1995 жылдан Қазақ академиялық университеттінің ректоры, 1999 жылдан Қазақстан ҰҒА Төралқасының мүшесі


Slide 1

Отандық заң ғылымының атасы

Зиманов Салық Зиманұлы

Slide 2

Салық Зиманұлы Зиманов (02. 04. 1921, Атырау қаласы - 04. 11. 2011, Алматы) - қоғам және мемлекет қайраткері, заңгер, заң ғылымдарының докторы (1961), профессор (1963), Қазақстан Республикасы Ұлттық ҒА-ның академигі (1967) . Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген Ғылыми қайраткері (1971) .

3иманов өзінің «Қазақтардың 19 ғ-дың 1-жартысындағы қоғамдық құрылысы», «Қазақстанның 18 ғасырдың соңы мен 19-дың алғашқы жартысындағы саяси құрылысы» атты еңбектерінде және «Абай ережелері» атты Ғылыми мақаласында [2] Абайдың қазақ тарихындағы алатын орнына жоғары баға беріп, қазақтардың әдет-ғұрып заңдарын жетілдіруге қосқан үлесі мен праволық көзқарастарын саралады.

Slide 3

Салық Зимановтың халқының ардақты ұлы екендігін Ұлы Отан соғысында халқы мен отаны үшін аянбай соғысуынан байқауға болады.

Slide 4

Өмірбаяны

1948 - Бүкілодақтық заң институтын бітірген.

1944-1945 - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Дивизион командирі, миномет полкі және артилериялық полк командирі болып, полковник шенімен әскери қызметтен босаған.

1946-47 - Майданнан оралған соң Гурьев облысы прокуратурасында тергеуші, аға тергеуші.

1947-48 - Қазақ КСР-і Прокуратурасы жанындағы ерекше маңызды істер жөніндегі тергеуші қызметін атқарды.

1948-52 - Қазақстан ҒА құқық секторының аспиранты, аға ғылыми қызметкері, сектор меңгерушісі болды.

1952-58 - Алматы мемлекеттік заң институтының директоры, ҚазМУ-да декан.

1958-69 - Қазақстан ҒА Философия және құқық институтының директоры,

1969-76 - осы институттың бөлім меңгерушісі, құрметті директоры,

1976-77 - Қазақстан ҒА Төралқасының бас ғалым-хатшысы қызметтерін атқарған.

1995 жылдан Қазақ академиялық университеттінің ректоры,

1999 жылдан Қазақстан ҰҒА Төралқасының мүшесі.

Slide 5

Салық Зимановтың майдандағы ержүректігі мен батырлығы оның майдандасы подполковник Н. Брайконың естелігінен көрініс тапқан. Ол майданда жас қазақ жігіті гвардия майоры С. Зимановтың қақтығыстардың бірінде ерекше батырлық көрсеткендігі туралы жазады. С. Зимановтың сол сәттегі ержүректік көрсетіп, жаудың күшін әлсірету үшін жасаған амалы және өз басын үлкен қатерге қоюы майдандастарын таң қалдырады.

Соғыс кезінде төрт рет жарақаттанған. Екі рет І дәрежелі Отан соғысы орденімен, Қызыл Жұлдыз орденімен, «Кавказды қорғағаны үшін» және «Кенигсбергті алғаны үшін» медальдарымен марапатталған. Ұлы Отан соғысының 60-жылдығы қарсаңында ол Қазақстанның атынан Мәскеуде Жеңістің мерейтойын тойлауға қатысқан ардагерлердің құрамына енгізілді.

Slide 6

Халқына қызмет етуі

Зиманов Салық 1990-95 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесіне халық депутаты болып сайланып, Жоғарғы Кеңес Төралқасының, Сыртқы қарым-қатынастар мен парламентаралық байланыстар комитетінің мүшесі, Ардагерлер мен мүгедектер жөніндегі комитет төрағасы болды. Білікті заңгер маман ретінде егемендік, тәуелсіздік жолын таңдаған Қазақстанның халықаралық қарым-қатынастарын заңдастырып, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беру, президенттік басқару институтын енгізу, құқықтық-демократиялық реформаларды жүргізу ісіне, т. б. белсене араласты. Ол 1992-93 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Консультативтік кеңестің, мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі болды.

Зимановтың ғылыми-зерттеу еңбектері, негізінен, мемлекет және құқық тарихы мен теориясына, Қазақстан мен Орталық Азияның басқа да аймақтарында ұлттық мемлекеттердің қалыптасуы мен дамуына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігіне, т. б. өзекті мәселелерге арналған. Сондай-ақ, Зимановтың құқық теориясына, қазақтың дәстүрлі құқықтық мәдениетіне, шариғат заңдарына қатысты бірнеше ғылыми еңбектері жарық көрді.

Slide 7

1986 жылы Желтоқсан оқиғасы кезінде де ол азаматтық ерлік көрсетті. Империялық орталықтың үлкен лауазымды өкілдерінің қазақ халқы атына айтқан астам пікірлеріне тайсалмай қарсы шығып, ұлт намысын, ел абыройын нақты да кесімді дәлелдермен қорғап қалды. Қазақстан Республикасы құрылғаннан кейін Зимановтың ғылыми және қоғами-саяси қызметінің жаңа, жемісті кезеңі басталды. Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі көптеген жаңа заңдарды қабылдауға тиіс болды. Осы жауапты тарихи кезеңде Зиманов Салық - білімділік, қайраткерлік қырымен танылды. Қазақ мемлекеттігі мен қазақ халқының тарихында шешуші рөл атқарған «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның» (25. 10. 1990) жобасын дайындау жөніндегі комиссияны басқарды. Ел тарихындағы екінші бір аса маңызды саяси актінің - «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңның (16. 12. 1991) жобасын дайындау жөніндегі комиссияның жетекші мүшелерінің бірі болды. Ол Жоғарғы Кеңестегі Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын әзірлеу жөніндегі Конституциялық комиссияның мүшесі болды, мұнда ол сарапшылар тобын басқарды.

Зимановтың «КСРО-дағы автономиялау теориясы мен практикасы» (1998) атты зерттеу еңбегі ТМД мемлекеттерінің ғылыми жұртшылығының арасында зор серпіліс туғызды. Онда алпауыт держава - КСРО-ның ыдырауының көрінісі және оның бұрынғы автономиялық аумақтары негізінде жаңа тәуелсіз республикалардың құрылуы нақты да талдамалы тұжырымдарға сүйене отырып дәлелденген.


Ұқсас жұмыстар
Ұлттық Нейрохирургия орталығының президенті
Қазіргі заман қазақ философиясы
Исәділ Әлем әдебиеті
Қазақстанның ұлы математиктері
НАЗАРБАЕВ НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ
Орталық Қазақстандағы мұртты обалар
Жоғары білім берудің мазмұны
САЯСИ КӨШБАСШЫ - ДІНМҰХАМЕД ҚОНАЕВ
Желтоқсан оқиғалары
Орталық Комитетінің бірінші хатшысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz