Ойлау - жалпы


Slide 1

Орындаған:Алтынбек Әсел

Тобы: 113-37

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ойлау

Slide 2

Г. Эббингауз ойлауға өзінше анықтама бере отырып, бұл процесс адамның тұрақты идеясы және құйын мен идеялык шабысы арасындағы құбылыс деп бағалады.

Ойлаудағы құйын мен шабыс жайыңдағы Эббингауз бен оның пікірлестерінің бағытын біздер ассоциация психологаясының шарықтау шегіне жеткен көрініс деп атаймыз.

Г. Эббингауз

Slide 3

Ойлау-

жалпы психологияның негізгі бөлімдерінің бірі.

жоғары психикалық функциялардың бірі болып табылады

Өзіндік ішкі қарама -қарсы қайшылықтарға толы процесс.

тұлға рефлексиясының

қажетті құрылымы және өзі осы рефлексияның объектісі

Slide 4

Ойлау дегеніміз - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызды жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.

Ойлау - бұл ерекше дәл, терең толық жалпы және жанама түрді шындықты бейнелеуге негізінен біздің түйсінуіміз бен қабылдауымызға мүмкін болмайтын заттар мен құбылыстардың арасындағы мәнді байланыстар мен қатынастарды бейнелеуге бағытталған сананың қызметі

Ойлау - дербес процесс. Ойлауды психологиялық тұрғыдан зерттеу дегеніміз-оның ішкі, танымдық құпия мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету, яғни психология детерменизм принципіне сүйене отырып, ойлаудың мәнін зерттейді, әрбір адамның өзіндік ойлау ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді.

Slide 5

Ойлаудың негізгі үш түрі кездеседі

Ұғым - бұл заттар мен құбылыстардың жалпы және маңызды қасиеттерін бейнелейтін ойлаудың түрі. Ұғым бір-бірімен байланысты зат туралы түсніктерден -оның қасиеттері, жағдайлары, байланыстарыжәне қатынастарынан тұрады. Әрбір зат, әртүрлі көптеген қасиеттерді, белгілерді иеленеді. Түсініктердің жиынтығы ұғымды ашып көрсетеді және осы ұғымның мазмұнын құрайды. неғұрлым заттың маңызды белгіліері осы түсініктерде байқалса, соғұрлым мазмұны жағынан ұғым терең болады. Екі түрлі ұғымның түрі кездеседі: заттық немесе нақтылы және дерексіз.

Заттың нақтылы ұғымы дегеніміз- заттарға тұтас түрде қарау. Мысалы: адам, өсімдік, жануар т. б.

Дерексіз немесе абстрактылы ұғым дегеніміз - ұғымдардың заттар мен құбылыстарға тұтас түрде қарамай, тек жеке қасиеттерге, сапаларға және жағдайларға қатысты. Мысалы:адамгершілік туралы ұғым, ақша туралы ұғым т. б.

Slide 6

Пікір - зат жөніндегі нақты таным, оның қандай да бір қасиетін, қатынастарын, мақұлдау немесе теріске шығару.

Ой қорытындысы - бұл тарихи қалыптасқан ойлаудың логикалық түрі, ол арқылы бір немесе бірнеше белгілі пікірлерден жаңа пікір туады. Ой қорытындысы үшке бөлінеді: индукция, дедукция және аналогия (ұқсастық) .

Slide 7

Ой тәсілдері түрлерінің схемасы

Ой тәсілдері

Талдау ( анализ) бүтінді бөлшектеп, майдалау, мүшелеу, белгілерге бөліп қарау. Адам өзінің күнделікті әрекетінде заттар мен нәрселерді алдымен бөлшектеп, талдап отырады

Жинақтау (синтез) деп - ой арқылы бүтіннің белшектерін біріктіріп, оны бүтінге айналдыруды айтады. Анализсіз синтез, синтезсіз анализ болмайды, Бұл екеуі - бірінен-бірі ешқашан ажырамайтын ой процесінің негізгі компоненттерінің бірі

топтастыру

жүйелеу

абстракциялау

жалпылау

салыстыру

табиғи

жасанды

Slide 8

Абстракциялау дегеніміз - ұғымдардың кездейсоқ белгілеріне көңіл аудармай, тек маңызды ерекшеліктерін оқшаулап бөліп алу.

Нақтылау - ойдың жалпы және дерексіз күйден мазмұн ашуға керек болған көрнекі зат пен деректі мысалға ойысуы. Яғни, жалпы ұғымдардан жалқы, нақты ұғымдарға көшу.

Топтастыру - заттар мен құбылыстардың, жағдайлардың топқа және шағын топтарда белгілеріне қарай ойда топтастыру және біріктіру. Топтастыру 2-ге бөлінеді: табиғи және жасанды.

Салыстыру - бұл әр түрлі заттар мен құбылыстардың не ойлардың бөліктері арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды білуге бағышталған ой-әрекет. Салыстырудың түрлері: а) бір жақты; ә) көп тарапты; б) үстірт және тереңдей; в) тікелей және жанама.

Жалпылау - бұл отбрасывание бірлі-жарым белгілері сақтай отырып, ортақ көрсете отырып, елеулі байланыстар. Қорыту жасалуы мүмкін салыстыру арқылы, ол кезде бөлінеді жалпы сапасы. Осылайша жасалады қорыту қарапайым нысандары ойлау. Неғұрлым жоғары нысандарда қорыту жасалады ашу арқылы қарым-қатынас және заңдылықтары.

Slide 9

Ойлаудың дара ерекшеліктері

Ойдың мазмұндылығы- заттар мен құбылыстар, шындықтың салалары туралы сананың пікірлер мен және ұғымдармен жеткілікті болу дәрежесін айтамыз. Адамда неғұрлым ой көп болса және неғұрлым әртүрлі болса, соғұрлым оың ойлауы мазмұнды және бай келеді. Бірақ ойлаудың мазмұндылығы тек бар ойлаудың сапалық жағымен ғана сипатталып қоймацды, сонымен қатар осы ойлауда бейнеленеді. Сондықтан да ойдың мазмұндылығына тек байлығы емес, сонымен қатар оның тереңдігі жатады.


Ұқсас жұмыстар
Критикалық ойлау
Ойлау қабілеті
Ойлау түсінігі
ОЙЛАУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ТУРАЛЫ
Ойлау - дербес процесс
Тіл мен ойлау
Ойлаудың адам дүниетанымындағы маңызы
Тұжырымдамаға дейінгі ойлау
Тіл мен таным бірлестігі
Когнитивтік лингвистика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz