Тамырлар жүйесін зерттейтін анатомияның бөлімі - ангиология


Slide 1

Қазақстан Републикасының білім және ғылым министрлігі А. Байтұрсынов атындағы Қостанай аймақтық университеті В. И. Двуреченский атындағы ауылшаруашылық институты Ветеринарлық санитария кафедрасы

Вена қантамырлары және Жүрек

Орындаған: Мохаммедисақызы Сапура

Қабылдаған: Амирова Аруна

Slide 2

Тамырлар жүйесі (сосудистая система) немесе жүрек-тамырлар жүйесі мен қан жасау мүшелері жануарлар организміндегі торшалық және ұлпалық деңгейдегі зат алмасуды (қоректік заттарды, оттегіні организмнің ұлпалары мен торшаларына жеткізу, зат алмасу нәтижесінде түзілген ыдырау өнімдері мен көмірқышқыл газын бөлу мүшелеріне тасымалдау), гуморальдық реттелуді, дене қызуының реттелуін қамтамасыз етумен қатар, маңызды қорғаныс қызметтерін де атқарады.

Тамырлар жүйесін зерттейтін анатомияның бөлімі - ангиология. Тамырлар жүйесі өз кезегінде құрылысы мен қызметі жағынан бір-бірімен тығыз байланысты және дамуы біртекті үш: қанайналым, лимфаайналым.

Қан айналым жүйесі қан тамырларынан, жүректен және олардың қуысымен үздіксіз ағып жататын сүйық ұлпа қаннан түрады. Қанды жүректен организмге алып шығатын ірі қан тамырларын артериялар (қызылтамырлар), қанды организмнен, керісінше, жүрекке алып келетін ірі қан тамырларын веналар (көктамырлар), ал артериялар мен веналардың аралығындағы тым жұқа қабырғалы

Slide 3

1 сурет. Қан және лимфа айналымдарының нобайы 1 - бастың капиллярлары, 2 - лимфа түйіні, 3 - көкірек өзегі, 4 - иық-бас артерия бағаны, 5 - өкпе капиллярлары, 6 - қолқа (аорта), 7 - артқы қуыс венасы, 8 - қабырғалараралық артериялар, 9 - лимфа тамырлары, 10 - бүйрек капиллярлары, 11 - алдыңғы қуыс вена, 12 - алдыңғы аяқ капиллярлары, 13 - оң жүрекше, 14 - өкпе артериясы бағаны, 15 - оң қарынша, 16 - өкпе веналары, 17 - сол жүрекше, 18 - сол қарынша, 19 - бауырдың капиллярлары, 20 - бауыр венасы, 21 - қақпалық вена, 22 - қарын капиллярлары, 23 - аш ішектер капиллярлары, 24 - жуан ішектер капиллярлары, 25 - жамбас-құйымшак, капиллярлары, 26 - веналар, 27 - артқы аяқ артериялары майда қан тамырлары

Slide 4

Жануарлар организміндегі қан тамырлары құрылысы мен атқаратын қызметіне байланысты: артериялар (қызылтамырлар), веналар (көктамырлар) және микроайналым арнасының тамырлары болып үшке бөлінеді. Организмнің үлкен қанайналым шеңберінде қолқа және артериялар арқылы жүректің сол қарыншасынан дене мұшелеріне оттегіге қаныққан артерия қаны, ал веналармен, керісінше, дене мүшелерінен жүректің оң жүрекшесіне көмір-қышқыл газына қаныққан вена қаны тасымалданады. Кіші қанайналым шеңберінде жүректің оң қарыншасынан өкпеге өкпе артериясы бағаны арқылы вена қаны, ал өкпеден жүректің сол жүрекшесіне өкпе веналарымен артерия қаны тасымалданады. Артериялар қанды жүректен организм мүшелеріне, веналар дене мүшелерінен жүрекке тасымалдайтын ірі қан тамырлары. Микроайналым арнасының тамырлары артерия тамырлары жүйесін вена тамырлары жүйесімен байланыстырып, организм мүшелеріндегі қан мен ұлпалар арасындағы торшалық және ұлпалық деңгейдегі зат алмасуды іске асыратын жұқа қабырғалы майда қан тамырлары. Тек, "ғажап торларда" ғана қан капиллярлары (қылтамырлар), артерияларды немесе веналарды (бүйректе, бауырда) өзара байланыстырады. Қан тамырлары мезенхимадан дамиды.

Slide 5

Веналардың (көктамырлар) - қабырғалары да интима, медиа және адвентиция қабықтарынан құралған. Қанның қысымы (15-20 мм сынап бағ. ) мен ағу жылдамдығының (10 мм/ сек. ) төмендеуіне байланысты веналардың қабырғалары жұқа және қуысы кең болып келеді. Веналардың интимасында ішкі эластикалық жарғақ болмайды, яғни ол ішкі эндотелий және оның астындағы эндотелийасты қабатынан тұрады. Сонымен қатар, бұлардың интимасында тек жүрекке қарай ғана ашылып, қанның бір бағытта ағуына көмектесетін қақпақшалар (клапандар) болады. Қақпақшасыз веналардағы қанның ағысын, арнайы қысқыштар (сфинктерлер) реттеп отырады. Мұндай веналарды дроссельды веналар - деп атайды.

Slide 6

Көктамырлар ортаңғы қабығының құрылысына сәйкес, веналардың: етсіз және етті түрлері ажыратылады. Етсіз веналарға сүйек, көкбауырдың перделік, ми қабықтарының, көздің торлы қабығының, бауыр бөлікшелерінің орталық веналарын жатқызады. Бұлардың қабырғаларын негіздік жарғақта орналасқан эндотелий қабаты және оның сыртындағы жұқа талшықты дәнекер ұлпасы құрайды.

Етті венаның қабырғасында артериялар қабырғаларындағыдай интима, медиа және адвентиция қабықтары болады. Организмдегі орналасу орны мен ортаңғы қабығының кұрылысына байланысты етті венаның өзі ет қабығы нашар, орташа және жақсы жетілген веналар болып үшке бөлінеді. Ет қабығы нашар жетілген веналар дененің жүректен жоғары жатқан бөліктерінде және ас қорыту мүшелерінде кездеседі. Олардың медиасын дәнекер ұлпалық аралықтар арқылы жалғасып жатқан жекеленген миоциттер шоғырлары кұрайды. Жүректің деңгейінде жатқан дене мүшелері веналарының интимасы орташа жетіледі. Ең жақсы жетілген веналардың ортаңғы қабығы аяқтардың веналары қабырғасында болады.

Веналардағы қанның қозғалуына, олардың ортаңғы қабығындағы миоциттердің жиырылуынан басқа көкірек қуысы тері қысымының ішке соруы мен веналармен көрші жатқан бұлшық еттердің жиырылып, веналар қабырғаларына қысымы және қақпақшалар әсер етеді.

Slide 7

Жүрек (сердце) жануарлар организміндегі ішкі орта сұйық ұлпаларын қозғалысқа келтіретін орталық мұше. Ол көкірек қуысында, екі өкпенің аралығында солға қарай ығыса орналасады. Жүректің пішіні конус тәрізді. Оның жоғарғы жүрек табаны (негізі) - бірінші қабырғаның орта тұсында немесе иық буынының деңгейінде, ал төменгі жүрек ұшы (арех согdi) сол жақтағы 5-6 - ншы қабырғааралық кеңістікте, төссүйекке жақын орналасады. Жүректің алдыңғы дөңестеу жиегі үшінші, артқы жиегі алтыншы қабырғалар бойымен өтеді. Жүрек төрт бөлімнен тұратын етті-қуысты мүше. Оның қабырғасы үш: ішкі эндокард, ортаңғы миокард, сыртқы эпикард қабықтардан құралған.

Slide 8

Жүректің сыртқы бетіндегі табанынан ұшына қарай ұзынынан өтетін оң және сол қарама-карсы жақтарындағы ұзынша сайлар мен сол сайлар тұсында орналасқан ішкі ет перде жүрек қуысын: оң және сол бөліктерге бөледі. Бұл бөліктер жоғарғы жүрекшелерден және төменгі қарыншалардан тұрады. Жүрекшелер қабырғаларынан сыртқа қарай қапшық тәрізді оң және сол жүрекше құлақшалары шығып тұрады. Әр бөліктегі жүрекше мен қарынша қуыстары бір-бірімен өзара оң және сол жүрекше-қарыншааралық (атриовентрикулалы) тесіктер арқылы қатысады. Аталған тесіктер жүректегі қанды жүрекше қуысынан қарынша қуысына қарай бір бағытта ғана ағызатын қақпақшалармен (клапандар) жабдықталған. Оң жүрекше-қарыншааралық тесікте оң атрио-вентрикулалы немесе үшжақтаулы қақпақша, ал сол жүрекше-қарыншааралық тесікте сол атрио-вентрикулалы немесе қосжақтаулы (митральды) қақпақша орналасады. Қақпақшалар жақтауларының ұштары сіңірлі желілерарқылы жүрек қабырғасындағы емізікше еттерге бекиді. Кақпақшалар жүрекшелер қуыстарынан қарыншалар қуыстарына қарай ашылады, ал кері бағытта жүрекше-қарыншааралық тесіктерді жауып, қанды қарыншалар қуыстарынан жүрекшелер қуыстарына өткізбейді. Оң жүрекшеге организмнен вена қанын алдыңғы және артқы қуыс веналар алып келеді. Оң жүрекше қабырғасы жиырылғанда, вена қанының қысымымен оң атриовентрикулалы (үшжақтаулы) қақпақша төмен оң қарынша қуысына қарай ашылып, вена қаны қарынша қуысына өтеді.

Slide 9
Ұқсас жұмыстар
Неврологиядағы диагностика және емдеу әдістері
Адам анатомиясы.Анатомияның тарихы
Патологиялық ауру
Анатомияны тірі адамда оқып білу әдістері: антропометрия. Дене бітімінің түрлері ( типтері ) жайлы
Қан айналым шеңбері
Медицинада жалпы патологияның рөлі
Анатомияны тірі адамда оқып білу әдістері: антропометрия. Дене бітімінің түрлері(типтері)
Қан тамырлары
ҚАНТАМЫР ЖҮЙЕСІ. ҚАН АҒАТЫН ТҮТІКШЕЛЕР ЖҮЙЕСІ
ОРТАҒА БЕЙІМДЕЛУІН РЕТТЕЙТІН ЖҮЙЕ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz