Бастауыш білім тілі



Қазақстан мен польшаның білім беру жүйелеріне салыстырмалы талдау

жоспары
I Кіріспе
II Негізігі бөлім
1. Қазақстан мен Польшаның білім беру тенденциялары
2. Қазақстан мен Польшаның білім беру жүйесінің даму кезеңдері
3. Қазақстан мен Польшаның білім беру жүйесіне салыстырмалы талдау
III Қорытынды

мақсаты
Қазақстан мен Польшаның білім беру жүйесі туралы ақпараттарды жинастыра отырып, екі елдің білім беру жүйесімен танысу, салыстыру арқылы білім беру кемшіліктері мен артықшылықтарын анықтау.

Білім беру сатылары

Мектепке дейінгі білім беру
Қазақстан
Польша
Қазақстан Республикасында мектепке дейiнгi ұйымдар бiр жастан алты (жеті) жасқа дейiнгi балаларды тәрбиелеудi, оқытуды, бағуды, күтудi және сауықтыруды қамтамасыз етеді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқу міндетті емес болып табылады.
Жұмыс режимi бойынша: күндiзгі, тәулiк бойы, икемді режимдi.
Мектепке дейiнгі ұйымдар мемлекеттік және жеке меншiк болуы мүмкiн.
Польшада мектепке дейінгі тәрбие мен оқу міндетті емес. Балалардың мектепке дейінгі мекемелерге бару бармауы ата-аналар қалауы бойынша жүргізіледі.
Балабақшаға балалар 3-6 жас аралығында барады. Балабақшада бала тегін 5 сағат көлемінде тәрбиеленеді, ата-ана балаларын одан да ұзақ уақытқа қалдырғысы келген жағдайда қосымша ақы төленетін болады.
Балалардың 3-5 жас аралығында балабақшаларға баруы міндетті емес болғанымен, 6 жаста әр бала мектеп алды даярлықтың жылдық бағдарламасы бойынша балабақшаларда тәрбиеленеді. Бұл кезеңнен өтпей бала мектепке бара алмайды.

Балаларды жасына қарай топқа бөлу:
- ерте жастағы балалар тобы - 1 жастан 2 жасқа дейін;
- бірінші кішкентайлар тобы - 2 жастан 3 жасқа дейінгі;
- екінші кішкентайлар тобы- 3 жастан 4 жасқа дейін;
- орта - 4-тен 5 жасқа дейін;
- балаларға арналған мектепке дейінгі топ - 5-тен 6-ға дейін;
- мектепке дайындық - 6-дан 7-ге дейін.
Балабақшалар жекеменшік және мемлекеттік болады.
Жекеменшік балабақшалар баланың көп болуымен, балалар тобының көп болуымен ерекшеленеді. Негізінен жекеменшік балабақшаларға тұрмыстық жағдайы жақсы қамтамасыз етілген отбасы балалары барады.
Орташа табысты отбасы балалары мемлекеттік балабақшалар қызметіне жүгінеді.

Бастауыш білім беру
Қазақстан
Польша
Оқу бағдарламалары баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.
Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі - төрт жыл.
Бастауыш білім мазмұнын алты білім саласы құрайды: «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Өнер», «Дене шынықтыру». «Тіл және әдебиет» білім саласына енетін пәндер: сауат ашу(оқу, жазу), қазақ тілі, әдебиеттік оқу, қазақ тілі, орыс тілі, әдебиеттік оқу, орыс тілі, шетел тілі.
Бастауыш білім беру 7-13 жас аралығын қамтиды.
Бастауыш білім алудан бұрын бала 6 жасында мектепке даярлық кезеңінен өтеді. Бұл міндетті болып табылады.
Білім берудің алғашқы 3жылында оқушы «жалпылама сабақтарға» қатысады, 1 сыныпта мұндай сабақтар аптасына 15 сағатты құраса, 2-3 сыныпта 17-18 сағатты құрайды. Бастауыш білім беру 6 жылға созылады.

қазақстан
польша
Бастауыш білім беру деңгейінде оқу аптасының ұзақтығы 5 күнді құрайды. Білім мазмұнының тәрбиелік және дамытушылық әлеуетін нығайту мақсатында 6-күн үлгілік оқу жоспарының вариативтік бөлігіндегі сабақтар үшін пайдаланылады.
1-4-сыныптарға оқу жылы ішінде 3 рет каникул беріледі: күзде, қыста және көктемде. 1-2-сынып оқушылары үшін үшінші тоқсанда 1 апта қосымша демалыс беріледі.
Жалпы білім беру ұйымдарында 1-сыныптағы сабақ ұзақтығы 35 минут, 2-4-сыныптарда 45 минутты құрайды. Бастауыш сыныптарда қосарланған сабақ өткізуге рұқсат етілмейді. Бастауыш білім беру деңгейінде сыныптағы оқушы саны 20-дан аспауы керек.
екі кезеңнен тұрады:
бірінші кезең 1-3 сыныпты қамтиды. Бұл кезде оқушыларға жалпы барлық пәндерден бір ғана мұғалім сабақ береді. Тек музыка, дене шынықтыру, шет тілінен арнайы даярланған мұғалімдер білім береді. Сабақ уақыты нақты қатаң фарматта жүргізілмейді. Сондай-ақ, ата-аналар қалауы бойынша балалар әдеп және дінтану сабақтарына қатысады.
екінші кезеңде 4-6 сынып қамтылған. Бұл кезеңде білім алушыларға белгілі бір пәнге арнайы білімі бар мұғалімдер сабақ береді және сол мұғалімдердің бірі сынып жетекшісі болып бекітіледі. Оқытылатын негізгі пәндер: польша тілі, шет тілі(ағылшын тілі), математика, дүниетану, қоғам және тарих, музыка, бейнелеу өнері, техникалық пәндер(еңбек), информатика, дене шынықтыру, әдеп және дінтану сабақтары(ата-аналар қалауы бойынша) .
Алтыншы сыныпты аяқтағаннан соң барлық оқушы орталықтандырылған тестілеуден өтеді. Алайда бұл тестілеу негізгі орта білімді қорытындылау нәтижесіне және әрі қарай гимназияға қабылдануға әсер етпейді.

Негізгі орта мектеп
қазақстан
польша
Негізгі орта білім беру 5-9 сыныпты қамтиды.
Негізгі орта білім беру міндетті және тегін.
Негізгі орта білім мазмұнын жеті білім саласы құрайды: «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Өнер», «Технология», «Дене шынықтыру».
Білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің : 5-сыныпта - 32 сағаттан, 6-сыныпта - 33 сағаттан, 7-сыныпта - 34 сағаттан, 8-сыныпта - 36 сағаттан, 9-сыныпта - 38 сағаттан.
Негiзгi жалпы бiлiм беретiн бағдарламалар тиiстi мемлекеттiк жалпы мiндеттi бiлiм беру стандарттарының негiзiнде әзiрленедi
6 жылдық бастауыш білімді меңгерген польшалық оқушы одан ары гимназияда білім алуды жалғастырады.
Гимназияда білім алу 3жылға созылады (13-16) Гимназияда білім алу 1999 жылғы реформалардан кейін енгізілген.
Оқылатын негізгі пәндер: польша тілі, екі шет тілі - ағылшын және неміс немесе орыс тілдері, музыка, бейнелеу өнері, тарих, қоғам, география, биология, химия, физика, математика, информатика, дене шынықтыру, әртістік өнерге баулу сабақтары(2009 жылдан бастап енгізілген) және технология сабағы. Ата-аналар тілегі бойынша балалар отбасылық өмірге дайындық сабақтарын да өте алады.
.

қазақстан
польша
Негізгі білім беру деңгейінің басты мақсаты - игерілген білім, білік, дағдылар мен іс-әрекет тәсілдеріне негізделген мәдени базалық деңгей мен дүниетанымды қалыптастыру.
Негізгі мектепте оқу іс-әрекетін ұйымдастыру жеке тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыру миханизмдерін, ғылыми таным мен ойлау әдістерін, зерттеу мәдениетінің негіздерін меңгеруін, кәсіби ниеттерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Негізгі орта білім беру білім беру бағдарламаларының аяқталуын және осы деңгейге тән түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін міндетті базалық деңгей болып табылады.
Гимназияда білім алу сынақпен қорытындыланады. Сынақ гуманитарлық, жаратылыстану және математика, тілдік білім бағытында жүргізіледі.
Гуманитарлық бөлімге польша тілі, қоғам, тарих пәндері кірсе, екінші бөлімге математика, география, биология, химия және физика бойынша сұрақтар қойылады.
Сынақ қорытындысына сәйкес колледж, лицей, техникумдар мен кәсіптік мектептерге қабылдану жүзеге асады.

Польша. Кәсіптік орта білім
Техникум
Техникумда білім алушылар жалпы білім беретін пәндермен қоса мамандыққа бағдар беретін пәндерді оқиды. Бұл пәндерді игеру барысында олар белгілі бір маман иесі болып шығады. Техникумды бітіргенде мамандық иесіне диплом беріледі. Оқу процесі төрт жыл. Техникумды бітірген соң лицейден кейінгі мектепте немесе жоғарғы оқу орынында білім алуды жалғастыруға болады.
Кәсіби мектептер
Негізгі кәсіби мектеп мамандарды еңбек нарығындағы өзгерістерге төтеп бере алатын және еңбек нарығына сай қайта мамандана алатындай дәрежеде тәрбиелейді. Таңдалған мамандық бойынша кәсіби біліктілікті растайтын диплом берумен білім беру процесі аяқталады.

Лицейдегі білім беру
Польша білім беруінің ерекшелігі осы лицейдегі білім беру болып табылады. Біздің және көптеген шет елдерде орта мектептің 10-11 сыныптары оқылып жатқан уақытта польшалық білім алушылар бұл кезеңге кемінде 3 жыл уақытын кетіреді. Жоғарғы оқу орнына 19-20 жаста аяқ басады.
Лицейдің негізгі мақсаты орта мектепте алынған білімді қорытындылайтын сынақ "матураға" даярлау. Матураны проценттік жүйеде бағалайды.
Сынақтан өткен болып саналады, егер 30% сұраққа жауап берілсе. Одан ары жоғарғы оқуға қабылдану процесі жүреді.

Қазақстандағы орта кәсіптік білім беру
Кәсіптік орта білім колледждерде, училищелерде негізгі, жалпы білім беру базасында конкурстық негізде алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған.
Колледжде, училищеде оқу мерзімі - 3-4 жыл.
Техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарында балалардың негізгі үлесі (81, 3%) күндізгі оқу нысанымен, 18, 3%-ы сырттай оқу нысанымен, 0, 4%-ы кешкі оқу нысанымен қамтылған.

ТКБМ-дегі (техникалық-кәсіптік білім мекемесі) студенттер саны:
жылдар
1999-2000
2005-2006
2010-2011
Студенттер саны (барлық оқитын), адам.
232 448
501 815
604 244
Мемлекеттік ТКБМ-де, адам.
196 619
84. 6%
3120- 249
62. 2%
349 183
57. 8%
Жеке меншік ТКБМ-де, адам
35 829
15, 4%
189 566
37. 8%
255 061
42. 2%

Жоғарғы оқу орындары

қазақстан
польша
2010 жылы Қазақстан Балон келісіміне ресми түрде қосылып, Еуропалық жоғарғы білім беру жүйесінің 47 мүшесі болып бекітілді. Осы келісімге сәйкес қазақстандық ЖОО-да білім берудің 3 сатысы қарастырыллады:
Бакалавр- 4 жыл
Магистратура- 2 жыл
Доктарантура- 1 жыл
Польша да Балон келісіміне қосылған мемлекет болып табылады.
3 сатылы:
Бакалавр -3, 5-4 жыл, медицина, инженерлік іс, архитектура және т. б мамандықтарынан басқалары.
Магистратура-2-2, 5 жыл.
Доктарантура.

Қазақстан
польша
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz