2011 жылдың күзінде көз жұмды




Презентация қосу

ӨМІРДЕРЕК
Тұманбай Молдағалиев
1935 жылы 20-наурызда
Алматы обл. Еңбекші-
қазақ ауд.“Жарсу”
совхозында дүниеге келді.
Ол сыршыл лиризмді
дамытқан ақын,
Қазақстанның халық
жазушысы. 2011 жылдың
күзінде көз жұмды.
Алғашқы туындылары
o1954 ж. тұңғыш өлеңі “Украина қызына”.
o1957 ж алғашқы өлеңдер жинағы “Студент
дәптері”
o1961 ж. ”Көктем таңы” , 1963 ж. ”Алатау
қызы”,
o1965 ж. ”Зулайды күндер”,
o1966 ”Жүрегім менің сапарда”. жинақтары
шықты.
o1972 ж. “Жүрек ояу қашанда”

Ақын қоржынынан...
o“Құстар қайтып барады” (музыкасы
Н.Тілендиевтікі),
o“Бақыт құшағында”, “Әнім сен едің” (музыкасы
Ш. Қалдаяковтікі),
o“Ертіс вальсі” (музыкасы Жамақаевтікі),
o“Шақырады көктем” (муз. Ә.Бейсеуовтікі)
oАқынның көзі тірісінде жазылған соңғы ән
– «Көңіл сыры».
“Кейінгі
жылдары қазақ поэзиясының
аспанында жарқырай шыққан
жұлдыздардың бірі”.
Сәбит Мұқанов

Ақындықрух, өлеңдегі сезім байлығы
жағынан Мағжанға ең жақын адам –
Тұманбай”.
Серік Қирабаев
«Шақырады көктем»
Елестеттің көктемді гүл ашқан
Көздеріңе ғашықпын нұр шашқан
Алыстарға жетеле, еремін
Сені ғана бақыт деп сенемін

Арманымдай алдағы
Ақ шуақтай таңдағы
Аялай бер арманым, аялай бер
Сандуғаштар жырлаған
Көктемдерге бір барам
Шақырады біздерді көгорай бел

Қолыңды бер, жатсынба, арманым
Сәуледей боп аяла таңдағы
Шақырады жас көктем гүлімен
Шақырады жасыл бақ жырымен
«Құстар қайтып барады»
Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып,
Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып.
Зымырайды менің бала кезімдей,
Бір жалт етіп өте шыққан сезімдей.

Құстар, құстар сызылтып ән салады,
Сол әнімен тербетеді даланы.
Ал, адамдар күліп бастап өмірін,
Кетерінде жылай да алмай қалады.

Біздің жаққа бауыр басып кеткен бе,
Тамаша әнмен келіп еді көктемде.
Өскен жерге сыймай кетіп барады,
Өскен жерін қимай кетіп барады.
«Өмір, қымбаттым менің»
Ақшашты атадан қорқам,
Өзім сондай болам - ау деп.
Мүрделі жотадан қорқам,
Мен де сонда қалам - ау деп,
Кім есіркер қартайсақ, балам - ау деп.
Шимай - шимай әжімнен қорқам,
Бетіме менің көшеді - ау деп,
Күлімдеген көзімнен қорқам,
Оның да оты өшеді - ау деп,
Заманым менен көшеді - ау деп.
Сықырлаған таяқтан қорқам,
Бір күні қолға алам - ау деп.
Тықылдаған сағаттан қорқам,
Бір күні тоқтап қалады - ау деп,
Уақыт зулап барады - ау деп.
Қырқадағы гүлдерден қорқам,
Күз келсе бәрі солады - ау деп.
Зулаған жүйрік күндерден қорқам,
Қанаты бір күні талады - ау деп.
Көтеремін баланы: - Әу,- деп.
Лап етіп өшкен сезімнен қорқам,
Түбіме менің жетеді - ау деп.
Бәрін де өзімнен қорқам,
Көп күнім бекер өтеді - ау деп,
Уақыт тастап кетеді - ау деп.

Ұқсас жұмыстар
Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған күн
Түркістан автономиясының үкімет басшысына сайлануы
Ресей саясатындагы
БІРІНШІ РЕТ АНЫҚТАЛҒАН АУРУЛАР
Фатих Сұлтан Мехмет кезеңі
Александр Григорьевич Столетов
Патша үкіметінің сойылын соққан сұлтан
Селдің сипаттамасы
Азаматтық және ашаршылық қозғалыс
Апаттың салдары
Пәндер