерумен байланысты. Алдымен
сөйлеу тілінің және психофизиологиялық функцияларды анықтау, мидың
қандай құрылымы зақымдалғанын анықтауға мүмкіндік береді.
• Ерте ықпал ету принципі. Дизартрияға бейім «қатерлі
топтағы» балаларға ерте ықпал жасап көмек көрсетсе, ол
мидың компесаторлы мүмкіншіліктерін толық дамытып
түзету жұмысының тиімділігін арттырады.
• Жүйелі ықпал жасау принципі. моторикасын, психикасын,
сенсорлы функциясын, сөйлеу тілін, ұлғасын дамытуға бағытталған.
• Кешенді ықпал ету принципі: наврапотолог, логопед, психолог
мамандардың бірігіп жұмыс жүргізуі.
Жүйелі түзету жұмыс барысында келесі

аспектілерді ескеру қажет:

• моторлық, сенсорлық, психикалық, сөйлеу функцияларының даму
заңдылықтары мен кезектілігін тексеру
• сөйлеу тілінің бұзылу құрылымын ескеру, сөйлеу іс-әрекетінің
құрылымдық- функционалді ұйымдастырудың негізгі ақаулығын
анықтау,
• баланың жасы мен жеке басының ерекшеліктерін ескеру,
• бала мен ата-ананың арасындағы өзара қатынасын ескеру, оны
барынша пайдалану

Арнайы педагогикалық жұмыстарда дизартриясы бар баланың
тұлғасын тәрбиелеуге аса зор көңіл бөлінеді. Өйткені, ондай
баланың оқу және әлеуметтік дағдылары төмен болады,
тұлғасының дамуында көптеген ауытқушылықтар байқалады.
Пайдаланған әдебиеттер:

• 1.Қ.Қ.Өмірбекова, Г.С.Оразаева, Г.Н.Төлебиева,
Г.Б.Ибатова. Логопедия. Алматы 2011
• 2. «Қазақ совет энциклопедиясы» Бас ред.М.Қ.Қаратаев 4-
том.Алматы 1973.
• 3. Қ.С.Тебенова, А.Р.Рымханова. Арнайы педагогика.
Алматы «Дәуір» 2011
Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Сөйлеудің бұзылу түрлері мен себептері және паталогиясы
Арнайы психология
ДИЗАРТРИК БАЛАЛАРДЫ ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ ЖҰМЫСҚА
Сөйлеу анамнезі
Сөйлеу қабілеті бұзылған балалар
АЙТЫЛУЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ
Дефектология ғылымының, саласы
Сөйлеу тілін тексерудің жалпы нұсқаулары
Сөйлеуі бұзылған балалардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен эмоционалды-ерікті саласы
Спастикалық диплегия
Пәндер