Жошы хан кесенесінің тарихы мен сәулеттік-құрылыс ерекшеліктері


Slide 1

ЖОШЫ ХАН КЕСЕНЕСІ

Slides. kz

Slide 2

Жошы хан туралы мәлімет

Жошы хан (1187-1227 жылдары) - Шыңғыс ханның үлкен ұлы, моңғол қолбасшысы. Моңғол шапқыншылығынан кейін Қыпшақ даласында құрылған жаңа мемлекет - Жошы ұлысының негізін қалаушы, атақты Шыңғыс ханның қоңырат қызы Бөрте бәйбішесінен туған төрт ұлдың үлкені. Ол ересен күшті, ер жүрек, алған бетінен қайтпайтын қайсар адам болған. Ол, алдымен, моңғолдардың басқыншылық әскери жорықтарының бәріне қатысқан аса ірі әскери басшы ретінде танылады.

Slide 3

Жошы хан кесенесі

Жошы хан кесенесі - Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде, Қаракеңгір өзенінің жағасында орналасқан көне архитектуралық ескерткіш.

Күмбезде сақталған таңбаларға қарағанда, оны салуға Жошыға бағынған тайпалардың бәрі (оғыз, арғын, қыпшақ, керей, найман, қоңырат, қаңлы, т. б. ) қатысқан. Тарихи дәстүр бойынша күмбезді қайтыс болған кісінің жылдық асын беруден бұрынырақ жасайтын болған. Соған қарағанда 1227 жылы қайтыс болған Жошыға 1228 жылы күмбез тұрғызылған болу керек.

Slide 4

Құрылысы және құрылыс материалдары

Жошы хан күмбезі порталды-күмбезді құрылыстар қатарына жатады. Жобасы тік бұрышты. Құрылыс материалдары - күйдірілген кірпіш, ғаныш, әкімшілік Жобаның аумағы 9, 55х7, 25 м. Көзге айрықша түсетін нәрсе - салтанатты порталы. Оның маңдай алдын сүйір арка түрінде шығарып, екі жақ босағасын үстіңгі салмақты еркін көтеріп тұру үшін мейлінше берік етіп тұрғызған. Портал жақтауларын өрнекті кірпішпен безендіріп, киіз үйдің басқұрына ұқсатқан. Өрнекке пайдаланған тақта кірпіштердің ауданы 45х45 см. Бұл кірпіштерде өрнекпен бірге жазу да болған. 1911 жылы Атбасар уезін билеген бір ұлық өрнекті кірпіштерді сыдырып алып, музейге жібереді. Қазір кірпіштердің кейбір сынықтары ғана сақталған. Порталдың жоғарғы жиегін парапет тәріздендіріп, оның астынан қалақ кірпіштен фриз тартқан.

Slide 5

Жошы хан күмбезі

Ежелгі құрылыс әдісінің бірі - күмбез орнату. Ол Жошы хан күмбезінде тамаша шешімін тапқан. Қабырғаның іш жағынан сөрелеп шығарған белдеулердің үстінен екі қабатты зәулім күмбез орнатқан. Ішкі күмбездің (биіктігі 7 м) салмағын “жалған еңсе” шығару тәсілімен белдеулерге жайса, сыртқы күмбезді (биіктігі 8 м) он алты қырлы барабанға отырғызған. Ішкі күмбезден шығарылған түндік сыртқы күмбезді орнатқан кезде жабылып қалған. Жарық кесененің екі жақ бүйірінен, барабанның астынан шығарылған терезелерден (35х55 см) түседі. Күмбез бедерлі қалақ кірпіштермен әшекейленген. Күмбезді көп қырлы барабанға орнату - оғыз, қыпшақ тайпаларына тән тәсіл. Ішкі қабырғаларында таңбадан басқа ешбір әшекей жоқ. Еденіне қалақ кірпіштер төсеген. Күмбезді қазу жұмысы кезінде екі қабір табылды. Қабір қабырғаларын үлкен кірпіштен өріп, астына жұқа тақша кірпіш төсеген.

Slide 6

Қорытынды

Жошы хан күмбезі республикалық маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштерінің мемлекет тізіміне енгізілген. 1999 жылдан Жошы хан күмбезін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.


Ұқсас жұмыстар
Жошы хан: өмірі, жорықтары, өлімі және тарихи мұрасы
Ақсақ құлан мен Жошы хан аңызына арналған сабақ жоспары мен бағалау критерийлері
Каракалланың термалары: тарихы мен архитектуралық және құрылыс ерекшеліктері
Ежелгі әлемнің жеті кереметі: тарихы мен сәулеттік сипаттамасы
Діни архитектура: ғибадатханалардың түрлері, құрылыс ерекшеліктері және Қазақстандағы даму тарихы
Қабырғалар мен ғимарат қаңқасының құрылымдық және сәулеттік элементтері
Алаша хан кесенесі (Х-ХІV ғғ.): сәулет ерекшеліктері мен археологиялық зерттеулері
Асқорыту жүйесі және сүт тістерінің гистологиялық құрылыс ерекшеліктері
Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі: тарихы, қызметі және жүйелік-құқықтық негіздері
Астананың дамуы: Елбасының рөлі, сәулет-құрылыс ерекшеліктері және Астана күнінің маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz