Құрамында наркотикалық заттар, психотроптық құралдар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды сақтау тәртібі


Slide 1

Улы, наркотикалық, күшті әсер ететін дәрілік заттардың сақталуы мен есепке алынуы. ҚР ДСМ бұйрығы

Алматы:2021ж

Орындаған:Нурдаулет. А.

Қабылдаған:Досжанова. Б. А

Топ: 20-012 фарм

Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы «ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ»

Орындаған:Нурдаулет. А.

Қабылдаған:Досжанова. Б. А

Топ: 20-012 фарм

Орындаған:Нурдаулет. А.

Қабылдаған:Досжанова. Б. А

Топ: 20-012 фарм

Slide 2

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

ҚР-ның сәйкес нормативтік құқықтық актілерімен

Құрамында күшті әсерлі, улы және наркотикалық заттар бар дәрілерді дайындау

Дәріханада дайындалған дәрілерді босату

Наркотикалық дәрілік заттарды тіркеу және сақтау ережелері

ІІІ Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Қазақстан Республикасында бақылауға алынатын құрамында наркотикалық заттар, психотроптық заттар және прекурсорлар болатын дәрілік заттардың айналымы ҚР-ның сәйкес нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279 Заңы.

8-бап. Мемлекттік квоталар.

Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың ТIЗIМI

І. Кіріспе

Slide 4

8-бап. Мемлекеттiк квоталар

4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды өңдеудi не құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен (немесе) прекурсорлар бар препараттар немесе дәрілік заттар өндiрудi жүзеге асыратын заңды тұлғалар:

1) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға келесi күнтiзбелiк жылға арналған тұтыну нормативiн бекiтуге өтінiмдердi ұсынады;

2) қамтамасыз ету нормативiне сәйкес есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды сатуды жүзеге асырады.

Slide 5

Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың ТIЗIМI

І-кестеге медициналық мақсатта пайдалануға тыйым салынған есiрткi және психотроптық заттар енгізілген (1961 жылғы Конвенцияның IV тiзiмi мен I тiзiмiнiң бiр бөлiгi және 1971 жылғы Конвенцияның I тiзiмi) .

II кестеге медициналық мақсатта пайдаланылатын және қатаң бақылаудағы (1961 жылғы Конвенцияның I тiзiмнiң бөлiгi, II тiзiмi және 1971 жылғы Конвенцияның II тiзiмi) есiрткi және психотроптық заттар енгiзілген.

III кестеге медициналық мақсатта пайдаланылатын және бақылаудағы есiрткi және психотроптық заттар енгізілген (1961 жылғы Конвенцияның III тiзiмi мен 1971 жылы Конвенцияның III және IV тiзiмдерi) .

IV кестеге бақылаудағы прекурсорлар (есiрткi және психотроптық заттарды заңсыз дайындау кезiнде жиi пайдаланылатын химиялық заттар мен өсiмдiктер) енгізілген (1988 жылғы Конвенцияның I және II кестелерi) .

Құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар, Қазақстан Республикасында бақылауға жататын және ветеринарияда қолдануға рұқсат етілген дәрі-дәрмек құралдарының тізіміне тиісті лицензия болған кезде диагностикалық, емдік және профилактикалық құралдар ретінде пайдаланылуы мүмкін дәрі-дәрмек препараттары енгізілген.

Slide 6

Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын өндіруші ұйымдарға арналған тексеру парағы

Талаптар

2. Денсаулық сақтау саласындағы наркотикалық құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымымен байланысты қызмет түрлерімен айналысуға арналған мемлекеттік лицензияның болуы

48. Құрамында Қазақстан Республикасында бақылауға алынған наркотикалық заттар, психотроптық құралдар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды бөлшектеудің, сырттан әкелу мен әкетудің, тасымалдаудың, жөнелтудің, сақтаудың белгіленген квоталарының сақталуы

49. Құрамында наркотикалық заттар, психотроптық құралдар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды сақтау тәртібі

50. Құрамында наркотикалық заттар, психотроптық құралдар мен прекурсорлар бар дәрілік заттардың сақталуын және есебін қамтамасыз ететін қызметтердің болуы

51. Құрамында наркотикалық заттар, психотроптық құралдар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды сақтау бөлмелерінің ішкі істер органдарымен немесе келісім-шарт негізінде күзет қызметін атқаратын субъектілермен күзету қызметін көрсетудің қамтамасыз етілуі

52. Аумақтық наркотикалық құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналысымен күрес жүргізетін ішкі істер органының нысанды және бөлмелерді наркотикалық құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналысы саласында қолдануға берген рұқсатының болуы

53. Құрамында наркотикалық құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрілік заттармен жұмыс істеуге рұқсат етілген тұлғалардың тізімі

54. Құрамында наркотикалық құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар заттарды жөнелтуді, жіберулерді тасымалдауды жүзеге асыратын заңды тұлғамен (жеткізушімен) жіберулерді қабылдау, тасымалдау және жеткізу шарттары көрсетілген келісім-шартының болуы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2010 жылғы 1 наурыздағы № 143 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 5 наурыздағы № 123 бірлескен бұйрығымен бекітілген

Slide 7

Құрамында күшті әсерлі, улы және наркотикалық заттар бар дәрілерді дайындау

ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша юристік және жеке тұлғаларды наркотикалық және психотроптық заттармен жұмыс істеуге жіберу ережелері бекітіледі. Дәріханалық ұйымдарда наркотикалық және психотроптық заттармен жұмыс істеуге фармацевтикалық қызметкерлерді жіберу дәріханалық ұйым басшысының еңбек шарты негізінде жасалған рұқсатымен жүргізіледі. 18 жасқа толмағандар наркотикалық және психотроптық заттармен жұмыс істеуге жіберілмейді.

Дәрілер дайындау үшін қажетті наркотикалық дәрілік заттарды ассистенттік бөлмеге беру материалдық жауапкершіліктегі тұлғалар арқылы жүргізіледі.

Дайындалатын дәрілік форманың құрамына кіретін улы және наркотикалық дәрілік заттарды фармацевт ассистент бөлім меңгерушісінен, оның орынбасарынан немесе басқа арнайы жауапты қызметкерден алады. Рецептің артына улы және наркотикалық заттың атауы, мөлшері жазылып, жіберушінің және алушы фармацевт ассистенттің қолдары қойылады. Алынған заттар сол мезетте дәрілік форманы дайындауда қолданылады, дәрі дайындалған бойда бақылауға беріледі және босатылғанға дейін арнайы жабық шкафтарда сақталады.

Дәріханалық жағдайда дайындалған дәрілердің жарамды мерзімдері мен сақталу жағдайлары ҚР ДСМ бұйрығымен анықталып бекітіледі

Slide 8 Slide 9

Рецепттер типографиялық әдіспен мөрленіп бекітілген формалық бланкта жазылуы керек. Бланктың үш түрі қолданылады: құрамында наркотикалық заттары бар заттарды алуға арналған арнайы рецептуралық бланк (қызғылт түсті), жеңілдікпен босатылатын дәрілік заттарға, жалпы босатылатын дәрілік заттар- А 8 форматты рецептуралық бланк.

Рецептуралық бланктың формасына байланыссыз кез келген рецептте келесі негізгі (міндетті) реквизиттер болу қажет:

ЕПМ мөрі (ЕПМ аты, мекен-жайы, телефоны) .

Рецепттің жазылу уақыты.

Науқастың аты-жөні, жасы.

Дәрігердің аты-жөні.

Дәрілік заттардың саны мен атауы (латынша атауы) .

Қолдану әдісін толық мемлкеттік тілде немесе орыс тілінде жазылуы қажет («Белгілі» және «Ішке» сөздерімен шектелуге болмайды) .

Дәрігердің жеке мөрі және қолы.

Slide 10

Арнайы рецептуралық бланк- «Наркотикалық және психотропты заттар» туралы тізіміне кіретін заттарды, морфин және оның туындылары, кодеин және оның туындылары, промедол және басқаларын алуға арналған. Ол барлық негізгі және міндетті келесі қосымша реквизиттерді қамтиды: рецептуралық бланктың сериялық нөмірі, қорғаныс дәрежесі (су белгілерімен қызғылт түсті бланк), бас дәрігердің немесе оның орынбасарының қолы, ЕПМ домалақ мөрі, науқастың ауру тарихының нөмірі.

Рецепті қол қойған дәрігер ғана жазып бере алады. Наркотикалық және психотропты дәрілік заттардың санын жазу үлгісімен көрсетеді. Сол рецептуралық бланкіде тек бір дәрілік зат жазуға болады.

Slide 11 Slide 12

Дәріханада дайындалған дәрілерді босату квитанция, жетон немесе чекпен жүзеге асырылады. Дәріні босату кезінде провизор бақылау жүргізеді, ол аурудың аты-жөнін, квитанциядағы нөмірді тексереді, дұрыс орамдау мен безендірілуін тексереді. Провизор дәрінің сыртқы түрін түсіндіреді, үй жағдайында қалай дұрыс сақталуын түсіндіреді. Рецептте провизор өз қолын қояды (дәрі босатылады) .

Ауруға рецепттің орнына сигнатура беріледі. Оның жоғарғы жағында сары жолақ және «Сигнатура» деген жазу болады. Ол құрамында наркотикалық, психотрптық күшті әсер ететін, улы заттары бар экстремальды дайындалған дәрілерге және А және Б тізімі препараттарына: «Апоморфин гидрохлориді», «Атропин сульфаты», «Гоматропин гидробромиді», «Дикаин», «Пахикарпин гидройодиді», «Күміс нитраты», этил спирті. Дайын дәріні босатқанда қолдану әдісі этикеткада көрсетіледі.

Дәрігер дәрілік затты тағайындағанда дозасын дұрыс белгілемесе, оның бір реттік дозасы жоғары болса дәріхана жұмыскері бұл дәріні жоғары реттік дозасының жартысын босату керек.

Slide 13

Улы және есірткі заттарға тапсырыс-талапты дәріхана меңгерушісі жазады және мөрмен бекітіледі, ал этил спиртіне жазылған тапсырыс-талапқа есеп қызметкері қолын қояды. Талапта көрсетілген улы және есірткі заттардың, этил спиртінің мөлшері жазумен жазылады.

Улы және есірткі дәрілік заттарды беру жеке сенімхат бойынша жүргізіледі (оның жарамдылық мерзімі 3 ай) . Дәріханаларға және емдеу ұйымдарына улы және есірткі заттарды босату тікелей бөлімде жүргізіледі.

Этил спирті жеке сенімхат және накладной бойынша босатылады, онда спирттің пайыздық мөлшері көрсетіледі.

Ілы және есірткі заттар, этил спирті дәріханалық қоймада арнайы кітапта заттық-сандық есепке алынады.

Slide 14

Наркотикалық, күшті әсер ететін дәрілік заттар және инкурабелді онкологиялық гемотологиялық аурулар үшін барбитур қышқылының туындыларын белгіленген нормадан екі есе үлкейтуге болады. Дәрігермен берілген рецепт белгілі бір уақыт аралығында жарамды:

Құрамында психотропты заттары бар дәрілік препараттар және заттарға; күшті әсер ететін және улы заттарға: «Апоморфин гидрохлориді», «Атропин сульфаты», «Гоматропин гидробромиді», «Дикаин», «Күміс нитраты», «Пахикарпин гидроиодиді», анаболикалық гормондарға- он күн.

Slide 15

Амбулаториялық және стационарлық науқастар үшін наркотикалық дәрілік заттардың қажеттілігінің есептік нормативтері Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 24 сәуірдегі № 234 бұйрығына сәйкес анықталған. Амбулаториялық және стационарлық жағдайда емделетін науқастар үшін наркотикалық дәрілік заттар қажеітілігінің есептік нормативтері төмендегі таблицада көрсетілген(келесі слайдта) :

Ескерту: Нормативтер барлық дәрілік түрлерді таза әсер етуші заттарға ауыстырып есептеу жолымен белгіленген, сондықтан тапсырыстарды норматив бойынша есептік қажеттіліктермен салыстырғанда құрамында көрсетілген заттар бар барлық дәрілік заттарды таза әсер етуші заттарға ауыстырып есептеу жасау керек.

Наркотикалық дәрілік заттардың дәріханаларға қажетті мөлшері төмендегі формула бойынша есептелінеді:

Қ - дәрілердің мөлшері;

Н - дәрінің 1000 адамға есептелінген нормасы;

С - тұрғындар саны.

Стацттонарлық жағдайда емделіп жатырған науқастар үшін наркотикалық дәрілік заттардың қажеттіліктері емдеу-профилактикалық ұйымдардың емдеу бағыттары мен ем жүргізуші бөлімдері бойынша бір ауру төсегіне есептелініп анықталған есептік нормативтері арқылы жүргізіледі.


Ұқсас жұмыстар
Құрамында наркотикалық құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрілік заттармен жұмыс істеуге рұқсат етілген тұлғалардың тізімі
Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы
Дәрілік түрлер технологиясында қолданылатын дәрілік және қосымша заттар
Қылмыс заты
Дәрілік заттар айналымы саласындағы қатынастарды мемлекеттік реттеу
ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ЖАРНАМАЛАУ
Дәрілік заттарды көтерме саудада өткізуді жүзеге асыру шарттары
Дәріханада рецептерді қабылдау
Дәрілердің сапасын дәріханаішілік бақылауды ұйымдастыру
Бақылау парағында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz