Сезім мүшелері, рецепторлар және көру анализаторының анатомиялық құрылысы


Slide 1 Slide 2

CE3IM МҮШЕЛЕРI ТУРАЛЫ IЛIМ - ЭСТЕ3ИОЛОГИЯ (AISTHESILOGOS) Сезiм мүшелерi (organa sеnsuum) туралы түсінiк. Aғза әcepдi әр түрлi жүйкелердiң ұштары - рецепторлары арқылы қабылдайды. Ол рецепторлар арнаулы сезiм мүшелерiнде: көз, құлaқ, тiл, мұрын, тepi, бұлшықеттерi, iшкi мүшелер т. б. орналасады. Рецепторлардың жануарлар мен адамдарда белгiлi мүшелерге жинақталуы ағзаның сыртқы ортамен байланысының күрделiлiгiнен, эволюциялық даму нәтижесiнде пaйда болғаны белгiлi. Жануартанудағы бiржасушалы қaрапайым жәндiктердiң және төмeнгi дәрежелi көпжасушалы iшек қуысты жәндiктердің сыртқы әcepдi барлық дeнeciмeн жиырылып қабылдайтыны мәлiм. Ал aдaмдapдың дeнeciнe тітipкендiргiш нәрсе тисе, оның бүкiл денесi емес, сол тiтiркендiргiштің орны жиырылады, барлық денені қозғалтпай-ақ тiтiркендiргiш тиген жердiң өзiмен ғана жиырылып жауап бередi. Мысалы, бетке шыбынның қонуын еске алыңыз. Бұл жaғдай эволюциялық даму нәтижесiнде рецепторлы жасушалар ағзаның белгiлi бiр жерiне жинақтала бастағанын көpceтeдi.

Slide 3

Сенсорлық жүйе (лат. organum sensuum, лат. organon - мүше, ағза; лат. sensuum - қабылдау, сезу) - ішкі және сыртқы ортаның түрлі әсерлерін қабылдайтын сезім жүйесі талдағыштардың (анализаторлардың) шеткі бөлігі, яғни рецепторлар.

Рецепторлар денеге әсер етуші тітіркендергіштердің белгілі бір нақты түрін ғана қабылдауға бейімделген. Олар денедегі орналасу орындарына байланысты: экстерорецепторлар және интерорецепторлар болып екіге бөлінеді. Экстерорецепторлар - организмге қоршаған сыртқы ортадан келетін тітіркендіргіш әсерлерін қабылдайды.

Оған дәм сезімі, иіс сезімі, сипап сезу, көру, есту және тепе-теңдік сақтау рецепторлары жатады. Интерорецепторлар - ішкі мүшелерде, ұлпаларда қан және лимфа тамырлары қабырғаларында орналасып, осы мүшелерден келетін тітіркеністерді қабылдайтын сезімтал құрылымдар. Олар организмдегі зат алмасуды қамтамасыз ететін мүшелердің үйлесімді қызмет атқаруын реттейді. Интерорецепторлардың жеке арнайы түрі -проприорецепторлар. Олар тірек-қимыл аппараты мүелеріне (қаңқа сүйектері, бұлшықеттер, буындар) әсер ететін тітіркендіргіштерді қабылдайды.

Slide 4

Анализаторлар немесе талдағыштар (анализаторы) ; (көне грекше: ἀνάλυσις - жіктелу, талдау) - шеткі қабылдағыш бөлімдерден басталып, ми орталықтарында аяқталатын күрделі жүйке механизмі, яғни ол дененің сыртқы және ішкі ортасын жүйке жүйесінің орталық бөлігімен байланыстырып түрған рефлекторлық доганың сезімтал бөлігі. Талдағыштар үш бөлімнен түрады:

1) тітіркеністі қабылдайтын шеткі бөлім (рецепторлар) ; 2) жүйкелік қозуды өткізетін аралық бөлім; 3) қабылданған сезімге талдау жасалынатын ми жабынындағы және қыртыс астындағы сезімтал орталық бөлім.

Анализаторлардың көмегімен адам мен жануарлар организмдері мен қоршаған орта арасында байланыс қалыптасады. Сонымен қатар, олар организмдегі зат алмасу процесінің қалыпты өтуі, үлпалар мен мүшелердің қанмен жабдықталуы, әртүрлі жүйелер қызметінің үйлесімді реттелуі туралы ақпараттармен орталық жүйке жүйесін хабардар етіп отырады.

Slide 5 Slide 6

сыртқы - терінің сыртқы қабатында орналасып, сырттан келген тітіркенулерді қабылдайды. Мысалы, ыстық затқа қолы тиген адам қолын бірден тартып алады.

ішкі -ағзаның ішінде орналасып, тітіркенулерді ішкі мүшешелерден қабылдайды.

Slide 7

Көру жүйесі

Вспомогательные органы

глаза

Көз алмасы

Көз алмасының

қабықшылары

Ішкі ядро

Көз алмасының б/е

Көз жас аппараты

Қабақ

Жас ағатын өзек

Көз жасының көлі

Көз жас безі

Фиброзды

қабықша

Қасаң

қабық

Склера

Торлы

қабықша

Тамырлы

қабықша

Нұрлы

қабықшы

Кірпікті

дене

Меншікті

Тамырлы

қабықша

Шыны тәріздес

дене

Көз бұршағы

Көз алмасының

сұйықтығы

Таяқшалар

Колбашалар

Slide 8

Көру талдағышының негізгі мүшесі - көз алмасы. Ол бас сүйектің алдыңғы жағындағы екі ойықта - көз шарасында, орналасқан. Көру мүшесі оптикалық, фоторецепциялық

жүйелерден және қосымша қорғағыш аппараттан құралады. Көз алмасы шар пішінді құрылым. Онын алдына қарай шығыңқы келген бөлігін көздің алдынғы полюсі, ал артқы жағын - артқы полюсі деп атайды. Сырт жағынан көз алмасы үш қабықпен қапталған. Ең сыртқы фибриозды қабық - ақ қабық, ортаңғы -тамырлы қабық, және ішкі - торлы қабық.

Slide 9

1 - қасаң қабық; 2 - көз алмасының алдыңғы камерасы; 3 - нұрлы қабықша; 4 - көз алмасының артқы камерасы; 5 - көз бұршағы; 6 - кірпікті дене; 7 - конъюнктива; 8 - кірпікті дене; 9 - көздің шеткі тік б/е; 10 - көздің ішкі тік б/е; 11 - меншікті тамырлы қабықша; 12 - шыны тәрізді дене; 13 - склера; 14 -торлы қабықша; 15 - көру жүйкесігнің дискісі; 16 - кру жүйкесі

Көз

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
Сезім мүшелері мен көздің құрылысы: рецепторлар, өткізгіштік және көру анализаторы
Сенсорлық жүйелер және сезім мүшелерінің гигиенасы: көз құрылысы мен көру анализаторы
Сезім мүшелері мен анализаторлары: рецепторлардың түрлері және иіс сезудің құрылысы
Сезім мүшелерінің жалпы мінездемесі және анализаторлар: көру мен иіс
Анализаторлар ілімі: сезім мүшелерінің сипаттамасы, рецепторлар мен рецепция механизмдері
Анализаторлар мен рецепторлар: сезім ағзаларының жалпы сипаттамасы, көздің қосымша аппараты және дәм сезу мүшесі
Көру анализаторының этиологиясы мен патологиясы: көру бұзылыстары және арнайы білім беру
Рецепторлы жасушалар мен қабылдау механизмдері: көру анализаторының анатомиясы және көздің қосымша аппараттары
Ақпарат ұғымы және сезім мүшелері арқылы ақпаратты қабылдау
Сезім мүшелерінің жалпы мінездемесі және анализаторлар: көру мен иіс сезу ағзалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz