Қазақстандағы мал шаруашылығының дамуы
Презентация қосу
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Технология және Биоресурстар факультеті
6В08201-”МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ”
Өндірістік
практика есебі
Дайындаған: Шынықұл М.М. Тәжірбиеден өткен орны:
Алматы облысы, Алакөл
Тобы: ТППЖ -402К ауданы, Үшарал қаласы,
ШҚ «Бөкес»
Есеп жоспары
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Қазақстандағы мал шаруашылығының дамуы
2.2 . Қазақстандағы қой шаруашылығы
2.3. «Бөкес» шаруа қожалығы, орналасқан жері
2.4. Еділбай тұқымы және шығу тарихы
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
І. Кіріспе
Мал шаруашылығы аграрлық өнеркәсіптің негізгі саласы
болып табылады. Мал шаруашылығының экономикадағы орны да
аса маңызды. Халықты азық-түлік өнімдерімен
(ет,сүт,май,жұмыртқа,бал, және т.б), өнеркәсіпті шикізатпен
(жүн, тері, мүйіз, елтірі, қылшық, түбіт, мамық), күш-көлікпен
(жылқы, түйе, бұғы, есек, ит), маңызды органикалық
тыңайтқышпен (көң, құс саңғырығы) қамтамасыз етеді. Кей
өнімдерінен дәрі және түрлі препараттар, ерекше мал азықтарын
(тартылған сүт, ет-сүйек ұны) жасайды.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Қазақстандағы мал шаруашылығының дамуы
Халқымыздың шаруашылығында өте ертеден келе жатқан дәстүрлі саласы -
мал шаруашылығы. Мұнда, әсіресе етті- майлы құйрықты қой, жылқы, түйе
шаруашылығы ертеден-ақ жақсы дамыған. 1916 жылы Қазақстанда 18,4 млн. бас
қой-ешкі, 4,3 млн. бас жылқы, 733 мың бас түйе, 5,0 млн. бас мүйізді ірі қара,
278 мың бас шошқа бағылған екен. Бұдан Қазақстанда Кеңестік дәуірге дейінгі
кезеңдегі қой шаруашылығының басым болғаны аңғарылады. Кеңестік
ұжымдастыру кезеңінде мал саны өте қатты қысқарып, 1935 жылы
республикада 2,6 млн. бас қой, 422 мың бас жылқы, 72 мың бас түйе, 276 мың
бас шошқа ғана қалған.
Бүгінгі күні республикада қой ешкінің 18 мүйізді ірі қараның 12, жылқының 14,
түйенің 3, шошқаның 7 тұқымы және әртүрлі құстардың көптеген тұқымдары
мен кросстары өсіріліп отыр.
Бұл көрсеткіштер 1999 жылмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары болғанымен,
болашақта асылтұқымды мал санын көбейту кезек күттірмейтін қажеттілік
болып тұр.
2.2. Қазақстандағы қой шаруашылығы
Қой шаруашылығы ет - жүн бағытындағы және биязы,
жартылай биязы жүн бағытындағы болып бөлінеді.
Ет-жүн бағытындағы қой шаруашылығы ылғалы жеткілікті
және климаты біршама жұмсақ аудандарда, ал биязы жүнді қой
шаруашылығы неғұрлым құрғақ аудандарда таралған. Қой саны
жағынан Қазақстан КСРО бойынша 2-орын (Ресейден кейін),
қаракөл елтірісін дайындау жағынан 1-орын алды. Қой
шаруашылығы, әсіресе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан
(Семей), Жамбыл, Алматы облыстарында қарқынды дамыды.
Жаңа тұқым шығару мақсатында Қазақстандағы таңдаулы қой
тұқымдары мен шетелдік тұқымдар: австралия мериносы,
австралия корриделі, линкольн қойы, ромни-марш қойлары,
тағыда басқа пайдаланылды.
2.3 «Бөкес» шаруа қожалығы, орналасқан жері
Үшарал қаласында орналасқан «Бөкес» шаруа қожалығы
Алматы қаласынан 690 шақырым жерде орналасқан. Жалпы
территория аумағы – 800га-ны құрайды. Оның ішінде
жайылымы 700 га. Шаруашылықтың жетекшісі Баянбаев
Дүйсен ағаның айтуынша, ферма 2003 жылы құрылып, 2013
жылдан бері заңды жұмыс істеп келеді. Шаруашылықтың
орналасқан жері мен табиғаты әсем, ауасы таза, мал ұстауға
нағыз қолайлы жер екені көрініп тұр. Шаруашылық жері тау
жаздық жайылымы мен қыстық құм жайылымдарынан,
Аңырақай жоталарынан құралады. Шаруашылық климаты –
жер рельфіне байланысты әркелкі келген табиғи
жағдайларымен сипатталады: ыстық, құрғақ және биік таулар
климаты. Шаруашылық негізінен қой шаруашылығымен
айналысады, оның ішінде еділбай қойлары өсіріледі.
2.4. Еділбай тұқымы мен шығу тарихы
Қойдың Еділбай тұқымы – ұлттық селекцияның өкілі болып табылады. Ол 200 жыл бұрын ендірілген. Бұл дара нәсіл етті-майлы өнімді бағытта Қазақстанның батыс аймағында
астрахандық қылшық жүнді қойлар мен қазақтың құйрықты қойларымен шағыстыру нәтижесінде табылған. Селекция процесінде көшпенді қой шаруашылығының табиғи-климаттық
жағдайға қолайлы қойлар таңдап алынған. Еділбай тұқымы қойларының тез өсетіндігімен берекелі. Жас төлде бірінші жүз күнде күндігіне 195 г салмақ қосады, кей кездері бұл көрсеткіш 250
г құрайды. Соғымдық шыға берістің бөлігі (майы және еті) 50-55% тірі елден келеді. Баптап баққан піштірілген – қошқардың таза салмағы 40-45 кг, құйрық майы 12-14 кг болады.
ІІІ. Қорытынды
Қорытындылай келетін болсам, мен
«Бөкес» шаруа қожалығында өндірістік
тәжірбиемді ойдағыдай аяқтадым.
Келешекте осы алған тәжірбиемді іс-
жүзінде пайдаланып, білікті әрі білімді
маман иесі атанамын. Еліміздің
азаматшасы ретінде ауыл
шаруашылығының гүлденуі мен
көркеюіне өз үлесімді қосуға дайынмын
деп нық сеніммен айта аламын.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Бегембеков К.Н; Нұрғазы Н.Ш. Продуктивность и приспособленность
дегеренских, каракульских овец и их помесей в нынешних природно –
экономических условиях.
2. М.Ермеков, Т.Көптілеуов - еділбай қойының биологиялық ерекшеліктері.
3. Махатов Б.М. Результаты выполнения Республиканской программы.
Вестник с-к науки Казакстан.
4. Сатыгулов С.Ш. Выступление на Республиканском семинаре –совещании
животноводов.
5. В.А.Бальмонт; Н.Т.Батыршанов. Еділбай қойының түсінің тұқымқуалауы.
6. Тоққожин С. Еділбай қойының еттілік қасиетті.
7. Бегімбеков Қ.Н. Дегерес қойын сарыарқа тұқымымен кірістіре
будандастыру нәтижесі.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz