Элегазды ажыратқыштар


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ЕУРАЗИЯ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

ЕСЕП БЕРУ

Мторэ 3-1 тобының білім алушысы Рахатұлы Құлмұхамед оқу тәжірибиесі бойынша есебі

Орындаған: Рахатұлы Құлмұхамед Тобы: Мторэ 3-1 Қабылдаған : Дайырманов Д.

Алматы 2020ж

Slide 2

Электр қауіпсіздігі

Электр қауіпсіздігі - электр тогының, электр доғасының, электрлік магнит өрісінің және статикалық электрдің зиянды және қауіпті әсерінен адамдарды қорғауды қамтамасыз ететін құқықтық, ұйымдастырушылық техникалық шаралар мен құралдар жүйесі.

Электр тоғына түсіп қалғанда зақымданулар болуы мүмкін: күйіп қалу, терінің металдануы, электр белгілері, электроофтальмия, элетр соққысы, механикалық зақымданулар

Slide 3 Slide 4

Коммутациялық аппарат

Коммутациялық құрылғы - электр қондырғысының бір бөлігінен электр тізбегін ауыстырып, кернеуді жоюға арналған электр құрылғысы.

коммутациялық аппарат - электр тізбектерінің коммутациясы мен тоқ жүргізуге (ажыратқыш, жүктеме ажыратқышы, бөлгіш, айырғыш, автомат, өшіргіш, пакеттік ажыратқыш, сақтандырғыш және өзгелері) арналған электр аппараты;

Slide 5

Айырғыштар

Айырғыштар-бұл электр тізбегінде жоғары ток күшімен жүктемені қосу өшіру үшін қолданылатын, қолмен жетегі бар және бекітілген серіппелі контактілерге (розеткаларға) кіретін металл пышақ контактілері бар ең қарапайым электрлік коммутациялық қондырғы

Электр қондырғыларында қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамассыз ететін маңызды шаралардың бірі - жұмыс істеуге тура келетін қондырғы бөліктерін, кернеуде тұрған басқа қондырғы бөліктерінен сенімді ажырату болып табылады. Мүмкін болатын қателіктерге жол бермеу үшін мұндай ажырату тізбектің үзілген тұсын анық көрсететін аппаратпен орындалуы тиіс. Мұндай каппаратқа айырғыштар жатады.

Айырғыштардың доға өшіретін құрылғысы болмайды, сол себепті онымен тоқты ажыратуға болмайды, өйткені мұндай жағдайда олардың түйіспелерінде элект доғасы пайда болады. Мұндай ашық доға тек жабдықтарға ғана емес, жұмыс істейтін адамдарға да өте қауіпті.

Орнатылу түріне қарай - ішкі және сыртқы орнатылу болып белгіленеді.

Орнатылу әдісіне қарай - пышағы тік және көлденең орналасады.

Slide 6

Ажыратқыш

Ажыратқыш - тізбекті кез келген режимде ажырататын коммутациялық аппарат. Жоғарғы кернеулі ажыратқыштар жоғары кернеулі эдлектр тізбегін қосуға және ажыратуға, сондай-ақ қысқа тұйықталу кзінде ажыратуға арналған. Бұл өндірістік типтерінде түйіспелерінің (контактыларының) арасында өте күшті ұшқын пайда болмас үшін түйіспелері майдың ортасында тұрады. Апаттық жағдай туғанда автоматтв түрде кернеуден ажыратып тастайтын ажыратқыштар да бар. Жай ажыратқыштарды біз қолмен іске қосатын болсақ, автоматты ажыратқыштардың жұмысына тек ол жұмыс істемей қалғанда, яғни істен шыққанда болмаса, адам араласа алмайды.

Slide 7

Бір Фазалы Автоматты Ажыратқыш

Slide 8

Ажыратқыш түрлері

1) Үлкен көлемді

2) Аз көлемді

3) Ауалы

4) Элегаздық

5) Электромагниттік

6) Ауасыз

7) Синхронды

8) Автогаздық

9) Тиристорлық

Slide 9

Жоғары кернеулі ажыратқыштар жоғары кернеулі электр тізбегін қосуға және ажыратуға, сондай ақ қысқа тұйықталу кезінде ажыратуға арналған. Оның ажырататын қабілеті жеткілікті, қыска уақытта орындайтын жұмысы сенімді болуы тиіс. Жоғары вольтты ажыратқыштар қопарылудан және өрттен қауіпсіз, құрылымы қарапайым, пайдаланылуы ыңғайлы, мөлшері мен салмағы мүмкіндігінше шағын блғаны жөн. Барлық жоғары вольтты ажыратқыштарды екі негізгі топқа бөлуге болады:

Майлы ажыратқыштар

Майсыз ажыратқыштар

Slide 10

Майлы ажыратқыштар оз кезегінде:

Үлкен көлемді майлы ажыратқыштар

Аз көлемді майлы ажыратқыштар болып бөлінеді.

Біріншіден, ажырату кезінде түйіпелер аралығында пайда болатын электр доғасын өшіруге, сондай ақ тоқ жүретін бөліктерді бір бірінен және жерге қосылған бактан оқшаулауға пайдаланылады. Екіншіден, май тек доғаны өшіру үшін ғана қолданылады, ад тоқ жүретін бөліктерді оқшаулау ауа және керамикалық, органикалық оқшаулатқыш материалдар арқылы жүзеге асырылады.

Slide 11

Майлы ажыратқыш

Майлы ажыратқыш - энергожүйедегі электр аппараттары мен электр тізбегін аппаты немесе қалыпты режимде қолмен немесе автоматты режимде өшіруге және қосуға арналған коммутациялық аппарат. Мұндай ажыратқышта доғаны май арқылы өшіреді.

Slide 12 Slide 13 Slide 14

Элегазды ажыратқыштар

Қазіргі уақытта элегазды ажыратқыштар қарқынды зерттелуде. Элегаз днгеніміз электр доғасы тез сөндіретін (яғни доғаның жануын қолдамайтын) газ . Тәуелсіз елдер достастығында кернеуі 35-500кВ қондырғыларда элегазды ажыратқыштар сынақтан өтіп пайдалануда.

Бұндай ажыратқыштардың негізгі құндылығы мыныдай:

Өртке және қопарылысқа қауіпсіз;

Ажыратуға аз уақыт кетеді;

Ашық ауада және үйдің ішінде орналастыруға болады;

Мөлшері және салмағы өте аз.

Slide 15

Негізгі кемшіліктері:

Элегазды қолдану үші арнайы жабдықтар болуы қажет;

Элегаздың бағасы қымбат, доғаны сөндіргеннен кейін элегаз-улы газға айналады. Себебі, элегазбен доғаның өзара әрекетінің нәтижесінде элегаз ыдырайды. Олулы элегаздан сақтану үшін, арнайы құрылғылар және әдістер қолдану керек.

Элегаздыңжай ауамен салыстырғанда тығыздығы 5 рет, ал электр беріктігі 2-3 рет көп инертті газ. Доғаның жануын қолдамайды. Элегазды ажыратқыштарда доғаны сөндіретін автоматты құрылғылар пайдаланылады.

Бұл құрылғылардың түйіспелерін ажырату процесінде элегаз қосылады да, тез уақытта(шамамен 10мс) доғаны сөндірнтін жерге жеткізеді де, доға сөндіріледі. Әдетте элегазды ажыратқыштар герметикалық аппаратқа жатады. Ол көбінесе бакты майлы ажыратқыштарға ұқсас. Суретте элегаздық ажыратқыштың автопневматикалық сөндіру қурылғысының сұлбасы көрсетілген . Поршень(1) және қуыс түйіспнсе (2) қозғалмайды. Ажырату процесінде фторпластан жасалған соплосы (4) бар цилиндр (3) оңға қарай жылжвйды. Осы мезгілде А көлеміндегі элегаз қосылады да, түйіспелер ажыратылады. Қозғалатын және қозғалмайтын түйіспелердің аралығында электр доғасы пайда болады. Осы герметикалық жабық көлемде элегаздың күшті ағыны (0, 4÷0, 6МПа) шамамен 10мс ішінде доғаны сөндірнді. Тізбекті қосу процесінде соплоны (4) цилиндр (3) және розетка тәрізді түйіспе(5) солға қарай жылжиды. Ауалы ажыратқыштармен салыстырғанда тізбекті қосу процестері шусыз орындалады.

Slide 16

Әуе желісінің тіректері

Әуе желісінің тіректері анкерлық және аралық түрде бөлінеді. Бұл тіректер сымдардың іліну әдісі бойынша айырылады. Аралық тіректер оқшаулатқыштардың тіреу гирляндалардың көмегімен сымдарды ұстау үшін керек. Анкерлық тіректер сымдарды керу (тарту) үшін керек. Аралық арасындағы ара қашықтық аралық деп аталады, анкерлік тіректердің арасында, ара қашықтық анкерлық аралық деп аталады.

Slide 17

Тіректерді найзағайдан, асқын кернеулерден сақтау үшін қажетіне қарай, арқан сымдармен жерге тұйықтайды. Станциядан шыққан энергия шинаға беріледі. Шинадан үш фаза желіге беріледі де, энергия тұтынушыға жеткізіледі. Бұл үш фазаны электр энергияны тарату тізбегі деп атайды. Тіректер тізбек санына қарай үш түрге бөлінеді:

Одноцепные - бір тізбекті

Двухцепные - екі тізбекті

Многоцепные - көп тізбекті

Slide 18

бір тізбекті екі тізбекті көп тізбекті

Slide 19

Әуе желісінің сымдары мен найзағайдан қорғау тросстары

Әуе кабелі - екі өткізгіш сымнан тұратын, ашық ауада бағана-тіректердің басына іліпіп қойылатын құрылғы. Мүндай құрылғы жел және басқа да атмосфера құбылыстарына тотеп беруі үшін олардың механикалық қасиетіне көңіл бөлінеді. Сымдарды диаметрі 3-4 мм болатын төзімді металдан (мыс, болат) жасайды. Сымдар бір-бірінен алшақ тұруы және бағананың басына бекітілуі үшін фарфордан (кейде шыныдан) жасалған оқшаулағыш изоляторлар қолданылады. Найзағай кезінде электр желілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін найзағай қолданылады. Көп жағдайда кабельдер болаттан немесе болат және алюминий сымдарынан жасалған. Болат арматуралық элемент ретінде, алюминий өткізгіш қабат ретінде қолданылады.

Slide 20

Әуе желілерін монтаждау

Әуе желілері электр сигналдарын жүретін ағаш және темір бетонды тіректерге арматуралардың көмегімен мыстан, алюминийден немесе бейметалды оқшауланбаған сымдардан түрады. Өткізгіштер тіректерге арматуралардың көмегімен бекітіледі. Арматураларға: өткізгіштер, крюктер және траверс, штырлар. Сөйтіп әуе байланыс жолы сымдардан, оларды көтеріп тұратын бағаналардан және оларды бекітуге арналған изолятор мен арматуралардан тұрады. Қолданылатын орнына қарай әуе байланыс жолы үш класка бөлінеді.

І-ші класқа магистральдық байланыс

ІІ-ші класқа аймақтық байланыс жолдарында

ІІІ-ші класқа жергілікті байланыс жолдарында қолданылатын әуе байланыс жолдары жатады. Қолданылатын орындалатын маңызына қарай оларға қойылатын талаптар да әртүрлі болады.

Slide 21
Ұқсас жұмыстар
Сұйықтықтарды нүктелік деңгейде анықтау
Сұранысқа орай технология даму үстінде
Компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы
Қатқыл диск
Компьютердің тілі
Дербес электронды есептеу техникасының архитектурасы
Ақпаратты шығару құрылғылары
Дербес компьютер. Компьютердің құрылысы туралы ақпарат
Сұлбалар туралы жалпы түсінік
Дербес компьютердің құрылғылары. Ақпараттық жабдықтар ДҚ-дің негізгі бөліктері және олардың мақсаты ДК-дің перифериялық құрылғылары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz