Білім берудегі инновация


Slide 1

Білім берудегі инновация

Slide 2

«Инновация» түсінігі

Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз - білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы ұсынады. Н. Нұрахметов “Инновация” білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке - дара, бір-бірімен байланыспаған) ; модульдік түрі (жеке - дара кешені, бір-бірімен байланысқан) ; жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын) .

Slide 3

Инновациялық

білім беру

Инновациялық білім беру - іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану - біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек .

Slide 4

Білім - әлеуметтік жағдайды жақсартудың құралы ғана емес, бүкіл болашаққа апаратын даңғыл жол. Осы даңғылды жасайтын да, бағыттайтын да мектеп және оның ұстаздар ұжымы. А. Байтұрсынұлының «Мектеп керектері» еңбегінде былай делінген:

«…Мұғалім қандай болса, мектеп һәм осындай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика әдістемеден хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Ендеше, мектептегі білім мен тәрбие берудегі басты тұлға - ұстаз. .

Slide 5

Инновация дегеніміз - жаңа мазмұнды ұйымдастыру, жаңалық енгізу, жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, нақтыланған мөлшердің шегінен шығатын кәсіптік іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі, жаңа нәтижені қамтамасыз ететін жаңа теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы. Кәсіптік білім беру жүйесінің негізгі міндеті - белгілі бір көлемдегі білім берумен шектелмей, алынған кәсіптік білімді адам өз қажетіне, өмірдің нақты жағдайларында қолдана біліп, қоғамға пайдасын келтіру.

Slide 6

Инновация

Модификациялық инновация - бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В. Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі жэне оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.

Комбинаторлық модификация - бұрыфн пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.

Радикалдық инновация - білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады. [3]

Slide 7

1 кезең - оқып үйрену;

2 кезең - меңгеру;

3 кезең - тәжірибеге енгізу;

4 кезең - дамыту.

Жаңа технологияны қолдану төмендегідей

кезеңдер арқылы іске асады:

Slide 8

Қазіргі оқыту үдерісінде қолданылып жүрген білім берудегі тиімді педагогикалық технологиялар ретінде мынадай

педагогикалық технологиялар жіктемесі сұрыпталған:

Slide 9

1. Оқушыны объект ретiнде емес, субъект ретiнде қарастырып, оның дара тұлға ретiнде қалыптасуына жан-жақты әсер ететiн, қарым-қатынастың демократиялық, iзгiлендiру бағытын негiзге алған - оқытуды демократияландыру мен iзгiлендiру негiзiндегi педагогикалық технологиялар

(оған жататындар: Е. В. Бондаревский, Д. Б. Серикова,

Ю. И. Турчанинова, И. С. Якиманский, Ш. А. Амонашвилидiң iзгiлiктi-жеке тұлғалық технологиясы, Е. Н. Ильинаның гуманитарлық пәндерді адам қалыптастырушы пән ретiнде оқыту жүйесi және т. б. жатады) ;

2. Оқушының туа бiткен ақыл-ой қабiлетiнiң жеке дамуына негiзделген - саралап оқыту технологиясы (Н. Гузик, И. Первин, В. Фирсов) ;

Slide 10

3. Балаға сырттан әсер етпей өзiнiң табиғий дамуына ықпал жасайтын, баланың жаны мен жүрегiне жылулық ұялататын - халықтық педагогиканың әдiстерiне сүйене отырып баланың табиғи дамуына негiзделген педагогикалық технологиялар (Л. Н. Толстой, А. Кушнир, М. Монтессори технологиялары жатады) ;

2. Оқушының белсендi болуына, проблемалық жағдайда одан шығуды үйрететiн - оқушы әрекетiн белсендiру мен интенсификациялау негiзiндегi педагогикалық технологиялар

(оған Е. И. Пассовтың коммуникативтiк оқыту технологоиялары, В. Ф. Шаталовтың тiрек сигнал конспектiлерi негiзiндегі оқыту технологиясы, проблемалық оқыту технологиялары жатады) ;

Slide 11

Білім берудегі технологиялар:

Дамыта оқыту технологиясы - оқушыны жан-жақты ізденуге, өзіндік ой-тұжырымдарын жасай алуға үйретеді.

Дамыта оқыту - бұл оқу үрдісінде оқушының барлық мүмкіндігінің толық іске асуына негіз болатын бағдарлы оқыту болып табылады. Дамыта оқыту теориясы Г. Пестолоцкий, А. Дистервек, К. Ушинскиден басталған.

Бұл теорияны алғаш негіздеп дәйектеген Л. С. Выготский болса, кейіннен Л. В. Занков, В. В. Элконин, В. В. Давыдов, И. А. Менчинский т. б.

тәжірбиелік-эксперименттерінде әрі қарай жалғасын тапты.

Slide 12

Дамыта оқыту тұлғаның барлық қасиетін тұтас бірлікте дамытуға негізделген. Дамыта оқытудың барысында оқушылардың:

Ойлау дәрежесі артады

Байқампаздық қабілеті дамиды

Ізденушілік, зерттеушілік қасиеі жанданады

Пікір алмасу мен өз тұжырымын жасауға ұмтылады

Тұлғаның өзіндік үні «менің ойымша», «егер мен болсам», т. б. қалыптасады

Өз бетінше жұмыс істеуге ұмтылады

Шығармашылық қабілеті дамиды

Өзіне деген сенімі артады

Slide 13 Slide 14

Деңгейлеп оқыту технологиясы

Деңгейлеп оқыту технологиясы дегеніміз - әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту, тәрбиелеу бағытында жүзеге асатын технологияның түрі. Деңгейлеп оқытуда мұғалім ақпарат беруші және ұйымдастырушы, кеңес айтушы қызметін ғана атқарады.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - оқытуды оқушының әр түрлі топтарына, ерекшеліктеріне сай бейімдеу, ыңғайлау. Оқушылардың өзіне деген сенімділіктерін қалыптастыра отыра, деңгейлік шығармашылық тапсырмалар және жазба жұмыстарын орындау арқылы шығармашылық деңгейге көтерілуін анықтау.

Slide 15

В. П. Беспалько деңгейлеп, саралап оқытудың жаңа жолдарын ұсынып, оны төмендегідей деңгейлерге жіктеді:

Бірінші - оқушылық деңгей. Аталған деңгейде ұсынылатын тапсырмалар бағдарлама талабына сәйкес беріледі.

Екінші - алгоритмдік деңгей. Бұл деңгейде тапсырмалардың мазмұны күрделендіріле ұсынылады.


Ұқсас жұмыстар
Басқару субъектісінің қызметтері
Менеджмент әдістері мен қызметтері
Оқытудың белсенді формасы мен әдістері
Қазақ тілі оқушы саны
Педагогикалық білім берудегі жетістікті инновация түсінігі және өзектілігі
Smart білім берудің мақсаты
Оқытудың компьютерлік технологиясы
Оқытудың инновациялық әдістері
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОЛДАРЫ
Биология курсын оқытуда заманауи технологияларды пайдаланудың психология-педагогикалық негіздемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz