ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМНІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮЛГІСІ



Этносаралық келісімнің Қазақстандық үлгісі
Орындаған: Втк-19-2 студенті Хожағалиева Нұрай
Тексерген:Аға оқытушы Әбідіқалық А

Жоспары:
Ұлттар достығы - бірлік бастауы.
Халық санағы
Қазақстан халықы Ассамблеясы
Ассамблеяның негізгі міндеттері
ұлттық-мәдени орталықтар
Достық үйі
Этносаралық келісім - ел тұрақтылығының кепілі

Ұлттар достығы - бірлік бастауы
Қазақстан жеріне әртүрлі кезеңдерде тағдырдың жазуымен қоныс аударып келіп, тұрақтанған өзге ұлт өкілдері баршылық. Олар бүгінгі күні әлемдік қауымдастыққа Қазақстан Республикасы атауымен енген елдің азаматтары ретінде өмір сүруде. Көпшілігі кеңестік тоталитарлық жүйе үстемдік құрған шақта күштеп көшірілген халықтар еді. Олар тағдырдың тәлкегіне ұшырап қуғындалып келгенде, жергілікті қазақтар өз жағдайлары аса мәз болмаса да, қолдан келген көмектерін жасап, аман-есен тұрып кетулеріне жәрдемдесті. Бірқатар ұлттардың өкілдері саяси қуғындау аяқталып, құқықтары қайта келтірілген уақытта Отандарына қайтты. Кейбіреулері тұрақтап қалды. Қазіргі уақытта олар Қазақстан азаматтары ретінде барлық салада еңбек етіп, елдің дамуына үлес қосуда.

Қазақстан Республикасындағы халықтың ұлттық құрамына назар аударсақ, олар 2009 жылғы соңғы санақ мәліметтеріне қарағанда ұлттық үлес салмағы төмендегідей көрініс береді
Қазақтар-63, 1%
Орыстар-23, 7%
Украиндар -2, 1%
Өзбектер -2, 8%
Татарлар -1, 3%
Ұйғырлар-1. 4%
Немістер -1, 1%
Кәрістер-0, 6%
Және т. б 3. 6%

Қазақстан халықы Ассамблеясы
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы жарқын оқиғаның бірі республиканың қоғамдық-саяси аренасында этносаралық қатынастың жаңа институты - Қазақстан халықтарының Ассамблеясының (қазіргі Қазақстан халқы Ассамблеясы) құрылуы болды. 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан Президентінің Жарлығымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы елді мекендеген барлық ұлттық-мәдени орталықтар мен этностық қоғамның барлық өкілдерін біріктірді. Ол Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультациялық-кеңес берушілік орган мәртебесіне ие. Бұл органның пайда болуы халық арасында да, этникалық азшылық арасында да қолдау тапты. Ассамблея өз жұмысын бастағаннан кейін, этникалық азшылықтың көптеген ұлттық-мәдени орталықтары алғаш рет өздерінің тілін, дәстүрлерін жаңғыртуға және оны мемлекеттің қолдауымен жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Қазақстанда 130-дан астам этнос өкілдері тұрады.

Бүгінде Ассамблея этносаралық келісімді, қоғамдағы толеранттылықты және халық бірлігін одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасауға септігін тигізеді. Сонымен қатар ҚХА мемлекеттік органдарға экстремизм мен радикализм көріністеріне қарсы әрекет етуге, азаматтардың демократия нормаларына негізделген саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға көмек көрсетеді. Ассамблея этномәдени бірлестіктердің күш біріктіруін қамтамасыз етеді, этно мәдени орталықтардың, Қазақстан халқының ұлттық мәдениеттері, тілдері мен дәстүрлерінің өркендеуін, сақталуын, және дамуын қамтамасыз етеді.
2007 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Конституциясына бірқатар өзгерістер енгізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық мәртебе берілді, ол ҚР Парламенті Мәжілісіне тоғыз депутат сайлау құқығына ие болды. Осы арқылы Ассамблеяның қоғамдық-саяси рөлі айтарлықтай артты.
2008 жылғы 20 қаңтарда Президент «Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы әлемде баламасы жоқ заңға қол қойды. ҚХА еліміздің саяси жүйесінің толыққанды субьектісіне айналды. Оның қызметінің нормативтік құқықтық негіздері айқындалды.

Ассамблеяның негізгі міндеттері
1) этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
2) халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту;
3) қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу;
4) азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру;
5) Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;
6) Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту болып табылады.

Қазақстан халқы ассамблеясы өзінің құрылған кезінен бастап орасан біріктірушілік және зияткерлік әлеует жинақтап және халықтық дипломатия институты үлгісіне бейімделе отырып, ұзақ даму жолынан өтті. Еліміздегі 100-ден аса этностың басын біріктіретін бірегей құрылым тұрақтылықты сақтап, республиканың ілгерілей дамуы үшін маңызды роль атқарды. Қазақстан халқы Ассамблеясы бүкіл әлемге Қазақстанның этносаралық қатынастар саласында жүргізіп отырған саясатының табысты екенін паш етіп келеді.
Жалпы алғанда негізінен Ассамблея жұмысының арқасында біздің елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі, әрбір азамат этникалық және діни ерекшелігіне қарамастан Конституцияда кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана алатындай ерекше сенім, ынтымақ, өзара түсініктік ахуалы қалыптасты.
Республикада Қазақстанның барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Ассамблея қызметі Қазақстанның этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешетін ел ретіндегі халықаралық беделін арттыруға ықпал етеді.

Негізі, Қазақстандағы ұлттық мәдени орталықтардың үш статусы болады. Олар республикалық, облыстық, аудандық болып үшке бөлінеді. Мәселен, республикалық ұлттық мәдени орталықтар туралы айтатын болсақ, бүгінгі таңда Әділет министрлігіне нақты тіркелген 28 мәдени орталық бар. Бұл орталықтардың облыста, ауданда өздерінің филиалдары жұмыс істейді. Сонымен қатар ұлттық мәдени орталықтардың жергілікті әділет басқармаларына заңды тіркелгендері де, тіркелмегендері де болады. Осы реттен келгенде, еліміздегі ұлттық мәдени орталықтардың жалпы саны 820-дан асады. Бұл - тіркелген-тіркелмегендерінің барлығын қосып есептегендегі көрсеткіш. Мысалы, республикалық, облыстық ұлттық мәдени орталықтар заңды түрде тіркеліп жұмыс істесе, аудандық орталықтар тіркелмейді, оларды жергілікті әкімшілік өздері бақылайды. Қарап тұрсаңыз, Солтүстік Қазақстан облысында этномәдени орталықтар өте көп. Себебі онда қазақтар аз да, өзге ұлт өкілдері көп шоғырланған. Олардың әрқайсысы сол жерде топтасып, ансамбль құрып, этномәдени орталық ретінде бірлесіп жұмыс жасайды.
Ұлттық мәдени орталықтар

Татар ұлттық-мәдени орталығы
Корея ұлттық-мәдени орталығы
Күрд ұлттық мәдени орталығы
ТАТАР ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ, 1991 ж. 27 қаңтарында құрылған. Орталық облысы Ассамблеясының басқаруымен «Наурыз», «Ұлттық мәдени орталықтар күні», «Тіл мейрамы» т. б. дәстүрлі мейрамдар өтіп тұрады. Қазақстанда тұратын халықтар тілін демокр. негізде шешілуді мақсат еткен. Қызылорда қ-нда өтетін ұлттық-мәдени спартакиадаларға жеңілатлетикалық эстафетадан, арқан тартудан, волейболдан, футболдан, стол теннисімен, армреслингтен, шахматтан, т. б. спорт түрлерінен белсенді түрде қатысып отырады.
Қазір Қазақстанда 99665 корей бар, оның 14097-і Қарағанды облысында.
Қарағанды облыстық корей мәдени орталығы 1989 жылдың қыркүйегінде құрылған.
Қоғамдық ұйымның негізгі міндеті - корей мәдениеті мен тілін, салт-дәстүрін одан әрі дамытып, жаңғырту, қоғамның демократиялық жаңаруына диаспораның белсенділігін көтеруге көмек беру. Орталықтың басты жетістігі оның жоғары беделі, жинақталған тәжірибе, ұрпақтар жалғастығын бекітетін, үлкендерге, ана тілі мен мәдениетіне құрмет көрсетуге тәрбиелейтін дәстүрлер.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz