Островский театры



ХІХ ғасырдағы орыс драматургиясының
дамуы
Жоба:
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университеті
Дайындаған:Габдуллина Зарема
Тексерген:Шайекенов Ж. Ж

Жоспар:
І. Кіріспе бөлім:
Орыс халық театрының бастаулары.
ІІ. Негізгі бөлім:
1. ХІХ ғасырдағы орыс драматургиясының дамуы;
а) Комедия жанры;
ә) Реалистикалық драматургия;
б) Прогрессивті драматургия.
ІІІ. Қорытынды бөлім:
Островский және Чехов драматургиясы. Басталуы, ерекшеліктері.

А. П. Чехов пен А. Н. Островскийдің драмаларының ортақ күретамыры болып есептелетін орыс драматургиясы өз бастауларын орыс халқының ұлттық театрынан алады.
Орыс халқының ұлттық театры төмендегі әртүрлі тақырыптардан құралған кең репертуарға ие, олар:
Сайқымазақтар ойыны(Скоромошьих игрищ), интермедия;
Петрушканың қызықты оқиғалары;
Райка;
Балаганные прибаутки;
«Аюлар» комедиясы;
Түрлі жанрдағы драмалық шығармалар.

Орыс халқының Ұлттық театрына тән:
Қоғамдық маңыз - ға ие тематика
Азаттықсүйгіш, сатирикалық және патриоттық идеялар
Терең конфлиттілік
Гротескілік характерлер
Нақты, анық байқалатын композиция
Қарапайым, ауызекі тіл

XVIII ғасырдың екінші жартысында, аударма және еліктеуіштік драматургияның орнын басуға қабілетті рөлдің болу шартына негізделген, әртүрлі бағыттағы жазушылар пайда болады. Олар ұлттық құндылықтарды бейнелеуге ұмтылып, өзіндік-ұлттық репертуардың қалыптасуына септігін тигізеді.
Бұл идеяны бастаушы классицизм бағытының жетекші жазушысы А. П. Сумороков болды.
Осы қатарға кіретін жазушылардың еңбектерінде анық немесе көмескілеу байқалатын реалистік тенденциялар көріне бастады

ХІХ ғасырдағы прогрессивті драматургия өз ауқымын кеңейтіп, өмірмен тығыз байланысады және реалистік бағытта дами бастайды
Бұл жүз жылдықтың басында И. А. Крыловтың «Сәнді дүңгіршек»(«Модная лавка», 1806) және «Қыздарыма сабақ»(«Урок дочкам», 1807) атты комедиялары жарық көреді.
Дәл осы кезеңде прогрессивті тарихи драматургия аса үлкен қарқынмен қалыптаса бастайды.
Бұл ретте оның өзіндік-ұлттық тематикаға деген назары байқала бастайды. Бұған дәлел:
«Ермак - Сібірді жаулаушы» (1803) П. А. Плавильщиков
«Дмитрий Донской» (1807) В. А. Озерова
«Марфа Посадница немесе Новгородты жаулау» (1809) Ф. Ф. Иванова
«Борис Годунов» (1825) А. С. Пушкин

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында жазылған пьесалардың ішінен Грибоедовтың «Горе от ума», Пушкинның «Борис Годунов», «Маленькие трагедии», Гогольдің «Ревизор», «Женитьба» секілді жауҺарларды ерекше атап өткен жөн.
Бұл жазушылардың ұлы пьесаларынан отандық драматургияның жаңашылдыққа ұмтыла бастағанын анық байқауға болады.
Жаңашыл тенденцияның негізгі бағыттары:
Әлеуметтік өзекті тақырыптар;
Нақты байқалатын қоғамдық, тіпті қоғамдық-саяси пафос;
Дәстүрлі тұрмыстық байланыстардан, барлығын нақтылайтын іс-әрекеттің дамуы;
Комедия мен драманың сюжетті-композициялық канондарына қайшы келетін интригалар;
Әлеуметтік ортамен тығыз байланысатын қарапайым, сонымен бірге жеке характерлерді қалыптастыру.

Островский театр саласына келмей тұрып, орыс халқының прогресивті драматургиясы әлемдік дәрежедегі жауһарларға ие болатын. Бірақ мұндай ұлы шығармалар өте аз еді, сол себепті ұлттық театрдың репертуарын нақтылай алмады.
Осы кезеңде театр репертуарының басым көпшілігі аудармалардан және батысевропалық пьесалардан тұрды.

Театрдың репертуары стихиялы түрде қалыптаспады. Бұл процессті жандармдар корпусы мен 1825-1855 ж. аралығында Ресейді басқарған Николай І қадағалап отырды.
1826 жылы мамыр айының ортасында Ф. Булгарин бас штабтың кезекші генералы А. Н. Потаповқа «Жалпы кітап басылымы мен Ресейдегі цензура» туралы хатты әкеледі.
Көп ұзамай, 1828 жылы, драмалық шығармалар үшін арнайы цензура бекітіледі. Бұл заң жазушылар арасында «Драконовская строгость» деп аталып кетеді.
Николай І

Декабристтердің жеңілісінен соң театр репертуарының бірінші планына жеңіл комедияға айналып, өзінің әлеуметтік маңызын жоғалтқан водевильдер шығады.
Театр сахнасын асығыс жазылған шығармалар басып алады. Мұндай шығармаларда басты орынды:
Фарстық сахналар;
Күлдіргіштер;
Қателік;
Кездейсоқтық;
Күтпеген жағдай;
Шиеленіс алды.


Александр Николаевич Островский
(31 марта (12 апреля) 1823 - 2 (14) июня 1886)

Островскийдің жаңашылдығы

Островскийдің жаңашылдық идеялары театрды жандандырып, оның әлеуметтік құндылықтардың өзекті мәселелеріне қайта оралуына үлкен әсерін тигізеді. Сонымен қатар, драматург пьесаларды халық үшін жазды және халық та оның еңбегін жоғары бағалады.
Өзінің жалынды патриоттық ниетімен шабыттанып, Островский театрды қайта қалыптастырып, оның қоғамдық құндылықтар мектебіне айналдыру туралы нақты шараларды ұсынып, императорлық театрдың дирекциясына көптеген баяндамалар жазады. Бірақ бұл хаттарда жазылған игі істің жүзеге асуына мүмкіндік берілмеді.

Ұлы драматургтың театрға байланысты принциптары К. С. Станивславскийдің жүйесінің негізінде жалғасын тауып, кейінгі театрларда дами бастады.
Островскийдің ұлы шығармашылық мұрасы отандық драматургия мен сахнаның дамуына және жалпы драмалық, сахналық өнерге ерекше ықпал еткен болатын.

Островский театры
Орыс ұлттық театрының дүниеге келуі Александр Николаевич Островскийдың ұлы еңбегінің арқасы.
Пушкин, Гоголь және Лермонтов секілді жазушылар поэзия мен проза саласында қандай серпіліс жасаса, Островский де драматургия саласында дәл сондай серпіліс жасай алды.
«Островский театры» = «Орыс театры»
Костромской Государственный театр имени А. Н. Островского

Театр реформасының негізгі идеялары:
Театр бекітілген шарт негізінде салынуы тиіс(көрермендерді әртістерден алшақтатып тұратын 4-қабырға болуы керек) ;
Тілге деген қатынастың өзгермеуі: кейіпкерлер туралы барлығын дерлік баяндайтын тіл шеберлігі сақталуы тиіс;
Жалақы бір әртіске емес, жалпы труппаға беріледі;
«Адамдар театрға әртістердің рөлдік ойынын көру үшін келеді, ал пьесаны оқып алуға да болады».

Островский театры жаңа сахналық эстетиканы, жаңа әртістерді талап етті.
Осыған сәйкес Островский актерлік ансамбль құрады. Ансамбль құрамына:
Алкесандр Мартынов
Сергей Васильев
Евгений Самойлов
Пров Садовский сынды актерлар кірді.
Әрине, мұндай жаңашылдықтардың жақтастарымен қоса қарсыластары да болды. Мысалы, Щепкин. Островский драматургиясы әртістің өз болмысынан шығып кетуін талап етті, ал Щепкин бұл талапты көзіне де ілмеді.
А. Е. Мартынов
С. Васильев
Пров Садовский

«Моя задача - служить русскому драматическому искусству. Я - все:и академия, и меценат, и защита».
Александр Николаевич Островский

Антон Павлович Чеховтың драматургиядағы жаңалығы.

Чеховтың жазған пьесалары көп емес.
70-жылдардың соңында ол «Безотцовщина» пьесасын жазады, ал 1886 жылы «О вреде табака» және «Лебединая песня» атты бір актілі пьесалары жарық көреді.
1887 жылы жазылған «Иванов» пьесасы Чехов шығармашылығындағы ірі пьесалардың алғашқысы болды. Кейін сол 1887 «Медведь» және «Предложение», 1889 жылы «Свадьба», 1891 жылы «Юбилей» атты водевильдер оқырман назарына ұсынылды.
1889 жылы жазылған «Леший» пьесасы 1897 жылы қайта өңделіп, «Дядя Ваня» деген атпен жарық көрді.
1896 жылы атақты «Чайка» пьесасы жазылып, кейін «Три сестры» (1901) және «Вишневый сад» (1904) пьесалары жазылды.

Чеховтың драмалық мұраларының басым көпшілігі бір актілі пьесалардан тұрады. Алайда драматург водевильдік дәстүрді жалғастырмай, керісінше водевиль жанрына қатысты өзінің көзқарастарын алға тартады.
Ең алдымен драматург водевильді тематиканы анағұрлым кең түрде көресткісі келеді. Чеховтың бір актілі пьесаларының өзгешелігі сол, олардың ситуациялық комедиялар емес, характерлер комедиясына айналуында.
Чеховтың драмалық миниатюраларының кейіпкерлері тұлғаға тән жеке қасиеттерге ие әлеуметтік таптың өкілдері болды. Міне, Чехов драматургиясының тағы бір ерекшелігі осыда.

www. themegallery. com
Company Logo
Драмалық шығармалардағы жаңашылдықтар:
«Сюжетсіздік». Интрига мен күрестің болмауы;
Пьесада кейіпкерлердің іс-әрекетін өз маңына жинақтап, күнделікті тұрмыстық мәселелерді шетке шығаратын «оқиғаның» орын алуы.
Чехов өзінің шығармаларында оқиғаның басы мен аяғының бар екенін, ал ортасының болмағанын айтқан болатын.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz