Сотта мемлекеттің мүддесін қорғау



Сотта мемлекеттің мүддесін қорғау

Жоспар:
1. Прокуратура органдарының сотта мемлекет мүддесін білдіру түсінігі, маңызы және міндеттері
2. Прокуратура органдарының іс-әрекеттерін жүзеге асырудағы әдістемелік нұсқаулықтар
3. Қылмыстық істердің соттарда қаралуына прокурордың қатысуы және оның рөлі

Сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдардың дәл сақталуын маңызды кепілі прокурорлық қадағалау болып табылады. Сотта мемлекет мүддесін білдіру прокурорлық қадағалаудың жеке саласы, прокуратура органдары жұмысының маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Бұл қадағалауды прокурорлар аудандық (қалалық) соттардан бастап ҚР Жоғарғы Сотына дейінгі барлық сот сатыларында жүзеге асырады.
Сот төрелігіндегі прокурорлық қадағалаудың рөлі мен маңызы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы "Прокуратура туралы" ҚР Заңының қабылдануына байланысты едәуір жоғарлады. Аталған заңның 30-бабында сот талқылауындағы прокурордың құзыры қарастырылған:
Қылмыстық, азаматтық немесе өзге сот ісін жүргізу барысында сотта мемлекет мүддесін білдіре отырып, прокурор осы Заңға, сондай-ақ Республиканың қылмыстық істер жүргізу, азаматтық істер жүргізу және өзге де заңдарға сәйкес апелляциялық (кассациялық) және қадағалау тәртібінде өз өкілеттігін жүзеге асырады.
Соттың (судьяның) іс бойынша шығарған шешімімен, үкімімен немесе өзге қаулысымен оның заңға сәйкессіздігі немесе негізсіздігі бойынша келіспеген жағдайда, прокурор істі қайта қарау немесе құқықтық актінің күшін жою, не өзгерту туралы жоғары тұрған сотқа наразылық беруге құқылы.
1. Прокуратура органдарының сотта мемлекет мүддесін білдіру түсінігі, маңызы және міндеттері

ҚР процессуалдың заңы, прокуратура туралы Заңы прокурорлардың сотта мемлекет мүддесін білдіру кезіндегі өкілеттігін, сондай-ақ заң бұзушылықтарды жоюға бағытталған прокурорлық шара қолдану жолдарын да анықтайды. Қылмыстық, азаматтық және өзге де сот өндірісін жүргізу кезінде сотта мемлекет мүддесін білдіре отырып, прокурорлар өз құзыреті шегінде:
1) істі басты сот талқылауына дайындау кезінде судья шешімінің заңдылығы мен негізділігін тексереді;
2) мемлекеттік айыптаушы ретінде шығады;
3) басты сот талқылауы барысында туындаған мәселелер бойынша қорытындылар береді;
4) мемлекеттік және қоғамдық мүдделерін, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау талап етілсе, талаптар қояды, оларды сотта қолдайды;
5) сотгың заңсыз және негізсіз үкімдеріне, ұйғарымдар мен қаулыларына наразылық келтіреді;
6) наразылықтар және шағымдар бойынша қаралатын қылмыстық істерге кассациялық және қадағалау сатыларында қорытындылар береді;
7) соттың үкімдерін, ұйғарымдары мен қаулыларының уақытылы орындалулары мен заңдылығын тексереді:
8) соттың үкімдерін, ұйғарымдары мен қаулыларының уақытылы орындалуларын қадағалауды жүзеге асырады;
9) соттың үкімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қайта қарау немесе жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қылмыстық істерді жаңғыртуға заңмен қарастырылған жағдайларда шаралар қолданады.

Прокуратураға қатысты Ережелер ҚР Конституциясының VII «Сот және әділдік» бөліміне енгізілген. Прокуратура органдарының сот билігіне, заң шығарушы және атқарушы билікке ешқандай қатысы жоқ.
Апелляциялық өндіріс дегеніміз - бұл сот өндірісі барысында соттың тарапынан жіберілген қателіктерді тиімді түрде түзете отырып, сот актілерінің заңға сай орындалуын жүйелі түрде бақылау негізіндегі жоғарғы сот тарапынан бақылау жүргізу формаларының бір түрі.
Қадағалау өндірісі дегеніміз - бұл сот актілеріне күмән келтірілген жағдайда яғни сот шешімі әділетсіз болғанда құзыры жоғары соттың сот актілерін тексеру тәртібі. Қадағалау өндірісі арқылы заңды күшіне енген үкімді, қаулы мен шешімді қайта қарауға болады.

ҚР «Прокуратура туралы» Заңының 30 бабында:
1. Аппеляциялық және қадағалау өндірісі негізіндегі қылмыстық, азаматтық немесе басқа да сот өндірісі барысында прокурор мемлекеттің мүддесін қорғай отырып, 1995 жылғы 21 желтоқсандағы ҚР «Прокуратура туралы» Заңы мен қылмыстық-процессуалдық, азаматтық процессуалдық және ҚР басқа да заңнамаларына сәйкес өз өкілеттілігін жүзеге асырады.
2. Прокурор іс бойынша соттың (судьяның) заңға сай келмейтін шешіммен, үкімімен немесе қаулымен келіспеген жағдайда, істі қайта қарау мақсатында немесе құқықтық актіні өзгерту мақсатында құзыры жоғарғы сотқа шағым беруге құқылы.
Заңның 31 бабына сәйкес, прокурор сотқа қатыспаған жағдайда да заңсыз немесе негізсіз шығарылған, заңды күшіне енбеген сот үкімі мен қаулы, сот (судья) шешімі бойынша құзыры жоғары сотқа наразылық танытуға құқылы.

Заңның 32 бабының негізінде:
1. Прокурор өз құзырлығының шеңберінде соттың заңды күшіне енген шешімін, қаулысы мен үкімін соттан талап етуге құқылы.
2. Заңға сай келмейтін немесе негізсіз шығарылған, заңды күшіне енген сот шешімі, қаулысы мен үкімі бойынша прокурор қадағалау тәртібінің негізінде наразылық таныта алады. Егер наразылық прокурордың құзырлығының шеңберінен асып кеткен жағдайда прокурор өзінен құзыры жоғары прокурорға наразылық таныту туралы шағымдана алады.
3. заңды күшіне енген соттың шешімі, үкімі мен қаулысына наразылық таныту немесе оны тоқтату бойынша прокурордың өкілеттілігі ҚР заңнамалары арқылы айқындалады.
Республиканың Жоғарғы Сотының нормативтік заңдары мен Конституцияға сәйкес келмеген жағдай бойынша ҚР Бас Прокуроры наразылықты Республиканың Жоғары Сотының пленарлық отырысына ұсынады (Заңның 33 бабы) .

3. Қылмыстық істердің соттарда қаралуына прокурордың қатысуы және оның рөлі
Заң тергелген қылмыстық іс бойынша (ҚР ҚІЖК 299-бабы) басты сот талқылауын тағайындау жайында қабылданған қаулының заңдылығы мен негізділігінің барлық жауапкершілігін судьяға, және тек қана оған жүктейді. ҚІЖК 299-бабында көзделген шешімдер (басты сот талқылауын тағайындау, істі қосымша тергеуге қайтару, істі қысқарту және т. б. ) қабылданғанға дейін судья прокурордың және тараптардың міндетті қатысуларымен істі алдын ала тыңдай алады (ҚІЖК 301-бабы) . Судья ҚІЖК нормаларының елеулі түрде бұзылуын анықтаса, істі қосымша тергеуге қайтару, айыпты өзгерту, істі қысқарту, сараптама тағайындау туралы өтініштер, сондай-ақ дәлелдемелерге жол бермеу туралы өтініштер бар болған жағдайда алдын ала тыңдауды міндетті түрде өткізеді.
Ситуациялық талдау:
Сот тәжірибесін қорытындылау 2000 жылы республика бойынша қосымша тергеуге 3742 адамға қатысты 2421 қылмыстық іс қайтарылғандығын, оның ішінде прокурордың заңсыз қайтару туралы наразылықтары бойынша кассациялық саты 1190 адамға қатыстысын бұзғандығын көрсетеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz