ТІЛДІҢ ОРТАҚТЫҒЫ



МӘҢГІЛІК ЕЛ - БОЛАШАҚТЫҢ БАҒДАРЫ

2014 жылы, 17 қаңтарда,
Астанада ҚР Парламентінің
қос палатасының біріккен отырысында
Мемлекет басшысы
Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстандық жол - 2050: Ортақ мақсат, ортақ мүдде, ортақ болашақ»
атты Жолдауын жолдады.
«Қазақстандық жол - 2050:
Ортақ мақсат, ортақ мүдде, ортақ болашақ» Жолдауы

2014ж 18 сәуірде өткен Ассамблеяның ХХІ сессиясында Қазақстан Республикасының Президенті, Ассамблея төрағасы Н. Ә. Назарбаев, алдағы жылды Қазақстан халқы
Ассамблеясы деп жариялады. Ассамблея жылы - бұл Қазақ хандығының 550 жылдығы, Конституциямыздың 20 жылдығы,
Ұлы Жеңістің 70 жылдығы. Ассамблея жылының басты идеясы «Менің елім - Мәңгілік ел»
МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫ - ҰРПАҚ БОЛАШАҒЫ

МӘҢГІЛІК ЕЛ
Мәңгілік ел ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл
арманы.
Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем қартасынан
ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атау.
Ол арман - тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне
сеніммен қарайтын бақытты ел болу.
Біз үшін болашағымызға бағдар беретін, ұлтты ұйыстырып, мақсаттарға
жетелейтін идея бар.
Ол - Мәңгілік ел идеясы.
Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді.
Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздіктің тірегі - мәңгілік елордамызды тұрғыздық.
Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды
етуге арналады.
Ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың перзенті.
Ендеше қазақ елінің ұлттық идеясы - мәңгілік ел!
Мәңгілік ел ұғымы ұлтымыздың ұлы бағдары - «Қазақстан-2050»
стратегиясының түп қазығы.
«Қазақстан-2050» - мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол.
Мәңгілік ел болу біздің өз қолымызда!

1. Қазақстан қандай мемлекет?
2. Еліміздің халқы қай тілде сөйлеу керек?
3. Үштұғырлы тіл саясаты туралы не білеміз?
4. Ел президенті кім? Ол туралы не білеміз?
5. ҚР-сы өз тәуелсіздігін қашан алды?
6. Ұлттық рәміздерімізді атаңдар?
«Ой қозғау» . Сұрақ- жауап

МӘҢГІЛІК ЕЛ идеясының
тарихи негіздері
Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес. Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы өол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңінен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету болып табылады.
Түркі тарихын, түркі мұраларын зерттеуші филология ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожа ұлының «MANGI EL» халықаралық ғылыми көпшілік тарихи журналында: «Мәңгілік ел - түркі жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк (Тұйықық) негізін қалаған идея екендігін жазған. Елтеріс Құтлық екінші түрік қағанатын құрғаннан кейін Тоныкөк «Мәңгілік ел» идеясын қолға алды.
Түрік елінің билігі осыдан 13 ғасыр бұрын мәңгіілк идеясын ұсынған. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін геосаяси және ішкі, сыртқы қорғаныс шеңберін жасап, мәңгілік ел саясатын Көк Түріктер іске асырды. Сол идея, сол мұрат бүгінгі қазақ елінің бас ұранына айналуда.
Мәңгілік ел дегеніміз - мемлекеттің ғасырлар ғасырлар тоғысында, ірі державалар арасында бәсекеге төтеп беріп, өзіндік қорғаныс саясатын ұстану деп түсінуге болады. Орхон өзенінің бойында Түрік қағанатының Ордабалық деген астанасы болған. Қағанаттың хан ордасы мемлекеттің ішкі ядросы. Оны қорғайтын арнайы полиция (тұрғақ деп аталған) және оған қоса тұрақты әскер ( шерік деп аталған) пайдаланылды. Ішкі қорғаныс деп атаған екінші шеңбер белдеуін түрлі тайпалар қорғап т ұрды. Үшінші шеңберде он-оқ Түркештер тұрды. Қырғыздар, Татабилер, Қидандар, Таңғыттар, Басмылдар да үшінші шеңбердің қорғаушысы болды. Осы үш шеңбер тұтас империяны қорғап тұрды. Түріктер осы үш шеңберді орнатып болған соң «Мәңгілік ел» идеясын нық бекемдейді.

Тоныкөк
әрі батыр, әрі шешен,
әрі жырау, кемеңгер ақыл иесі.
Білге қаған
Түрік қағандығының билеушісі
күлтегін
Түркі заманының даңқты батыры, әскери қолбасшысы, мемлекет қайраткері
Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты - Мәңгілік ел» деп өсиет қалдырған.

Қорқыт ата
Ғұлама ойшыл, сазгер, қобыз жасаушы Қорқыт бабамыздың өлімге қарсы тұрып, мәңгі қмірге ұмтылуы, тек Қорқыттың ғана емес, сол замандағы билеушілердің елдің мәңгі өмір сүруін қалағандығын білдіреді.
Қорқытты мәңгі өмірді іздеген бақилық болғысы келмеген деген түсінікті, халқына
жерұйықты іздеген Асан қайғымен түсіндіруге болады.
Асан қайғы өз халқы үшін ең қолайлы, ең құнарлы жерді Іздегені белгілі.
Утопиялық көзқарастағы Асан қайғының жерұйықты іздеудегі мақсаты, халқының жайлы жерге қоныстанып, болашақта мәңгі ел болуын қалаған.

МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕяСЫ -
қазақ ұлтының мақсат-мүддесіне және елімізді ортақ Отан еткен жүз отыздан астам ұлттар мен ұлыс-
тардың ұлттық идеясына негіз-
делген идеология болатынына сенуге болады.

КӨНЕ ТҮРКІЛЕРДІҢ МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕяСЫНЫҢ ҮШ НЕГІЗІ:
Біріншісі - Түркі қағанаты билеушілерінің (Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк ескерткіштерінде) саяси акт - «манифест» ретінде әзірлеп, тарих сахнасына шығаруы;
Екіншісі - Әл-Фарабидің «Қайырымды қалада» философиялық шығармасында идеяның теориялық-философиялық тұрғыдан негізделуі
Үшінші - Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дидактикалық дастаны.
КӨНЕ ТҮРКІЛЕРДІҢ МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕяСЫНЫҢ ҮШ НЕГІЗІ:
Біріншісі - Түркі қағанаты билеушілерінің (Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк ескерткіштерінде) саяси акт - «манифест» ретінде әзірлеп, тарих сахнасына шығаруы;
Екіншісі - Әл-Фарабидің «Қайырымды қалада» философиялық шығармасында идеяның теориялық-философиялық тұрғыдан негізделуі
Үшінші - Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дидактикалық дастаны.

Топтық жұмыс
1-топ: «Тәуелсіз ел ұландары» - «Ата - баба аңсаған Мәңгілік ел! »
2-топ: Жаңа Қазақстан - «Экспо - 2017 Қазақстанның болашағы»
3- топ: Нұрлы жол - «Қазақстан - 2050. . . Біздің арман!»

Қазақстан мен Астананың тәуелсіздігі
Қоғамымыздағы ұлт бірлігі, бейбітшілік және келісім
Зайырлы қоғам және жоғары рухани байлық
Индустрализация мен иннова-
ция негізіндегі экономикалық өсу.
Жалпы еңбек қоғамы
Тарих, мәдениет және тілдің ортақтығы
Ұлттық қауіпсіздік және әлемдік, аймақтық мәселелерді шешуге бүкіл елге араласу, қатысу.
Мәңгілік елдің 7 басты құндылығы

Мәңгілік Ел, бұл-Тәуелсіздік және Астана.
Біз Тәуелсіздікті нығайтудың тарихи ұлы миссиясына адал боламыз.
Біз Астананы халқымыздың гүлденуі мен қуатының жарқын белгісі ретінде әрқашан мақтан тұтатын боламыз.
Мәңгілік елдің
1 басты құндылығы

Мәңгілік елдің
2 басты құндылығы
Мәңгілік Ел,
бұл - Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.
Біздің Отанымыз бір, ол - Тәуелсіз Қазақстан, біздің еліміз бір - тағдырымыз ортақ. Бейбітшілік пен келісімнің ұлы ісіне адал халықтың ғұмыры мыңжылдықтарға жалғасады.

Мәңгілік елдің
3 басты құндылығы
Мәңгілік Ел, бұл - Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият.
Азаматтық және рухани құндылықтардың бірлігі бізге өз жолымызды табуға және өзімізді бүкіл әлемге мәшһүр етуге мүмкіндік берді.
Біз еліміздің бірегей рухани келбетін айқындайтын діндер мен өркениеттердің жаһандық үнқатысуын одан әрі жан-жақты дамытатын боламыз.

Мәңгілік елдің
4 басты құндылығы
Мәңгілік Ел, бұл - Инновация негізіндегі тұрақты Экономикалық Өсім.
Біз мемлекеттің индустриялық және инновациялық күш-қуатын дамытып, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарап, қоғамда білім мен ғалымдық культін елдің зияткерлік іргетасы ретінде бекітетін боламыз.

Мәңгілік елдің
5 басты құндылығы
Мәңгілік Ел, бұл - Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.
Елдің барлық табыстары мен жетістіктері - барша қазақстандықтардың күн сайынғы қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Біз елдің әрбір азаматының жасампаздық әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жасай отырып, еңбексүйгіштік және жауапкершілік, Еңбек Адамына құрмет сынды құндылықтарымызды нығайтамыз.

Мәңгілік елдің
6 басты құндылығы
Мәңгілік Ел, бұл -Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы.
Біз ортақ тарихи мұрамызды мұқият сақтайтын боламыз.
Біз Қазақстан халқының мәдени әралуандығын арттыра түсеміз.
Біз мемлекеттік тілді қоғамды біріктірудің негізі, үштілділікті
Елдің бәсекеге қабілеттілігінің басты шарты ретінде дамыту қағидатын ұстанатын боламыз. Біз - Үлкен Ел - Үлкен Отбасымыз.

Мәңгілік елдің
7 басты құндылығы
Мәңгілік Ел, бұл - Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz