Сымсыз желі


Slide 1

Компьютерлік желілер мен олардың жіктелуі

Пән: Экономикалық информатика

Орындаған: Ысқақ Гүлім

Тексеген: Утегенова Айгуль

Slide 2

Компьютерлік желі

​Компьютерлік желі - коммуникациялық құрылғыларды (дисктер, файл, принтер) тиімді пайдалану мақсатында бірыңғай деректерді алмасу арнасына біріккен компьютерлік желілер тобы.

Slide 3

Желілерді таралу ерекшелігіне байланысты 4 түрге бөлуге болады.

​1. Аумақтық таралуына;

​2. Тиістілігіне;

​3. Деректерді тасымалдау жылдамдығына;

4. Деректерді тарату ортасына қарай бөлінеді.

Slide 4

Аумақтық таралуына қарай бөлінуі

Дүниежүзілік желі

Корпоративтік немесе аймақтық желі

Жергілікті желі

Slide 5

Жергілікті желі

шектеулі аймақта (бір бөлмеде, мекемеде, зауытта т. с. с. ) орналасқан компьютерлерді біріктіреді. Жергілікті желі құрудың негізгі мақсаты - өндірістік процестерді автоматтандыру, керекті құжаттарды жедел өңдеу мен ақпарат алмасуды жылдамдату. Жергілікті желіге қосылған әрбір компьютер кабельдер арқылы желілік бейімдеуіш (адаптер) көмегімен байланысқа түседі.

Slide 6

Корпоративтік немесе аймақтық желі

бір қала немесе аймақ көлемінде компьютерлердің бір жүйеге бірігуінен пайда болатын желіні айтамыз. Корпоративтік желі - ірі компаниялар, банктер, басқа да құрылымдардың пайдалануы үшін өте ыңғайлы желі. Белгілі бір ұйым немесе мекемеде өзара электронды құжат алмасулар үшін аймақтық желіні қолданады. Аталған желі арқылы олар өзара байланысқа түсе алады.

Slide 7

Дүниежүзілік желі

дүниежүзі бойынша компьютерлерді ортақ бір арнаға біріктіру арқылы байланыс жасауды айтамыз. Қазіргі кезде мұндай желі интернет болып табылады. Интернет желісі арқылы бір уақытта, бір мезетте миллиондаған пайдаланушылар өзара қарым-қатынасқа түседі. Желідегі компьютерлер жұмысын арнайы программа басқарады. Желідегі компьютерлер бір-бірімен ақпарат алмасу кезінде бәріне ортақ ережемен, өзара түсінікті тілде байланыс жасауы керек. Осы ортақ ережені желілік хаттама деп атайды.

Slide 8

Тиістілігіне қарай бөлінуі

Ведомстволық желі

Мемлекеттік желі

Ішкі істер органдары, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Кеден қызметі сияқты мемлекеттік мекемелерге қарасты желілер.

Бір ұйымға немесе мекемеге тиісті болады.

Банкоматтар, теміржол кассалары;

Театр кассасы және т. б.

Slide 9

Деректерді тасымалдау жылдамдығына қарай бөлінуі

1. Төменгі жылдамдықта (10 Мбит/с-қа дейін)

2. Орташа жылдамдықта (100 Мбит/с-қа дейін)

3. Жоғары жылдамдықта (100 Мбит/с-тан жоғары) тасымалданады.

Slide 10

Деректерді тарату ортасына байланысты бөлінуі

Кабельдік арналар арқылы;

Сымсыз арналар арқылы таратылады.

Slide 11

Кабельдік арналар

Есулі қосақталған (витая пара) кабельдер бір немесе бірнеше сымдардың бірігуімен өрілген өткізгіштерден тұрады. Кабельдердегі электромагниттік кедергілерді бәсеңдету үшін өткізгіштерді бір-біріне жұптап өреді. Бұл кабельдер арзан әрі кедергілерге төзімді. Тарату жылдамдығы 1000 Мбит/с. Мұндай кабельдерді жергілікті желілерді құруда қолданады.

Slide 12

​Коаксиалды кабель - жергілікті желілерде қолданылатын кабельдің бір түрі. Оның тұрпаты бір-біріне кигізілген цилиндрге ұқсайды. Ол мыстан жасалған екі өткізгіштен тұрады. Кабельдің бұл түрі есулі қосақталған кабельдерге қарағанда әртүрлі кедергіге төзімді. Деректерді тарату жылдамдығы - 50-100 Мбит/с. Байланысқа қабілетті ұзындығы бірнеше километрге дейін жетеді.

Slide 13

Оптикалық талшық - шыны немесе пластикалық жіп. Оның қызметі деректерді тасымалдауда жарықтың таралуы жылдамдығына негізделген. Оптикалық талшықпен байланысқан желі алыспен байланыс жасауда қолданылады. Негізгі ерекшелігі - сигналдар жоғалмайды, бөтендер рұқсатсыз қосылмайды. Деректерді тасымалдау жылдамдығы жоғары (3 Гбит/c. ) .

Slide 14

Сымсыз желі

Радиотехника дамуының бастапқы сатысында «сымсыз» (wireless) терминін радиобайланысты түсіндіру үшін қолданған, яғни деректерді тасымалдау сымсыз жүзеге асатын барлық жағдайларға қатысты айтылған болатын. Wi-Fi технологиясы қазіргі таңда компьютерлер байланысы саласындағы болашағы зор технологиялардың бірі деп танылуда. Wi-Fi (Wireless Fidelity) - ағылшын тілінен аударғанда “сымсыз дәлдік” деген мағына береді. Алғашында Wi-Fi құрылғысы дәстүрлі кабельдік желілердің орнына қолдануға арналған болатын. Кабельдік желілерді құру қиын болған жерлерге сымсыз желілерді уақытша желі ретінде пайдаланған (1-сурет) . Мысалы, көрмелер, конференциялар ұйымдастыратын кабельдік желі тартылмаған ғимараттарда қолданған. Кейіннен «сымсыз желіні» көпшілік орындарда, кафе, мейманхана, әуежайларға орнату арқылы келіп-кетушілердің интернетпен жұмыс жасауына толық жағдай жасау үшін қолдану дәстүрге айналды.

Slide 15

Байланыс арналары:

Радиобайланыс 100 м қашықтыққа тарайды (11 Мбит/с -54 Мбит/с)

Инфрақызыл сәулеленуі (5 - 10 Мбит/с)

Инфрақызыл лазерлер (100 Мбит/с)

Slide 16

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Ethernet Wi-Fi/1EEE 802.11b стандарты.Сымсыз желідегі логикалық топология. Стандартты тополгия және бөлінетің аумақ IEEE 802.x стандарттардың структурасы
Жергілікті желінің физикалық негізі
Желілік кабельдердің түрлері
Жұлдызды топология желілерінің кемшіліктері
ТЕЛЕФОН ЖЕЛІСІ
Желілік адаптер
Кең жолақты берілу
ЖЕЛІЛІК КАРТАЛАР АНЫҚТАМАСЫ
Компьютерлік желі. Интернет туралы негізгі түсінік
Компьютерлік желілер классификациясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz