МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
Презентация қосу
МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ.
МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ
ТҮСІНДІРМЕЛІ - ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫҚ
ӘДІСТЕРІ. МАТЕМАТИКАНЫ
ОҚЫТУДЫҢ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ
ӘДІСТЕРІ. МАТЕМАТИКАНЫ
ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ӘДІСТЕРІ.
БОЗАЕВ ТУРАР М-31
ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ ЖАЙЫНДА
ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.
• Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым. Әдіс – оқу-
тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау
үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін
қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін
жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық
туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді
түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың
танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді
қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
ТӘСІЛ – ОҚЫТУ ӘДІСІНІҢ ЭЛЕМЕНТІ. ЖОСПАРДЫ ХАБАРЛАУ,
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕЙІНІН САБАҚҚА АУДАРУ, ОҚУШЫЛАРДЫҢ МҰҒАЛІМ
КӨРСЕТКЕН ІС-ҚИМЫЛДАРДЫ ҚАЙТАЛАУЫ, АҚЫЛ-ОЙ ЖҰМЫСТАРЫ
ТӘСІЛГЕ ЖАТАДЫ. ТӘСІЛ ОҚУ МАТЕРИАЛЫН ТҮСІНУГЕ ҮЛЕС ҚОСАДЫ.
Оқыту тәсілдерінің түрлері:
• ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
• мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
• оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару
тәсілдері.
ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ
ЖІКТЕУ МӘСЕЛЕСІ.
• Әдістер белгілі бір негіз бойынша топтарға
бөлінеді. XIX ғасырдың 20-30 жылдарында
Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский түсіндіру,
тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін
жетілдірді.
• Оқушылар сөзден, кітаптан, көрнекіліктен,
тәжірибелік жұмыстардан білім алады. Осыны
ескеріп 20-30 жылдарда Н.М.Верзилин, Е.Я.
Голант сөздік, тәжірибелік, көрнекілік
әдістерін ұсынады. Қазір компьютерлік
жүйелер арқылы білім алу мүмкіндігі бар.
Оқушылардың таным-белсенділігі
деңгейіне қарай топтастырылған әдістер.
• Түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс. Бұл әдіс арқылы оқушылар
ақпараттарды меңгереді. Оны басқаша ақпараттық-рецепция
(қабылдау) әдісі деп атайды. Осы әдіс арқылы мұғалім дайын
ақпараттарды оқушыларға түрлі құралдармен түсіндіреді, ал
оқушылар ақпараттарды түсініп, естерінде сақтайды.
• Ақпараттар әңгіме, дәріс, түсіндіру, кітап, қосымша құралдар,
көрнекі құралдар арқылы беріледі. Мұғалім – есептер шығарады,
теоремаларды дәлелдейді, жоспар құруға үйретеді. Оқушылар -
мұғалімнің іс-әрекетін қайталайды, тыңдайды, көрнекіліктеріне
қарайды, заттармен жұмыс істейді, оқиды, бақылайды, жаңа оқу
материалдарын бұрынғы білімдеріне қосады.
ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТІ
ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСІ
• Дедуктивтік әдіс арқылы мұғалім ережелерді,
формулаларды, заңдарды түсіндіріп, оны оқушы меңгереді.
Аталған әдіс оқу материалын тез меңгеруге көмектесіп,
абстрактылы ойлауды дамытады. Оны теориялық
материалдарды оқуға, есептер шығаруда қолданған дұрыс.
• Эвклидтің элементарлық геометриясы дедуктивтік әдіспен
оқытылады. Бірақ оқушылардың дайындығын қатаң түрде
ескеру керек. Егер олар кейбір ұғымдарды, теорияларды
білсе, онда мұғалім оларды жеке зат және құбылыстарды
меңгерту үшін қолданады.
Ынталандыру әдісі
Қызығушылықтың үш түрі:
• іс-әрекетке деген оң көзқарастың болуы;
• танымның баланы жақсы сезімге бөлеуі;
• іс-әрекеттің баланы ынталандыруы.
Оқыту процесінде баланың оқу іс-әрекетіне оң
көзқарасын туғызу керек. Оқылып отырған материалдың
оқушыны тебірентуі, қуанышқа бөлеуі, таң қалдыруы,
аяушылық сезімін тудыруы сабақтың мақсатына жетуді
тездетеді.
• Педагог ақын М.Жұмабаев ақыл
көріністері әсерленуден пайда болады,
әсерленудің күшті болуы, жалғасып
дамуы ұғымның дұрыс болуының кепілі
деп көрсетеді. Жаңашыл мұғалім
Е.Н.Ильин әдеби шығармалардың
адамгершілік туралы жазған жерлерін
оқушыларға талдатады. Қызықты
мысалдар, тәжірибе жүргізу, бір-біріне
кереғар келетін айғақтар оқушының
түрлі сезімдерін туғызып, оны оқуға
ынталандырады. "Тұрмыстағы физика",
"Ертегілердегі физика" деген тақырыпқа
мысалдар жинату да пайдалы жұмыс.
МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ
ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ ӘДІСТЕРІ
• Оқыту процесссіндегі саналық пен белсенділік оқу
материалының түсінікті әрі тиянақты болуын,
математикалық сөйлемдермен дәлелдеулердің мәнін
түсінуді математикалық теориялардың парктикалық
қолдануын игеруді талап етеді. Сондықтан оқу процессі
оқушылар сабақ үстінде барынша белсенді және
өздігінен жұмыс істейтіндей, оқу материалын өздігінше
талдап, өз еңбектерін басқалардікімен салыстыра
алатындай етіп ұйымдастыруы керек.
МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ
ӘДІСТЕРІ
• Бақылау және тәжірибе.
• Салыстыру және талдау.
• Абстракциялау, нақтылау, жалпылау.
• Индукция және дедукция.
• Анализ және синтез.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz