Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттары олайлы қоршаған ортаға және тұрақты дамуға адам құқығының басымдылығы қағидаты




Презентация қосу
Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі
қағидаттары
•олайлы қоршаған ортаға және тұрақты дамуға адам құқығының
басымдылығы қағидаты. Адамдардың табиғатпен үйлесімділікте,
салауатты және жемісті өмір сүруге құқығы бар;
•мемлекеттің табиғи ресурстарды пайдалануға егемендік кағидаты.
Мемлекет қоршаған ортаны қорғау саласында тиімді заңдық актілер
қабылдайды;
•әрбір адамның қоршаған ортаны қорғау ісіне қатысу қағидаты.
Табиғаттың жағдайы әрбір адамға байланысты болады, біз табиғат
үшін жауаптымыз және болашақ ұрпақ үшін табиғат байлығын
сақтауға бар күшімізді жұмсауға тиістіміз;
•қоршаған ортаны қорғаудағы жауаптылық қағидаты. Ол жер бетінің
барлық бөліктеріне: құрлыққа не теңізге қатысты қолданылады.
Табиғаттың сұлу өңірлері ерекше қорғалуы тиіс. Қазақстанда
алғашқы табиғи күйінде сақталған және ерекше бақылауға алынған
түрлі қорықтар мен қорықшалар бар.
•табиғи ортаны пайдаланудағы басымдылық кағидаты. Табиғат
байлықтарын ысырап қылмай, ұқыпты пайдалану керек. Қазақстанда
мемлекеттің ерекше қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлар
жазылатын Қызыл Кітап бар. Мысалы, сексеуіл — шөлде өсетін
өсімдік, ол жойылып кету үстінде тұр, сондықтан да оны кесуге және
пайдалануға тыйым салынған;
Адамның салауатты және қолайлы қоршаған табиғи ортаға құқығы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабында былай делінген:
"Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына колайлы
айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды. Адамдардың өмірі
мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды
лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп
соғады". Осының нәтижесінде республика азаматтарының өмірі мен
денсаулығы үшін қолайлы қоршаған табиғи ортаны қорғау мемлекеттің
міндеті ретінде бекітілген. Сонымен бірге республиканың әрбір азаматына
табиғатты сақтау мен оның байлықтарына ұқыптылықпен карау міндет
болып табылады. Адамның қолайлы қоршаған ортаға құқығы әр түрлі
заңдарда бекітілген. Бүгінгі күні адамның қолайлы қоршаған табиғи ортаға
құқығы мынадай мәселелерді қамтиды:
халықаралық және ұлттық стандарттарға сай келетін салауатты қоршаған
табиғи ортада өмір сүрудің шынайы мүмкіндіктері;
экологиялық қауіпсіздікке байланысты шешімді дайындауға, талқылауға
және қабылдауға қатысу, қоршаған табиғи ортаның жай-күйі туралы тиісті
ақпараттар алу;
қоршаған ортаның ластануы нәтижесінен адам денсаулығына келтірілген
зиянды мемлекеттің өтеуі құқығы.
Осы орайда адам құқықтарының оның міндеттерінен бөлінбейтіндігін атап
кеткен жөн. Бұл дегеніміз: адам қолайлы қоршаған табиғи ортаға деген
құқыққа ие бола отырып, оның сақталуы үшін қажетті, тиісті нәрсенің
бәрін жасауға міндетті дегенді білдіреді.

Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғау мәселелері
Мемлекет қоршаған ортаны қорғау саласында тиімді заңдық актілер қабылдайды әрбір адамның қоршаған ортаны қорғау ісіне қатысу қағидаты
Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидалары физикалық химиялық әдістері
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының негіздері
Адам денсаулығы қоршаған орта мен әлеуметтік ортаның туындысы
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ
МСОП халықаралық
МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА
Экологиялық құқықтың ұғымы
Азаматтардың қоршаған ортаға құқықтары
Пәндер