Кейінгі кезеңдегі эволюциялық идеялардың дамуы: Ковалевский, Мечников және Тимирязев еңбектері


Slide 1

Кейінгі кезеңдегі эволюциялық идеяның дамуы

Қабылдаған: Доскенова Б.

Орындаған: Рсалы А. Р

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

Петропавловск, 2020 ж

Slide 2

Дарвиндік дәуірден Кейінгі эволюциялық идеялардың дамуы.

К. А. Тимирязев

В. О. Ковалевский

И. И. Мечников

Slide 3 Slide 4

Эволюциялық палеонтологияның негізін қалаушы В. О. Ковалевский болып саналады. Оның еңбегінің құндылығы - ол бірінші рет палеонтологияда тарихи әдісті қолданып дамытты. В. О. Ковалевский тұяқтылардың филогениясы саласында классикалық зерттеулер жүргізіп, үштік дәуір бойы сыртқы орта жағдайлары өзгеріп отыруына байланысты біртіндеп жаңа формалар дамып отырғандығын және бір формалар екінші формалардың орнын басып отырғандығын дәлелдеді.

Slide 5

В. О. Ковалевский үштік дәуірдің бас кезіндегі жылқының арғы ата-тегінен бастап осы кездегі түрлеріне дейін олардың филогениялық қатарын жасап, аралық формалар болатындығын дәлелдеп, оның эволюциясын анықтады.

Slide 6

В. О. Ковалевский осы кездегі жануарлар типтерінінң көбінің (ішекқуыстылар, буылтық құрттар, буын аяқтылар, моллюскалар, иін аяқтылар, тікен терілер және хордалылардың) эмбриондық дамуын зерттеп, осымен көп жұмыс жасады. Ол өзінің зерттеулерінде жануарлар системасында орны белгісіз жануар түрлеріне ерекше зейін бөлді. Ланцетниктің эмбриогенезін зерттеу, мұның ересек қалпында да, ұрық қалпында да омыртқалылар (нерв және қан айналым системалары, желбезегі, хордасы) мен омыртқасыздардың (денесінің сементті болуы, зәр шығару органдары, алғашқы ішектің дамуы) белгілерінің бар екендігін көрсетті

Slide 7

Эволюциялық эмбриологияның негізін салушы ғалым И. И. Мечников. Оның жұмыстары мазмұны мен нәтижесі жөнінен В. О. Ковалевскийдің жұмыстарына жақын. И. И. Мечниковтың теориясы дарвинизм негізіне қосқан зор үлесі болды. Ол мұнда бір клеткалы организмдер мен көп клеткалы организмдердің анық бірлігін көрсетті. Осы уақытқа дейін көп клеткалы организмдердің тарихи даму процесін баяндап келген теориялардың ішінде ең қонымдысы Мечниковтың теориясы болып отыр.

Slide 8

Эволюциядағы экологиялық - физиологиялық бағыт. Бұл бағыттың негізгі өкілі К. А. Тимирязев болды. Ол Дарвиннің ілімдерін физиологиялық бейімделудің методолиялық негізі деп санады. Дарвиннің ілімдері Тимирязевке өсімдіктердің жасыл түсінің биологиялық маңызын зерттеуге көмек болды. Әр түрлі тәжірибелер арқылы ол өсімдіктердің жасыл түсі (хлорофилл) мен фотосинтездің арасында функциональды байланыс бар екенін дәлелдеді. Бұл бейімделушілікті Тимирязев сұрыпталудың нәтижесінде пайда болды деген қорытынды жасады.

Slide 9

Эволюциялық эмбриология табыстарының нәтижесінде Ф. Мюллер мен Э. Геккель “Биогенетикалық заң” қалыптастырды. Геккель бұл заңға мынадай тұжырым берді: “Онтогенез филогенездің қысқаша және тез қайталануы, тұқым қуалау (өсып-өнудің) және бейімдеушіліктің (қоректенудің) физиологиялық функцияларымен байланысты қайталануы”.

Slide 10

Осы орасан күрделі жұмыс А. Н. Северцов және оның шәкірттерінің еңбектерімен жүзеге асты. А. Н. Северцовтың еңбегі - ол биологияда эволюциялық морфология бағытын дамытып филэмбриогенез теориясын және эволюциялық процестің негізгі бағыттары жайындағы ілімді дамытты.

Биогенетикалық заң жануар дүниесіндегі филогениялық байланыстарды анықтау үшін әдіс есебінде пайдаланыла бастады. Эмбриологиядағы тарихи әдісті дәлелдеу және оны одан әрі өңдеу қажет болды.

Slide 11

Назарларыңызға рахмет


Ұқсас жұмыстар
Эволюциялық идеялардың тарихи дамуы және кезеңдері
Операциядан кейінгі кезеңдегі мамандандырылған мейіргерлік күтім: кезеңдер, міндеттер және асқынуларды алдын алу
Адамның шығу тегі мен эволюциялық дамуы
Қазақстандағы биологияны оқыту әдістемесінің дамуы және қазақстандық әдіскерлердің еңбектері
Мечников пен Заварзиннің ұлпа эволюциясы теориялары және эпителий ұлпасының морфологиясы
Биосфера: анықтамасы, құрылымы және эволюциялық дамуы
Жас ерекшелік психодиагностикасы: нәрестелік және сәбилік кезеңдегі психиканың дамуы
Қолданбалы биология және топырақтану негіздері: курс мақсаты, В.В. Докучаевтың еңбектері және Қазақстандағы дамуы
Мектепке дейінгі кезеңдегі баланың ойлау үдерісі, ес және қиял қабілеттерінің дамуы
Туу және туғаннан кейінгі кезеңдегі неврологиялық ауытқулар: себептері, салдары және арнайы білім беру жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz