Цистицеркоз ауруына анықтама




Презентация қосу
ЦИСТИЦЕРКОЗ
Орындаған: ЖәкежанНазерке
Топ: ВМ-502

Тексерген: в.ғ.м. ассистент
Аида Бельгибаева
Цистицеркоз ауруына анықтама

◦ Цистицеркоз - бұл созылмалы, жасырынды түрде өтетін, бұлшық еттің
зақымдануымен сипатталатын ларвалдық гельминтоз ауруы.
◦ Ларвалды цестодоздар – таспа құрттардың балаң құрттарынан, яғни
көпіршіктердің мекендеуінен пайда болатын аурулар.
◦ Ларвалды цестодоздар екі топқа бөлінеді:
◦ 1. Адам арқылы тарайтын ларвалды цестодоздар, яғни бұл құрттарда ақтық
иесі және мал арасында аурудың таратушысы адам боп саналады.
◦ 2. Иттер арқылы тарайтын ларвалды цестодоздар, яғни бұл құрттарда ақтық
иесі және мал, адам арасында аурудың таратушысы иттер және т.б. ет
қоректілер болып саналады
Цистицеркоз ауруының қоздырғышы.

◦ Бұл құрттың 3 сатысы бар: имаго, жұмыртқа, балаң- көпіршік.
1. Имаго – жынысы жетілген сатысын Тaeniarhynchus saginatus деп атайды. Қазақша
– өгіз таспасы деп. атайды. Мұның ұзындығы 3-10 м, басы домалақ, қарусыз. Дене стробиласы 2000-
ға жуық буылтықтардан тұрады. Қос жынысты бунақтардағы тұқымдық екі
көлемі тең, дөңгеленген бөлшектерден құрылған. Ал, пісіп-жетілген проглотидалар, ұзындығы
енінен көбінесе ұзынырақ, ішінде ұзынынан орналасқан жатыры бар. Өгіз таспа құрты адамның аш
ішегінде өмір сүреді.
◦ 2. Жұмыртқасы сопақ, сыртқы қабының көлденең сызықтары бар, ішінде алты ілмекшелері бар
онкосфера орналасады.
◦ 3. Цистицерк, яғни ірі қарада аурудың қоздырушысы, онысы Cysticercus bovis деп аталады. Кейде
онысын «финна» деп те атайды. Бұл бір қуысты көпіршік, оның көлемі бидай дәніндей немесе
бұршақтай болады. Екі қабықшасы бар: дәнекер, тоқыма қабы сыртында. Көпіршіктің ішінде мөлдір
сұйық бар, бір қарусыз сколексі орналасқан. «Финна» немесе цистицерк мойын, қабырға, жақ
еттерінде, тіл мен жүректе, ал, өте көп болса барлық бұлшық еттер мен көк еттен табылады. Финна
ірі қарада, қодас, енеке, өркешті бұқаларда кездеседі
Шошқадағы ішкі көрініс
Тіршілік кезеңі, өсіп – өнуі.
◦ Бұл құрт биогельминт боп саналады, өсіп-өнуіне міндетті түрде екі ие керек.
◦ Ақтық ие – тек қана адам. Таспа құрт адамның аш ішегінде мекендейді.
◦ Аралық ие – ірі қара мал, қодас, енеке, өркешті бұқалар. Цистицерк, яғни көпіршік олардың
бұлшық еттерінде, тілде, жүректе, қабырғаларында, көк етте орналасады. Ақтық иеден, яғни
адамнан күніне 7-8 пісіп-жетілген бунақтар нәжісімен немесе өзінен-өзі өздігінен үзіліп сыртқы
ортаға түседі. Бунақтар біраз жерде өрмелеп жүреді, жыныс тесіктерінен жұмыртқасы түсіп
сыртқы ортаны ластайды. Содан соң бунақтар ыдырайды. Жұмыртқалары жерге, сыртқы ортада
жиналады. Аралық иесі – ірі қара мал жем-шөппен немесе сумен құрт жұмыртқаларын болмаса
оның мүше бөліктерін жұтып қояды. Малдың ішегінде онкосфера жұмыртқаның қабығынан
босап, өзінің ілгешектерімен ішекті тесіп, қан айналымы арқылы қан тамырларына енеді. Сөйтіп,
ағзаларға жетеді. Тоқтаған жерде 5-6 айдан кейін көпіршік-цистицерк қалыптасады. Осындай
цистицерктермен зақымданған ірі қараның етін адам жесе оның аш ішегінде екі жарым – үш айда
Т. saginatus деген таспа құрт өсіп жетіледі. Таспа құрт адам ағзасында 15 жылға дейін, кейде одан
көп уақыт тоғышарлық етеді.
◦ Аурудың эпизоотологиясы. Әр жерде
таралған ауру. Жеке меншіктегі малда және тазалық жағдайлары өте төмен мал фермаларында
жиірек кездеседі. Жануарға финноз көбінесе оның жас кезінде жұғады. Цистицеркоз ауруы адам
және ірі қара мал арқылы өрбитін, эпизоотологиялық-эпидемиологиялық тығыз байланысы бар
гельминтоз. Адамдар арасында тоғышардың етек алуына малды аулада сойғанда және оның
ұшасын ұқыпты тексеріп қарамау, бүршікпен зақымданған етті тамаққа жұмсау, жеткіліксіз
зарарсыздандыру немесе оны сатып жіберу– осының барлығы негізгі себепкер болады. Осыған
байланысты аурумен күресу шаралары медицина және малдәрігерлік қызметкерлеріне ортақ
жұмыс.
◦ Клиникалық белгілері.
◦ Малда цистицеркоздың айтарлықтай клиникалық белгілері байқалмайды. Залалдандыру
мөлшері өте жоғары болған кезде ауру мал тұра алмай, тамақтан, судан қалады. Іші кебеді немесе
тышқақтайды. Дене қызуы 39,8-41,8 градусқа дейін көтеріледі. Кейбір жағдайда мал өлімі орын
алады, бірақ та ол жағдай өте сирек кездеседі. Адамдарда тәбеті болмайды, жиі құсады,
арықтайды, олар әлсіреп, кейде құрттардың токсикалық әсерінен жүйке жүйесі бұзылады,
көздеріне зақым келеді. Қатты зақымдалған адамда құсқан кезде таспа құрттың пісіп-жетілген
бунақтары ауыз арқылы сыртқы ортаға түсіп тұрады.
◦ Диагноз қою, балау әдістері. Малдың тірі кезінде цистицеркозға диагноз қою өте қиын.
Сондықтан негізінен сойылған малдың ұшасын тексеріп, етте құрттардың көпіршіктерін іздеп,
диагноз қояды. Мойын, жақ, жүрек, тіл және басқа бұлшық еттерін тіліп кесу арқылы
цистицерктерді (финналарды) жай көзбен табуға болады. Олар бидай немесе бұршақ тәрізді,
ақшыл, екі қабаты бар көпіршіктер. Адамда копрологиялық әдіспен таспа құрттың бунақтарын,
жұмыртқаларын іздестіреді, сол арқылы диагноз қойылады
◦ Емі.
◦ Малдарда бұл аурудың емі жоқ.
◦ Адамдарда антигельминтиктердің көмегімен дегельминтизация жасап таспа құрттарды түсіреді.
◦ Сақтандыру шаралары.
◦ Ірі қара цистицеркозы адам және малдар арқылы өрбитін эпизоотологиялық-эпидемиялық тығыз
байланысты гельминтоздар болып саналады. Сондықтан аурумен күресу шаралары
медицина және мал дәрігерлік қызметкерлеріне ортақ жұмыс. Сол шаралар екі бағытта өткізіледі

Ұқсас жұмыстар
Бұлшық етті финноз бен трихинеллезге зерттеу
Тенуиколды цистицеркоз кезіндегі сойыс өнімдерін ВСС және санитарлық бағалау
Сырт белгілері
Шартты патогенді микроорганизмдер тудыратын токсикоинфекциялар
Радиоактивтілік элементтер
Құс лейкозы
Бұршақ тұқымдастарының негізгі зиянкестері
Түйе сою технологиясы
САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ РАДИОАКТИВТІ ИЗОТОПТАР ЖӘНЕ ОЛАРДАН
Этнолингвистикалық этюдтер
Пәндер