Ақпараттық қауіпсіздік: анықтама, нысандар және қауіптердің жіктелуі


Slide 1

Ақпараттық қауіпсіздік

Дайындаған: Назарханова Аяулым

Тексерген:Дюсанғали Жансая

Slide 2

Анықтама

Ақпараттық қауіпсіздік - мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі.

Ақпаратты қорғау - ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсінеді.

Slide 3

Ақпараттық қауіпсіздік

Ақпаратты өңдеудің автоматтандырылған жүйесі (АЖ) ретінде келесі объектер жиынтығын түсіну керек:

есептеуіш техника құралдарын;

программалық жасауды;

байланыс арналарын;

түрлі тасушылардағы ақпараттарды;

қызметшілер мен жүйені пайдаланушыларды.

Slide 4

Ақпараттық қауіпсіздіктің қауіптері

Автоматтандырылған жүйенің ақпаратық қауіпсіздігіне қауіп дегеніміз - бұл АЖ өңдейтін ақпараттың конфиденциалдығы, тұтастығы мен қатынау қолайлығының бұзылуына әкеліп соғатын әсерлердің жүзеге асырылуы және де АЖ құраушыларының жоғалуына, жойылуы мен қызмет етуін тоқтатуына келтіретін мүмкіндігі.

Қауіпсіз жүйе - белгілі бір тұлғалар немесе олардың атынан әрекет жасайтын үрдістер ғана ақпаратты оқу, жазу, құрастыру және жою құқығына ие бола алатындай етіп ақпаратқа қол жеткізуді тиісті құралдар арқылы басқаратын жүйе.

Slide 5

Кауіптердің жіктелуі

Пайда болу табиғатына қарай табиғи және жасанды болып бөлінеді. Табиғи -бұл адамға байланыссыз АЖ-ге физикалық процесстер мен табиғи апаттардың әсер ету нәтижесінде пайда болған қауіп. Өз кезегінде жасанды қауіп адамның әрекетінен туындайды. Табиғи қауіптің мысалы ретінде өрт, тасқын, цунами, жер сілкінісі және т. б. айтса болады. Мұндай қауіптің жағымсыз жағы - оны болжаудың қиындығы және мүмкін еместігі.

Ниеттілік дәрежесіне сәйкес кездейсоқ және қасақана болып бөлінеді. Кездейсоқ қауіп қызметшілердің немқұрайдылығынан немесе әдейілеп жасалмаған қателіктерінен пайда болады. Қасақана қауіп әдетте бағытталып жасалған әрекет нәтижесінде пайда болады. Кездейсоқ қауіптің мысалы ретінде байқаусыз деректердің қате енгізілуін, абайсыз жабдықтың бүлдірілуін келтіруге болады. Ал қаскүнемнің физикалық қатынаудың белгіленген ережелерін бұзып қорғалатын аймаққа рұқсатсыз кіру қасақана қауіптің мысалы болып табылады.

Slide 6

Назар аударғандарыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Ақпарат және ақпараттық қауіпсіздік: анықтама мен қорғау негіздері
Ақпараттық технологиялар мен ақпараттық қоғам: ақпараттандыру, ақпараттық мәдениет және қауіпсіздік
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер (ААЖ): анықтама, құрылым, жіктелуі және енгізу кезеңдері
Киберқауіпсіздік: ақпараттық және желілік қауіпсіздік, қатерлер мен стандарттар
Компьютерлік модельдер: анықтама, жіктелуі және қолданылуы
Қазақстанның мемлекеттік табиғи қорықшалары: жіктелуі мен негізгі ботаникалық және зоологиялық нысандар
Әкімшілік-құқықтық нысандар мен мемлекеттік басқару әдістерінің анықтамасы мен жіктелуі
Коммерциялық банктер: қызметтері, жіктелуі және қауіпсіздік жүйесі
Электронды үкімет порталдары: анықтама, қызметтері, құрылымы және қауіпсіздік
Компьютерлік жүйелер мен желілердегі ақпараттық қауіпсіздік: қауптер және қорғау шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz