Асқорыту мүшелері




Презентация қосу
Оңтүтік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті.

Ас қорыту мүшелері

Орындаған: 113-37
Алтынбек Ә
Даулет Қ
Асқорыту мүшелері
Асқорыту мүшелері мен асқорыту бездері
қосылып асқорыту жүйесін құрайды. Асқорыту
жүйесінде тағам әр түрлі механикалық және
химиялық өзгерістерге ұшырайды. Тағам
құрамындағы нәруыздар, майлар, көмірсулар
суда ерімейді. Сондықтан олар қан мен лимфаға
өте алмайды. Асқорыту бездерінен бөлінген
сөлдің әсерінен ыдырауы химиялық өзгерістерге
жатады.
Ауыз қуысы— ас (азық)
корыту жүйесі бас
бөлімінің алдыңғы бөлігі.
Ауыз қуысының сүйектік
негізінен: тұмсық сүйек,
жоғарғы жақ сүйек,
тандай сүйек, төменгі жақ
сүйек, тіл асты сүйек
құрайды. Ауыз қуысының
жоғарғы және төменгі
еріндер аралығындағы
кіреберіс тесігін — ауыз
саңылауы, ал оның тіл
түбірі мен жұмсақ таңдай
аралығындағы
жұтқыншаққа шығатын
тесігін — есін деп
атайды.
Жұтқыншақ
Жұтқыншақ - түтік пішінді қуыс, бұлшықетті мүше,
көлденеңжолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады.
Жұтқыншақ мойын омырт-қалардың алдыңғы
жағында орналасқан. Ересек адамда оның
ұзындығы, шамамен 11—13 см. Жұткыншақтың
төменгі бөлігі әрі өңешпен, әрі көмекеймен
байланысады. Жұтылған тамақ жұтқыншақ арқылы
өңешке түседі. Тыныс алғанда ауа жұтқыншақ
арқылы көмекейге өтеді. Жұтқыншақ аркылы тамақ
та, ауа да өтеді. Сондықтан ол әрі асқорыту, әрі
тынысалу мүшелер жүйесіне жатады.
Өңеш
Өңеш — ұзындығы 25 сантиметрдей
іші қуыс бұлшықетті мүше. Оның
жоғарғы бөлімі жұтқыншақпен,
төменгі бөлімі қарынмен жалғасады.
Өңешті астарлап жатқан сілемейлі
қабықшасы көп қабатты эпителиймен
қапталған. Эпителийлердің ұзын
қатпарлары тамақ өткен кезде өңешті
кеңейтеді. Бұлшықеттердің толқын
төрізді оқтын-оқтын жиырылуы
нөтижесінде тағам қарынға түседі.
Өңеш көкеттің ортасындағы тесіктен
өтіп, құрсақ қуысындағы қарынмен
жалғасады.
Асқазан
Қарын — құрсақ қуысының жоғары бөлімінің сол жағында,
көкеттің астында орналасқан асқорыту жолының кеңейген мүшесі.
Қарын - іші қуыс қалың бұлшықетті мүше. Ол жоғарғы жағынан
өңешпен, төменгі жағынан аш ішектің басталар жері ұлтабармен
жалғасады. Қарынның ішкі жағын астарлап жатқан қатпарлы
сілемейлі (шырышты) қабықшасы оның көлемін үлкейтеді.
Асқазан аурулары
Асқазанаурулары — өңеш пен 12 елі ішек
аралығына орналасқан ас қорыту органының
қалыпты қызметінің бұзылуы. А. а-ның ішінде:
асқазанның қабынуы, асқазан жарасы, асқазан
рагы жиі кездеседі. Асқазан қабынуының жедел
және созылмалы түрі белгілі. Жедел қабыну
кейбір дәрілерден, арақ-шараптан, шәй, кофені
қою ішуден, тамақты өте ыстық немесе суық
жеуден және бұзылған тағамды жеп уланудан
пайда болады.
Аш ішек
Аш ішек - қарын мен тоқ ішекті жалғастыратын
түтік пішінді бұлшықетті мүше. Оның ұзындығы
ересек адамдарда 5,5-6 метрдей. Аш ішектің
қарыннан басталған 25—30 сантиметрдей бөлімі -
улта-бар (он екі елі ішек) деп аталады. Ұлтабарға
бауырдан келетін от қабының өзегі және үйқыбездің
де өзегі ашылады. Аш ішек ирелеңдеп орналасқан.
Оның ішкі қабырғасында көптеген сақина пішінді
қатпарлар бар. Сонымен бірге ашішектің сілемейлі
қабықшасында тұйық әскін түріндегі бүрлер өте көп.
Тоқ ішек
Тоқішектің ұзындығы 1,5-2
метрдей, аш ішектен екі еседей
жуан. Тоқ ішектің аш ішектен
басталған жері бу йен деп
аталады. Ол он жақтағы мықын
тұсында орналасқан. Бүйеннің
томенгі шетінде ұзындығы 7-8
см-дей құрт пішінді түйық өскін
соқырішек (аппендикс) болады.
Оны аппендикс (лат. «арреndіх» -
қосалқы) деп атайды. Ол лимфа
жүйесіне жататын мүше. Оның
қабынуынан болатын ауру -
сокырішек (аппендицит) деп
аталады.
Ішек аурулары
Фибринозды қабыну ішектегі некрозға байланысты
дамып, осы жерде ақшыл-сұр түстегі перде түзіледі, олар
көшіп түскенде орнында жара қалады.
Іріңді (флегмонозды) қабынуда ішектің барлық
қабаттарына іріңді экссудат сіңіп қалады. Қабыну
ішастарға өтіп кетсе, перитонит дамиды.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕ
РАХМЕТ

Ұқсас жұмыстар
Асқорытудың маңызы. Тістің құрылысы
Асқорытуды реттеу
Асқорыту мүшелері Асқорыту мүшелері мен асқорыту бездері
Жануарлардың Ас қорыту жүйесі
ЖІҢІШКЕ ІШЕК
Ұрық жапырақшаларының туындылары
АУЫЗ ҚУЫСЫ
Жануарларда Өзге жүйе мүшелері
Асқорыту жүйесі.Сүт тістерінің құрылыс ерекшелігі
Асқазан сөлінің ферменті пенсин
Пәндер