Мемлекеттің функциялары
Презентация қосу
Мемлекет және
азаматтық қоғам
Мемлекет
Мемлекет — өзі орналасқан аумаққа бүкіл ел көлемінде
билік жүргізетін басқару және мәжбүрлеу аппараты бар өз
алдына дербес ерекше саяси ұйым.
Мемлекеттің белгілері:
мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары
жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот
органдары, әскер, полиция жатады;
мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге
(облыс, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде
түрліше аталады);
мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;
мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік
мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін
салық жинайды
мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер
шығарады, солардың көмегімен қоғамда тәртіп орнатады.
Мемлекеттің пайда болу теориялары
Патриархалды теория (Р.Фалмер, Н.Михайловский және басқалары) мемлекетті
кіші отбасылардың ерікті түрде бір отандық биліктің қол астына бірігуі ретінде
қарастырады.
Теологиялық концепция (Ф.Аквинский, Маритен, А.Августин, Мерсье және
басқалары) мемлекетті құдайдың әмірімен пайда болған құрылым деп көрсетеді.
Қоғамдық келісім теориясы (Т.Гоббс, Б.Спиноза, Дж.Локк, Ж-Ж. Руссо және
басқалары) мемлекетті қоғамдық өмір тәртібін және оның ұйымдастырылуын
қамтамасыз ету мақсатында билеушілер мен бағынушылар, жалпы адамдар
арасындағы өзара ерікті келісім негізінде пайда болады деп тұжырымдайды.
Күштеу теориясы (Шан Ян, Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский,
Ф.Оппенгеймер және басқалары) бойынша мемлекет ішкі және сыртқы күштердің,
жаулаушылықтың нәтижесінде қалыптасуы.
Әлеуметтік-экономикалық теориясы (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин және
басқалары) мемлекеттің пайда болу себептерін әлеуметтік экономикалық
факторлармен (еңбектің бөлінісі, экономикалық мүдделер, әлеуметтік қоғам
қайшылықтары және т.б.) түсіндіреді.
Психологиялық теория (Л.Петражицкий, Г.Тард, З.Фрейд және басқалары)
мемлекеттің шығуын адамның психологиялық ерекшеліктерімен түсіндіреді.
Органикалық теория (Г.Спенсер, Прейс және басқалары) бойынша мемлекет
биологиялық организм іспеттес эволюция процесін бастан кешіреді.
Мемлекеттің функциялары
Саяси функция
Экономикалық функция
Ұйымдастырушылық функция
Құқықтық функция
Әлеуметтік функция
Мәдени-тәрбиелік функция
Басқа елдермен өзара пайдалы қарым-
қатынастар орнату
Мемлекет шекарасын қорғау
Мемлекет түрлері:
Мемлекет құрылымы бойынша келесі түрлерге
бөлінеді:
Унитарлық (лат. unitas — біртұтас, біріккен)
құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады,
мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға
жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы
бір болады. Мемлекеттік биліктің жоғары органдар
жүйесі, азаматтығы ортақ.
Мысалы, Италия, Франция, Қазақстант.б. осы түрге
жатады.
Федерация (лат. foederatio — одақ, бірлестік)
— белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше
мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық
жаңа бір мемлекетті құруы. Федерация мен
оған кіретін субъектілердің міндеттері
арасындағы айырмашылықтар жалпы
мемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр
субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң
шығарушы, атқарушы, сот органдары болады).
Мұндай мемлекеттерге АҚШ, Ресей, Малайзия,
т.б. жатады.
Конфедерация - екі немесе одан да көп
мемлекеттердің өз саяси тәуелсіздіктерін сақтай
отырып, қандай да бір (мысалы, экономикалық,
саяси) мақсаттарды көздей отырып, мерзімді
шарт бойынша
одақтасуы. Конфедерация мүшесінің кез келген
уақытта одақтан шығуға құқы бар.(Швейцария)
Мемлекет басқаруы бойынша
Монархиялық
Республикалық
Монархия (грек. monarchia – дара өкімет) – мемлекет
басшысының билігі ұрпақтан ұрпаққа қалдырылатын
мемлекеттік басқару формасы, мерзімсіз және
халықтан тәуелсіз жүзеге асырылады.
Абсолютті монархия (лат. absolutus – шексіз) – мемлекеттік
биліктің толықтай монарх қолына шоғырлануымен сипатталады.
Басқарудың бұл формасында монархқа тәуелсіз мемлекеттік
органдар болмайды. Қазіргі кездегі абсолюттік монархия
сақталған мемлекеттер – Бахрейн, Бруней, Ватикан, Катар,
Кувейт, БАӘ, Оман, Сауд Арабиясы.
Шектелген немесе конституциялық монархияда монархтың өкілеттігі
конституциямен шектеледі. (конституциялық монархия Басқарудың мұндай
формасы 30-дан астам елде жүзеге асырылатын болса, соның ішіндегі 11 ел
еуропалық мемлекет болып табылады. Шектелген монархияда (әсіресе,
парламенттік монархияда) мемлекет басшысында шынайы билік жоқ, ол тек
мемлекет атынан өкілдік функцияны атқарады. Контитуциялық
монархияның өзі дуалистік және парламенттік болып екіге бөлінеді.
Дуалистік монархияда монарх Парламенттік монархияда монарх
негізінен атқарушы билікті және мемлекет басшысы есептеліп, өкілеттік
аз көлемде заң шығарушы билікті функцияларын және біршама атқарушы
иеленеді. Мысалы, Иордания, билігіне ие. Мемлекеттік биліктің
Кувейт, Марокко. тәуелсіз өкілетті органдары жұмыс
істейді.(Ұлыбритания, Бельгия,
Нидерланды, Швеция, Норвегия,
Дания, Испания, Жапония және т.б.).
Республика
Республика — мемлекеттік биліктің жоғарғы
органдарын белгілі бір мерзімге халық сайлайтын, не
болмаса өкілдік мекемелері құратын басқару формасы.
Бұл басқару формасында жоғарғы
органдар сайлаушылардың алдында барлық
жауапкершлікті алады.
Республиканың өзгешелігі
Әрдайым бірнеше билік органдары болады,
сондай-ақ органдардың арасындағы өкілеттілік
жеке-жеке бөлінеді, яғни белгілі орган басқа бір
органнан тәуелсіз;
Мемлекет басшысы — Президент;
Биліктің жоғарғы органдары және лауазым
иелері халық алдында жауапкершілік көтереді.
Республика түрлері
Президенттік республикалар — бұл мемлекеттерде президент
парламентпен қатар мемлекет және үкімет басшысының өкілеттігін қоса
атқарады. Үкіметті тарату немесе құру тікелей президенттің қолында
болып саналады, бұл жағдайда парламент үкіметке әлеулі әсер тигізе
алмайды (Қазақстан, АҚШ, Эквадор).
Парламенттік республикалар — бұл мемлекеттерде мемлекеттік
басқару билігіндегі елеулі орында парламент алады. Парламент үкіметті
құрып, кез-келген уақытта таратуға құқылы. Бұндай мемлекеттердің
президенттері елеулі өкілеттілікке ие емес (Израиль, Грекия, ГФР).
Аралас республика — мұндай басқару формасы бар елдерде
президенттің өкілеттілігі парламенттің өкілеттілігімен тең дәрежеде
болады, сондай-ақ президенттің әр бір атқарған ісі, үкіметті құруы немесе
таратуы міндетті түрде парламенттің қатысуымен жүргізілуі
қажет (Ресей, Украина, Португалия, Франция).
Азаматтық қоғам – саяси
үкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін
және оған ықпал жасауға
қабілетті әлеуметтік қатынастар
мен институттар жиынтығы;
дербес жеке адамдар мен
әлеуметтік субъектілер
қоғамдастығы.
Азаматтық қоғам - ол жеке тұлғаның
негiзгi құқықтары мен еркiндiктерi заң
жүзiнде қамтамасыз етiлетiн және
саяси қорғалатын, мемлекеттен тыс
қатынастар саласы үйлесiмдi дaмығaн
қoғaм.
Құқықтық мемлекет деп демократиялық жолмен қабылданған
заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке
адамныц құқығы жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік
құрылысты айтады
Құқықтық мемлекеттің негізгі Құқықтық мемлекетке тән
принциптері: белгілер
Құқықтық заңның жоғарылығы;
Диктатураның болмауы;
Жеке тұлғаның ар-намысы,
Азаматтардың мемлекеттік
құқықтары мен қызығушылықтары,
бостандығын мемлекет тарапынан істерге қатысуы, әрбір
қорғау және кепілдік беру; азаматқа жан-жақты дамуына
Жеке тұлғаның және мемлекеттің мүмкіндік жасау;
өзара жауапкершілігі; Соттың тәуелсіздігі және
Биліктің заң шығарушы,
оның даулы мәселелерді
атқарушы және сот болып үшке шешудегі ерекше рөлі;
бөлінуі;
Заңның орындалуын тиімді
Азаматтардың өз
бақылау формалары; құқықтарын ерікті түрде
мемлекет пайдасына шектеу
Бақылау сұрақтары
Мемлекеттің негізгі белгілері қандай?
Мемлекет құрылымы бойынша нешеге
бөлінеді?
Еуропадағы конфедерациялы ел?
Мемлекеттік басқарудың түрлері?
Абсолютті монархия елдері?
Азаматтық қоғам дегеніміз не?
Құқықтық мемлекетке тән белгілер қандай?
т!
ме
ах
а р
з ғ
ң ы
р ы
л а
а р
а з
Н
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz