Болашақ шетел тілі пəні мұғалімдерінің шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Презентация қосу
Болашақ шетел тілі
пəні мұғалімдерінің
шығармашылық
қабілетін қалыптастыру
Какенова Айдана Бекболатовна
Білім алушы қандай жағдайда креативті бола алады?
Білім алушыларды шығармашылыққа бағыттауда мынандай мәселелер қарастырылуы тиіс:
-бағдарламалық-мотивациялық;
-ізденушілік-зерттеушілік;
-тәжірибелік;
-рефлекциялық-бағалаушылық;
Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын
ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау
қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл, әрине білім
алушылардың шығармашылық әрекетін дамытуда маңызды мәселе.Ғылыми зерттеулерге
сүйенер болсақ, олардың шығармашылығын дамытуда шығармашылық тапсырмалар атауы
белгілі екі құрамдас бөліктен тұрады. Шығармашылықты:
-біріншіден, білім алушылар дербес өз бетімен ойдан жаңаны құрастырады,
-екіншіден, жағдай тудырушы материалдар даярлап, шығармашылыққа икемдейтін ғылыми
жетекшілердің қатысуы арқылы қарастырылады.
Білім алушыларды келесі жұмыстар арқылы шығармашылыққа
баулуға болады :
-сюжетті сурет бойынша әңгіме жасау;
-жыл мезгілдерін, табиғат көріністерін көркем тілмен суреттеу;
-мақал-мәтелдер негізінде әңгіме жасау;
-нақыл сөздердің мәнін ашу;
-өз достарының портреттерін суреттеу, мінездеме беру;
-жұмбақ,жаңылтпаш, бейнесөз құрастыру;
-жансыз нәрселерді жандандырып әңгімелеу;
-еркін тақырыпта ағылшын тілінде шығарма, ойтолғау, эссе жазу;
-ұлы адамдардың өміріне байланысты сұрақтар беріп, пікір айту
Шығармашылыққа үйрететін сабақтар-жаңа технологияларды
қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда білім алушыға ерекше
ахуал, оқытушы мен білім алушы арасындағы ынтымақтастық
қатынас сақталады. Осындай оқыту ғана білім алушы интелектісінің
көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Ақпараттық коммуникативтік технология сабаққа дайындалуда қосымша ақпаратты іздеуді кеңейтеді.
Интернеттің іздеу жүйесі арқылы қызықты мәліметтер, көрнекіліктер табуға болады. Сол жағынан да сабаққа
дайындалу барысында әдістемелік көмек береді. Компьютер арқылы тұсаукесер сабақтарын, компьютерлік
формадағы бақылау сабақтарын дайындауға болады.
Сонда, оқу-жүйесінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану мынадай
нәтижелерге қол жеткізеді:
– оқушылар электронды оқулықтармен және интернет желісімен жұмыс істей алады;
– оқушының білімі қысқа мерзімде және кез келген уақытта бағаланады;
– орындаған жұмыстарының қателерін бірден көруге мүмкіншілік тудырады;
– интерактивті тақтаны еркін қолданады;
– ақпараттық мәдениетін дамытады;
– сабақта уақыт та үнемделеді;
– оқушылардың коммуникативтік қабілеттері дамиды;
– зерттеу дағдылары дамиды;
– оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады;
– әрбір оқушының шығармашылық мүмкіндігі ашылады.
Методикалық тәжірибе жинақтау мен тарату барысында АКТ мен интернет желісіндегі
ақпаратты білім көздерінің ықпалы өте зор.
Сондықтан,ағылшын тілі сабағында АКТ элементтерінің негізгі түрлерін пайдаланып
отырған тиімді:
1.Оқулықтарға қосымша шығарылатын аудио материалдар,үн таспалар (дискілер)тыңдау.
2.Фонетикалық жаттығу орындағанда (микрофонмен жұмыс) жасау, оқушының есту, дұрыс
сөйлеу қабілетін арттырады. Графикалық диаграмма дыбысталу кезіндегі мүлт кеткен
кемшілікті көрсетіп тұрады.
3.Видео роликтер,видео жазбалар- күрделі мәтіндерді түсінуге, сөздік қорды
байытуға,сөйлемнің құрылымын дұрыс түсініп,ауыз екі сөйлеу барысында қатесіз қолдануға
пайдалы.
4.Флэш -ойындар,әртүрлі жаттығу жұмыстары арқылы білімдерінің кем-кетігін толықтыруға
ықпал етеді.Грамматикалық қабілеттіліктерін шыңдап, лексикалық сөздік қорды дамытады.
5.Тәжірибеде Power Point мүмкіндіктерін пайдалану, слайд мағлұматтарын тартымды етіп
өңдеу, Word бағдарламасында енгізілген дұрыс қаріптеу командасы,ағылшын тіліндегі мәтінді
қатесіз теруге көмектеседі.
6. Әртүрлі электронды тренажорлар қарым-қатынас мүмкіндіктерін арттырып, сөздік қорды
дамытады және диалогтік оқытуды қалыптастырады.
7.Сондай-ақ әртүрлі электронды тестер арқылы нақты нәтижеге қол жеткізіп, оқушыға
уақытты үнемдеуге,өзін-өзі бағалауға мүмкіндік туады.
Білім алушының шаршауын сейілтіп, қызығуын артыратын сабақ
арасындағы ойын элементтері үлкен рөл атқарады. Ойындар
сабақтың тиімділігін, сапасын арттырумен бірге оқу
белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін дамытады.
Сондай-ақ ойын ағылшын тілінде сөйлеу қабілеті əрекетін
тездетеді, танымын күшейтеді. Ойынды өткізудің
психологиялық- дидактикалық талаптарын оқытушы ескереді.
Осы тұрғыдан ойын жас ерекшелігі мен мүмкіншілігіне сай
жəне тəрбиелік, дамытушылық мəні зор болуы тиіс.
Білім алушылардың дайындық деңгейі мен оқытушылардың
педагогикалық қабілеттілігі (байқағыштығы, зейін аударуы т.б.)
саралап оқытудың формасын тиімді пайдалануға мүмкіндік
береді. Олар бір бағдарлама жəне оқулық негізінде білім
бергенде саралап оқытудың деңгейлік түрін қолдануға негіз
болады.
Қашықтықтан оқыту - бұл білім беру жүйесі үшін шынымен күрделі мәселе. Алғашында
оқушылардың ата-аналары, студенттер де, мұғалімдер де көптеген сындар айтты. ҚР Білім
Министрлігі түрлі сауалнамалар ұйымдастырып, нәтижесінде қашықтықтан оқытудың қол
жетімділігін арттыру үшін қажетті шаралар қолданылды. Қазіргі әлемде адамдар қашықтықтан
оқытуды қалайды. Мамандандырылған интернет-платформалар арқылы сабақтар өткізуге
болатынына көздері жетті. Мектеп оқушыларына арналған жеке, студенттерге арналған жеке, іскер
адамдардың жұмыстарына ыңғайлы түрлі платформада жұмыс істеуге адамдар үйреніп
жұмыстарын атқаруға қалыптасып қалды.
АКТ ны ағылшын тілі сабағында қолдану, интернет технологияларын қолданудың кең
мүмкіндіктерін туғызады:
1.Видоеконференциялар өткізу
2.Шет елдік сайттармен жұмыс жасау
3.On-line тест тапсырмалары шешу
4.Халықаралық телекоммуникациялық жобалар жасау
5. Электронды хаттар арқылы шет елдік достармен араласу.
6.Аудиокітаптармен жұмыс, көркем әдебиет оқу
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz