Вегетативті жүйке жүйесі



Вегетативті жүйке жүйесі

Aвтономды жүйке жүйе:
Ішкі ағзаларды, тамырларды, бұлшықеттерді, бездерді, теріні, орталық жүйке жүйесін иннервациялайды.
Ішкі орта тұрақтылығын, қаңқа бұлшықеттерінің трофикалық иннервациясын эндокринді және гуморальді регуляциямен сақтап отырады.
Екі бөлімнен тұрады: симпатикалық және парасимпатикалық.
Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімінің функциональды әсері ішкі ағзаларға қарама қарсы болып келеді.

Вегетативті жүйке жүйесінің бөлімдері
ВЖЖ: жүйке жасушасынан және өсіндісінен- жүйке талшығынан тұрады.
Вегетативті жүйке жасушалары мида және жұлында жинақталып, вегетативті
ядроны құрайды. Жоғарыда айтылғандардан басқа ВЖЖ омыртқа жотасы, ішкі
ағза маңында және олардың қабырғаларында көптеп орналасқан.
Құрылысына қарай: орталық және перифериялық болып бөлінеді:
Орталық бөлім - ( ми және жұлындағы ядро) Перифериялық бөлім - (мидан тыс
және жұлын айналасындағы құрылымдар)
-вегетативті ганглилер
-пре және погстганглионарлы талшықтар
-вегетативті өрімдер
Ми және жұлыннан шыққан ВЖЖ преганглионарлы талшық деп аталады.
Олар вегетативті түйін жасушасына келеді. Түйіннен ішкі ағзаларды
иннервациялайтын постганглионарлы талшық шығады. Вегетативті ганглийлер
- перифериялық жүйкелердің макроскопиялық қалыңдаған түрі. Ганглийлерде
преганглионарлы талшық постганглионарлыға синаптикалық түрде
ауыстырылады.

Парасимпатикалық бөлім
Құрамы: парасимпатикалық ядро, түйін және талшық.
Парасимпатикалық ядро бас миында (құрамында III, VII, IX и X жұп
нервтері) және жұлынның сегізкөздік бөлімінде орналасады
Краниалды және сакралды бөлімдері бар Краниалды бөлімде мына қүрылымдар болады:
1. Көзқозғалтқыш нервінің қосымша ядросы
(Якубович ядросы - n. accesorius n. III және Перлиа- n. interstitialis n. III) :
қарашық ұлғаюын бақылау;
2. жас ядросы: жас бөлінуді қадағалайды;
3. Жоғарғы және төменгі сілекей бөлетін ядро- n. solivatorius sup VII, n.
solivatorius inf n. IX сілекей бөлуді қамтамасыз етеді;
4. Кезбе нервтің дорсальды ядросы- n. dorsalis n. X ішкі ағзаларға
парасимпатикалық әсер етеді (бронхтар, жүрек, асқазан, ішек, бауыр,
ұйқыбез) .
Жұлынның сегізкөздік бөлімі - nuc. intermediolateralis S2-S4 қуықты, тік
ішекті және жыныс ағзаларын иннервациялайды.

Бас миындағы вегетативті парасимпатикалық ганглийлер
1. G. n cilliare -V жұп нервтің І тармағы аймағында орналасқан (m. cilliaris. M. sphincter pupille)
2. G. n pterygopalatinum- V жұп нервтің ІІ тармағы (жас безі, ауыз және мұрын сілемейлі қабатының бездері)
3. G. n oticum-V жұп нервтің ІІІ тармағымен байланысқан (құлақ маңы сілекей безі)
4. G. n submandibulare - жақ асты сілекей безі.
5. G. n sublingualis- тіласты сілекей безі, G. n submandibulare. Бұл екеуін макроскопиялық бөлуге келмейді.

Симпатикалық бөлім
Бас миында орталығы жоқ, тек жұлынның бүйір мүйіздерінде C8 - L2 деңгейінде орналасады (nuc. intermediоlateralis)
Симпатикалық ядро - жұлынның бүйір мүйізінде кеуде және бел бөлімінде орналасады. Бұл ВЖЖ орталық бөлімі болып табылады.
Бүйір мүйіздің талшықтары сәйкес жұлын-милық нервтер құрамында жұлыннан шығады, байланыстырғыш талшықтар түзе отырып олардан бөлінеді. Олардан шекаралық симпатикалық бағанға талшықтар барады.
Шекаралық симпатикалық бағанның жұп 20-25 түйіндері омыртқа
бағанасының бүйірінде орналасады, нерв түйіндерімен оларды
байланыстыратын талшықтардан тұрады. Мойын, кеуде, жұлдызша тәрізді
өрімдерден тұрады (бел және жамбас бөлімдері) . Шекаралық симпатикалық
бағаннан талшықтар жұлын нервтеріне және
вегетативті нерв өрімдеріне барады. Вегетативті нерв өрімдерінен- ішкі
ағзаларға, тамырларға, бездерге барады.

ВЖЖ-ні маңдай және самай бөлімі төмпек асты бөлімі арқылы бақылайды
Гипоталамус үш топ ядролардан тұрады: алдыңғы, ортаңғы және артқы. Әр
топ ядролардың өз қызметтері бар. Алдыңғы бөлім парасимпатикалық
бөлім регуляциясына, ал артқы топ симпатикалық нерв жүйесіне әсер етеді.

Лимбикалық жүйе
Ұйқы мен тынығуды регуляциялайды;
вегетативті-висцеральді және мінез құлық реакцияларына әсер етеді;

Гипоталамус
Зат алмасудың барлық түріне соның ішінде: эндокринді функцияға, жыныстық сфераға, жүрек тамыр және тынысалу жүйесіне, АІЖ қызметіне, дене температурасына, ұйқы мен тынығуға әсер етеді.

Рис. 1 - отделы вегетативной нервной системы


Схема ВНС





ВЖЖ тексеру әдістері
Вегетативті тонус
Вегетативті реакция
Вегетативті көмек
Теріні термометриялау

ВЖЖ симптомдары мен синдромдары
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz