Кеңестік психология ғылымының даму бағыттары


Slide 1

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Психология ғылымының қалыптасуы мен даму бағыттары.

Тобы:113-37

Орындаған:

Қабылдаған:Баймханова Айнұр

Slide 2

Жоспар:

Психология ілімдерінің даму тарихы.

Қазіргі шетел психологиясының даму бағыттары.

Кеңестік психология ғылымының қалыптасуы мен дамуы.

Қазақстанда психология ғылымының даму бағыттары.

Slide 3

Психология

Бізге дейінгі ерте кезде, ғасырлар қойнауынан бізге жеткен жазба ескерткіштердің материалдары дәлелдегендей, психологиялық құбылыстарға қызығушылық адамдарда өте пайда болды. Ол біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықтың орта кезінен бастап қалыптасты, оған ертедегі грек философтары Демокриттің, Платонның, Аристотельдің және басқаларының ғылыми трактаттары дәлел болып табылады.

Көптеген ертедегі ойшылдардың көзқарастарына ортақ болған «психология» сөзінің орнына «жан» ұғымын қолданады және ерекше мәнді құбылыс ретінде қарастырады

Slide 4 Slide 5

Материалистік бағыт

Демокрит дүниенің атомистік сипатын ұсына отырып, «жанды» ұсақ және қозғалғыш атомдардан тұратын материяның ерекше түрі ретінде қарастырады.

Адамдарда пайда болатын әртүрлі түйсіктер мен сезімдерді Демокрит әртүрлі атомдарды бір-бірімен біріктіру нәтижесінде алынатын субъективтік нәтижелер деп бағалады.

Жан денені тастап кетеді де қайтіп оралады. Дененің әртүрлі бөліктерінде жанның атомдарының әртүрлі саны болады, оның ішінде мида, жүректе, бауырда көп мөлшерде кездеседі.

Slide 6

Идеалистік бағыт

Платонның шәкірті - Сократ «жанды» материалистік бағыттың өкілдерімен салыстырғанда басқаша түсіндірді.

Ол мәңгі бақи және өзгермейтін заттардан тәуелсіз идеялардың өмір сүретінін ұсынды.

Платонның ойынша, жан идеялар мен материалдық дененің арасында өмір сүреді, оларды біріктіріп тұрады, жан-заттар дүниесінің туғызған жемісі емес, идеялар дүниесінің жемісі.

Жанның барлық бөліктері, Платон бойынша, бір-бірімен тиімді арақатынаста болуы тиіс, ал егер оның арақатынасы бұзылатын болса, онда оның психика мен мінез-құлықта әртүрлі ауытқушылықтар пайда болады.

Slide 7

Аристотель

Аристотельдің көзқарасы алғашқы жан туралы ілімнің шыңы болып табылады.

Ол - алғашқы «Жан туралы» ғылыми-психологиялық еңбектің-трактаттың авторы.

Аристотель бойынша, жан - тірі материяға тән жанды бастама. Аристотель адамда болатын негізгі 5 сезім органдарын атап көрсетті: көру, есту, тері, дәм, иіс.

Оларды алғаш рет ғылыми тұрғыддан түсіндіруде сіңірген еңбегі ерекше.

Егер де жан болмаған болса, Аристотельдің айтуынша, бүкіл тіршілік болмаған болар еді.

Slide 8

Қазіргі шетел психологиясының даму бағыттаыры.

Slide 9

Бехевеоризм

ХХ ғасырдың бас кезінде жоғарыда келтірілген себептерге байланысты қалыптасқан психологиялық бағыттардың бірі.

Бихевиоризм теориясының негізгі зерттеу нысаны сана емес, адам мінез-құлқы болып табылады.

Мінез-құлық психологиясы АҚШ-та ерекше дамыды.

Бихевиоризм бағытының көрнекті өкілі америка ғалымы, әрі психологы Джон Уотсон (1873-1958) болды.

Ол дәстүрлі психологияның пәнін, жан құбылыстарын жаңа мінез-құлық психологиясымен өзгерту қажеттігін ұсынды.

Бихевиоризм behaviour - деп аталатын ағылшын сөзінен шыққан, қазақшалағанда мінез-құлық мағынасында қолданылады.

1913 жылы америка психологы Джон Уотсон психологияны мінез-құлық туралы ғылым ретінде қарасты.

Slide 10

Гештальпсихология

Немістің Ge” talt деген сөзінен шыққан, қазақшалағанда бейне, құрылым, түр деген мағынаны білдіреді.

Психологиялық бағыт ретінде Германияда пайда болды және ХХ ғасырдың бірінші жартысында көптеген Еуропа елдерінде жүргізіліп жатқан психологиялық зерттеулерге ерекше әсер етті.

Бұл бағыттың көрнекті өкілдерінің ішінде М. Вертгеймердің, В. Келердің, К. Левиннің және т. б. есімдерін атауға болады.

Гештальтпсихологтар психикалық құбылыстардың қиын да тұтас жүйесін қалыптастырудың өзіндік заңын өмір сүруі және жұмыс істеуі туралы айтқан болатын.

Slide 11

Психоанализ (Фрейдизм)

Негізін қалаған австриялық психиатр және психолог Зигмунд Фрейд

Зигмунд Фрейд - адам туралы психологиялық білімді жаңа өмір шындығымен толтыруға, практикалық психологиялық, ең алдымен психотерапевтік міндеттерді шешу үшін пайдалы теорияны құруға және ақпаратты қабылдауға ұмтылды.

Фрейдизм үшін негізгі ұғымдарға «сана» және «санасыздық» жатады.

Психоталдау бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін, 20-жылдары кең өріс алды. Жеке тұлғаның құрылымында Фрейд санасыздыққа ерекше көңіл бөлді және зерттеу нысанына айналдырды.

Slide 12 Slide 13

Когнитивтік психология

Бұл бағыт 60-жылдары АҚШ-та пайда болды.

Ол негізінен бихевиоризмге, танымдық үрдістер мен танымдық дамуды жоққа шығаруға қарсы бағытталды.

Когнитивтік психологияның белгілі өкілдеріне Дж. Брунер, Д. Норман, Л. Фестингер, Ф. Хайдер, У. Найсер. П. Лиднсей, Г. Саймон жатады.

Қазіргі кезде бұл бағыттың бірнеше нұсқалары қалыптасты. Кеңінен тараған бағыттарының бірі - есептеу нұсқасы.

Когнитивтік психологияның негізгі зерттеу саласы таным үрдістері - ес, тіл мен сөйлеудің психологиялық негіздері, қабылдау, есептерді шешу, ойлау, зейін, қиял және когнитивтік даму.

Slide 14

Ол бихевиоризмге және психоталдау теорияларына қарсы бағытталған еді.

Гуманистік бағыттың белгілі өкілдерінің бірі Абрахим Маслоу болды.

А. Маслоу адам іс-әрекетінің, мінез-құлқының қайнар көзі адамның үздіксіз өзін-өзі танытуға, өзін-өзі анықтауға ұмтылуы деп түсіндірді, өзін-өзі айқындауға қажеттілік әртүрлі қызметті қамтиды: бұл гуманистік қажеттілік, демек, адамға жақсылық істеуге ұмтылу

Маслоу Ч. Дарвин теориясын өзінше түсіндірді. Ол Дарвиннің агрессивті және күшті жануарлар өмір сүре алады, өмірге бейімделеді, икемделеді деген көзқарасымен келіспейтіндігін дәлелдейді.

Гуманистік психология

Slide 15 Slide 16

Кеңестік психология ғылымының даму бағыттары

Біздің елімізде психология ғылымының жаңа бағытын талдауға алғашқылардың бірі болып сұраныс берген, сол кездегі әлемде үстемдік еткен бағыттардан өзгеше, аса көрнекті орыс физиологы И. М. Сеченовтің еңбектері болып табылады.

Ол материалистік бағытты ұстана отырып, психикалық құбылыстар ағзаның рефлекторлық қызметінің құрамына кіретіндігін көрсетті, рефлекстің бөлінбейтін бөлігін құрайды, сонымен қатар органикалық үрдістер ретінде мінез-құлықты басқарады.

Slide 17 Slide 18

Негізгі еңбектері

Б. Г. Ананьев

Ленинград университетінде психология факультетін құру және «Ленинград психологтарының мектебі» атымен біріккен белгілі ғалымдардың үлкен тобын даярлау

С. Л. Рубинштейн мен А. Н. Леонтьев

Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университетінде психология бөлімі мен факультетін құруда ерекше ұйымдастырушылық рөл атқарғандығын

А. Н. Леонтьев

Психологиялық «іс-әрекет теориясы» деп аталатын жаңа психологиялық теорияның негізін салды

А. В. Запорожец Д. В. Эльконин

Балалар психологиясының негізін қалады

С. Л. Рубинштейн

Жалпы психология негіздері» атты іргелі еңбекті дайындап, бастырып шығарды (1942, 1946ж) .

А. Р. Лурия

Жоғары психикалық қызметтің анатомиялық-физиологиялық негіздерін зерттеді.

Е. Н. Соколов

Зейіннің нейрофизиологиялық негізінің құрылымына кіретін бағдарлы рефлексті ашты және сипаттап берді.

Slide 19

Қазақстанда психология ғылымының даму бағыттары.

Қазақ психология тарихын зерттеумен көптен айналысып жүрген көрнекті психолог-ғалым Жарықбаев Құбығұл Бозайұлы Қазақстанда психология ғылымының қалыптасуы мен даму тарихын үш кезеңге бөліп қарастырады.

Кеңес үкіметі орнағанға дейінгі қазақ психологиясы - бұл кезең психология ғылымының ілкі бастауы (ХV-ХХғ. )

Марксистік кеңестік психология деп аталады (1920-1990)

Егемен, тәуелсіз Қазақстан жағдайында қалыптасқан ғылыми психология дамуының жаңа кезеңі (1991-2006) .

Slide 20

Әбу Насыр әл-Фараби

Алғашқы психологиялық ой-пікір қазақ топырағында дүниеге келген шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби ғылыми еңбектері мен философиялық трактаттарынан бастау алады.

«Ақыл-ой туралы»

«Темперамент туралы»

«Түс көру туралы сөз»

«Жанның мәні туралы»

«Ақыл-ой және ұғым»

«Жас өспірімнің ақыл ойы туралы кітап»

«Ересектердің ақыл-ойы туралы кітап»

Slide 21

Жүсіп Баласағұн

Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» (Құт негізі - білік) еңбегі көне түркі тілінде жазылған дастан, ол психологиялық ой-толғаныстарға өте бай. Отбасы тәрбиесі - бала мінез-құлқы мен психологиялық бейнесін қалыптастырудағы негіздерінің негізі.

Жүсіп Баласағұнның «Тіл адамның даңқын асырады», «Адам ол арқылы бақыт табады», «Тіл адамға жапа шектіреді», «Абайламаса, басынан да айырады», «Жақсы болғың келсе, жаман сөз айтпа» деген мәтелдердің психологиялық мәнін ашып көрсетті.

Жүсіп Баласағұнның айтуынша, үлгілі тәрбиенің негізі - білім, әдет-дағдыларға машықтандыру.

Slide 22

Моральдық-психологиялық сипаттағы ой-пікірлер ортағасырлық ғұлама-ойшылдар Махмұд Қашқари, Ахмет Жүгінеки, Ахмет Яссауи, Сәйф Сараи, Мұхаммет Хайдар Дулати, Қ. Жалаири еңбектерінде жан-жақты баяндалады.

Сонымен қатар қазақтың ақын-жыраулары Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз жырау, Доспанбет жырау, Жиембет жырау, Бұқар жырау, Ақтамберді жырау, Шал ақын, Дулат Бабатайұлы, Махамбет Өтемісұлы еңбектерінде адамгершілік-ұлтжандылық қасиеттерді насихаттайтын психологиялық ойлар басым келеді.

Slide 23

Төлеген Тәжібаев

Қазақстанда психология ғылымы саласында тұңғыш рет 1939 жылы Ленинград қаласында «К. Д. Ушинский - Ресейдегі педагогикалық психологияның негізін салушы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

Көп жылдар қазақ ағартушылары Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсариннің психологиялық және педагогикалық көзқарастарын зерттеуге арналған бірнеше монографиялық еңбектер жазды. Ол 1962 жылы тұңғыш рет Қазақстанда педагогика тарихынан докторлық диссертация қорғады.

Психология бөлімін ашуда және психологиядан ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде, қазақ психология ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан белгілі ғалым, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, дипломат.

«Жалпы психология» оқулығы «Қазақ университеті» баспасынан 1992 жылы жарық көрді. Еңбекте психология ғылымының теориялық негіздері жан-жақты баяндалады.

Slide 24
Ұқсас жұмыстар
Психология тарихы. ХХ ғасырдың 2 жартысындағы психологияның жаңа бағыттары
Психология ғылымының тың серпілістері
Адам психикасы және Психология гылымының даму тарихы
Мамандыққа деген махаббат пен карьерист болу екеуі біздіңше екі бөлек нәрсе
Аймақтық әлеуметтік - инновациялық университеті
ПСИХОЛОГИЯ ТУРАЛЫ ІЛІМНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Психология ғылымы, даму тарихы
Психология ғылымының даму тарихы туралы ақпарат
Психология мәселелері
Психология жан туралы ғылым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz