Топырақ қабаты




Презентация қосу
Тақырып: Жердегі тіршілік
формаларының әралуандығы
Бұл тақырыпты бірнеше қырырнан талқылуаға болады.
1.Таксондар әралуандығы, басқаша айтқанда, тіршілік
қандай систематикалық топтарға бөлінеді, олардың көлемі
қандай, әр топта қанша класс, отряд, тұқымдастық,
тустастық түр бар дегенбағыта.
2.Тіршілік формаларының тіршілік орталарында таралуы,
тіршілік орталарына бейімделуі.
3.Қоректену тәсілдері бойынша әралуандығы
1.Таксондар әралуандығын талқылағанда біз
систематикаға жүгінеміз.
Биологи́ялық система́тика - тірі организмдерді
классификациялау принциптерін жасаумен және
сол принциптерді органикалық әлемнің системасын
құру үшін қолданумен шұғылданатын ғылыми пән.
Бұл жерде классификация деп қазіргі кезде
кездесетін және жойылып кеткен барлық
организмдерді сипаттау және оларды бір жүйеге
орналастыруды түсінеміз.
...

Қазіргі систематика бойынша жердегі барлық тіршілік екі
империяға бөлнеді: Жасушасыздар және Жасушалылар
Барлық Жасушасыздар бір патшалыққа жатады – Вирустар
Жасушалылар екі патшалықтар тобына бөлінеді:
Прокариоталар және Эукариоталар.
Олардың басты айырмашылығы – жасуша ішінде
оқшауланған ядросының болмауы (Прокариоталар) немесе
болуы (Эукариоталар).
Прокариоталар 2 патшалықтан тұрады: Бактериялар
Архейлер
Эукариоталар 3 патшалықтан тұрады: Саңырауқұлақтар
Өсімдіктер
Жануарлар
...

Прокариоталарды екі патшалыққа бөледі:
Бактериялар (Эубактериялар)
Архейалар (Архебактериялар)
Бактериялар жасушаларының сырт пішініне қарай кокктар (сфера
тәріздес), бациллалар (таяқша немесе цилиндр пішіндес), спируллалар
(спираль тәріздес), вибриондар (имек, үтір тәріздес таяқшалар) болып
бөлінеді. Бактериялар негізінен бір жасушалы организмдер. Бірақ кейде
бөлінгеннен соң жасушалары бір-бірінен ажырамай жұптасып, жіп
тәрізді созылып, шоқталып ұйысып, колония түзіп тіршілік етуі мүмкін.
Архейалар. Лаборатрияларда өсірілетін архелардың көпшілігі
экстремалдық, өзге организмдер өмір сүре алмайтын, жағдайларда
тіршілік етеді. Оларды метеногендер, ацидифилдер,алкалифилдер,
галофилдер, термофилдер сияқты топтарға бөледі.
Патшалықтардың одан төменірек
таксондарға жіктелуін келесі екі патшалық
мысалында көрсетейік:
Өсімдіктер Жануарлар
патшалығы патшалығы
Бөлім Тип
Класс Класс
Рет Отряд
Тұқымдас Тұқымдас
Туыстас Туыстас
Түр Түр
Түр тармағы Түр тармағы
...
...
...

Организмдердің тіршілік ету орталары
Сулық орта немесе гидросфера – ең көне және ең
ауқымды тіршілік ортасы. Гидросфераға Әлемдік мұхит,
көлдер, өзендер, уақытша сақталатын шалшықтар, кейбір
жерасты сулары жатады. Гидросферада барлық ірі
систематикалық топтардың (патшалықтар, типтер,
кластар) өкілдері кезеседі. Бірақ одан төмен бірқатар
таксондардың өкілдері – көптеген отрядтардың,
тұқымдастардың өкілдері жоқ. Сондықтан түр байлығы
жағынан гидросфера құрлыққа қарағанда кедейлеу.
...

• Құрлықтық-атмосфералық орта
• Бұл ортаның қосарланып айтылу себебі, организмдердің
көптеген түрлері атмосфераға көтеріледі (құстар,
жәндіктер, өрмекшілер т.б.) немесе денсінің бір бөлігі ауа
кеңістігінде болады (жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің діңі,
сабағы, жапырағы). Ескеретін бір жағдай – бүкіл өмірін
атмосферада өткізетін бірде бір организм жоқ. Бұл орта өте
құбылмалы, кейде өте тез өзгереді және біркелкі емес.
Әралуан жағдайларға бейімделген организмдердің түрлері
де көп, сондықтан түрлерге бай. Сонымен қатар кейбір ірі
таксодардың (типтердің, кластардың) өкілдері кездеспейді.
• Мысалы: ішек қуыстылар,моллюскалардың кейбір
кластары, балықтар.
....

Топырақ қабаты
Топырақ қабаты құрлықта болғанымен ерекше қабат. Ол
алғашқы екі ортамен салыстырғанда біршама кешірек
пайда болып, кешірек қабалыптасқан. Өзіне тән
ерекшеліктері: атмосфераға қарағанда ылғалдылығы
жоғары, температурасы біршама баяу өзгереді, қоректік
заттарға бай. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің тамырлары
топырақ қабатында бекінген, топырақтан су және
минералдық заттарды сіңіреді. Жәндіктердің, кенелердің,
өрмекшілердің дернәсілдері дамиды. Сонымен қатар
топырақ қабатында тұрақты тіршілкі ететін жанаурлар да
бар: қарапайымдылардың үлкен тобы, құрттардың үлкен
тобы, көртышқандар және т.б. Түр байлығын басқа
орталармен салыстыруға келмейді, себебін жоғарыда
айттық.
....

• Өзге организмдерді тіршілік ортасы ретін
пайдалану
• Вирустардың, прокариоталардың, эукариоталардың
көптеген өкілдері өзге организмнің ішінде тіршілік етуге
бейімделген және сол организмдермен әртүрлі биотикалық
қарым-қатынаста болады. Олар симбионттар,
комменсалдар, парзитттер болуы мүмкін. Екінші
жағынан, мұндай байланыстар уақытша немесе тұрақты
болуы мүмкін. Сондай-ақ, бұл байланыстар спецификалық
және спецификалық емес болуы мүмкін.
.....

• Организмдердің қоректену әдістері де әртүрлі
• 1.Автотрофты организмдер, қажетті қоректік заттарды
өздері өндіріп, өздері пайдаланатын организмдер. Оларды
ірі екі топқа бөлуге болады:
а) фотосинтездеуші организмдер – систематикалық
құрамы әртүрлі үлкен топ;
ә) хемосинтездеуші организмде –түлерінің саны
фотосинтездеушілермен салыстырғанда кемірек, бірақ
көптеген тіршілік үшін қолайсыз саналатын жерлерде өмір
сүреді.
Бұл екі топтын арасында өтпелі қасиет көрсететін
оранизмдер де кездееді.
....

2.Гетеротрофты организмдер
Гетеротрофтар түрлер саны бойынша
автотрофтылардан әлдеқайда бай топ. Әртүрлі
систематикалық топтарға жататын І-кезектегі, ІІ-
кезектегі, ІІІ-кезектегі барлық консументтер, барлық
паразиттік тіршілікке көшкен организмдер және
редуценттер гетеротрофты организдерге жатады.
Солардың барлығы автотровтар өндірген өніммен
қоректенеді.
Сонымен, біз Жердегі тіршілік формаларына шолу
ғана жасадық, шын мәнінде бұлтақырып биология
мамандығы бойынша оқып жүрген студенттерге жеке
пән ретінде оқытуға тұрарлық еді!

Ұқсас жұмыстар
Топырақ. Топырақ ластануы
Қазақстанның топырағы
Қара топырақ
Топырақтың механикалық құрамы
Тірі организмдер
Топырақтың физикалық қасиеттері
СУАРУ ТӘСІЛДЕРІ
ТОПЫРАҚТАРДЫҢ МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Топырақ эрозиясы және оның зияндылығы
Қара топырақтар
Пәндер