Базальды ядро


Slide 1

Аралық ми : таламус, эпиталамус, метаталамус, гипоталамус . Үлкен ми сыңарлары . Орталы ми : ми аяқтары және төбесі

Slide 2

Мидың жеке бөліктері

Slide 3

Үлкен ми (ENCEPHALON)

Алдыңғы ми

(telencephalon)

Гипоталамус

Аралық

ми (diencphalon)

Үлкен ми

сыңарлары

Иіс сезу

орталығы

Базальды ядро

Мишық

аяқтары

Метаталамус

Орталық ми

шатырлары

Көпір

Артқы ми

(metencephalon)

Мишық

Сопақша

ми (medulla

oblongata)

Орталық ми

(mesencephalon)

Ромбы тәрізді ми

(rhombencephalon)

Таламус

Эпиталамус

Slide 4

Ортаңғы ми (mesencephalon)

Ортаңғы ми - артқы ми мен аралық мидың арасында орналасқан. Ол алдыңғы ми мен артқы миды бірімен-бірін жалғастырып тұрады. Мидың бұл бөлімі арқылы жоғары және төмен қарай өткізгіш жүйке жолдары өтеді. Теріде пигменттің бояутектің түзілуін реттейді. Кенеттен шыққан дыбыс, жарық тітіркендіргіштерін тез бағдарлауды реттейді. Тізбесі берілген ми бөлімдерінің мишықтан басқалары ми бағанасын құрайды. Одан 12 жүп бассүйек-ми жүйкелері таралады. Бұл жүйкелер көру (II жұп), есту (VIII жұп), көзді қозғаушы (III жұп), кезеген (X жұп) .

Ортаңғы ми, mesencephalon, филогенез үрдісінде негізінен көру рецепторының әсерімен дамиды. Сондықтан оның ең басты түзілістерінің көзді нервтендіруге қатысы бар. Бұл жерде есту орталықтары да түзілді. Ортаңғы мидың екі негізгі бөлігі болады: қыртысасты есту және көру орталықтары орналасатын төбесі мен негізінен өткізгіш жолдар өтетін ми аяқшалары

Slide 5

Ортаңғы ми (mesencephalon)

Slide 6

1. Дорсалды бөлік, ортаңғы ми төбесі, tectum mesencephali. Ол сүйелді дененің артқы шетінің астында жасырынған және айқаса өтетін екі - бойлық және көлденең жүлгелер арқылы жұптаса орналасатын төрт төбешікке бөлінеді. Жоғарғы екі төбешік, colliculi superiores, қыртысасты көру орталықтары, ал екі төменгі төбешік - colliculi inferiores - қыртысасты есту орталықтары болып табылады.

1- төбе табақшасы

2- жоғарғы төмпешік

3- төменгі төмпешік

4- жоғарғы төмпешіктің басы

5- төменгі төмпешіктің сабы

6- мишықтың жоғарғы аяқшасы

Slide 7

2. Вентралды бөлік, ми аяқшаларында, pedunculi cerebri, барлық алдыңғы мидың өткізгіш жолдары өтеді. Ми аяқшалары көпір жиегінен бұрыш жасай ажырап, үлкен ми сыңарлары қабатына бататын екі жуан жартылай цилиндрлік ақ тәж тәрізді

1- көпір

2- көру қиылысы

3- көру жолы

4- ми аяқшалары

5- аяқшааралық шұңұыр

6- артқы тесілген зат

7- емізікті дене

8- сұр төмпек

9- көзқимылдық нерв

10- шығыр нервісі

Slide 8

3. Ортаңғы ми көпіршігінің бірінші қуысының қалдығы болып табылатын ортаңғы ми қуысы - жіңішке өзекше пішінді, ол ми суқұбыры, aqueductus cerebri, деп аталады. Ол IV қарыншаны III қарыншамен қосатын эпендимамен астарланған өзек. Суқұбыр дорсалды жағынан ортаңғы ми төбесімен, вентралды жағынан ортаңғы ми төбесімен, вентралды жағынан ми аяқшаларының жамылғысымен шектелген.

1- көпір

2- мишық

3- 4 қарынша

4- ортаңғы мидың су құбыры

5- ми аяғы

6- ортаңғы мидың төбесі

7- жоғарғы төмпешік

8- төменгі төмпешік

9- көз қозғалтқыш нерв

10- эпиталамус дәнекері

11- томпақ дене

Slide 9

Аралық ми (diencphalon)

Ортаңғы ми мен ми сыңарларының арасында аралық ми орналасқан. Аралық ми төмпешіктен - таламус және төмпешік асты аймақтан - гипоталамустан тұрады.

Төмпешіктің құрамына шығу тегі және функционалдық жағынан өзгеше бірнеше ядролар кіреді. Төмпешік ми қыртысымен екі жақты байланыста болады. Ядроларда барлық эфференттік жұйелерден үлкен жарты шарлар қыртысына баратын өткізгіш жолдардың ақырғы звеносының нейрондары орналасады. Таламус арқылы мидың барлық сезгіш жолдары (иіс сезуден басқа) өтеді. Бірақ, оны жай ғана өткізгіш қақпа ретінде қарастыруға болмайды. Таламуста импульстер өзгеріп, жаңа, түрлі комбинацияға түседі.

Slide 10

Аралық ми

Таламус төменгі түйсік пен эмоцияны жасауға қатысады.

Төмпешік астындағы аймақта-гипоталамуста екі бөлімді айырады. Дорзальдық бөлім - субталамикалық (Люис ядросы) ядродан және сұр заттың басқа майда жиынтықтарынан тұрады. Вентральдық бөлімге көру жүйкенің қиылысқан жерінің үстінде (хиазманың) жататын ядролар (супраоптикалық және паравентрикулярлық), сұр төмпешіктің және оған көршілес жатқан емізікті денелердің ядролары, олардың жоғарғы жағында жатқан артқы гипоталамикалық ядро кіреді.

Гипоталамус ортаңғы мидан өсіп жетілген. Гипоталамус жоғары дәрежелі вегетативтік орталық болып саналады. Мұнда зат алмасуын, жылу түзілуді, жылу беруді, тер бөлуді, аштық және шөл сезімдерін, барлық ішкі мүшелердің қызметін реттеу орталықтары бар. Сонмен қатар, гипоталамуста нейросекреттер түзіліп, гипофиз безінде белсендіріледі. Гипоталамус ішкі секреция қызметін реттеуге қатысады. Ол адамның ұйқысы мен сергектігін реттеуге де қатысады.

Slide 11

Аралық ми

Метаталамус немесе таламусарты аймақ, ол латеральді және медиальді иінді денелерден тұрады. Функционалді ортаңғы мимен байланысқан.

Эпиталамус- таламусүсті аймақ. Бұл аймақта эпифиз немесе томпақ дене қалыптасады. Ол көру төмпесінің медиальді бетінің артқы бөлігін жүгіенмен жалғастырады, олр жүгендер дәнекерін байланыстырады. Уақытылы жынысты жетілуін, организмімнің мезгілдік ритімін, және сонғы мәліметтер бойынша, жасушалар жарғағының өткізгіштігіне ықпал тигізеді.

Slide 12

Аралық ми

Торлы құрылым (ретикулярлық формация) . Бұл сырт пішiнi торға ұқсайтын, бір-бірімен шырмалып жатқан нейрондардан тұрарады. Торлы құрылым ми бағанының ортаңғы бөлігін алып жатыр. Ол бірнеше жүйкелік жолдарды бнтнді афференттік жолдары:

1) жұлын-торлы құрылым жолы, 2) ми-торлы құрылым, 3) ми қыртысы-торлы құрылым; Эфференттік жолдары: 1) торлы құрылым-жұлын, 2) торлы құрылым-ми жолы, 3) торлы құрылым-ми қыртысы жолы. [1]

Торлы құрылымның физиoлoгиялық мaңызы электрофизиологиялық әдiспeн анықтaлды. Торлы құрылымның жұлынның қызметiн күшейтiп, не әлсiрететiн төмен қарай бағытталған әсері; ортаңғы мидың торлы құрылымымен бiрге мидың басқа бөлiмдерiнiң қызметiн күшейтетiн жоғары жаққа қарай бағытталған әсері болады. Торлы құрылымды ми «аккумуляторы» деп атауға болады.

Сопақша мидың торлы құрылымын электр тогымен тітіркендіргенде көптеген жұлын рефлекстерiнiң тежелгенi байқалған. Торлы құрылымды тiтiркендiргенде пайда болатын нәтиже тітіркендіргіштiң күшiне байланысты болған. Әлсiз тітіркендіргішпен торлы құрылымның бiр жақ бөлiгiне әсер еткенде жұлынның сол бөлiгiндегi нейрондар тежелген, ал күштi тітіркендіргішпен әсер еткенде екі бөлiгiнiң де нейрондары тежелген. Және де ондай нәтиже торлы құрылымның вентромедиальды бөлiмiн тітіркендіргенде ғaнa байқалады.

Slide 13

Бас миының үлестері

Мандай үлесі

Төбе үлесі

Шүйде үлесі

Самай үлесі

Slide 14

Мандай үлесінде 2 типті 4 жүлге бар. Орталық жүлге жоғарыдан төменге, бірінен кеййін бірі, төменгі және жоғарғы орталық алдындағы жүлге болады. Олардың арасында және орталық жүлшеде орталық алдындағы қатпар орналасқан. Жоғарғы және төменгі орталық жүлгеден мандай полюсіне горизонталді жоғарғы және төменгі мандай жүлгелері өтеді. Жоғарғысандай жүлгесі мен ми сыңарының медиалді жиегінде жоғарғы маңдай қатпары орналасқан. Мандай жүлгелері ортаңғы мандай қатпарымен бөлінген. Төменгі мандай жүлге астында төменгі маңдай қатпары орналасқан.


Ұқсас жұмыстар
Базофильді лейкоциттер
Шеміршек тіні
Биологиялық мембрана
Бұлшықет ұлпасы туралы ақпарат
Жасуша және оның органоидтары
Көп жасушалы жасыл балдырлар
Бір қабатты цилиндр тәрізді эпителий
Кілегейлі қабықтар мен мүшелердің құрамындағы эпителий тіндерінің мамандануы
Ет ткані. Қаңқа ет тканінің регенерациясы. Өмір сүру салтына және жасқа байланысты бұлшық еттердің өзгерісі. Жүрек ет тканінің регенерациялық қабілеті. Эпидермальды және нейралды ет ткані
Ұлпалар эволюциясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz