Орналастыру қонақжайлылық индустриясының сегменті ретінде: қабылдау, тіркеу және брондау негіздері


Slide 1

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Сервис және туризм колледжі» ШЖҚ МКК

«Қонақ үй шаруашылығында қызмет көрсету» мамандығы бойынша Арнайы пәндер оқытушысы Жумабаева Гулзат тулендиевна

Slide 2

ӨТКЕН ТАҚЫРЫПҚА ШОЛУ:

Негізгі орналастыру орындары?

Қонақ үйдің негізгі және қосымша қызмет түрлері

Қонақ үйдің жұлдыздық жүйесі?

Slide 3

Сабақтың тақырыбы:

Орналастыру қонақжайлылық индустриясының бір сегменті ретінде

Slide 4

МАҚСАТЫ: Білімділігі: Қонақ үйдегі Front Office жұмысының негіздерін ұғыну Дамытушылығы: Студенттерді ойлау, танымдық қабілеттерін, іскерлік, ұйымдастырушылық тәжірибелік дағдыларын дамыту, логикалық ойлау қызметінің танымдық деңгейін арттыру. Тәрбиелілігі: еңбек мәдениеті мен кәсіби ісіне деген жауапкершілікті қалыптастыру

Slide 5

Тіркеу тәртібі және қонақтарды орналастыру

Операциялық процестің келесі бөлімі - жайғастыру-кездесулерден, тіркеулерден, кілтті беру және номерге дейін апарып салудан тұрады.

Slide 6

Қонақ үйдегі номерлерге және жергілікті жерде брондау тәртібі.

Брондау - қонақ үйдегі номерлерге және жергілікті жерге алдын-ала тапсырыс беру. Номерлерді брондау қызметін бөлім менеджерлері немесе қабылдау қызметі және орналастыру бөлімі айналысады.

Slide 7

Брондау бағдарламалары

Slide 8

Шетел туристерін тіркеу ерекшеліктері

Әр ел кірерде виза талап етеді. Виза - бұл арнайы кіру-шығу құқығына рұқсаттама, басқа территорияда тұру немесе транзитті жол шегу.

Рұқсаттама құжатта немесе жеке құжатта (мысалы, туристік топ визасы) жазылып қойылады. Визалар болады:

- бір реттік және көп реттік;

- жеке және топтық;

- студенттік;

- кіру, шығу, транзитті және т. б.

Slide 9

Туристік топты тіркеу ерекшеліктері

Алдын-ала берілген тапсырыс номерге орналасуға дайындықты администратор қызметін жоспарлауға көмектеседі. Топтың келер алдын администратор дайындық картасын және орналасу номерін (брондау картасы) толтырады.

Slide 10

Орналастыру орындағы нөмір - туристердің уақытша тұруына қажетті жиһазы, жабдықтары және мүліктері бар бір немесе бірнеше бөлме;

Нөмірлі қор - орналастыру орындары нөмірлерінің жалпы саны.

Нөмірлі қордың бірнеше түрі бар:

1. Люкс

2. Апартамент

3. Стандарт

4. Твин

Slide 11 Slide 12

Апартамент

Slide 13

Стандарт

Slide 14

Твин

Slide 15

Тұрғындармен есептесу түрлері

Қонақ үйлерде есептесудің екі түрі қолданылады. Қолма-қол және қолма-қолсыз (қонақ үй шотына ақша аудару) . Жоғарғы класты отельдерде қолма-қолсыз шотты кредит карталары арқылы қабылдайды. Оны жеке туристер төлейді. Брондауға өтініш жасалғанда кредиттік карта номері, төлем жүйесінің аты және өтелу мерзімі көрсетіледі. Пластикалық карталардың көмегімен төлеу үшін қонақ үйде арнайы импринтер немесе электронды терминал болу керек.

Slide 16

ENGLISH

Аудармасы

make a reservation for a room

Қонақ үй бөлмесін брондау

booking confirmation

Броньді растау

in advance

Алдын ала

discount

Жеңілдік

hotel facilities

қонақ үйдің ұсынатын қызметтер жиынтығы

The rate includes sauna, gym, parking, safe deposit box.

Құнына мыналар кіреді: сауна, спорт залы, автотұрақ, құндылықтарға арналған сейф.

check-in time

Бөлмеге орналасу уақыты

check-out time

Бөлмені босату уақыты

pay for services

Қызметтерге ақы төлеу

payment in local currency

жергілікті валютада төлем

pay cash

Қолма қол төлеу

cater

Қызмет көрсету

available

Бос

At the moment there are no rooms available.

Қазіргі уақытта бос бөлмелер жоқ.

single room

Бір орынды бөлме

twin room

Екі орынды бөлме

double room

Екі кісілік екі орынды бөлме

Standard room

Стандартты бөлме

Superior room

Жоғары сапалы бөлме

Junior suite room

Жартылай люкс нөмері

Suite room

Люкс нөмер

B&B - bed and breakfast

Таңғы ас

HB - half board

полупансион

FB - full board

Үш мезгілдік тамақ

All inclusive

Барлығы қосылған

Глоссари

Slide 17

Өндірістік жағдаят

1 жағдаят. Сіздің қонақ үй келісім шартқа отырған МұнайГаз мекемесінің басшысы сізге қонақ болып келді. Жаз маусымы қонақтар өте көп. Номеріне кілтін беріп жібердіңіз. Бір кезде қонақ ашулы түрде сізге келіп бас салды. Себебі, сіз ол қонақты байқаусызда бос емес (қонағы бар) номерге жіберіп қойыпсыз. Қандай шара қолданасыз?

2 жағдаят. Сіздің менеджер ретінде алғашқы жұмыс күніңіз. Бір шетелдік отбасы келді. 3 баласы бар, 7 сағат жол жүрген. Олардың айтуы бойынша 1 ай бұрын 2 бөлмелі люкс номеріне брон жасаған. Дәлел ретінде толтырылған сауалнаманың көшірмесі бар. Ал, ол кісілер брон жасаған номерде қонақтар орналасқан. Брон жасаған қызметкер еңбек демалысына кеткен. Жолдан шаршаған қонақтар шу шығарды. Осы жағдайдан қалай шығасыз?

Slide 18

Қызметшінің атауы

Атқаратын қызметі

Қонақүй мекемесіне қажетттілігі

Үйге тапсырма: Бейнеде көрсетілген қонақ үй перосналдарының атауын тауып, атқаратын қызметі мен қонақ үй қаншалықты қажеттілігін көрсетіңіздер


Ұқсас жұмыстар
Қабылдау бөлімінің науқастарды тіркеу және медициналық құжаттамасын жүргізу тәртібі
Электрондық пошта: тіркелу, хабар құру, файлдарды тіркеу және хаттарды қабылдау
Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды қабылдау, тіркеу, қарау және заңдылықты қадағалау тәртібі
Өндірістік тәжірибе есебі: Жерге орналастыру мамандығы, Зеренді аудандық тіркеу және кадастр бөлімі (Trimble R10, AutoCAD)
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы: себептері, арызды қабылдау және тіркеу тәртібі
Қонақжайлылық индустриясында қонақүй мен мейрамхана қызметтерінің мәдениеті мен ерекшеліктері
Электрокардиография: негіздері, тіркеу әдістері және клиникалық талдау
Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тарату тәртібі мен құқықтық негіздері
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы: себептері, арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу тәртібі
Қазақстандағы туризм индустриясының құрылымы мен даму факторлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz