Микроорганизмдердің өсімдіктермен қарым - қатынасы


Slide 1

Тақырыбы: Микроорганиздердің басқа организмдермен қарым-қатынасы

Slide 2

ЖОСПАР:

Кіріспе.

Негізгі бөлім.

Организмдер арасындағы қарым-қатынастардың түрлері.

Жыртқыш бактериялар және саңырауқұлақтар.

Микроорганизмдердің өсімдіктермен қарым-қатынасы.

Микроорганизмдердің адаммен және жануарлармен қатынасы.

3. Қорытынды.

4. Пайдаланылған әдебиеттер.

Slide 3

КІРІСПЕ

Микробтарға физикалық және химиялық факторлармен қатар биологиялық факторлар да әсер етеді. Табиғатта олар өзара байланысты және бір-біріне тәуелді. Тұрақты экологиялық жүйеге біріккен тірі организмдерді биоценоз деп атайды, Олардың әрбіреуіне популяцияның түрлік және сандық қарым-қатынасы тән. Әр түрлі ценоздардың ішінде (фитоценоз, зооценоз) табиғатта үлкен орын алатыны - микро-биоценоз - микроорганизмдер бірлестігі. Эволюция процесі нәтижесінде микроорганизмдер және олармен жоғары сатылы организмдер арасында белгілі бір түр ішінде топ аралық қарым-қатынастар қалыптасқан. Организмдердің бір бірен әрекет-тесуінің 4 негізгі түрлерін ажыратады:

Нейтрализм - бір-біріне ешбір әсер тигізбейді;

Кооперативті - екі не одан да көп организмдер бірлесіп тіршілік етеді және белгілі бір функцияларын атқарады;

Симбиоз - ұзақ уақыт тығыз байланысып, бір-біріне пайда келтіріп тіршілік етеді. Симбиоз облигатты нефакультативті болуы мүмкін;

Агрессивті - бір организм екінші организмге зиян келтіріп пайда табады.

Микроорганизмдер қарым-қатынасы. Эволюциялық даму барысында табиғи ортада микроорганизмдер тобы мен түрлер арасында күрделі әрі алуан түрлі қарым-қатынастар қалыптасқан. Табиғи жағдайда кооперативті қарым-қатынастарды жиі кездеседі.

Slide 4

Микроорганизмдер тобы мен түрлер арасында күрделі әрі алуан түрлі қарым-қатынастар қалыптасқан. Табиғи жағдайда кооперативті қарым-қатынастарды жиі кездестіреді. Олардың бірнеше түрлері белгілі:

Метабиоз - бір организм өзінің тіршілік ету барысында екінші бір организмге қолайлы жағдай жасайтын қарым-қатынас. Мысалы, аммонификациялаушы бактериялар, органикалық азоты бар қосылыстар аммиакқа дейін ыдырата отырып, соған орай нитрификаторлардың дамуына қажетті субстрат болады. Нитрификаторлар аммиакты нитриттер менитраттарға дейін ыдыратып, денитрификациялаушы бактериялардың энергетикалық метаболизмі үшін қажетті электрон акщепторы табылады. Мортмассаны (өсімдік пен жануарлар денелерін), алдымен гидролаза ферменті бар бактериялар ыдыратады, пайда болған өнімдерді басқалар пайдаланады. Сондықтан да екі микроорганизмдердің метабиотикалық қарым-қатынастары негізінде табиғатта биогенді элементтердің алмасуы жүреді.

Slide 5

Симбиоз. Микроорганизмдердің бір-бірін күшейтетін және қолдап тұратын ассоциациялық қарым-қатынас түрлері болып саналады. Симбионттар жекеленген жағдайдан гөрі әрқашанда бірігіп жақсы дамиды. Кей жағдайда симбионттар бір-бірімен өте тығыз байланысқаны сонша, олар жеке өз алдына организм ретінде дами алмайды. Мысалы, кына - саңырауқұлақтармен фототүзуші организмдердің (жасыл балдырлар не цианбактериялар) симбиозы. Бұлардың арасындағы симбиозды мутуализм деп атайды. Себебі симбиоз облигатты организмдер бір-бірінсіз тіршілік ете алмайды. Симбиоздық қарым-қатынас түрінің қарапайым мысалы ретінде аэробты және анаэробты микроорганизмдер бірлестігін келтіруге болады, мысалы, еркінтіршілік ететін Azotobacter азотсіңіруші бактериялар (облигатты аэробтар) мен Clostridium туысының бақтериялары (облигатты анаэробтар) .

Azotobacter bacterium

Slide 6

Ассоциациялық қатынастың келесі бір түрі - комменсализм. Бұл кезде өзара бірігіп тіршілік ететін микроорганизмдердің біреуіпайда табады, бірақ екіншіге зиян келтірмейді. Desulfovibrio бактериялары судың оттегі жоқ терең қабаттарында тіршілік етеді. Олар энергияны сульфаттарды тотықсыздандыра отырып, анаэробты тыныс алу арқылы энергия алады. Пайда болған күкіртсутек су бетіне көтеріліп, одан соң оны фотосинтездеуші бактериялар қолданады. Целлюлоза ыдыратушы саңырауқұлақтар мен азот тұтқыш бактериялар бірігіп тіршілік ете отырып, өздеріне пайдасы жағдай жасайды. Метилотрофтар көмірсулар мен метанды тотықтыра отырып, токсинді өнімдер түзеді, Метилбактериялар осы токсинді заттарды ыдырата отырып, метан тотықтырушы бірлестіктер үшін қолайлы тұрақты жағдай жасайды.

Desulfovibrio бактериясы және тотықсыздандыру порцессі

Slide 7

Саттелизм. Бір микроорганизмнің екінші бір микроорганизмді күшейтетін ассоциациялық қарым-қатынас түрі. Мысалы, ашытқы саңырауқұлақтары мен сарциналар әр түрлі аминқышқылдары мен витаминдерді түзе отырып, сүт қышқыл және сірке қышқылы бактериялардың өсуі мен дамуына өте қажетті жағдай жасайды.

Bacillus subtilis

Slide 8

Синергизм. Физиологиялық үрдістері бірдей микроб бірлестіктері олардан алынатын соңғы өнімнің шығымын арттырады. Мысалы, азотобактер мен Bac. mycoides бірге өсірген жағдайда гетероауксин көп мөлшерде түзіледі.

Микроорганизмдер арасында бәсекелестік қатынас әр түрлікөрініс береді, соның нәтижесінде әр түрлі салдар пайда болады. Бұл негізінен антагонизмге, яғни бір микроорганизм өзініңтіршілік барысында екінші бір микроорганизмнің тіршілігін тежейді. Табиғатта микроорганизмдер арасында антагонистік қатынастар көп кездеседі: топырақта, суқоймаларда, адам менжаңуарлар организмінде.

Антагонизм мынандай себеп -салдардан пайда болуы мүмкін:

1) қоректік заттар үшін бәсекелестік;

2) кейбір микроорганизмдер түзетін антибиотиктер асерінен;

3) екінші бір микроорганизмдерді жоюы.

а-клеткалар; б-колония

Slide 9

Жыртқыштық пен паразитизм.

1947 жылы Б. В. Перфильев Cyclobacter, Desmobacter, Trigonobacter, Teratobacter туысына жататын жыртқыш-бактерияларды сипаттаған. Бұл бактериялар-дың жемтік-клеткаларды "жұтуға", «орап алуга», шабуыл жасауға«сұстауға» қабілеттіліктері бар.

Slide 10

Микроорганизмдер арасында кеңінен таралған бәсекелестік қатынастарға паразитизм жатады. Паразиттік қатынаста бір микроорганизм екінші бір микроорганизмді субстрат ретінде қолдана отырып, көбінесе оның тіршілігін тежейді. Әдетте, прокариоттар әлеміндегі карапайым паразиттік қатынасқа мысал ретінде бактериялар мен фагтардың арасындағы қатынасты айтуға болады. 1963 жылы Г. Штольп пен М. Старро алғаш рет Bdellovibrio bacteriovorum паразитті бактерияны (бактерияны жейтін сүлгі-вибрион) сипаттаған. Бұл микроб көптеген грам-оң және грам-теріс бактериялардың паразиті болып табылады. Осы микробөзінің жемтік-бактериясының клетка қабықшасын бұрғылап, ішінееніп, 3-5 сағаттан сон бактерия клеткасының ішінде 20-0 паразит-клеткалар түзеді. Осының нәтижесінде бактерия лизиске ұшырап, паразит ұрпақтары ортаға бөлініп шығады. Бұл бактерия туысытабиғатта кеңінен таралған: топырақта, теңіз және тұщысуқоймаларда. Алайда паразитизм жағдайында әрқашанда паразит-микроб және оның жемтігі тікелей байланысқа түсе бермейді.

Bdellovibrio bacteriovorum паразитті бактериясының өмір циклі

Slide 11

Микроорганизмдердің өсімдіктермен қарым-қатынасы.

Өсімдіктер қоршаған ортаға алуан түрлі органикалық қосылыстар бөлетіні белгілі, яғни қанттар, органикалық қышқылдар, нуклеотидтер, аминқышқылдар, витаминдер бөле отырып, микроорганизмдердің қоректенуі үшін жеңіл игерілетін субстратболады. Соған орай, өсімдіктердің тамыр жүйесі мен жер бетіндегі мүшелерінде әрқашанда микроорганизмдер қоныстанған. Тамыр микрофлорасының аймактарын ризоплан микрофлорасы- микроорганизмдер тамырдың бетінде тіршілік етеді, ризосфера микрофлорасы тамырмен жанасатын топырақты мекен ететін микроорганизмдер деп бөледі. Ризопланмен ризосферада микроорганизмдер саны өте көп және қарапайым топырақпен салыстырғанда олардың саны бірнеше есе артық болады.

Жас тамыр жүйесінің айналасында спора түзбейтін Pseudomonas туысының бактериялары мен кейбір микроскопиялық саңырауқұлақтар басым болады. Өсімдік гүлдену барысында оларды бациллалар, актиномицеттер, клетчатка ыдыратушы бактериялар алмастырады. Өсімдіктердің тамыр бөлінділері ризосфераның микробты бірлестігін қалыптастыруда селективті фактор болып табылады. Мысалы, бидай ризосферасында басты рөлді микобактериялар атқарады, ал беденің ризосферасында флюоресцирлеуші Pseudomonas бактерияларының туысы басым болады.

Slide 12

МИКРООРГАНИЗМДЕРДІҢ АДАММЕН ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАРМЕН ҚАТЫНАСЫ.

Эволюция процесі нәтижесінде микро- және макроорганизмдердің өзара бейімделуінің нәтижесінде адам мен жануарлармикрофлорасы қалыптасты.

Адам менжануарлардың организміне бейімделген әрі функцияларын бұзбайтын микроорганизмдер жиынтығын қалыпты микрофлора деп атайды.

АДАМ МЕН ЖАНУАРЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТЫ МИКРОФЛОРАСЫ

облигатты

факультативті

Облигатты үнемі тіршілік ететін сапрофитті және шарттыпатогенді микроорганизмдер жатады.

Факультативті микрофлора кездейсоқ және уақытша болады. Ол қоршаған ортадан келіп түсетін микроорганизмдер түрімен анықталады және макроорганизмнің иммундық жүйесімен анықталады.

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Микроорганизмдердін өзара карым-катынастары. Симбиоз, метабиоз, сателлизм, синергизм, антогонизм, вирогения, мутуализм, паразитизм және комменсализм
АУА ЖӘНЕ ТОПЫРАҚ МИКРООРГАНИЗМДЕРІ
Микроорганизмдердің өзара және басқа ағзалармен қарым қатынасы
Микроорганизмдердің өзара қарым-қатынастары. Симбиоз, метабиоз, сателлизм, синергизм, антогонизм, вирогения, мутуализм, паразитизм, комменсализм
Микроорганиздердің басқа организмдермен қарым - қатынасы
Микроорганизмдердің өзара қарым – қатынасы. Симбиоз,
Микроағзалар биотехнологиясының даму тарихы
Өсімдіктер қауымы немесе фитоценоз
Микроағзалар
Азықты кептіру және сүрлем микробиологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz