Жер құқығы қатынастары


Slide 1

Жер құқығының

әдістері, жүйесі және сабақтас құқық

салаларымен байланысы

Дайындаған:ЮК-71 тобының студенті

Калабекова Шырайлым

Тексерген: Тлеубердина Умсын Темирбайқызы

Slide 2

Жоспар:

1. Жер құқығының әдістері

2. Жер құқығының жүйесі

3. Жер құқығының сабақтас құқық салаларымен байланысы

Slide 3

Жер құқығының әдістері дегеніміз - жер қатынастарын реттейтін, яғни, жер құқық қатынастары субъектілеріне әсер ету амалдары мен тәсілдерінің жиынтығы.

Императивті әдіс - билік пен бағыныштылыққа негізделген, міндетті қатысушысы мемлекет немесе мемлекет мүддесін білдіретін билік органдары болады. Императивті әдістер жер ресурстарын мемлекеттік басқару саласында, мемлекеттік басқару функциясын жүзеге асырудың тәртібін анықтауда, жер учаскесінің шекті мөлшерін анықтауда, жер учаскесін тек нысаналы мақсатта пайдалану шектеулерін белгілегенде, т. б. жағдайларда қолданылады.

Диспозитивті әдіс:жер құқық қатынастары қатысушыларының теңдігіне, шарт еркіндігіне негізделген. Бұл әдістер жерге жеке меншік құқығын жүзеге асыру саласында және жерде дербес шаруашылық жүргізуде қолданылады. Яғни, жер құқық қатынастары қатысушыларына жер учаскесіне қатысты өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Slide 4

Жер құқығының жүйесі дегеніміз - өзара тығыз байланысты жер құқық институттарының жиынтығы. Өзге құқық салалары сияқты жер құқығының жүйесі келесі бөлімдерден тұрады: жалпы бөлім және ерекше бөлім.

Жалпы бөлімде жалпы ережелер, яғни жер құқығының түсінігі, пәні, әдістері, қағидалары, қайнар көздері қарастырылған. Сонымен бірге, жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы, жер қатынастарын мемлекеттік реттеу және жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелері көрініс тапқан.

Жер құқығының ерекше бөлімінде жер қорының жекелеген санаттарының құқықтық режимі мен оларды қорғау жағдайлары қарастырылған. Атап айтсақ, ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің құқықтық режимі, елді мекендердің жерінің құқықтық режимі, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауылшаруашылығы мақсатына арналмаған жерлердің құқықтық режимі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлердің құқықтық режимі, орман қорының жері, су қорының жері, босалқы жерлердің құқықтық режимі.

Slide 5

Жалпы бөлімі келесі институттардан (тараулардан) тұрады:

1) Жер құқығының түсінігі, пәні, әдісі және жүйесі. Жер құқығының сабақтас құқық салаларымен арақатынасы;

2) Қазақстан Республикасы жер заңдарының міндеттері, мақсаттары және қағидалары;

3) Жер құқығының тарихы;

4) Жер құқығының қайнар көздері;

5) Жер құқығы қатынастары;

6) Жерге меншік құқығы;

7) Жер пайдалану құқығы;

8) Жеке меншік құқығы мен жер пайдалану құқығындағы жер учаскелерінің құқықтық режимі;

9) Жерге жеке меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғау және зияндарды өтеу;

10) Жер үшін төленетін төлем;

11) Сервитуттар;

12) Жер құқығы қатынастары саласындағы басқару органдарының құзыреті және мемлекеттік басқарудың жалпы мәселелері;

13) Жерді қорғау, мемлекеттік бақылау, жерге орналастыру, мониторинг және жер кадастры;

14) Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылық;

15) Жер даулары.

Ерекше бөлімі келесі институттардан (тараулардан) тұрады:

1) Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық режимі;

2) Елді мекен жерлерінің құқықтық режимі;

3) Өнеркәсіптік, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жерлердің құқықтық режимі;

4) Ерекше қорғалатын аумақтар жерлерінің құқықтық режимі;

5) Су қоры жерлерінің құқықтық режимі;

6) Орман қоры жерлерінің құқықтық режимі;

7) Босалқы және пайдалануға жарамсыз жерлердің құқықтық режимі.

Slide 6

Жер құқығы

Сабақтас құқық салалары

1. Қазақстан Республикасының жер құқығы жерге меншіктің құқықтық режимін, жер учаскелеріне жеке меншіктің негіздерін, шарттарын және шектерін, жерді қорғаудың негіздері мен тәртібін, жер учаскелері меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін анықтайды.

Конституциялық құқық Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің барлық құқық салалары үшін басты ережелерді анықтайтын нормалардан тұрады. Жер құқығы саласында мұндай нормалар болып жер меншігі нысандары, соның ішінде, жерге жеке меншік құқығы шарттары туралы ережелер, табиғатты, соның ішінде, жер ресурстарын қорғау туралы ережелер, жер учаскелері иелері мен жер пайдаланушылардың тең құқықтары туралы ережелер жатады.


Ұқсас жұмыстар
Жер пайдалану құқығы және жерге өзге де құқықтар
Жер құқығы басқа да құқық салалар сияқты өзіне тән құқықтық реттеу
Жер құқығы қатынастарының дамуы
Жерге меншік құқығы
Жер құқығының әдістері
ЖЕРГЕ МЕНШІК
ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ
Жер қатынастары негізінде туындайтын құқық бұзушылықты реттеу
ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ НЕГІЗДЕРІ
Жер құқығығының негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz