Дене қасиеттерін дамыту әдістері


Slide 1

“Жас натуралистер, техниктер, туристер станциясы” КММ

“Туристік-өлкетану бағыты”

Тақырыбы: “Дене шынықтырудың әдістері мен тәсілдері”

ҚББП- Бақыт Серғазыұлы

Арыс - 2020 ж

Slide 2

“Дене шынықтырудың әдістері мен тәсілдері”

САБАҚ МАҚСАТЫ: дене шынықтыру әдістері мен тәсілдерін зерттеу.

САБАҚ БАРЫСЫ:

Дене тәрбиесінің әдістері.

Ойын және жарыс әдісі.

Қимыл-әрекетке үйрету әдістері

Дене қасиеттерін дамыту әдістері

Дене тәрбиесінің қағидалары

Slide 3

“Дене тәрбиесінің әдістері”

Әр түрлі жаттығушылар тобымен әр қилы жағдайда белгілі бір міндеттер орындау үшін дене тәрбиесі жаттығуларын қолдану, пайдалану жолын дене тәрбиесінің әдістері дейміз.

Slide 4

«Ойын әдісі»

Дене тәрбиесі үрдісінде спорттық және қозғалмалы ойындардың элементтерін қолдану - ойын әдісі деп аталады.

Slide 5

«Ойын әдісі»

Ойын әдісінің мынандай өзіне тән ерекшеліктері мен белгілері бар:

1. Белгілі бір мақсатқа (жеңіске) жету үшін ойынның жоспары және тәртібі арқылы ойнаушыларды ұйымдастыру.

2. Ойын әрекеттері кезінде ойнаушылардың бәсекелестік, жеңіске деген ұмтылысының, көңіл-күйлерінің көтерілуі.

3. Ойын барысында жаттығушылардың өз бетімен қимыл-әрекет жасауға шешім қабылдауы (ойынға қатысушы жүгірудің, секірудің, лақтырудың жолын өзі таңдайды) .

4. Қимыл-әрекеттердің алуан түрлілігі, олардың ойын барысында, әр түрлі жаттығуларда кенеттен пайда болуы.

5. Ойын барысындағы ойынға қатысушылардың әр түрлі қарым-қатынастары.

Ойын әдісінің көмегімен дене қасиеттерін (күш, төзімділік, шапшаңдық, ептілік) кешенді дамытуға, бұрын үйренген қимылдарды жетілдіру және оқушылардың өзіндік қасиеттерін тәрбиелеуге (батылдық, тапқырлық, ұйымдастырушылық, өз бетімен шешім қабылдаушылық), бұдан басқа да көптеген мақсаттарды жүзеге асыруға болады. Жаттығуларды ойын әдісімен жүргізу оқушыларды қызықтырып, жақсы әсер қалдырады, бірқалыптылықтан құтқарады. Ойын әдісінің бір кемшілігі, жүктеме мөлшерін дәл біле алмайтынымыз.

Slide 6

«Ойын әдісі»

Slide 7

«Жарыс әдісі»

Дене тәрбиесі жаттығуларын жарыс, бәсеке түрінде орындауды жарыс әдісі дейміз. Жарыс әдісінің ең негізгі белгісі - біріншілікте қарсыласыңды, команданы, топты жеңу үшін бәсекелесу, күрес, күш сынасу жағдайында жоғарғы көрсеткіштерге жету. Бұл әдіс әр түрлі мақсаттарды орындауға пайдаланылады.

Slide 8

«Жарыс әдісі»

Slide 9

«Қимыл-әрекетке үйрету әдістері»

Қимыл-әрекеттердің күрделілігіне қарай тұтас та, бөлшектеп те үйретугеболады.

Тұтас үйрету әдісі жаттығуларды бөлшектемей толық үйрету кезінде мынадай жағдайларда қолданылады.

Slide 10

«Қимыл-әрекетке үйрету әдістері»

Жаттығуларды бөлшектеп үйрету әдісі кезінде қимыл-әрекетті бөлшектеп жеке-жеке меңгеріп, сонан соң бәрін қосып толық қайталайды. (Мысалы, гимнастика сабағындағы алға аунап түсу, басқа тұру, жанға айналу жаттығуларының техникасын жеке-жеке үйреніп, меңгергеннен кейін толық қайталау және т. б. ) .

Күрделі қозғалыс техникасын үйренуді жетілдіруге жақындататын жаттығулар қолданылады. Мұндай жаттығулардың техникасы негізгі, күрделі жаттығудың бөлшектеріне ұқсас болып келеді

Slide 11

«Дене қасиеттерін дамыту әдістері»

Дене қасиеттерін дамытуға бағытталған қатаң шектелген жаттығулар әдістері әр түрлі формадағы жүктеме мен тынығудың түрлерін ұштастыру мүмкіндігіне байланысты қолданылады. Жүктеме дегеніміз - дене тәрбиесі жаттығуларымен адам ағзасына әр түрлі көлемде әсер ету

Slide 12

.

Жүктеме қарқындылығы - ол белгілі бір уақытта дене тәрбиесі жаттығуларын қарқынды, тездете орындау. Жүктеменің ішкі және сыртқы қарқынды көрсеткіштері болады

Жүгіру

Суда жүзу

Шаңғы жарысы

Slide 13

Жүректің соғу жиілігі, белгілі бір уақытта күш жұмсау өлшемі. Адам ағзасына әсер ету көлеміне байланысты жүктеме:

- кіші(жүректің минөтына 130 ретке дейін соғуы) ;

- орта (жүректің минөтына 131-155 рет соғуы) ;

- үлкен (жүректің минөтына 156-175 рет соғуы) ;

- жоғары (жүректің минөтына 176-190 рет соғуы) ;

- өте жоғары (жүректің минөтына 190-нан көп рет соғуы) болып бөлінеді.

Жүректің соғу жиілігі

Slide 14

«Дене қасиеттерін дамыту үшін мына әдістерді қолданамыз»

Бірқалыпты орындау (стандартты) әдісі. Бұл әдіс жаттығуларды үзбей, ұзақ уақытта, бір қарқында орындауды талап етеді

Slide 15

«Дене тәрбиесінің қағидалары»

Дене тәрбиесі үрдісінде төмендегідей әдістемелік қағидалар кең қолданылады:

1. Саналылық және белсенділік.

2. Көрнекілік.

3. Жүйелілік.

4. Біртіндеушілік.

5. Реттілік.

6. Даралық.

Slide 16

Қорытынды:


Ұқсас жұмыстар
Дене шынықтыру тәрбиесінің қағидалары
Дене тәрбиесінің әдістері
ДЗЮДОШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢІНДЕ ДЕНЕ ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТУ
ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРДЫҢ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫ ЖӘНЕ ТАКТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫС ҚАБІЛЕТТЕРІНІҢ ЖӘНЕ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Сауықтыру міндеттері
Қимыл – қозғалыс ойындарының теориялық негіздері
УНИВЕРСИТЕТІ ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА
Тәрбие түрлері
Футболшылардың ептілігін дамытуды жетілдіру әдістемесінің эксперименттік негіздемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz