Қазақстан Республикасында агробизнес және кәсіпкерлік қызметтің субъектілерінің жіктелуі




Презентация қосу
Қазақстан Республикасында
агробизнес және кәсіпкерлік қызметтің
субъектілерінің жіктелуі
ОРЫНДАҒАН: РЫСПАМБЕТ МЕРЕЙ, ИЗИМОВА
НҮРИЯ, АМИРЖАН АҚМАРАЛ.
Мазмұны

Кіріспе.
Агробизнеске қысқаша сипаттама.
Агробизнестің негізгі субъектісі
Кәсіпкерлер өндіріс кұралдарына жеке меншік
негізі
Кәсіпкерлік түрлері
Тұтынушылардың іскерлік қатынастар жүйесі
Кәсіпкерлік құрылымдардың жалдамалы
қызметкерлері
Мемлекет іскерлік қатынастарға қатысушы
Қорытынды
Қазақстан экономикасының аграрлық саласында өндірісті басқару мен
ұйымдастырудың бүкіл жүйесін қайта құру, істің жаңа нарықтық
бабын табуға бағыттала бастады. Біз аграрлық бизнесті ауыл
шаруашылық тауарын өндіру және өткізу үрдісінде бизнес
субъектілері арасында, сондай-ақ тауар өндірушілер мен нарыктық
инфрақұрылым кәсіпорындары арасында қалыптасатын іскерлік
қатынастар жүйесі ретінде қарастырамыз.
Агробизнестің негізгі субъектісі кәсіпкер болып табылады.
Кәсіпкердің көптеген анықтамалары бар. Кәсіпкер дегеніміз:
— бұл — тәуекелі мол жағдайларда әрекет етуші адам;
— кім істі жоспарлаушы, бақылаушы, ұйымдастырушы және
кәсіпорынды иемденуші болса, кәсіпкер сол;
— кім өзінің ұйымдастырушылық қабілеттері арқасында
табыс тапса, сол кәсіпкер;
— бұл—кез келген мүмкіндікті ұқсатып, барынша мол пайда
таба білетін адам.
Осы анықтамалардың бөрі кәсіпкерлік іс-әрекет — бұл
кәсіпкерлік қаблеті бар, жігерлі де ынталы адамның ақыл-сана
(интелектуалдық) іс-әрекеті екенін көрсетеді.
Агробизнесте негізгі факторлар — жер, өсімдікгер мен мал,
материалдық-техникалық және қаржы ресурстары, сондай-ақ
еңбек ресурстары, яғни табиғи ресурстар, еңбек пен капитал.
Кез келген
басқа бизнес
тәрізді
аграрлық
бизнестің
субъектілері:
— кәсіпкерлер;
— тұтынушыла
р;
— жалдамалы
қызметкерлер;
— мемлекет
Кәсіпкерлер өндіріс
кұралдарына жеке меншік
негізінде, меншіктің топтық,
ұжымдық кооперативтік,
акционерлік және үлестік
секілді түр-түрімен жұмыс
істейді.
Олар іс-әрекеттің мынаңдай
түрлерімен айналысады:
— егін шаруашылығы мен
мал шаруашылығы өнімін
өндіру;
— ауыл шаруашылық өнімін
өткізу мен саудаға салу;
— коммерциялық делдалдық;
— ауыл шаруашылық тауарын
ендірушілерді материалдық-
техникалық ресурстармен
жабдықтау.
Тұтынушылардың іскерлік қатынастар жүйесіне қатысуы ауыл шаруашылық
тауарын өндірушілермен және сатушылардың өздігінен байланыстар орнату
жолымен жүзеге асырылады..
Тұтынушылар өндірістің ақырғы нәтижелеріне мүдделі, олар белгілі бір
тауарларға сұраныс қалыптастырады, сондықтан кәсіпкерлер
тұтынушылардың талап-тілектерімен санасуға Мәжбүр болады, яғни
бизнестің бұл субъектісі агробизнестің жұмыс істеуіне ықпал етеді.
Тұтынушьшар тұтыну заттары мен көрсетілер қызметтерге жекеменшік иелері
болып табылады.
Кәсіпкерлік құрылымдардың жалдамалы қызметкерлері және келісім-
шарттар негізінде кеңес беру (консалтинг) қызметтерін көрсетуші әртүрлі
мамандар агробизнесте құқықтық серіктестер болуға тиіс.
Агробизнестің бұл қатысушыларының іскерлік мүддесі өзінің
жұмысынан кіріс кіргізу жолымен, жұмыс күшіне жеке меншіктің болуы
және жұмысқа еркін түрде орналасу құқығы негізінде орындалады.
Мемлекет іскерлік қатынастарға қатысушы тұрғысынан нарықтық
қатынастарды экономикалық және құқықтық механизмдер арқылы реттеуді
жүзеге асырады.
Мемлекеітік құрылымдар ауыл шаруашылық өнімін өндірушілерге ақшалай
қосымша көмектер (дотациялар), несиелер, салықтық жеңілдіктер мен
үкіметтік тапсырмалар береді. Кәсіпкерлерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз
ете алады және заңды бизнесті жүзеге асыруға кепілдік бере алады, бұл үшін
іскерлік қатынастарды заңдылықпен және нормативті реттеушілер бар.
Қорытынды
Қорыта келгенде ауыл шаруашылық кооперативтері қызметі ауыл
шаруашылық кооперативтер ұйымдастыруда консультациялық және
техникалық көмек көрсетеді және олардың қызметінің статистикасын
жүргізеді. Ауыл шаруашылығы маркетингі қызметі ауыл
шаруашылығы өнімінің сапасын қалыпқа түсіру мәселелерімен
айналысады. Өсімдіктерді қорғаудың инспекциялық қызметі өсімдік
және мал зиянкестерімен және аурулармен күрес жүргізеді. Астық
инспекциясының Федералдық қызметі астық қалпы туралы заңның
сақталуын қадағалайды. Азық-түлік жөніндегі инспекция ет пен
құстың саиасын, өмімнің, оның құрамының мазмұнына сәйкестігін
бақылайды.
Нақты өмірде бизнестің бүкіл осы субъектілері, бір-біріне тікелей
ықпал ете отырып, өзара тығыз байланыста жұмыс істейді, яғни
бизнес — оның құрамдас бөліктерінің кешенді іс-әрекеті.

Ұқсас жұмыстар
Жеке кәсіпкерлік туралы
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу әдістері
Жеке кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық - құқықтық нысандары
Кәсіпкерлік қызметті бақылау
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры
Кәсіпкерлік қызметті несиелеу
Қазақстандағы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
Кәсіпкерлік қызметтің заңдылығы
Кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері
Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметті реттеудегі ролі және мемлекеттік реттеуді жүргізетін мемлекеттік органдар
Пәндер